Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
1000 мг
Саудалық атауы
Авиментин
Әсер етуші зат
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Мақсаты
Жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде), цистит, пиелонефрит
Өндіруші
МЕДИЦЕФ ФАРМА
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: амоксициллин тригидраты (250 мг амоксициллинге баламалы), сұйылтылған калий клавуланаты 125 мг клавулан қышқылына баламалы
қосымша заттар: кросповидон, микрокристалды целлюлоза рН-112, кремнийдің қостотығы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, тазартылған тальк, гидроксипропилметилцеллюлоза (Anycoat-C AN-6), гидроксипропилметилцеллюлоза (Anycoat-C AN-15), этилцеллюлоза N-20-Cps, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), дибутилфталат
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұзынша, екі беті дөңес, екі жағы да тегіс, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде)
- цистит
- пиелонефрит
- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы – целлюлит, жәндіктердің шағуы, жедел абсцестер мен жақсүйек-бет аумағының флегмоналары)
Бактерияға қарсы дәрілердің тиісті қолданылуы жөніндегі ресми нұсқауларды назарға алу керек.
Әсер ету механизмі
Амоксициллин – бактериялардың жасушалық жақтауының ажырамайтын компоненті болып табылатын бактериялық пептидогликан биосинтезінің үдерісінде бір немесе бірнеше ферментті тежейтін (ПБА, пенициллин байланыстырушы ақуыздар деп жиі аталатын) жартылай синтетикалық антибиотик (бета-лактамды антибиотик). Пептидогликан синтезінің тежелісі жасушалық жақтау әлсіреуіне әкеледі, әдетте, ол жасуша лизисіне және өлуіне алып келеді. Сонымен қатар, амоксициллин бета-лактамазалар әсерінен ыдырауға ұшырайды, сондықтан да амоксициллиннің белсенділік ауқымында осы ферменттерді өндіретін микроорганизмдер қамтылмайды.
Клавулан қышқылы – құрылымы жағынан пенициллиндермен тектес бета-лактамазалар тежегіші, пенициллиндер мен цефалоспориндерге төзімді микроорганизмдерде анықталған бета-лактамазалардың кең ауқымының белсенділігін жою қабілеті бар.
Клавулан қышқылының бәрінен жиірек бактериялар төзімділігіне түрткі болатын плазмидті бета-лактамазаларға қатысты жеткілікті тиімділігі бар, ал 1 типті хромосомалық бета-лактамазаларға қатысты тиімділігі аз.
Авиментин препаратында клавулан қышқылының болуы амоксициллинді ферменттер –
бета-лактамазалардың ыдыратуынан қорғайды, бұл амоксициллиннің бактерияға қарсы ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Фармакокинетикалық/фармакодинамикалық өзара байланысы
Ең төменгі тежеу концентрациясынан асатын уақыт (T> MIC) амоксициллин тиімділігін айқындайтын негізгі фактор болып саналады.
Кедергілеу механизмдері
Амоксициллин/клавулан қышқылына төзімділіктің негізгі екі механизмі:
• Өз алдына, B, C және D кластарын қоса, клавулан қышқылымен тежелмейтін сол бактериялық бета-лактамазалар арқылы белсенділігін жою.
• Бактерияға қарсы дәрінің нысанамен тектестігін төмендететін ПБА өзгеруі.
Бактериялардың өткізбейтін қасиеті немесе айдап шығару помпасының механизмдері, әсіресе, грам-теріс бактерияларда бактериялық төзімділігін тудыруы немесе оның дамуына ықпал етуі мүмкін.
Бақылау нүктелері
Амоксициллин/клавулан қышқылы үшін ЕТБК шектес мәндері Еуропалық организмнің микробқа қарсы препараттарға сезімталдығын тестілеу комитетінің (EUCAST) талаптарына сәйкес келеді — Сезімталдықтың шектес мәндері (мкг/мл)
Сезімталдығы — Төзімділігі
Haemophilus influenzae — ≤ 21 — > 21
Moraxella catarrhalis — ≤ 11 — > 11
Staphylococcus spp — ≤ 0.1252,3,4 — > 0.1252,3,4
Enterococcus — ≤ 41 — > 81
Streptococcus A, B, C, G — ≤ 0.252 — > 0.252
Streptococcus pneumoniae — ≤ 0.51,5 — > 11,5
Enterobacterales — ≤ 81,6 — > 86
Асқынбаған UTIs кезіндегі Enterobacterales — ≤ 321,6 — > 326
Грам-теріс анаэробтар — ≤ 41 — > 81
Грам-оң анаэробтар (Clostridioides difficile-ден өзге) — ≤ 41 — > 81
Түрлермен байланыссыз бақылау нүктелері — ≤ 21 — > 81
1 Келтірілген мәндер амоксициллин концентрацияларына қатысты. Сезімталдығын анықтау үшін клавулан қышқылының концентрациясы 2 мг/л деңгейінде белгіленген.
2 Кестедегі шектес мәндерінің шамалары бензилпенициллин үшін шектес мәндерге негізделген.
3 Стафилококктардың көпшілігі пенициллиназаны өндіретіндер болып табылады, бұл оларды бензилпенициллинге, феноксиметилпенициллинге, ампициллинге, амоксициллинге, пиперациллинге және тикарциллинге төзімді етеді. Стафилококктар бензилпенициллинге және цефокситинге сезімтал ретінде тестіленгенде оларды жоғарыда көрсетілген агенттерге сезімтал ретінде тіркеуге болады. Алайда, пероральді препараттардың, әсіресе, феноксиметилпенициллин тиімділігі белгісіз. Бензилпенициллинге төзімді, бірақ цефокситинге сезімтал деп тестіленген изоляттар β-лактамаза тежегіштерінің біріктірілімдеріне, изоксазолилпенициллиндерге (оксациллин, клоксациллин, диклоксациллин және флуклоксациллин), нафциллинге және көптеген цефалоспориндерге сезімтал. Цефтаролин мен цефтобипролды қоспағанда, цефокситинге төзімді изоляттар бета-лактамды препараттардың бәріне төзімді.
4 Ампициллинге сезімтал S. saprophyticus mecA-теріс және ампициллин, амоксициллин және пиперациллинге (бета-лактамаза тежегішінсіз немесе тежегішімен) сезімтал болып табылады.
5 Бета-лактамдарға төзімділік механизмдерін жоққа шығару үшін 1 бірлік оксациллинмен дискілік скрининг-тест пайдаланылу керек. Скрининг нәтижесі теріс (тежеу аймағы ≥20 мм) болса, клиникалық шекті мәндері қолжетімді бета-лактамды препараттардың бәрін одан әрі тестілеусіз сезімтал деп есептеуге болады.
6 Enterobacterales аминопенициллиндерге сезімтал ретінде жіктеледі. Кейбір елдер E. coli және P. mirabilis изоляттарын «әсерге сезімтал» ретінде жіктеу ұтымды деп санайды. Бұл жағдайда ЕТБК S ≤ 0,5 мг/л бақылау нүктесін және диаметрі S ≥ 50 мм аймақтың тиісті бақылау нүктесін пайдаланыңыз.
Төзімділік таралуы жекелеген түрлер үшін географиялық жағынан және уақыт өте келе өзгеріске түсуі мүмкін, ал әсіресе ауыр инфекцияларды емдеу кезінде төзімділік туралы жергілікті ақпарат болғаны дұрыс.
Микроорганизмдерді амоксициллиннің клавулан қышқылымен біріктіріліміне in vitro сезімталдығына сәйкес жіктеу.
Жоғары сезімтал қоздырғыштар
Грам-оң аэробтар
Enterococcus faecalis
Gardnerella vaginalis
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал) £
Коагулаза-теріс стафилококктар (метициллинге сезімтал)
Streptococcus agalactiae
Streptococcus pneumoniae1
Streptococcus pyogenes және басқа бета-гемолиздік стрептококктар
Streptococcus viridans тобы
Грам-теріс аэробтар
Capnocytophaga spp.
Eikenella corrodens
Haemophilus influenza 2
Moraxella catarrhalis
Pasteurella multocida
Анаэробты микроорганизмдер
Bacteroides fragilis
Fusobacterium nucleatum
Prevotella spp.
Төзімділігі жүре пайда болуы мүмкін микроорганизмдер
Грам-оң аэробтар
Enterococcus faecium*
Грам-теріс аэробтар
Escherichia coli
Klebsiella oxytoca
Klebsiella pneumonia
Proteus mirabilis
Proteus vulgaris
Табиғи төзімділігі бар микроорганизмдер
Грам-теріс аэробтар
Acinetobacter species
Citrobacter freundii
Enterobacter species
Legionella pneumophila
Morganella morganii
Providencia species
Pseudomonas species
Serratia species
Stenotrophomonas maltophilia
Басқа да
Chlamydophila pneumoniae
Chlamydophila psittaci
Coxiella burnetti
Mycoplasma pneumoniae.
* Жүре пайда болған төзімділігі болмаған кездегі табиғи сезімталдық
£ Метициллинге төзімді барлық стафилококктар амоксициллин/клавулан қышқылына төзімді;
1 Пенициллиндерге төзімді Streptococcus pneumoniae штаммдарын қоспағанда
2 Сезімталдығы төмен штаммдар кейбір ЕО елдерінде 10%-дан көп жиілікпен тіркелген.
Дозалау режимі
Дозалар, препараттың жеке компонентінің бірліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, амоксициллин/клавулан қышқылының мөлшері бойынша өрнектелген.
Инфекциялық ауруды емдеу үшін таңдалған дозада ескерілуі тиіс:
- күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтималды сезімталдығы
- аурудың ауырлығы
- пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы
Баламалы дозаларды пайдалануды (мысалы, амоксициллиннің өте жоғары дозаларын қамтамасыз ететіндері және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынастары) қажеттілігіне қарай қарастыру керек.
Ересектер мен салмағы > 40 кг балалар үшін Авиментин препаратының осы құрамы және дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 750 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылының жалпы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Салмағы 40 кг-ден аз балалар үшін Авиментин препаратының осы құрамы және дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 2400 мг амоксициллин/600 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Салмағы 40 кг-ден аз балалар үшін Авиментин препаратының осы құрамы және дәрілік түрі ұсынылмайды.
Ересектер және > 40 кг балалар, ұсынылатын дозалар
стандартты доза (барлық көрсетілімдерде) — 1 таблетка 250 мг/125 мг тәулігіне 2 рет
Жоғары доза (синусит, несеп-жыныс жолының инфекциялары сияқты ауыр инфекцияларда) — 1 таблетка 250 мг/125 мг тәулігіне 3 рет
Емдеу ұзақтығы
Емдеу клиникалық оқиғаны қайта қараусыз 14 тәуліктен артық жалғастырылмауы тиіс.
Ем ұзақтығы пациенттің жүргізілетін емге реакциясына қарай белгіленуі тиіс. Кейбір патологияларға (атап айтқанда, остеомиелит) ұзағырақ курс қажет болуы мүмкін.
Дене салмағы 40 кг дейінгі балалар
6 жасқа дейінгі немесе дене салмағы 25 кг-ден аз балаларға Авиментин суспензиясын немесе балаларға арналған сашені тағайындаған дұрыс. 2 жасқа толмаған балаларда күніне 40 мг 10 мг/кг-ден асып кететін дозаларда 4:1 Авиментин препаратын қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.
12 жастағы және одан кіші немесе дене салмағы 40 кг-ден аз балаларды суспензиялар немесе педиатриялық сашелер түріндегі дәрілік заттармен емдеген дұрыс.
Егде жастағы пациенттер
Дозалау режимін түзету қажет емес, ересек пациенттердегі сияқты дозалау режимі қолданылады. Бүйрек функциясының бұзылуы бар егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы бар ересек пациенттер үшін тиісті дозалар тағайындалады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Сақтықпен және бауыр функциясын жүйелі бақылаумен дағдылы доза қолданылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі (CrCl) минутына 30 мл артық пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Ересектер және ≥ 40 кг балалар
CrCl: 10-30 мл/мин — 250 мг/125 мг күніне екі рет
CrCl < 10 мл/мин — 250 мг/125 мг күніне бір рет
Гемодиализде жүрген пациенттер — Екі 250 мг/125 мг доза әр 24 сағат сайын, осыған қоса, екі 250 мг/125 мг доза диализ кезінде, оларды диализ соңында қайталау керек (сарысуда амоксициллин мен клавулан қышқылы концентрациялары төмендейтіндіктен)
< 40 кг балалар
Креатинин клиренсі минутына 30 мл аз, дене салмағы< 40 кг балаларда амоксициллиннің клавулан қышқылына 2:1 қатынасымен Авиментин препаратының дәрілік түрін қолдану ұсынылмайды, өйткені дозаны түзету бойынша ешқандай ұсынымдар жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Авиментин препараты пероральді қолдануға арналған.
Авиментин препаратын асқазан-ішекке ықтималды жақпаушылығын барынша азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек. Таблеткаларды сумен ішіп, тұтастай жұту керек, таблетканы шайнауға, ұсақтауға немесе жартылай бөлуге болмайды. Тұншығу қаупін төмендету үшін балаларға бір жолы бір таблеткадан артық жұтуға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Аталған дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өз дәрігеріңізге хабарласыңыз.
- амоксициллинге, клавулан қышқылына, пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезінде басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) шұғыл типті аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы (мысалы, анафилаксия)
- осының алдындағы сарғаю көріністері немесе анамнездегі амоксициллиннің клавулан қышқылымен біріктірілімін қолдану кезіндегі бауыр функциясының бұзылуы;
- 6 жасқа дейінгі балалар
Жиі
- диарея
- терінің және шырышты қабықтар жабындарының кандидозы
- жүрек айну, құсу
Жүрек айну препараттың жоғары дозаларын қолдану кезінде жиірек кездеседі. Көрініс беру дәрежесін төмендету үшін препаратты ас ішудің басында қабылдау ұсынылады.
Жиі емеc
- бас айналу, бас ауыру
- диспепсия
- АЛТ/АСТ бауыр ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы (бета-лактамды антибиотиктермен ем алып жүрген пациенттерде байқалады, алайда, оның клиникалық мәні белгісіз)
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Сирек
- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения
- мультиформалы эритема
Белгісіз
- дәрілік заттарға эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен бірге жүретін реакция (DRESS-синдром)
- қайтымды агранулоцитоз және гемолиздік анемия, қан кету уақытының ұзаруы мен протромбин уақыты индексінің артуы
- ангионевроздық ісіну, анафилаксия; сарысу құю ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит
- қайтымды жоғары белсенділік және құрысулар, асептикалық менингит
- антибиотикпен астасқан колит (жалған жарғақшалы және геморрагиялық түрін қоса)
- қара түкті тіл (тілдің жіпше тәрізді бүртіктерінің созылмалы гиперплазиясы)
- гепатит, холестаздық сарғаю
- сезімтал емес микрофлораның шамадан тыс көбеюі
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, буллёзді эксфолиативтік дерматит, жедел жайылған экзантемалық пустулёз (аталған симптомдар дамығанда препаратты шұғыл тоқтату қажет)
- несептегі кристалдар бүйректің жедел жеткіліксіздігіне әкеледі
- ортасында қыртыстарымен шеңберлене орналасқан күлдіреуіктері бар бөртпе немесе інжу тізбегі түрінде (IgA желілік ауруы)
- ми мен жұлынды қоршап тұрған қабықтардың қабынуы (асептикалық менингит)
- интерстициялық нефрит, кристаллурия
- Коунус синдромы
- жедел панкреатит
- дәрілермен астасқан симметриялық интертригинозды және бүгілетін жердегі экзантема (SDRIFE) (бабуин синдромы)
- тіс түсінің өзгеруі.
Атап көрсетілген белгілер мен симптомдар, әдетте, емдеу үдерісінде немесе ем аяқталған соң бірден кездеседі, алайда, жекелеген жағдайларда ем аяқталған соң бірнеше апта бойы көрініс бермеуі мүмкін. Жағымсыз құбылыстар, әдетте, қайтымды болады. Ауыз қуысына күтім жасау тіс эмалі реңінің өзгеруін болдырмауға көмектеседі, өйткені бұл үшін тісті тазалау жеткілікті.
Бауыр тарапынан жағымсыз құбылыстар ауыр болуы мүмкін, айрықша сирек жағдайларда өліммен аяқталған оқиғалар туралы хабарламалар болды. Жағдайлардың бәрінде дерлік олар күрделі қатарлас патологиясы бар тұлғалар немесе гепатоуыттылығы зор препараттарды бір мезгілде қабылдап жүрген тұлғалар болды.
Аллергиялық реакциялар кезінде назар аудару керек жағдайлар:
• тері бөртпесі
• қан тамырларының қабынуы (васкулит), ол теріде қызыл немесе күлгін дөңес дақтар түрінде көрініс беруі мүмкін, бірақ дененің басқа бөліктерін де зақымдауы мүмкін
• қызба, буындардың ауыруы, мойын, қолтық немесе шап бездерінің ісіп кетуі
• ісіну, кейде тыныс тарылуын тудыратын бет немесе тамақ ісінуі (ангионевроздық ісіну)
• коллапс
• аллергиялық реакциялар аясындағы кеуденің ауыруы, бұл аллергиядан туындаған миокард инфарктісінің симптомы болуы мүмкін (Кунис синдромы)
Егер сізде осы симптомдардың қандай да бірі туындаса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Тоқ ішектің қабынуы
Әдетте қан мен шырыш қоспасы аралас сулы диареяны, іштің ауыруын және/немесе қызбаны тудыратын тоқ ішектің қабынуы.
Ұйқы безінің жедел қабынуы (жедел панкреатит)
Егер сізде асқазан аумағында қатты және тұрақты ауырсыну болса, бұл жедел панкреатит белгісі болуы мүмкін. Дәрілік индукцияланған энтероколит синдромы (DIES):
DIES жағдайлары негізінен амоксициллин/клавуланат қабылдаған балаларда хабарланды. Бұл қайталамалы құсудың жетекші симптомымен болатын өзгеше аллергиялық реакция (препаратты <қабылдаудан> <енгізуден> <қолданудан> кейін 1-4 сағаттан соң). Басқа симптомдары іштің ауыруын, сылбырлық, диарея және төмен қан қысымын қамтуы мүмкін.
Егер сізде осы симптомдар пайда болса, мүмкіндігінше тезірек дәрігерден кеңес алыңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: асқазан-ішек симптомдары және сұйықтық пен электролиттер теңгерімінің бұзылуы айқын болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін амоксициллин кристаллуриясы байқалды. Құрысулар бүйрек функциясының бұзылулары бар немесе жоғары дозаларын алып жүрген пациенттерде туындауы мүмкін.
Амоксициллиннің көбінесе үлкен дозаларын вена ішіне енгізуден кейін қуық катетерлерінде шөгетіні жөнінде хабарланды. Өткізгіштік күйін жүйелі тексеріп отыру керек.
Емдеу: асқазан-ішек симптомдарын су-электролит теңгеріміне көңіл бөле отырып, симптоматикалық емдеуге болады. Амоксициллин/клавулан қышқылын қан айналымынан гемодиализ арқылы шығаруға болады.
Авиментин препаратымен емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды препараттарға осының алдында болған аса жоғары сезімталдық реакцияларына қатысты толық анамнез жинау қажет.
• Пенициллинмен ем алып жүрген пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың, кейде өліммен аяқталған (анафилактоидты және терінің ауыр жағымсыз реакцияларын қоса) күрделі реакцияларының дамуы туралы хабарламалар алынды.
• Аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда Авиментин препаратымен емдеуді тоқтату және тиісті баламалы емді бастау қажет. Аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакцияларында кідіріссіз эпинефрин енгізу керек. Сонымен қатар, оттегімен емдеу, глюкокортикостероидтарды вена ішіне енгізу мен интубацияны қоса, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.
• Егер инфекцияның амоксициллинге сезімтал микроорганизмдерден туындауы дәлелденген жағдайда ресми нұсқаулыққа сәйкес амоксициллин/клавулан қышқылынан амоксициллинге ауысу мәселесін қарастыру керек.
• Инфекциялық мононуклеоз күмән тудырғанда Авиментин препаратын тағайындау ұсынылмайды, өйткені осы ауруға шалдыққан пациенттерде амоксициллин қызылша тәрізді бөртпені тудыруы мүмкін, ол ауруды диагностикалауды қиындатады.
• Препарат болжамды патогендері бета-лактамды агенттерге төзімді болатын, яғни клавулан қышқылының тежеуіне сезімтал бета-лактамазалар түрткі болмаған жоғары қауіп болғанда пайдалануға сай келмейді. Препараттың бұл түрі пенициллинге төзімді S. pneumoniae емдеуі үшін пайдаланылмауы тиіс.
• Ұзақ уақыт пайдалану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін.
• Колиттер
• Бактерияға қарсы препараттарды қолданумен байланысты колиттер, амоксициллинді қоса, бактерияға қарсы агенттердің бәрімен дерлік тіркелген және ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден өмірге қатерлі түріне дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Сондықтан кез келген антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе одан кейін диарея бар пациенттерде осы диагнозды ескеру маңызды. Антибиотиктермен байланысты колит туындаған жағдайда амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдауды дереу тоқтату, дәрігермен кеңесу және тиісті емді бастау керек. Бұл жағдайда перистальтикаға қарсы дәрілік заттар қарсы көрсетілімді.
• Емдеудің басында пустуламен байланысты қызбамен жайылған эритеманың туындауы жедел жайылған экзантемалық пустулез (AGEP) симптомы болуы мүмкін. Бұл реакция препаратты енгізудің тоқтатылуын талап етеді және амоксициллиннің кез келген келесі енгізілуіне қарсы көрсетілімді.
• Авиментин препаратымен ұзақ уақыт емдеу кезінде бүйрек, бауыр және қан түзу функциясын мезгіл-мезгіл бағалау ұсынылады.
• Амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде протромбин уақыты ұзаруы мүмкін. Егер антикоагулянттар бір мезгілде қабылданса, талапқа сай бақылау жасалуы тиіс. Пероральді антикоагулянттар дозасын түзету қажетті антикоагуляция деңгейінің сақталуы үшін қажет.
• Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлердің даму қаупін төмендету мақсатында препаратты ас ішудің басында қабылдау керек.
• Ауыз қуысының күтімі, ол үшін тісті тазалау жеткілікті болғандықтан, тіс реңінің өзгеруін болдырмауға көмектеседі.
• Таблеткаларды қаптамасы ашылған сәттен бастап 30 күн ішінде пайдалану қажет.
• Егде жастағы пациенттерде қолдану
• Егде жастағы пациенттерге Авиментин препаратының дозасын төмендету қажет емес, дозалары ересектердегімен бірдей. Бүйрек функциясының бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде дозаны бүйрек функциясының бұзылулары бар ересектердегі сияқты түзету керек.
• Бауыр жеткіліксіздігі
• Емдеу сақтықпен жүргізіледі, бауыр функциясына жүйелі мониторинг өткізіледі. Пациенттердің осы санатында дозалау режиміне түзету жүргізу үшін деректер жеткіліксіз.
• Гепатобилиарлық бұзылыстар көбінесе ерлер мен егде жастағы пациенттерде тіркелген және ұзақ уақыт емдеумен байланысты болуы мүмкін. Осы оқиғалар туралы балаларда өте сирек мәлімделеді. Барлық қауымда белгілері мен симптомдары, әдетте, емдеу кезінде немесе одан кейін тез арада пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда емдеуді тоқтатудан кейін бірнеше апта өткен соң барып көрініс беруі мүмкін. Олар, әдетте, қайтымды. Гепатобилиарлық реакциялар күрделі болуы мүмкін және аса сирек жағдайларда өлім оқиғалары тіркелген. Олар үнемі дерлік күрделі ауруы бар немесе бауырға әсер етуі мүмкін екені белгілі қатарлас препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде туындады.
• Бүйрек жеткіліксіздігі
• Препарат дозасы бұзылу дәрежесіне қарай түзетілуі тиіс. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде Авиментин препаратының дозасын бұзылу дәрежесіне сәйкес төмендету керек. Бүйрек функциясының бұзылуы бар немесе препараттың көп дозаларын қабылдаған пациенттерде құрысулар пайда болуы мүмкін.
• Диурез төмендеген пациенттерде өте сирек жағдайларда көбінесе препаратты парентеральді қолдану кезінде кристаллурия дамуы хабарланды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізу кезінде сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдау және амоксициллин кристалдарының түзілу ықтималдығын азайту үшін талапқа сай диурезді демеп отыру ұсынылады.
• Авиментин препаратын ішке қабылдау несептегі амоксициллиннің жоғары мөлшеріне әкеледі, бұл несептегі глюкозаны анықтау (мысалы, Бенедикт сынамасы, Фелинг сынамасы) кезінде жалған оң нәтижелерге әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда несептегі глюкоза концентрациясын анықтаудың глюкозооксиданттық әдісін қолдану ұсынылады.
• Препаратта клавулан қышқылының болуы IgG мен альбуминнің эритроциттер жарғақшаларымен спецификалық емес байланысуын тудыруы мүмкін, бұл Кумбс тестісінің жалған оң нәтижесін беруі мүмкін.
Амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған, кейіннен аспергиллез инфекциясы анықталмаған пациенттерде Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA тестісін пайдаланумен жалған оң тест нәтижелері туралы хабарламалар болды. Bio-Rad Laboratories platelia Aspergillus EIA тест көмегімен аспергилдерге қатысты емес полисахаридтермен және полифураноздармен айқаспалы реакциялар хабарланды. Осылайша, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдап жүрген пациенттерде оң тест нәтижелерін сақтықпен түсіндіріп, басқа диагностика әдістерімен растау керек.
Қосымша заттар
Препараттың қосымша заттарының құрамында (натрий кроскармеллозасы құрамында 5.00 мг) натрий бар. Тұзсыз диетаны ұстанатын пациенттерге тағайындау кезінде сақ болу керек.
Арнайы сақтандырулар
• Педиатрияда қолдану
12 жастағы және одан кіші немесе дене салмағы 40 кг-ден аз балаларды суспензиялар немесе педиатриялық сашелер түріндегі дәрілік заттармен емдеген дұрыс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік басқару және машиналарды пайдалану қабілетіне ықпал етуіне қатысты ешқандай зерттеулер жүргізілмеген. Препарат жағымсыз әсерлерді (мысалы, аллергиялық реакциялар, бас айналу, құрысулар) тудыруы мүмкін болғандықтан, пациенттерге көлік құралдары мен аса қауіпті механизмдерді басқару кезіндегі алдын ала сақтану шаралары туралы ескерту қажет.
Клиникаға дейінгі деректер жүктілікке, шарананың эмбриондық дамуына, босануға немесе туудан кейінгі дамуға қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсерлерін көрсетпейді. Шарана қабықтарының мерзімінен бұрын жыртылуы болған әйелдер арасында жүргізілген бір зерттеуде амоксициллин/клавулан қышқылымен профилактикалық емдеу жаңа туған нәрестелерде некрозданатын энтероколиттің даму қаупінің артуымен байланысты болуы мүмкін екені аталды. Қолданылуын дәрігер тағайындаған жағдайларды қоспағанда, препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Авиментин препаратын, тек ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін зор қауіптен артық болатын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Авиментин препараты емшек сүтімен бөлінеді. Демек, емшек сүтімен қоректенетін сәбиде диарея және шырышты қабықтардың зеңді инфекциясы болуы мүмкін. Сенсибилизация болуы мүмкін екені ескерілуі тиіс. Амоксициллин/клавулан қышқылы бала емізу кезінде пайда-қаупін бағалаудан кейін ғана пайдаланылуы тиіс. Емшек сүтімен қоректенетін сәбилерде жайсыз әсерлер туындаған жағдайда, бала емізуді тоқтату қажет.
• Пероральді антикоагулянттар
• Пероральді антикоагулянттар мен бактерияға қарсы пенициллин препараттары өзара әрекеттесуі туралы хабарламаларсыз практикада кеңінен пайдаланылды. Алайда, әдебиетте аценокумарол немесе варфарин қабылдап жүрген және амоксициллин курсы тағайындалған пациенттерде жоғарылаған халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) жағдайлары кездеседі. Егер бірге енгізу қажет болса, амоксициллинді қосумен немесе тоқтатумен ХҚҚ және протромбин уақытын мұқият бақылап отыру керек. Бұдан бөлек, пероральді антикоагулянттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
• Метотрексат
• Пенициллиндер уыттылығының ықтималды артуын тудыра отырып, метотрексат экскрециясын төмендетуі мүмкін.
• Пробенецид
• Пробенецидті бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректік өзекшелік секрециясын төмендетеді. Пробенецидті бір мезгілде қабылдау қанда амоксициллин деңгейінің жоғарылауына және ұзақ сақталуына алып келуі мүмкін, бірақ клавулан қышқылына қатыссыз.
• Микофенолат мофетилі
• Микофенолат мофетилін қабылдаған пациентерде амоксициллин/клавулан қышқылын пероральді қабылдау басталған соң микофенол қышқылы (МФҚ) белсенді метаболиті концентрациясының шамамен 50% төмендеуі тіркелді. Дозаны енгізуге дейінгі деңгейдің өзгеруі МПА жалпы әсер ету өзгерістерін дәл көрсетпеуі мүмкін. Демек, трансплантат дисфункциясының клиникалық белгілері болмаса, әдетте, микофенолат мофетилінің дозасын өзгерту қажет емес. Дегенмен де, біріктірілім кезінде және антибиотиктермен емдеуден кейін тез арада мұқият клиникалық мониторинг өткізу керек.
• Аллопуринол
• Амоксициллинмен емдеу кезінде аллопуринолды бір мезгілде қолдану аллергиялық тері реакцияларының даму ықтималдығын арттыруы мүмкін. Аллопуринол мен амоксициллин тригидраты/калий клавуланаты біріктірілімін бір мезгілде қолдану туралы деректер жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.