Әсер ету механизмі
Арипипразол шизофрения және I типті биполюстік бұзылыс кезіндегі тиімділігіне деңгейіндегі D2-дофаминдік және 5HT1a-серотониндік рецепторлар ішінара агонистік белсенділігі мен 5HT2a-серотониндік рецепторлар антагонистік белсенділігінің бірігуі есебінен жетеді деп шамаланады. Зерттеулерде арипипразол дофаминергиялық гиперактивтілікке қатысты антагонизм және дофаминергиялық гипоактивтілікке қатысты агонизм танытқан.
Арипипразолдың D2- және D3 дофаминдік рецепторларға, 5-HT1a- және 5-HT2a серотониндік рецепторларға in vitro аффинділігі жоғары және D4 дофаминдік, 5-HT2c- және 5-HT7 серотониндік, α1-адренорецепторлар мен H1 гистаминдік рецепторларға аффинділігі орташа. Арипипразол серотонинді кері қармау бөліктеріне аффинділігінің орташа екендігімен және мускариндік рецепторларға елеулі аффинділігінің жоқтығымен де сипатталады. Арипипразолдың кейбір басқа клиникалық әсерлерін препараттың, дофамин мен серотониннің қосалқы типтерінен өзге рецепторлармен өзара әрекеттесуімен түсіндіруге болады.
Арипипразолды дені сау сыналушыларға екі апта бойы 0,5-тен 30 мг дейінгі дозада тәулігіне бір рет тағайындағанда, препарат құйрықты ядро мен қабықтағы D2/D3-дофаминдік рецепторлардың лиганды болып табылатын 11С-раклопридтің байланысуын дозаға тәуелді төмендеткен, бұл позитрондық-эмиссиялық томография әдісімен анықталған.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Ересектер
Шизофрения:
Арипипразолды қабылдау аясында оң және теріс симптомдарымен шизофрениясы бар 1228 ересек пациентті қамтыған үш қысқа (4 аптадан 6 аптаға дейінгі) плацебо-бақыланатын зерттеуде психиатриялық симптомдардың плацебомен салыстырғанда статистикалық тұрғыдан елеулі айқынырақ жақсаруы білінді.
Емнің басында әсері білінген ересек пациенттерде арипипразол кейіннен емдеу кезінде клиникалық жақсаруды демеп отыру үшін тиімді.
Бақылау препараты ретінде галоперидол қолданылған бақыланатын зерттеуде емге жауап берген және оған реакция беруі 52 аптада жалғаса берген пациенттердің саны екі топта ұқсас болды (арипипразол тобында 77% және галоперидол тобында 73%). Зерттеудің аяқталуының жалпы көрсеткіші галоперидолды қабылдаған пациенттермен (30%) салыстырғанда, арипипразолды қабылдаған (43%) пациенттерде едәуір жоғары болды. Бағалау шкалалары бойынша нақты балдары, PANSS (позитивтік және негативтік синдромдарды бағалау шкаласы) және екінші ақырғы нүктелер ретінде пайдаланылған Монгомери – Асберг депрессиясын бағалау шкаласын (MADRS) қоса, галоперидолмен салыстырғанда едәуір жақсаруын көрсетті.
Тұрақтанып келе жатқан созылмалы шизофрениямен пациенттердегі 26 апталық плацебо-бақыланатын зерттеуде арипипразол қайталанулардың жиілігін едәуір көбірек төмендеткен: арипипразол тобында 34% және плацебо тобында - 57%.
Дене салмағының жоғарылауы:
Клиникалық зерттеулерден ческих исследованиях не было выявлено дене салмағының арипипразолды қабылдаудан туындаған, клиникалық тұрғыдан елеулі жоғарылауы анықталған жоқ. 314 пациентті қамтыған және бастапқы ақырғы нүктесі ретінде дене салмағының жоғарылауы пайдаланылған шизофренияның 26 апталық, бақыланатын (бақылау препараты - оланзапин), салыстырмалы жасырын, көпұлттық зерттеуінде, айтарлықтай аз пациент оланзапинмен (N= 45, немесе бағалауға болатын пациенттердің 33%-ы) салыстырғанда, арипипразолды қабылдағанда (N= 18, немесе бағалауға болатын пациенттердің 13%-ы). бастапқы салмағының кемінде 7%-ын жинаған (яғни, бастапқы орташа дене салмағы 5,6 кг аз болған жағдайда ~80,5 кг)
Липидтер көрсеткіштері:
Ересек пациенттердегі плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулерден алынған липидтер көрсеткіштерінің біріктірілген талдауында, жалпы холестерин, триглицеридтер, тығыздығы жоғары липопротеиндер және тығыздығы төмен липопротеиндер концентрациясының арипипразол индукциялаған, клиникалық тұрғыдан елеулі өзгерісі анықталған жоқ.
Пролактин:
Пролактин мөлшері арипипразолдың барлық дозаларын зерттеулер барысында анықталып отырды (n = 28,242). Гиперпролактинемияның немесе қан сарысуындағы пролактин деңгейі төмендеуінің жиілігі, арипипразолды қабылдаған пациенттерде (0.3%) плацебо тобында байқалған жиілігіне (0.2%) ұқсас болды. Арипипразолды қабылдаған пациенттерде, ондай өзгерістердің дамуы басталғанға дейінгі орташа уақыт 42 күнді құрады, ал олардың орташа ұзақтығы – 34 күнді құрады. Арипипразолды қабылдаған пациенттерде гипопролактинемияның немесе қан сарысуындағы пролактин деңгейі төмендеуінің жиілігі 0.4%, ал плацебо тобындағы пациенттерде (0.02%) құрады. Арипипразолды қабылдаған пациенттерде, ондай өзгерістердің дамуы басталғанға дейінгі орташа уақыт 30 күнді, ал олардың орташа ұзақтығы – 194 күнді құрады.
I типті биполюстік бұзылыс кезіндегі мания көріністері:
Монотерапияның I типі биполюстік бұзылыстың маниакальді немесе аралас көріністерімен пациенттерді қамтыған, дозасы түзетілген, 3 апталық плацебо-бақыланатын екі зерттеуінде арипипразолдың плацебомен салыстырғанда өте жақсы тиімділігі көрсетілді. Тиімділігі 3 апта емдегенде мания симптомдарының азаюы бойынша анықталды. Бұл зерттеулерге психоз симптомдары болған немесе болмаған, сондай-ақ, жылдам циклды ағымы болған немесе болмаған жағдайлардағы пациенттер кірістірілді.
Бекітілген дозасымен монотерапияның I типі биполюстік бұзылыстың маниакальді немесе аралас көріністерімен пациенттерді қамтыған 3 апталық плацебо-бақыланатын бір зерттеуінде, арипипразол плацебомен салыстырғанда өте жақсы тиімділігін көрсете алмады.
Монотерапияның психоз симптомдары болған немесе болмаған кездегі I типті биполюстік бұзылыстың маниакальді немесе аралас көріністері бар пациенттерді қамтыған 12 апталық екі зерттеуінде (бір зерттеу плацебо-бақыланатын, ал екіншісі – белсенді бақыланатын болды), арипипразол үшінші аптада плацебомен салыстырғанда, тиімділігінің өте жақсы екендігін, және 12 аптада литиймен немесе галоперидолмен салыстырымды әсерінің сақталғандығын көрсетті. Маниясы бар, арипипразол симптомдардың ремиссиясын туғызған пациенттер саны 12 аптада литийді немесе галоперидолды қабылдағанда алынған санымен салыстырымды болды.
Психоз симптомдары болған немесе болмаған кездегі I типті биполюстік бұзылыстың маниакальді немесе аралас көріністері бар пациенттерді қамтыған 6 апталық плацебо бақыланатын зерттеуде, емдік дозалардағы литиймен немесе вальпроатпен 2 апталық монотерапия ішінара әсер бермеген. Алайда, арипипразолды қосымша ем ретінде енгізу литиймен немесе вальпроатпен монотерапиямен салыстырғанда, мания симптомдарының тиімді төмендеуіне алып келген.
74 апталық жалғасы бар 26 апталық плацебо-бақыланатын зерттеуге маниакальді бұзылысы бар, арипипразолды қабылдағанда тұрақтану фазасы кезінде рандомизацияға дейін ремиссияға қол жеткізген пациенттер қатысты. Бұл зерттеуде арипипразол биполюстік бұзылыстар (негізінен, манияның) қайталануларының алдын алу жиілігі жағынан плацебодан асып түсті, бірақ, депрессияның қайталануларын болдырмауда плацебодан асып түсе алмады.
I типті биполюстік бұзылыс кезіндегі маниакальді немесе аралас көріністерімен, ұзаққа созылған ремиссия жағдайындағы (Янг (Y-MRS) шкаласы және Монтгомери-Асберга (MADRS) шкаласы бойынша балдарының жалпы саны ≤ 12) пациенттердегі 52 апталық плацебо-бақыланатын зерттеуде, литийге немесе вальпроатқа 12 апта бойы арипипразолды (тәулігіне 10 мг және тәулігіне 30 мг) қосу арипипразолды плацебоға қосумен салыстырғанда, биполюстік көріністердің қайталану қаупінің 46% алдын алумен, (салыстырмалы қауіп СҚ - 0.54) және мания көріністерінің қайталануы қаупінің 65%-ға төмендетілуімен (СҚ - 0.35) үздік нәтижелер берді. Алайда, бұл біріктірілімі плацебоның депрессия қайталануының алдын алудағы әсерінен асып түсе алмады. Арипипразолды қосу зерттеудің екінші нүктесі – биполюстік бұзылыс кезіндегі аурудың ауырлығы (CGI-BP) үшін жалпы клиникалық әсерін бағалау шкаласы бойынша балл саны жағынан плацебодан асып түсті. Ашық зерттеудеің жетекшісі емде ішінара реакция бермеген пациенттерді анықтау мақсатында, пациенттерді литиймен немесе вальпроатпен монотерапия қабылдаған топтарға бөлді. Пациенттер кемінде қатарынан 12 апта бойы тұрақтандырылып, дәл сол көңіл-күйді тұрақтандырғыштарға арипипразол қосылды. Тұрақтандырылған пациенттер дәл сол көңіл-күй тұрақтандырғыштармен емделуді жалғастыру үшін рандомизацияланып, салыстырмалы жасырын әдіспен арипипразол немесе плацебо қосылды. Рандомизация фазасына 4 қосалы топ қатысты:
арипипразол + литий; арипипразол + вальпроат; плацебо + литий; плацебо + вальпроат.
көңіл-күйдің кез келген өзгерістерінің қайталанулары жиілігі Каплан-Майер әдісі ойынша анықталды және: плацебо + литий тобындағы 45%-бен және плацебо + вальпроат тобындағы 19%-бен салыстырғанда, арипипразол + литий тобында 16% және арипипразол + вальпроат тобында 18% құрады.
Балалар мен жасөспірімдер
Жасөспірімдердегі шизофрения:
Жасөспірімдік кезеңдегі (13-17 жас), арипипразолды қабылдау аясындағы оң және теріс симптомдарымен шизофрениясы бар 302 пациентті қамтыған 6 апталық плацебо-бақыланатын зерттеуде плацебомен салыстырғанда, психиатриялық симптомдардың статистикалық тұрғыдан елеулі түрде айқынырақ жақсарғаны білінді.
Зерттеуге кірістірілген популяцияның жалпы санының 74%-ын құраған, жасөспірімдік кезеңдегі (15 жастан 17 жасқа дейінгі) пациенттердегі субталдауда, әсерінің сақталғаны 26 аптаға созылған ашық зерттеуде байқалды.
60 аптадан 89 аптаға дейін созылған, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын зерттеуде шизофрениясы бар, 13 жастан 17 жасқа дейінгі 146 жасөспірімде психоз симптомдары қайталануының жиілігінде плацебо тобымен (37,50%) салыстырғанда, арипипразолды қабылдаған топта (19,39%) статистикалық тұрғыдан елеулі айырмашылық байқалды. Популяцияның барлығында қауіптердің арақатынасы нүктелерінің бағасы 0,461 құрады (95% сенімді аралық (СА): 0.242-0.879). Қосалқы топтардағы талдау кезінде қауіптердің арақатынасы нүктелерінің бағасы 13-14 жас шамасындағы пациенттерде 0,495 және 15-17 жас шамасындағы пациенттерде 0,454 болды. Алайда, жастау пациенттер тобында қауіптердің арақатынасының нүктелік бағасының анықталуы бұл топтағы қатысушылар санының аздығына байланысты (арипипразол – 29 пациент, плацебо – 12 пациент) нақты болмады, ал мұндай бағалау үшін СА (0.151 - 1.628) емдік әсерінің бар екендігі жөнінде тұжырымдар жасауға мүмкіндік бермейді. Керісінше, жасы үлкен пациенттерде қауіптердің арақатынасы үшін 95% СА мәні (арипипразол - 69 пациент, плацебо – 36 пациент) 0.242 - 0.879 құрады, соның негізінде аталған жас тобында емнің тиімділігі жөнінде тұжырым жасауға мүмкіндік болды.
Балалар мен жасөспірімдердегі I типті биполюстік бұзылыс кезіндегі мания көріністері:
Арипипразолдың әсері I типті биполюстік бұзылыс үшін DSM-IV критрийлеріне сәйкес психоз симптомдарының болуымен немесе болмауымен маниакальді немесе аралас көріністері бар, Янг шкаласы (Y-MRS) бойынша бастапқы жағдайдағы балл саны ≥20296 бала мен жасөспірімде (10-17 жас шамасындағы) 30 апталық плацебо-бақыланатын зерттеуде зерттелді,. Тиімділігінің бастапқы талдауына кірістірілген пациенттер арасында, 139-ында коморбидтік ЗТГС (зейін тапшылығы және гиперактивтілік синдромы) диагнозы болды.
Бастапқы жағдаймен салыстырғанда, арипипразол Y-MRS шкаласы бойынша балдарының жалпы саны жағынан 4-інші және 12-нші апталарда плацебоға қарағанда тиімдрек болды. Ретроспективті post-hoc талдауда плацебомен салыстырғанда, пациенттер жағдайының жақсаруы, ЗТГС жоқ топпен салыстырғанда, коморбидтік ЗТГС диагнозы бар науқастарда айқынырақ болды, мұнда нәтижелері плацебодан өзгеше болмаған. Қайталануларының алдыналу әсері анықталмады.
30 мг дозасын қабылдаған пациенттерде, емдеумен байланысты анағұрлым жиі кездескен жағымсыз әсерлері: экстрапирамидалық бұзылыстар (28.3%), ұйқышылдық (27.3%), бас ауыруы (23.2%) және жүрек айнуы (14.1%) болды. 30 апталық емдеу кезеңі ішінде дене салмағының орташа жоғарылауы плацебо қабылдаған науқастардағы 0.98 кг-мен салыстырғанда 2.9 кг құрады.
Педиатриялық пациенттердегі аутизм кезіндегі ашушаңдық:
Арипипразолдың тиімділігі 6-17 жас шамасындағы балалар мен жасөспірімдерде 8 апталық, плацебо-бақыланатын екі зерттеуде [біреуі – өзгертілетін дозаларымен (тәулігіне 2-15 мг), екіншісі – бекітілген дозаларымен (тәулігіне 5, 10 және 15 мг)], сондай-ақ, 52 апталық ашық зерттеуде зерттелді. Зерттеулердің барлығында дозасы тәулігіне 2 мг-ден басталып, бірінші аптаның аяғына қарай тәулігіне 5 мг дейін арттырылды, содан соң мақсатты дозасына жеткенге дейін, әр апта сайын тәулігіне 5 мг-ден арттырылды. Пациенттердің 75%-ынан астамы 13 жасқа толмағандар болды. Арипипразол аберрантты мінез-құлық шкаласы (Aberrant Behaviour Checklist Irritability subscale) бойынша плацебомен салыстырғанда, статистикалық тұрғыдан едәуір тиімдірек болды. Алайда, аталған нәтижелердің клиникалық тұрғыдан маңыздылығы белгісіз. Жағымсыз әсерлері дене салмағының жоғарылауын және пролактин деңгейінің өзгеруін қамтыды. Дәрілік заттың ұзақмерзімді қауіпсіздігін зерттеулер 52 аптамен шектелді. Біріктірілген клиниекалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, пролактин деңгейі төмендеуінің жиілігі арипипразолды қабылдаған қыз балалар (<3 нг/мл) мен ұл балаларда (<2 нг/мл), сәйкесінше 27/46 (58.7%) және 258/298 (86.6%) құрады. Плацебо-бақыланатын зерттеулерде дене салмағының орташа жоғарылауы плацебо үшін 0.4 кг және арипипразолды қабылдаған топта 1.6 кг құрады.
Арипипразолдың демеуші ем ретіндегі әсері ұзаққа созылған плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуде зерттелді. Арипипразолдың (тәулігіне 2-15 мг) көмегімен 13-26 апталық тұрақтандырудан кейін емге реакциясы тұрақты пациенттер келесі 16 апта ішінде арипипразолмен демеуші ем қабылдады немесе плацебоға ауыстырылды. 16 аптаның аяғына қарай, Каплан-Майер әдісімен қайталанулардың жиілігі анықталатын, арипипразолмен емделуді жалғастырған топта 35% және плацебо тобында 52% құрады. Қайталануының салыстырмалы қаупі (арипипразол/плацебо) 16 апта ішінде 0.57 құрады (айырмашылығы статистикалық тұрғыдан елеусіз). Арипипразолды қабылдаған пациенттерде тұрақтану кезеңінен кейін дене салмағының орташа жоғарылауы (26-ншы аптаға дейін) 3.2 кг құрап, ары қарай демеуші ем (16 апта) кезінде плацебо тобындағы 0.6 кг-мен салыстырғанда, арипипразол тобы үшін дене салмағы тағы 2.2 кг жоғарылаған. Әдетте, тұрақтану фазасында байқалатын экстрапирамидалық симптомдар, 17% пациентте, ал тремор – 6.5% пациентте дамыған.
Балалар мен жасөспірімдердегі Туретта ауруы кезіндегі тартылулар:
Арипипразолдың тиімділігі Туретта ауруы бар балалар мен жасөспірімдерде 8 аптаға созылған рандомизацияланған, салыстырмалы-жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеуде зерттелді (арипипразолды қабылдаған топ n = 99, плацебо тобы n = 44). Зерттеуде арипипразолдың баладағы дене салмғы негізіндегі, тәулігіне 5-тен 20 мг дейінгі дозалары ауқымындағы бекітілген дозалары бастапқы 2 мг дозасымен пайдаланылды. 7-17 жас шамасындағы пациенттерде тартылудың ауырлығының жалпы шкаласы бойынша (Total Tic Score on the Yale Global Tic Severity Scale (TTS-YGTSS)) балдарының орташа саны бастапқы жағдайында 30 балды құрады. 8-інші аптаға қарай, арипипразолды төмен (5 мг немесе 10 мг) дозаларында қабылдаған топта TTS-YGTSS шкаласы бойынша бастапқы жағдайымен салыстырғанда жақсаруы 13,35 құрады, ал жоғары дозаларын (10 мг немесе 20 мг) қабылдаған топта – плацебо тобымен салыстырғанда 16,94 құрады, мұнда өзгерісі 7,09 құрады.
Арипипразолдың 6-18 жас шамасындағы, Туретта ауруы бар балалар мен жасөспірімдердегі (арипипразол n = 32, плацебо n = 29) тиімділігі тәулігіне 2-20 мг аралығындағы өзгермелі дозаларымен, бастапқыда тәулігіне 2 мг дозасымен жүргізілген 10 апталық, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеуде зерттелді (Оңтүстік Корея). Бастапқы күйінде TTS-YGTSS шкаласы бойынша балдарының орташа саны 29 құралы. Арипипразолды қабылдаған топта 10-ыншы аптаға қарай TTS-YGTSS шкаласы бойынша бастапқы деңгейімен салыстырғанда жақсаруы 14,97, ал плацебо тобында - 9,62 құрады.
Аталған қысқамерзімді зерттеулердің бірде-біреуінде емнің әсері тұрғысынан плацебоның айқын әсерімен салыстырғанда клиникалық тиімділігі, сондай-ақ, психоәлеуметтік функцияның біржақты еместігімен байланыстылығы анықталған жоқ. Аталған ауруды емдеуде арипипразолдың тиімділігі мен қауіпсіздігіне жүргізілген ұзақмерзімді зерттеулердің деректері жоқ.
Еуропаның медициналық препараттар жөніндегі Комиссиясы шизофрениядан немесе биполюстік бұзылыстан зардап шегіп жүрген, түрлі жас топтарындағы балаларда құрамында арипипразол бар түпнұсқалық дәрілік затты клиникалық зерттеулердің деректерін беруді кейінге қалдыруға рұқсат берді.