Әсер ету механизмі.
Абиратерон ацетаты андроген биосинтезінің тежегіші болып табылатын абиратеронға дейін in vivo метаболизденеді. Атап айтқанда, абиратерон 17α-гидроксилаза/C17, 20-лиаза (CYP17) ферментін селективті тежейді. Аталған фермент аталық бездер, бүйрек үсті бездері қыртысының және простата ісігінің тіндерінде андроген биосинтезі үшін қажет. CYP17 прегненолон мен прогестеронның, тиісінше, 17α-гидроксилдену және C17,20 байланысының ыдырауы арқылы тестостерон, ДГЭА және андростендион ізашарларына дейін айналуын катализдейді. CYP17 бәсеңдеуі, сонымен қатар, бүйрек үсті бездерінің минералокортикоидтарды көп өндіруіне әкеледі (4.4 бөлімін қараңыз).
Андрогенге сезімтал қуық асты безінің обыры андрогендер деңгейін төмендететін емдеуге жауап береді. Алайда, андрогендер деңгейін төмендетуге бағытталған ем, атап айтқанда, гормон рилизингін лютеиндейтін гормон (ГРЛГ) агонистерін қолдану немесе орхиэктомия жасау аталық бездерде андрогендер өндірілуін төмендетеді, бірақ бүйрек үсті бездерінің немесе ісік тіндерінің андрогендер өндіруіне ықпал етпейді. Абиратерон-Виста дәрілік затын қолданумен емдеу ГРЛГ агонистерімен бір мезгілде қолдану (немесе орхиэктомия жасау) кезінде анықталмайтын көрсеткіштерге дейін сарысулық тестостерон деңгейін төмендетеді.
Фармакодинамикасы.
Абиратерон ацетаты, ГРЛГ агонистеріне немесе орхиэктомияға қарағанда, сарысулық тестостерон және басқа андрогендер деңгейін күштірек азайтады. Бұл андрогендер биосинтезіне қажетті CYP17 селективті бәсеңдеуі нәтижесінде жүзеге асады. Қуық асты безінің обыры бар пациенттерде қуық асты безінің спецификалық антигені (ПСА) биологиялық маркер болып табылады. III фазаның клиникалық үдерісінде таксандар қолданумен сәтсіз жүргізілген химиялық емнен кейінгі пациенттерде, абиратерон ацетатын қабылдаған пациенттерде (38%), плацебо қабылдаған (10%) пациенттермен салыстырғанда, ПСА деңгейінің бастапқы деңгейден кемінде 50% төмендеуі білінді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі.
Қуық асты безінің гормонға сезімтал метастаздық обыры (ҚБГСмО) және қуық асты безінің кастрацияға төзімді метастаздық обыры (ҚБКТмО) бар пациенттердің қатысуымен 3 фазаның үш рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын көп орталықтық клиникалық зерттеулерінде (3011, 302 және 301 зерттеулер) тиімділік деңгейіне жеткізілді. 3011 зерттеуіне қуық асты безінің гормонға сезімтал метастаздық обыры бар және зерттеудің басталуына дейін 3 ай бұрын диагноз қойылған болжау факторларының қаупі жоғары пациенттер қатысты. Жоғары қауіп тобына төменде көрсетілген 3 қауіп факторының кемінде 2-і болатын пациенттер кіреді: (1) Глиссон индексі ≥ 8, (2) сцинтиграфиналия кезінде 3 және одан көп зақымның болуы, (3) ішкі ағзаларда өлшеуге келетін метастаздар болуы (оның ішінде лимфа түйіндерінің ауруы). Пациенттерді бақылау тобында абиратерон 5 мг дозадағы преднизонның төмен дозасымен біріктірілімде күнделікті 1000 мг дозада стандартты емдеу сызбасы болған АДТ еміне (ГРЛГ агонистеріне немесе орхиэктомияға) қосымша қолданылды. Бақылау тобында пациенттерге абиратерон үшін де, преднизон үшін де АДТ мен плацебо қолданылды. 302 зерттеуіне доцетаксел қабылдамаған пациенттер қатысты; сонымен қатар, 301 зерттеуіне доцетакселмен емдеуден алдын ала өткен пациенттер қатысты. Пациенттер ГРЛГ аналогтарын қабылдады немесе орхиэктомиямен емдеуден өтті. Бақылау тобында күніне екі рет абиратерон 5 мг дозадағы преднизон немесе преднизолонның төмен дозасымен біріктірілімде күнделікті 1000 мг дозада қолданылды. Бақылау тобындағы пациенттер күніне екі рет 5 мг дозада плацебо немесе преднизон/преднизолон қабылдады.
Қан сарысуындағы ПСА концентрациясының өзгерістері өз бетінше үнемі пациент үшін клиникалық пайдасын білдіре бермейді. Сондықтан, барлық зерттеулерді жүргізу кезінде пациенттерге зерттелетін препаратты емдеуді тоқтатуға арналған критерийлерге жеткенше қабылдауға кеңес берілді.
Зерттеулердің бәрінде, спиронолактон андрогенді рецепторлармен байланысатындықтан және ПСА деңгейін арттыруы мүмкін екендіктен, спиронолактонды қолдануға рұқсат етілмеді.
3011 зерттеу (Қаупі жоғары ҚБГСмО таяуда диагностикаланған пациенттер).
3011 зерттеуде (n = 1199) орта жасы 67 жаста болған пациенттер қатысты. Абиратеронды нәсіліне сәйкес қабылдаған пациенттер саны: 832 еуропалық (69.4%), 246 азиялық (20.5%), 25 қара нәсілді (2.1%), 80 басқалар (6.7%), 13 нәсілі белгісіз (1.1%), 3 америкалық үндіс немесе Алясканың байырғы тұрғыны (0.3%) болды. Пациенттердің 97%-да ECOG шкаласы 0 немесе 1 болды. Миында метастаздары, бақыланбайтын гипертониясы, жүректің күрделі аурулары немесе NYHA II-IV класты жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер зерттеуден шығарылды. Метастаздық ауырудан кейінгі симптомдарды жою үшін 3 айлық АДТ курсынан немесе паллиативті радиациялық немесе хирургиялық емнің 1 курсынан өткендерді қоспағанда, қуық асты безінің метастаздық обырын емдеу үшін фармакотерапиямен, радиотерапиямен алдын ала емдеу жүргізілген немесе хирургиялық араласу жасалған пациенттер зерттеуден шығарылды. Тиімділігінің бастапқы соңғы нүктесі жалпы тіршілік қабілеті (ЖТ) және ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілеті болды. Ауыру синдромының орташа бағасы, ауыру синдромының айқындылығын бағалаудың қысқаша сауалнамасына сәйкес, әрі негізгі, әрі плацебо – екі топта да 2.0 болды. Бастапқы соңғы көрсеткіштеріне қосымша, сонымен қатар, сүйек асқынуларына дейінгі уақыт, қуық асты безінің обырын емдеуге арналған келесі емге дейінгі уақыт, химиялық емнің басталуына дейінгі уақыт, ауыру үдеуіне дейінгі уақыт және ПСА үдеуіне дейінгі уақыт бағаланды. Емдеу аурудың үдеуіне, пациенттің емдеуді жалғастырудан бас тартуына, қолайсыз уыттылықтың пайда болуына немесе өлімге дейін жалғасты.
Ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілеті рандомизациядан бастап, радиографиялық үдеудің немесе өлімге ұшырауға дейінгі уақыт болып белгіленді. Радиографиялық үдеу остеоцинтиграфия нәтижелері бойынша (өзгерістермен бірге ҚБГТО2 ережесіне сәйкес) үдеуін әлде КТ немесе МРТ нәтижелері бойынша (RECIST критерийлеріне сәйкес) жұмсақ тіндер зақымдануының үдеуін қамтыды.
Негізгі топтағы пациенттерде ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілетінің елеулі ерекшеліктері байқалды ( 2 кестені және 1 сызбаны қараңыз).
2 кесте: Ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілеті – Стратификацияланған талдау; ITT – қауым (PCR3011 зерттеуі)
AA-P — Плацебо
Рандомизацияланған — 597 — 602
Реакция — 239 (40.0%) — 354 (58.8%)
Цензураланған — 358 (60.0%) — 248 (41.2%)
Реакция басталуына дейінгі уақыт (айлар)
Медиана (95% СА) — 33.02 (29.57, NE) — 14.78 (14.69, 18.27)
Диапазон — (0.0+, 41.0+) — (0.0+, 40.6+)
Р мәніa — < 0.0001
Қауіптер арақатынасы (95% СА)b — 0.466 (0.394, 0.550)
Назар аударыңыз: += цензураланған қадағалау, NE = бағалауға болмайды. Радиографиялық үдеу және өлім ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілетін анықтау кезінде ескеріледі. AA-P = абиратерон ацетаты мен преднизон қабылдаған пациенттер.
p valuea – Р мәні, ECOG (0/1 немесе 2) жалпы жай-күйдің стратификацияланған лог-ранг критерийі немесе висцеральді зақымдану (бар/жоқ). Пропорционалды қауіптердің стратификацияланған моделіне сәйкес қауіптер арақатынасы. AA-P пайдасына қауіптер арақатынасы < 1.
1 сызба: Ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілетінің Каплан-Майер кестесі; ITT – қауым (PCR3011 зерттеуі)
Плацебомен қоса АДТ-мен салыстырғанда, AA-P қоса АДТ пайдасына ЖТ статистикалық мәнді жақсаруы және өлімге ұшырау қаупінің 34% төмендеуі (HR = 0.66; 95% CI: 0.56, 0.78; p < 0.0001), (3 кестені және 2 сызбаны қараңыз).
3 кесте: PCR3011 зерттеуінің барысында абиратеронмен немесе плацебомен емдеуден өткен пациенттердің жалпы тіршілік қабілеті (ITT-талдау)
ЖТ — Абиратерон және Преднизон (N = 597) — Плацебо (N = 602)
Өлім (%) — 275 (46%) — 343 (57%)
Тіршілік қабілетінің медианасы (айлар) (95% СА) — 53.3 (48.2, NE) — 36.5 (33.5, 40.0)
Қауіптер арақатынасы (95% СА)1 — 0.66 (0.56, 0.78)
NE = бағаланбайды
1 Пропорционалды қауіптердің стратификацияланған моделіне сәйкес қауіптер арақатынасы. Преднизонмен абиратерон пайдасына қауіптер арақатынасы < 1.
2 сызба: Жалпы тіршілік қабілетінің Каплан-Майер кестесі; ITT – PCR3011 зерттеуінде талдау жасалатын қауым
Қосалқы топтарды талдау абиратеронмен емдеу пайдасын өзгеріссіз айғақтайды. Алдын ала белгіленген қосалқы топтарда ЖТ және ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілеті тұсында AA-P емінің әсері жағымды болды және оң әсер ету үрдісі байқалмаса да, ECOG 2 шкаласы бойынша жалпы жай-күйі бар қосалқы топты қоспағанда, зерттеудің жалпы қауымына сәйкес болды. алайда аздаған іріктеу өлшемі (n = 40) қандайда бір елеулі қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.
ЖТ және ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілеті тұсында байқалатын жақсаруына қосымша, барлық проспективті белгіленген екіншілік соңғы көрсеткіштерінде, плацебомен салыстырғанда, абиратерон пайдасын көріністеді.
302 зерттеу (бұрын химиялық ем курсынан өтпеген пациенттер).
Аталған зерттеуге бұрын химиялық ем курсынан өтпеген, симптомсыз немесе орташа білінетін симптомдарымен, клиникалық тұрғыда химиялық ем әлі көрсетілмеген пациенттер қатысты. Ауыру синдромының айқындылығын бағалау сауалнамасының қысқаша нысанына сәйкес (BPI-SF), соңғы 24 сағат ішіндегі ауыруды бағалаудың 0-1 балл шкаласы симптомсыз, ал ауыруды бағалаудың 2-3 балл шкаласы әлсіз симптомды болып саналды.
302 зерттеуде (n = 1 088) орта жасы 71 жастағы пациенттер қатысып, абиратеронға қоса преднизон немесе преднизолон қабылдады, ал орта жасы 70 жастағы пациенттер плацебоға қоса преднизон немесе преднизолон қабылдады. Абиратерон қабылдаған пациенттер саны нәсілдік топтарына қарай мынадай болды: еуропалықтар - 520 (95,4%), қара нәсілділер - 15 (2,8%), азиялықтар - 4 (0,7%) және басқалар - 6 (1,1%). ECOG шкаласы бойынша жалпы жай-күйді бағалау екі топтағы пациенттердің 76%-ы үшін 0-ге және пациенттердің 24%-ы үшін 1-ге тең болды. Пациенттердің 50%-да тек сүйек метастаздары болды, пациенттердің тағы 31%-да сүйектер мен жұмсақ тіндердің немесе лимфа түйіндерінің метастаздары болды, ал пациенттердің 19%-да тек жұмсақ тіндердің немесе лимфа түйіндерінің метастаздары болды. Висцеральді метастаздары бар пациенттер шығарылды. Тиімділігінің негізгі соңғы нүктелері жалпы тіршілік қабілеті және ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілеті болды. Негізгі соңғы көрсеткіштерге қосымша ретінде, пайдасы PCWG2 критерийлеріне сәйкес обыр кезіндегі ауыруды басуға арналған апиындарды қабылдаудың басталуына дейінгі уақыт, цитоуытты химиялық емнің басталуына дейінгі уақыт, ECOG шкаласы бойынша көрсеткіштерінің ≥ 1 балл нашарлауына дейінгі уақыт және ПСА үдеуіне дейінгі уақыт бойынша бағаланды. Зерттелетін емдеу бір мәнді клиникалық үдеу сәтінде тоқтатылды. Емдеу зерттеушінің көзқарасы бойынша расталған радиографиялық үдеу сәтінде де тоқтатылды.
Рентгенографиялық үдеусіз тіршілік қабілеті PCWG2 критерийлеріне (сүйек зақымданулары үшін) және тығыз ісіктердің емдеуге жауабын бағалаудың өзгертілген критерийлеріне (RECIST) сәйкес (жұмсақ тіндер зақымдануларында) көріністеудің бірізді зерттеулерін пайдаланумен бағаланды. Рентгенографиялық үдеусіз тіршілік қабілетін талдау кезінде үдеудің орталықтандырылған рентгенографиялық бағалауы пайдаланылды.
Ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілетіне жоспарлы талдау жүргізілгенде 401 жағдай тіркелді, абиратерон қабылдаған 150 (28%) пациентте және плацебо алған 251 (46%) пациентте рентгенографиялық үдеу белгілері байқалды немесе өлім оқиғасы орын алды. Әртүрлі топтарда ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілетінің едәуір айырмасы анықталды (4 кестені және 3 сызбаны қараңыз).
4 кесте: 302 зерттеу: Абиратерон немесе плацебо, преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде, оған қоса ГРЛГ агонистерінің аналогтарын қабылдаған немесе бұрын орхиэктомия өткізілген ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз пациенттердің тіршілік қабілеті
Абиратерон (N = 546) — Плацебо (N = 542)
Ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз пациенттердің тіршілік қабілеті
Үдеу немесе өлім — 150 (28%) — 251 (46%)
Ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілетінің медианасы (95% СА) — Анықталмаған (11.66; NE) — 8.3 (8.12; 8.54)
Р мәніa* — < 0.0001
ҚА** (95% СА) — 0.425 (0.347; 0.522)
NE = анықталмаған * Р мәніa бастапқы ECOG балл (0 немесе 1) бойынша стратификацияланған лог-ранг критерий негізінде алынды ** Абиратерон пайдасына қауіптер арақатынасы < 1
3 сызба: Абиратерон немесе плацебо, преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде, оған қоса ГРЛГ агонистерінің аналогтарын қабылдаған немесе бұрын орхиэктомия өткізілген ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз пациенттердің тіршілік қабілетінің Каплан-Майер қисығы
АА- Абиратерон
Алайда, пациенттердің деректерін жинау жалпы тіршілік қабілетіне (ЖТ) екінші аралық талдау жасалатын күнге дейін жалғасты. Келесі сезімталдық талдауы ретінде зерттеуші жасаған ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз пациенттердің тіршілік қабілетіне радиографиялық шолу 5 кестеде және 4 сызбада берілген.
607 пациентте үдеудің рентгенографиялық белгілері байқалды немесе қайтыс болды: 271 (50%) пациент абиратерон ацетатын қабылдаған топта болды және 336 (62%) пациент плацебо қабылдаған топта болды. Абиратерон ацетатымен емдеу рентгенографиялық үдеу немесе өлім қаупін, плацебомен салыстырғанда, 47% төмендетті (ҚА = 0.530; 95% СА: [0.451; 0.623], p < 0.0001). Ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз пациенттердің тіршілік қабілетінің медианасы абиратерон ацетатын қабылдаған топта 16.5 айға және плацебо тобында 8.3 айға созылады.
5 кесте: 302 зерттеу: Абиратерон немесе плацебо, преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде, оған қоса ГРЛГ агонистерінің аналогтарын қабылдаған немесе бұрын орхиэктомия өткізілген ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз пациенттердің тіршілік қабілеті (ЖТ екінші аралық талдау кезінде - Зерттеуші бағасы)
Абиратерон (N = 546) — Плацебо (N = 542)
Ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз пациенттердің тіршілік қабілеті
Үдеу немесе өлім — 271 (50%) — 336 (62%)
Ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілетінің медианасы айлармен (95% CА) — 16.5 (13.80; 16.79) — 8.3 (8.05; 9.43)
Р мәні* — < 0.0001
ҚА** (95% СА) — 0.530 (0.451; 0.623)
* Р мәні бастапқы балл (0 немесе 1) бойынша стратификацияланған логранг критерий негізінде алынды ** Абиратерон пайдасына қауіптер арақатынасы < 1
4 сызба: Абиратерон, әлде плацебо, преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде, оған қоса ГРЛГ аналогтарын қабылдаған немесе бұрын орхиэктомия жасалған ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз пациенттердің тіршілік қабілетінің Каплан-Майер қисығы (ЖТ екінші аралық талдау кезінде - Зерттеуші бағасы)
АА - Абиратерон
ЖТ бойынша жоспарланған аралық талдау (АТ) 333 өлім жағдайының орын алуынан кейін жасалды. Бұл ашық зерттеу байқалатын клиникалық әсер ету шамасы негізінде жүргізілген ашық зерттеу болды және плацебо тобындағы пациенттерге абиратеронмен емдеу ұсынылды. ЖТ абиратерон қабылдап жүрген пациенттерде, плацебомен салыстырғанда, жоғары болды, атап айтқанда, өлімге ұшырау қаупі 25% төмендеді (ҚА = 0.752; 95% СА: [0.606; 0.934], p = 0.0097), бірақ ЖТ туралы деректер толық болмады және аралық нәтижелер бұрын белгіленген статистикалық маңыздылық үшін зерттеуді мерзімінен бұрын аяқтау критерийлеріне сәйкес келмеді. Аталған АТ жасалған соң тіршілік қабілеті сақталды.
ЖТ бойынша жоспарланған қорытынды талдау (ҚТ) 741 өлім жағдайының орын алуынан кейін жасалды (49 айға жуық аралық медианасы). Абиратерон қабылдаған пациенттердің 65%-ы (546-дан 354), плацебо алған пациенттердің 71%-мен салыстырғанда (542-дан 387), қайтыс болды. Абиратерон қабылдаған топта ЖТ статистикалық мәнді артықшылығы өлімге ұшырау қаупінің 19.4% төмендеуін (ҚА = 0.806; 95% СА: [0.697; 0.931], p = 0.0033) және ЖТ медианасының 4.4 айға созылуын көрсетті (абиратерон - 34.7 ай, плацебо - 30.3 ай (6 кестені және 5 сызбаны қараңыз)). Бұл жақсару плацебо тобындағы пациенттердің 44%-ның келесі ем ретінде абиратерон қабылдағанына қарамастан көріністелді.
6 кесте: 302 зерттеу: Абиратерон немесе плацебо, преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде, оған қоса ГРЛГ аналогтарын қабылдаған немесе бұрын орхиэктомия жасалған пациенттердегі ЖТ
Абиратерон (N = 546) — Плацебо (N = 542)
Тіршілік қабілетінің аралық талдауы
Өлім (%) — 147 (27%) — 186 (34%)
Тіршілік қабілетінің медианасы (айлар) (95% СА) — Қол жеткізілмеген (NE; NE) — 27.2 (25.95; NE)
Р мәні* — 0.0097
ҚА** (95% СА) — 0.752 (0.606; 0.934)
Тіршілік қабілетінің қорытынды талдауы
Өлім — 354 (65%) — 387 (71%)
ЖТ медианасы айлармен (95% СА) — 34.7 (32.7; 36.8) — 30.3 (28.7; 33.3)
Р мәні* — 0.0033
ҚА** (95% CI) — 0.806 (0.697; 0.931)
NE = анықталмаған * Р мәні бастапқы балл (0 немесе 1) бойынша стратификацияланған логранг критерий негізінде алынды (0 немесе 1) ** Абиратерон пайдасына ҚА < 1
5 сызба: Абиратерон немесе плацебо, преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде, оған қоса ГРЛГ аналогтарын қабылдаған немесе бұрын орхиэктомия жасалған пациенттердің тіршілік қабілетінің Каплан-Майер қисығы, қорытынды талдау
АА- Абиратерон
Жалпы тіршілік қабілетінің және ауру үдеуінің радиографиялық белгілерінсіз тіршілік қабілетінің байқалатын жақсаруына қосымша, плацебомен салыстырғанда, абиратерон артықшылықтары барлық екіншілік соңғы нүктелер бойынша көріністелді, ал атап айтқанда:
PCWG2 критерийлері бойынша ПСА үдеуіне дейінгі уақыт: ПСА үдеуіне дейінгі уақыт медианасы абиратерон қабылдаған пациенттер үшін 11.1 айға және плацебо алған пациенттер үшін 5.6 айға созылды (HR = 0,488; 95% СА: [0,420; 0,568], p < 0,0001). Абиратеронмен емделу кезінде ПСА үдеуіне дейінгі уақыт шамамен екі есе артты (HR = 0,488). ПСА үшін жауабы расталған пациенттер үлесі, плацебо тобына қарағанда, абиратерон тобында, көбірек болды (24% қарсы 62%; p < 0,0001). Абиратеронмен емделу кезінде жұмсақ тіндердің өлшемді ауруы бар пациенттерде толық және жартылай ісік жауаптарының едәуір көбірек саны байқалды.
Обыр ауруын басуға арналған апиынды қолданудың басталуына дейінгі уақыт: қорытынды талдау жасалған сәтте қуық асты безінің обыры кезінде апиын қолданудың басталуына дейінгі уақыт медианасы абиратерон қабылдаған пациенттер үшін 33.4 айға және плацебо алған пациенттер үшін 23.4 айға созылды (ҚА = 0.721; 95% СА: [0.614; 0.846], p < 0.0001)
Цитоуытты химиялық емнің басталуына дейінгі уақыт: Цитоуытты химиялық емнің басталуына дейінгі уақыт абиратерон қабылдаған пациенттер үшін 25,2 айға және плацебо алған пациенттер үшін 16,8 айға созылды (ҚА = 0,580; 95% СА: [0,487; 0,691], p < 0,0001).
Көрсеткіштердің ECOG шкаласы бойынша ≥ 1 балл нашарлауына дейінгі уақыт: Көрсеткіштердің ECOG шкаласы бойынша ≥ 1 балл нашарлауына дейінгі уақыт абиратерон қабылдаған пациенттер үшін 12,3 айға және плацебо алған пациенттер үшін 10,9 айға созылды (ҚА = 0,821; 95% СА: [0,714; 0,943], p = 0,0053).
Зерттеудің келесі соңғы нүктелері абиратеронмен емделу пайдасына статистикалық мәнді артықшылығын көрсетті.
Объективті жауап RECIST критерийлеріне сәйкес толық және жартылай жауапқа жеткен аурудың өлшемді көріністері бар пациенттер үлесі болып белгіленді (лимфа түйіндерінің бастапқы өлшемі нысаналы зақымдану болып саналу үшін ≥ 2 см болуы тиіс). Объективті жауапқа жеткен бастапқы деңгейдегі аурудың өлшемді көріністері бар пациенттер үлесі абиратерон тобында 36% және плацебо тобында 16% болды (p < 0,0001).
Ауыру: Абиратеронмен емдеу, плацебомен салыстырғанда, ауырудың орташа қарқынының үдеу қаупін 18% едәуір төмендетті (p = 0,0490). Үдеуге дейінгі уақыт медианасы абиратерон тобында 26,7 айға және плацебо тобында 18,4 айға созылды.
FACT-P көрсеткіштерінің нашарлауына дейінгі уақыт (жалпы балл): Абиратеронмен емдеу, плацебомен салыстырғанда, FACT-P көрсеткіштерінің нашарлау қаупін (жалпы балл) 22% төмендетті (p = 0,0028). FACT-P көрсеткіштерінің нашарлауына дейінгі уақыт медианасы (жалпы балл) абиратерон тобында 12,7 айға және плацебо тобында 8,3 айға созылды.
301 зерттеу (бұрын химиялық ем курсынан өткен пациенттер).
301 зерттеуге бұрын доцетаксел қабылдаған пациенттер қатысты. Пациенттер доцетаксел қолдану кезінде аурудың үдеуін көрсетпеуі тиіс, өйткені аталған химиялық емнің уыттылығы емдеудің аяқталуына алып келуі мүмкін.
Пациенттер ПСА үдеуі байқалмайтын сәтке дейін емдеуді жалғастырды (бастапқы деңгеймен салыстырғанда, расталған 25% артуы/тым шектен тыс құлдырау), сондай-ақ хаттамада белгіленген радиографиялық үдеу және симптоматикалық немесе клиникалық үдеу байқалмады. Бұрын кетоконазолмен қуық асты безі обырының емдеуінен өткен пациенттер зерттеуден шығарылды. Тиімділігінің бастапқы соңғы нүктесі жалпы тіршілік қабілеті болды.
Зерттеуге қатысқан пациенттердің орта жасы 69 жаста болды (диапазон 39-95). Абиратеронмен ем қабылдаған пациенттер саны нәсілдік белгісі бойынша: 737 еуропалық (93,2%), 28 қара нәсілді (3,5%), 11 (1,4%) азиялық адамнан және 14 (1,8%) басқа пациенттен құралды. Зерттеуге қатысқан пациенттердің 11%-ы ECOG шкаласы бойынша 2 балл иеленді; 70%-да ПСА үдеуімен немесе үдеуінсіз ауру үдеуінің радиографиялық белгілері болды; 70%-ы бұрын бір, ал 30%-ы екі цитоуытты химиялық емнен өткен. Бауыр метастаздары абиратеронмен ем қабылдаған пациенттердің 11%-да болды.
Өлімнің 552 жағдайынан кейін жасалған жоспарлы талдауда, плацебо алған пациенттердің 55%-мен салыстырғанда (398-ден 219), абиратерон қабылдаған пациенттердің 42%-ы (797-ден 333) қайтыс болды. Жалпы тіршілік қабілеті медианасының статистикалық мәнді жақсаруы абиратерон қабылдаған пациенттерде байқалды (7 кестені қараңыз).
7 кесте: Абиратерон немесе плацебо, преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде, оған қоса ГРЛГ аналогтарын қабылдаған немесе бұрын орхиэктомия жасалған пациенттердегі ЖТ
Абиратерон (N = 797) — Плацебо (N = 398)
Тіршілік қабілетінің бастапқы талдауы
Өлім оқиғалары (%) — 333 (42%) — 219 (55%)
Тіршілік қабілеті медианасы (айлар) (95% СА) — 14.8 (14.1; 15.4) — 10.9 (10.2; 12.0)
p-valuea — < 0.0001
ҚА (95% СА)b — 0.646 (0.543; 0.768)
Тіршілік қабілетінің жаңартылған талдауы
Өлім (%) — 501 (63%) — 274 (69%)
Тіршілік қабілеті медианасы (айлар) (95% СА) — 15.8 (14.8; 17.0) — 11.2 (10.4; 13.1)
ҚА (95% СА)b — 0.740 (0.638; 0.859)
a Р мәні бастапқы балл (0-1 немесе 2) бойынша стратификацияланған логранг критерий негізінде алынды, ауыру шкаласы (болмауы немесе болуы), бұрын өткізілген химиялық ем курстарының саны (1 немесе 2) және аурудың үдеу типі (тек ПСА немесе рентгенографиялық). b ҚА қауіптер арақатынасының стратификацияланған моделінен алынды. Абиратерон пайдасына ҚА < 1.
Бағалау бақыланған сәттердің бәрінде алғашқы бірнеше ай емделуден кейін абиратерон қабылдаған пациенттердің көп үлесі, плацебо алған пациенттер үлесімен салыстырғанда, тірі қалды (6 сызбаны қараңыз).
6 сызба: Абиратерон немесе плацебо, преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде, оған қоса ГРЛГ аналогтарын қабылдаған немесе бұрын орхиэктомия жасалған пациенттердің тіршілік қабілетінің Каплан-Майер қисығы.
АА- Абиратерон
Қосалқы топтардағы тіршілік қабілетінің талдауы абиратеронмен емдеудің тұрақты артықшылығын көрсетті (7 сызбаны қараңыз).
7 сызба: Қосалқы топтардағы жалпы тіршілік қабілеті: ҚА және 95% сенім аралығы.
AA = абиратерон; BPI = ауыру синдромының айқындылығын бағалаудың қысқаша сауалнамасы; C.I. = сенім аралығы; ECOG = ECOG шкаласы бойынша жалпы жай-күйін бағалау; HR = қауіптер арақатынасы; NE = бағалауға жатпайды.
Жалпы тіршілік қабілетінің байқалатын жақсаруына қосымша, зерттеудің екіншілік соңғы нүктелерінің бәрі абиратерон пайдасына болды және төменде көрсетілгендей, көп реттік тестілеу үшін түзетуден кейін статистикилық мәнге ие болды:
Абиратерон қабылдаған пациенттер, плацебо алған пациенттермен салыстырғанда, ПСА жалпы жауабы (бастапқы деңгейінен ≥ 50% ретінде айқындалған) көрсеткішінің 10% қарсы 38% едәуір жоғарырақ екенін көрсетті, p < 0,0001.
ПСА үдеуіне дейінгі уақыт медианасы абиратерон қабылдаған пациенттер үшін 10,2 айға және плацебо алған пациенттер үшін 6,6 айға созылды (HR = 0,580; 95% СА: [0,462; 0,728], p < 0,0001).
Ауру үдеуінсіз радиографиялық тіршілік қабілетінің медианасы абиратерон қабылдаған пациенттер үшін 5,6 айға және плацебо алған пациенттер үшін 3,6 айға созылды (ҚА = 0,673; 95% СА: [0,585; 0,776], p < 0,0001).
Ауыру.
Ауыру қарқындылығының азаюы байқалған пациенттер үлесі, плацебо тобына қарағанда, абиратерон тобында статистикалық мәнді жоғары болды (27% қарсы 44%, p = 0,0002). Ауыру синдромы қарқындылығының азаюы байқалған пациент төрт апталық айырмамен екі бірізді бағалау кезінде пайдаланылған анальгетиктер санының көбеюінсіз соңғы 24 сағат ішінде BPI-SF шкаласы бойынша ауру қарқындылығының ең нашар көрсеткішінің бастапқы деңгейімен салыстырғанда, кем дегенде, ауырудың 30% төмендеуі байқалған пациент болып айқындалды. Тек ауырудың ≥ 4 бастапқы шкаласымен және ауыру синдромын азайту тұрғысынан бастапқы деңгейден кейін (N = 512) ауыру шкаласы бойынша, ең болмаса, бір балл бар пациенттер ғана талдаудан өтті.
Абиратерон қабылдаған пациенттердің аздаған бөлігінде, плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, аурудың үдеуі 6 (28% қарсы 22%), 12 (38% қарсы 30%) және 18 (46% қарсы 35%) айдан соң байқалды. Аурудың үдеуі, бастапқы деңгейімен салыстырғанда, екі бірізді қаралу кезінде байқалған анальгетиктерді пайдаланудың төмендеуінсіз алдыңғы 24 сағат ішінде BPI-SF шкаласы бойынша ауырудың ең нашар қарқындылығының ≥ 30% балл артуы немесе екі бірізді қаралу кезінде байқалған анальгетиктерді пайдаланудың ≥ 30% артуы ретінде айқындалды. Аурудың үдеуіне дейінгі уақыт 25-м процентилде, плацебо тобындағы 4,7 аймен салыстырғанда, абиратерон тобында 7,4 айға созылды.
Сүйек асқынулары.
Абиратерон тобындағы пациенттердің аздаған бөлігінде, плацебо тобымен салыстырғанда, 6 ай (28% қарсы 18%), 12 ай (40% қарсы 30%) және 18 ай (40% қарсы 35%) өткен соң сүйек асқынулары байқалды. Абиратерон тобында, бақылау тобымен салыстырғанда, 25-м процентилдегі алғашқы сүйек асқынуын анықтауға дейінгі уақыт екі еселенді, атап айтқанда, 4,9 айға қарама-қарсы 9,9 айға көбейді. Сүйек асқынуы патологиялық сыну, жұлынның қысылып қалуы, сүйектердің паллиативті сәулеге шалдығуы немесе сүйекке жасалатын операция болып айқындалды.
Балалар.
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік (EMA) кең таралған қуық асты безінің обырында балалар жасындағы пациенттердің қосалқы топтарының бәрінде жүргізілген абиратерон зерттеулерінің нәтижелерін ұсынудан бас тартты. Педиатрияда қолдану туралы ақпаратты 4.2 бөлімінен қараңыз.