Антиретровирустық терапия кезінде вирустың тиімді супрессиясы АИТВ-ның жыныстық жолмен берілу қаупін едәуір төмендететіні дәлелденгенімен, кейбір қауіптерді жоққа шығаруға болмайды. Вирустың берілуіне жол бермейтін сақтық шараларын сақтау керек.
Абакавирді қолдану кезінде аса жоғары сезімталдықтың ауыр, елеулі және, мүмкін, өлімге әкелетін реакциялардың әлеуетті мүмкіндігіне байланысты келесі ережелерді сақтау қажет:
Абакавир және Ламивудин препаратымен емдеуді бастаудың немесе қайта бастаудың алдында барлық пациенттер, егер пациенттер HLA-B*5701 аллелінің статусын бұрын құжатталған бағалауы болмаса, HLA-B*5701 аллелінің болуына скринингтен өтуі тиіс.
Абакавир және Ламивудин препаратын HLA-B*5701 оң статусы бар пациенттерге, сондай-ақ құрамында абакавир бар дәрілік заттарды қолданудың алдыңғы сызбасы кезінде абакавирге аса жоғары сезімталдық реакциясына күдік болған HLA-B*5701 теріс статусы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
HLA-B*5701 аллелінің статусына қарамастан өмірге қауіпті аса жоғары сезімталдық реакциясының пайда болу қаупін төмендету үшін Абакавир және Ламивудин препаратын қабылдауды басқа диагноздар мүмкін болса да (мысалы, пневмония, бронхит, фарингит немесе тұмау сияқты жедел респираторлық аурулар; гастроэнтерит немесе басқа препараттарға реакциялар) аса жоғары сезімталдық реакциясына күдік болған кезде дереу тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдық білінгеннен кейін Абакавир және Ламивудин препаратымен емдеуді тоқтатуды кешіктіру өмірге қауіпті реакцияға әкелуі мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық реакциясына күдіктенуге байланысты Абакавир және Ламивудин препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін Абакавир және Ламивудин препаратын немесе құрамында абакавир бар кез келген басқа дәрілік затты қолдануды ешқашан жаңартуға болмайды. Абакавирге аса жоғары сезімталдық реакциясына күдіктенгеннен кейін құрамында абакавир бар препараттарды қабылдауды қайта бастау бірнеше сағат ішінде симптомдардың тез оралуына әкелуі мүмкін. Бұл рецидив, әдетте, бастапқы әйгіленімге қарағанда ауыр сипатқа ие және өмірге қауіпті гипотензиямен қатар жүруі және өлімге әкелуі мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық реакциясына күдік туындаған пациенттерге препаратты қабылдауды қайта бастауға жол бермеу үшін Абакавир және Ламивудин препаратының қалған таблеткаларын жоюға нұсқау беру керек.
Арнайы сақтандырулар
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Абакавирді қолдану қызбамен және/немесе бөртпемен, кейбіреулері өмірге қауіп төндіретін көптеген ағзалардың зақымданғанын көрсететін басқа симптомдармен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупімен байланысты, ал сирек жағдайларда дұрыс емделмеген кезде өлімге әкеп соқтырады.
HLA-B*5701 аллелінің болуына тесттің оң нәтижесі бар пациенттерде абакавирге аса жоғары сезімталдық реакцияларының туындау қаупі жоғары. Алайда, абакавирге аса жоғары сезімталдық реакциялары (аз жиілікпен) осы аллельдің тасымалдаушысы болып табылмайтын пациенттерде де байқалды.
Абакавирге аса жоғары сезімталдық зерттеулер процесінде және тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде жақсы сипатталған. Симптомдар әдетте абакавирмен емдеудің басталғаннан алғашқы 6 апта ішінде (көрінудің басталуына дейінгі орташа уақыт - 11 күн) пайда болды, дегенмен бұл реакциялар терапия кезеңінде кез келген уақытта туындауы мүмкін.
Абакавирге аса жоғары сезімталдықтың барлық дерлік реакцияларына қызба және/немесе бөртпе жатады. Абакавирге аса жоғары сезімталдық реакциясының бөлігі ретінде байқалған басқа белгілер мен симптомдар респираторлық және асқазан-ішек симптомдарын қоса, «Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімінде егжей-тегжейлі сипатталған.
Аса жоғары сезімталдық реакциясымен байланысты симптомдар емді жалғастырған кезде нашарлайды және өмірге қауіпті болуы мүмкін. Бұл симптомдар әдетте абакавирді қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалады.
Сирек жағдайларда, аса жоғары сезімталдық реакциясының симптомдары себебінен емес, басқа себептер бойынша абакавирді қабылдауды тоқтатқан пациенттер де абакавирмен емді қайта бастағаннан кейін бірнеше сағат ішінде өмірге қауіпті реакцияларды бастан өткерді («Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» ). Мұндай пациенттерде абакавирді қабылдауды қалпына келтіру медициналық көмекке тез қол жеткізу жағдайында жүргізілуі тиіс.
Лактоацидоз және стеатозы бар ауыр гепатомегалия
Нуклеозидтердің аналогтарын және басқа антиретровирустық препараттарды қолданған кезде лактоацидоз және стеатозбен ауыр гепатомегалия, оның ішінде өлім туралы хабарланды. Лактоацидоз немесе айқын гепатоуыттылық (трансаминаза деңгейінің айқын жоғарылауы болмаса да гепатомегалия мен стеатозды қамтуы мүмкін) туралы куәландыратын клиникалық немесе зертханалық деректер пайда болған пациенттерде Абакавир және Ламивудин препаратымен емдеуді тоқтату керек.
Май тінінің қайта таралуы
Антиретровирустық терапиядан өткен пациенттерде семіздіктің орталықтық түрін, дорзоцервикальді майдың (буйвол өркеші) ұлғаюын, шеткергі жүдеуді, бет әлпетінің жүдеуін, кеуде қуысының кеңеюін және кушингоидты сыртқы қалыпты қоса, май тінінің қайта таралуы/жинақталуы байқалды. Қазіргі уақытта бұл оқиғалардың механизмі мен ұзақ мерзімді салдары белгісіз. Себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ.
Липидтерге келетін болсақ, кейбір жағдайларда олардың деңгейінің жоғарылауы емдеумен байланысты екендігіне дәлелдер бар, ал салмақтың өсуіне қатысты оның белгілі бір препаратпен байланысы туралы нақты дәлелдер жоқ. Қандағы липидтер мен глюкозаның құрамына мониторинг жүргізу үшін АИТВ-ны емдеудің белгіленген нұсқауларына назар аударған жөн. Липидтер деңгейінің бұзылуы клиникалық мақсатқа сәйкес жүргізілуі керек.
Вирусологиялық тиімсіздік қаупі
- Үштік нуклеозидтік ем: күніне бір рет қабылдау сызбасы бойынша абакавир мен ламивудин тенофовир дисопроксил фумаратымен біріктірілімде қолданылған кезде вирусологиялық тиімсіздіктің жоғары жиілігі және ерте сатыда резистенттіліктің пайда болуы туралы хабарланды.
- Абакавир және Ламивудин препаратын қолданғанда вирусологиялық тиімсіздік қаупі емдеудің басқа нұсқалары кезінде жоғары болуы мүмкін.
Бауыр аурулары
Бауыр функциясының елеулі бұзылулары бар пациенттерде Абакавир және Ламивудин препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Абакавир және Ламивудин бауыр функциясының орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды.
Созылмалы белсенді гепатитті қоса, бұрын болған бауыр дисфункциясы бар пациенттерде біріктірілген антиретровирустық терапия кезінде бауыр функциясының бұзылуының жоғары жиілігі байқалады, олар стандартты практикаға сәйкес бақылануы тиіс. Егер мұндай пациенттерде бауыр ауруының өршуінің дәлелі болса, емдеуді үзу немесе тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
В немесе С гепатиті вирусының коинфекциясы бар пациенттер
Біріктірілген антиретровирустық ем қабылдайтын созылмалы В немесе С гепатиті бар пациенттер бауыр тарапынан ауыр және ықтимал өлімге әкелетін жағымсыз реакциялардың жоғары қаупіне ұшырайды. В немесе С гепатитінің вирусқа қарсы қатарлас ем жағдайында осы дәрілік препараттар туралы тиісті ақпаратқа жүгінуіңізді сұраймыз.
Ламивудинге төзімді В гепатиті вирусының пайда болуы
Ламивудиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі екі есе АИТВ-1 және В гепатиті вирусы (ВГВ) инфекциясын жұқтырған адамдарда созылмалы В гепатитін емдеу үшін анықталмаған, В гепатиті вирусымен қатарлас инфекциясы болған кезде құрамында ламивудин бар антиретровирустық препараттарды қабылдаған АИТВ-1 инфекциясын жұқтырған пациенттерде ламивудинге төзімділікпен байланысты В гепатиті вирусының пайда болуы туралы хабарланған. Егер қатарлас ВГВ инфекциясы бар пациенттерде Абакавир және Ламивудин препаратын қабылдау тоқтатылса, бауыр сынамаларына да, ВГВ репликациясының маркерлеріне де мерзімді мониторинг жүргізу ұсынылады, өйткені ламивудинді тоқтату гепатиттің күрт өршуіне әкелуі мүмкін (қараңыз. ВГВ емдеу үшін тағайындалатын құрамында ламивудин бар дәрілік препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулық).
Емдеуден кейін гепатиттің өршуі
Гепатиттің өршуінің клиникалық және зертханалық дәлелдері ламивудин қабылдауды тоқтатқаннан кейін байқалды.
Пациенттер емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде бірнеше ай бойы клиникалық және зертханалық бақылауда болуы тиіс.
Интерферон және рибавирин негізінде емдеу курсында қолдану
Рибавиринмен бірге немесе онсыз альфа-интерферон және Абакавир мен Ламивудин препаратын алатын пациенттер емдеумен, әсіресе гепатиттің декомпенсациясымен байланысты уыттылық мәніне мұқият бақылануы тиіс. Абакавир және Ламивудин препаратын қабылдауды тоқтатуды, егер бұл медициналық тұрғыдан орынды болса, қарастырған жөн. Егер бауыр циррозының декомпенсациясын (мысалы, Чайлд-Пью жіктемесі бойынша 6-дан артық) қоса, клиникалық уыттылықтың нашарлауы байқалса, альфа-интерферон, рибавириннің немесе екеуінің де дозасын азайтуды немесе қабылдауды тоқтатуды қарастырған жөн.
Жатыр ішілік жұқтырудан кейінгі митохондриялық дисфункция
Нуклеозидті және нуклеотидті аналогтар митохондриялық функцияға әртүрлі дәрежеде әсер етуі мүмкін, бұл ставудин, диданозин және зидовудинді қолдану кезінде айқын көрінеді. Нуклеозидті аналогтардың құрсақішілік және/немесе постнатальді әсеріне ұшыраған АИТВ-теріс балаларда митохондриялық дисфункция туралы хабарламалар бар: бұл негізінен зидовудинді қолдануды көздейтін сызбалар бойынша емдеуге қатысты. Негізгі жағымсыз реакциялар гематологиялық бұзылулар (анемия, нейтропения) және зат алмасудың бұзылулары (гиперлактатемия, гиперлипаземия) болып табылады. Бұл реакциялар көбінесе өткінші болды. Кеш басталған неврологиялық бұзылулар туралы сирек хабарламалар болды (гипертония, құрысулар, орынсыз мінез-құлық). Мұндай неврологиялық бұзылулар уақытша ма немесе тұрақты ма, қазіргі уақытта белгісіз. Бұл деректерді нуклеозидті және нуклеотидті аналогтардың құрсақішілік әсеріне ұшыраған кез-келген бала үшін, егер оның этиологиясы белгісіз, атап айтқанда неврологиялық бұзылулардың ауыр клиникалық белгілері болса, ескеру қажет. Бұл нәтижелер АИТВ-ның вертикальді берілуін болдырмау үшін жүкті әйелдерде антиретровирустық терапияны қолдану жөніндегі қолданыстағы ұлттық ұсынымдарға әсер етпейді.
Иммундық реактивация синдромы
Ауыр иммун тапшылығы бар АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ) басталған кезде симптомсыз немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға (мысалы, Mycobacterium avium инфекциясы, цитомегаловирус, пневмония Pneumocystis jirovecii (ПЦП) немесе туберкулез) қабыну реакциясы пайда болуы мүмкін, бұл одан әрі бағалау мен емдеуді қажет етуі мүмкін. Сондай-ақ, аутоиммундық бұзылулар (мысалы, Грейвс ауруы, полимиозит және Гийен-Барре синдромы) иммундық реактивация жағдайында пайда болатындығы туралы хабарланды; дегенмен, емдеудің басталуына дейінгі уақыт анағұрлым өзгергіш және бұл оқиғалар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан соң пайда болуы мүмкін.
Остеонекроз
Оның этиологиясы көп факторлы болып саналғанымен (кортикостероидтарды пайдалануды, алкогольді тұтынуды, айқын иммуносупрессияны, дене салмағының жоғары индексін қоса), остеонекроз жағдайлары, атап айтқанда, пациенттерде АИТВ және/немесе ұзақ мерзімді БАРЕ кеш сатыларында тіркелген. Егер пациенттерге буындарда ыңғайсыздық пен ауырсыну, буынның күшпен қозғалуы немесе қозғалу қиын болса, дәрігерге бару ұсынылады.
Оппортунистік инфекциялар
Пациенттерге Абакавир мен Ламивудин немесе кез келген басқа антиретровирустық ем АИТВ-инфекциясын емдемейтіні және оларда әлі де оппортунистік инфекциялар және АИТВ инфекциясының басқа да асқынулары дамуы мүмкін екендігі туралы хабарлау керек. Сондықтан пациенттер АИТВ - инфекциясымен байланысты осы ауруларды емдеуде тәжірибесі бар дәрігерлердің жіті клиникалық бақылауында болуы тиіс.
Миокард инфарктісі
Бақылау зерттеулері миокард инфарктісі мен абакавирді қолдану арасындағы байланысты көрсетті. Негізінен бұл антиретровирустық препараттармен ем қабылдаған пациенттер болды. Абакавир және Ламивудин препаратын тағайындаған кезде түзетуге болатын барлық қауіп факторларын (мысалы, шылым шегу, гипертония, гиперлипидемия және қант диабеті) барынша азайтуға тырысу үшін шаралар қабылдау керек.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Абакавир және Ламивудин препаратын құрамында ламивудин бар басқа дәрілік заттармен немесе құрамында эмтрицитабин бар препараттармен қабылдауға болмайды.
Ламивудиннің кладрибинмен біріктірілімі ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Салмағы 25 кг-дан кем балалар жасындағы пациенттер үшін тиісті дозаға қол жеткізу үшін жекелеген препараттар ретінде абакавир мен ламивудинді пайдалану ұсынылады.
Ересектермен салыстырғанда препараттың дозасын күніне бір немесе екі рет қабылдаған балаларда ешқандай қосымша қауіпсіздік мәселелері анықталған жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда пациенттің клиникалық жағдайын және препаратқа жағымсыз реакциялар бейінін назарға алған жөн.