ЖР туындаған жағдайлардың жиілігін сипаттау үшін келесі санаттар пайдаланылады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 -<1/1000 дейін), өте сирек (<1/10 000) және белгісіз (жиілігін қолда бар деректердің негізінде есептеп шығару мүмкін емес).
Лидокаинсіз/лидокаинмен цефтриаксон
Өте жиі
• өт қалтасында цефтриаксон-кальций преципитаттарының симптоматикалық түзілуі, балалардағы қайтымды өт-тас ауруы
Жиі
• эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, протромбин уақытының ұзаруы
• диарея, іш өтуі
• бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза)
• бөртпе, ісіну
Жиі емес
• жыныс мүшелерінің микоздары
• гранулоцитопения, анемия, коагулопатия, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
• бас ауыруы, бас айналуы
• жүрек айнуы, құсу
• прурит
• флебит, енгізген жердегі реакциялар (мысалы, енгізген жердегі ауыру, эритема, ашыту, қызару, флебит, ісіну, бөртпе, қышыну, қабыну, қатаю, гематома, инфекция, абсцесс), дене температурасының жоғарылауы
Сирек
• жалған жарғақшалы колит
• энцефалопатия
• бронх түйілуі
• ядролық сарғаю
• есекжем
• олигурия, гематурия, глюкозурия
• ісіну, қалтырау, анафилаксиялық немесе анафилактоидтық реакция
Өте сирек
• жалған жарғақшалы энтероколит
Белгісіз
• Кунис синдромы
• панкреатит, стоматит, глоссит
• сезімтал емес қоздырғыштармен суперинфекция
• құрысулар
• терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR): Стивенс Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жүйелі симптомдармен дәріге байланысты эозинофилия (DRESS-синдром), Яриш-Герксгеймер реакциясы (JНR), мультиформалы эритема және жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)
• агранулоцитоз (<500/мм³), көпшілік жағдайлары 20 г және одан көп жиынтық дозаларын тағайындағаннан кейін дамыған.
Протромбин уақытының елеусіз ұзарғаны туралы хабарланды.
Еріткіштің құрамындағы лидокаин
Жиі
• күйгелектік, үрейлену, эйфория, сананың шатасуы
• бас айналуы, парестезия, ұйқышылдық, тактильді сезімталдық, тремор, дизартрия, құрысулар, естен тану
• көрудің нашарлауы, диплопия
• құлақтың шыңылдауы
• брадикардия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия
• тыныстың тарылуы, тыныс алудың тоқтауы
• жүрек айнуы, құсу
• бұлшықеттердің тартылуы
• ісіну, мұздау және/немесе ысыну сезімі
Жиі емес
• гиперакузия
Сирек
• анафилаксиялық реакциялар
• нейропатия
• жүрек аритмиясы, кардиоваскулярлық коллапс, жүректің тоқтап қалуы
Белгісіз
• тері зақымданулары, есекжем.
Назар аударуды қажет ететін жағдайлар:
Аллергиялық реакциялар
Аллергиялық реакциялар кезіндегі кеудедегі ауырсыну сезімі аллергиямен шақырылған (Кунис синдромы) жүрек ұстамасы симптомы болуы мүмкін.
Инфекциялар және инвазиялар
Цефтриаксонмен емдеу кезінде Clostridium difficile-ден туындайтын диарея дамыған жағдайлар тіркелген. Клиникалық көрсетілімдерге сәйкес, сұйықтық пен электролиттерді енгізумен тиісінше ем тағайындалуы тиіс.
Цефтриаксонның кальций тұзы преципитаттарының түзілуі
Цефтриаксонды вена ішіне және құрамында кальций бар ерітінділерді қабылдаған, жаңа туған нәрестелерге (өмірінің ˂28 күні) жүргізілген аутопсия нәтижелері бойынша, өкпе мен бүйректе преципитаттар түзілуінің сирек, ауыр, жекелеген жағдайларда өлімге соқтыратын көріністері сипатталған. Преципитаттар түзілуі қаупінің жоғарылауына қанайналым көлемнің аздығы және ересек пациенттермен салыстырғанда, цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңінің ұзағырақ болуы түрткі болады.
Бүйректе преципитаттардың түзілгені туралы, көбінесе 3 жастан асқан балаларда жоғары дозаларын (мысалы, туәлігіне ≥80 мг/кг) немесе 10 г асатын дозаларын тағайындаған кезде, сонда-ақ, қауіп факторлары болған жағдайда (сұйықтықтарды енгізуге қарсы көрсетілімнің болуы, төсек тартып жату режимі) хабарланған. Преципитаттардың түзілу қаупі сусыздану және төсек тартып жату режимі кезінде жоғарылайды. Бүйректе преципитаттардың түзілуі симптомсыз жүруі немесе клиникалық тұрғыдан көрініс беруі мүмкін, несепағарлардың обструкциясына және бүйректің постренальді жедел жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыс қайтымды сипатқа ие және терапии препаратпен емдеу тоқтатылғаннан кейін жоғалып кетеді.
Өт қалтасында цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілуі көбінесе, ұсынылған стандартты дозаларынан артық дозаларды қабылдаған пациенттерде байқалды. Өт қалтасында преципитаттардың түзілуі симптомсыз жүруі немесе клиникалық тұрғыдан көрініс беруі мүмкін (ауырулар, сирек: жүрек айнуы, құсу). Симптоматикалық ем ұсынылады. Өт қалтасында преципитаттардың түзілуі қайтымды болып табылады және емдеу тоқтатылғаннан кейін жоғалып кетеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz