Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления суспензии
Дозасы
200 мг/28.5 мг
Саудалық атауы
Авиментин
Әсер етуші зат
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Мақсаты
Жедел бактериялық синусит, жедел ортаңғы отит, созылмалы бронхит өршуі, ауруханадан тыс пневмония, цистит
Өндіруші
МЕДИЦЕФ ФАРМА
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
5 мл суспензияның құрамында
белсенді заттар: 241.038 мг және 482.08 мг амоксициллин тригидраты, 200 мг және 400 мг амоксициллинге баламалы; 74.671 мг және 149.35 мг сұйылтылған калий клавуланаты, 28.50 мг және 57.00 мг клавулан қышқылына баламалы
қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, Trusil құлпынай хош иістендіргіші, аспартам, гидроксипропилметилцеллюлоза, кремнийдің қостотығы, ксантан шайыры, янтарь қышқылы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.
Қалпына келтірілген суспензия - өзіне тән иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті суспензия
Дәрілік препарат ересектер мен балаларда келесі инфекцияларды емдеу үшін қолдануға көрсетілген
- жедел бактериялық синусит
- жедел ортаңғы отит
- созылмалы бронхит өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- цистит
- пиелонефрит
- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы - целлюлит, жәндіктер шағуы, жедел абсцесстер мен жақсүйек-бет аумағының флегмоналары)
- сүйектер мен буындар инфекциялары, атап айтқанда, остеомиелит
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықты қарау керек.
Әсер ету механизмі
Амоксициллин – бұл бактериялардың жасушалық жақтауының ажырамайтын құрылымдық компоненті болып табылатын бактериялық пептидогликан биосинтезі жолында бір немесе бірнеше ферментті (ПБА, пенициллин байланыстырушы ақуыздар деп жиі аталатын) тежейтін жартылай синтетикалық (бета-лактамды) антибиотик. Амоксициллин бета-лактамазалар әсерімен ыдырайды және бұл ферментті өндіретін микроорганизмдерге әсер етпейді.
Амоксициллиннің әсер ету механизмі бактерияның жасушалық жақтауының пептидогликандар биосинтезін тежеумен жүзеге асады, әдетте, бұл жасуша лизисіне және өліміне әкеледі.
Клавулан қышқылы – бұл пенициллиндер мен цефалоспориндерге төзімді микроорганизмдерден табылатын ферменттердің кең ауқымын - бета-лактамазаларды белсенділігінен айыратын қабілеті бар құрылымдық жағынан пенициллиндермен тектес бета-лактам. Ол кейбір бета-лактамаза ферменттерін белсенділігінен айырады, сол арқылы амоксициллин белсенділігінің жойылуын болдырмайды. Клавулан қышқылы өздігінен клиникалық мәнді бактерияға қарсы әсерін көрсетпейді.
Фармакокинетикалық/фармакодинамикалық байланыс
Ең төмен тежегіш концентрациядан (T > MIC) асып кету уақыты амоксициллин үшін тиімділігінің негізгі айқындаушы факторы болып саналады.
Төзімділігінің даму механизмі
Амоксициллин/клавулан қышқылына төзімділіктің 2 даму механизмі бар
- B, C, D кластарын қоса, клавулан қышқылының әсеріне сезімтал емес бактериялық бета-лактамазала арқылы белсенділігінің жойылуы;
- микроорганизмге қатысты антибиотик аффинділігінің азаюына алып келетін пенициллинді байланыстырушы ақуыз деформациясы;
Бактериялық жақтаудың өткізбейтін қабілеті, сондай-ақ помпа механизмдері, әсіресе, грам-теріс микроорганизмдерде төзімділіктің дамуын тудыруы немесе туындауына ықпал етуі мүмкін.
Бақылау нүктелері
Амоксициллин/клавулан қышқылы үшін ЕТК шекті мәндері Еуропалық микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу комитетінің (EUCAST) мәндеріне сәйкес келеді.
Төзімділіктің таралуы жекелеген түрлердің географиялық орналасуы мен уақытына қарай түрленуі мүмкін. Препаратты тағайындау алдында, мүмкіндігінше, штаммдар сезімталдығын жергілікті деректерге сәйкес бағалау қажет. Қажет болса, төзімділіктің жергілікті таралуы препаратты, ең болмағанда, инфекциялардың кейбір типтерінде қолданудың пайдасы күмәнді болған уақытта сарапшы кеңесіне жүгіну керек.
Жоғары сезімтал қоздырғыштар
Грам-оң аэробтар
Enterococcus faecalis
Gardnerella vaginalis
Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал)£
Коагулаза-теріс стафилококктар (метициллинге сезімтал)
Streptococcus agalactiae
Streptococcus pneumoniae1
Streptococcus pyogenes және басқа бета-гемолиздік стрептококктар
Streptococcus viridans тобы
Грам-теріс аэробтар
Capnocytophaga spp.
Eikenella corrodens
Haemophilus influenza
Moraxella catarrhalis
Pasteurella multocida
Анаэробты микроорганизмдер
Bacteroides fragilis
Fusobacterium nucleatum
Prevotella spp.
Төзімділігі жүре пайда болуы мүмкін микроорганизмдер
Грам-оң аэробтар
Enterococcus faecium*
Грам-теріс аэробтар
Escherichia coli
Klebsiella oxytoca
Klebsiella pneumonia
Proteus mirabilis
Proteus vulgaris
Табиғи төзімділігі бар микроорганизмдер
Грам-теріс аэробтар
Acinetobacter species
Citrobacter freundii
Enterobacter species
Legionella pneumophila
Morganella morganii
Providencia species
Pseudomonas species
Serratia species
Stenotrophomonas maltophilia
Басқа да:
Chlamydophila pneumoniae
Chlamydophila psittaci
Coxiella burnetti
Mycoplasma pneumoniae
* Жүре пайда болған төзімділігі болмаған кездегі табиғи сезімталдық
£ Метициллинге төзімді барлық стафилококктар амоксициллин/клавулан қышқылына төзімді.
1 Пенициллиндерге төзімді Streptococcus pneumoniae штаммдарын қоспағанда (4.2 және 4.4 бөлімдерін қараңыз).
2 Сезімталдығы төмен штаммдар кейбір ЕО елдерінде 10%-дан көп жиілікпен тіркелген.
Дозалау режимі
Дозалар, препараттың жекелеген компонентінің бірліктерінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, амоксициллин/клавулан қышқылының мөлшері бойынша өрнектелген.
Инфекциялық ауруды емдеу үшін таңдалған дозада ескерілуі тиіс:
- күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтималды сезімталдығы
- аурудың ауырлығы
- пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы
Баламалы дозаларын (мысалы, амоксициллиннің өте жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететін) пайдалануды қажет деп қарастыру керек.
Емдеу ұзақтығы пациент реакциясына қарай белгіленуі тиіс. Кейбір инфекциялар (мысалы, остеомиелит) емдеудің ұзағырақ кезеңдерін талап етеді. Емдеуді 14 күннен артық ұзартуға болмайды.
Балалар
12 жасқа дейінгі немесе дене салмағы 40 кг-ден аз балалар
Дозаны, жасына және салмағына қарай, тәулігіне мг/кг дене салмағына немесе дайын суспензияның миллилитрімен көрсетеді.
Ұсынылған дозалау режимі:
- 2 қабылдауға бөлінген 25 мг/3.6 мг/кг/тәуліктен 45 мг/6.4 мг/кг/тәулікке дейін
- 2 қабылдауға бөлінген 45 мг/6.4 мг/кг/тәуліктен 70 мг/10 мг/кг/тәулікке дейін күрделірек инфекцияларды (ортаңғы отит, синусит, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары) емдеу үшін.
Авиментин 200 мг/28.5 мг препаратының бір реттік дозасын дене салмағына қарай таңдау кестесі.
Дене салмағы (кг) — 25 мг/3.6 мг/кг/тәулік — 45 мг/6.4 мг/кг/тәулік — 70 мг/10 мг/кг/тәулік
4 — 1.4 мл тәулігіне 2 рет — 2.4 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
5 — 1.6 мл тәулігіне 2 рет — 2.8 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
6 — 2.0 мл тәулігіне 2 рет — 3.4 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
7 — 2.2 мл тәулігіне 2 рет — 4.0 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
8 — 2.6 мл тәулігіне 2 рет — 4.6 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
9 — 2.8 мл тәулігіне 2 рет — 5.2 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
10 — 3.2 мл тәулігіне 2 рет — 5.6 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
11 — 3.4 мл тәулігіне 2 рет — 6.2 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
12 — 3.8 мл тәулігіне 2 рет — 6.8 мл тәулігіне 2 рет — 10.6 мл тәулігіне 2 рет
13 — 4.2 мл тәулігіне 2 рет — 7.4 мл тәулігіне 2 рет — 11.4 мл тәулігіне 2 рет
14 — 4.4 мл тәулігіне 2 рет — 8.0 мл тәулігіне 2 рет — 12.4 мл тәулігіне 2 рет
15 — 4.8 мл тәулігіне 2 рет — 8.4 мл тәулігіне 2 рет — 13.2 мл тәулігіне 2 рет
16 — 5.0 мл тәулігіне 2 рет — 9.0 мл тәулігіне 2 рет — 14.0 мл тәулігіне 2 рет
17 — 5.4 мл тәулігіне 2 рет — 9.6 мл тәулігіне 2 рет — 15.0 мл тәулігіне 2 рет
18 — 5.6 мл тәулігіне 2 рет — 10.2 мл тәулігіне 2 рет — 15.8 мл тәулігіне 2 рет
19 — 6.0 мл тәулігіне 2 рет — 10.8 мл тәулігіне 2 рет — 16.6 мл тәулігіне 2 рет
20 — 6.4 мл тәулігіне 2 рет — 11.4 мл тәулігіне 2 рет — 17.6 мл тәулігіне 2 рет
21 — 6.6 мл тәулігіне 2 рет — 11.8 мл тәулігіне 2 рет — 18.4 мл тәулігіне 2 рет
22 — 7.0 мл тәулігіне 2 рет — 12.4 мл тәулігіне 2 рет — 19.4 мл тәулігіне 2 рет
23 — 7.2 мл тәулігіне 2 рет — 13.0 мл тәулігіне 2 рет — 20.2 мл тәулігіне 2 рет
24 — 7.6 мл тәулігіне 2 рет — 13.6 мл тәулігіне 2 рет — 21.0 мл тәулігіне 2 рет
25 — 7.8 мл тәулігіне 2 рет — 14.2 мл тәулігіне 2 рет — 22.0 мл тәулігіне 2 рет
26 — 8.2 мл тәулігіне 2 рет — 14.6 мл тәулігіне 2 рет — 22.8 мл тәулігіне 2 рет
27 — 8.4 мл тәулігіне 2 рет — 15.2 мл тәулігіне 2 рет — 23.6 мл тәулігіне 2 рет
28 — 8.8 мл тәулігіне 2 рет — 15.8 мл тәулігіне 2 рет — 24.6 мл тәулігіне 2 рет
29 — 9.2 мл тәулігіне 2 рет — 16.4 мл тәулігіне 2 рет — 25.4 мл тәулігіне 2 рет
30 — 9.4 мл тәулігіне 2 рет — 17.0 мл тәулігіне 2 рет — 26.4 мл тәулігіне 2 рет
31 — 9.8 мл тәулігіне 2 рет — 17.4 мл тәулігіне 2 рет — 27.2 мл тәулігіне 2 рет
32 — 10.0 мл тәулігіне 2 рет — 18.0 мл тәулігіне 2 рет — 28.0 мл тәулігіне 2 рет
33 — 10.4 мл тәулігіне 2 рет — 18.6 мл тәулігіне 2 рет — 29.0 мл тәулігіне 2 рет
34 — 10.6 мл тәулігіне 2 рет — 19.2 мл тәулігіне 2 рет — 29.8 мл тәулігіне 2 рет
35 — 11.0 мл тәулігіне 2 рет — 19.8 мл тәулігіне 2 рет — 30.6 мл тәулігіне 2 рет
36 — 11.4 мл тәулігіне 2 рет — 20.4 мл тәулігіне 2 рет — 31.6 мл тәулігіне 2 рет
37 — 11.6 мл тәулігіне 2 рет — 20.8 мл тәулігіне 2 рет — 32.4 мл тәулігіне 2 рет
38 — 12.0 мл тәулігіне 2 рет — 21.4 мл тәулігіне 2 рет — 33.4 мл тәулігіне 2 рет
39 — 12.2 мл тәулігіне 2 рет — 22.0 мл тәулігіне 2 рет — 34.2 мл тәулігіне 2 рет
Авиментин 400 мг/57 мг препаратының бір реттік дозасын дене салмағына қарай таңдау кестесі.
Дене салмағы (кг) — 25 мг/3.6 мг/кг/тәулік — 45 мг/6.4 мг/кг/тәулік — 70 мг/10 мг/кг/тәулік
4 — 0.6 мл тәулігіне 2 рет — 1.2 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
5 — 0.8 мл тәулігіне 2 рет — 1.4 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
6 — 1.0 мл тәулігіне 2 рет — 1.8 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
7 — 1.2 мл тәулігіне 2 рет — 2.0 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
8 — 1.4 мл тәулігіне 2 рет — 2.4 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
9 — 1.4 мл тәулігіне 2 рет — 2.6 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
10 — 1.6 мл тәулігіне 2 рет — 2.8 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
11 — 1.8 мл тәулігіне 2 рет — 3.2 мл тәулігіне 2 рет — ұсынылмайды
12 — 2.0 мл тәулігіне 2 рет — 3.4 мл тәулігіне 2 рет — 5.4 мл тәулігіне 2 рет
13 — 2.0 мл тәулігіне 2 рет — 3.9 мл тәулігіне 2 рет — 5.8 мл тәулігіне 2 рет
14 — 2.2 мл тәулігіне 2 рет — 4.0 мл тәулігіне 2 рет — 6.2 мл тәулігіне 2 рет
15 — 2.4 мл тәулігіне 2 рет — 4.2 мл тәулігіне 2 рет — 6.6 мл тәулігіне 2 рет
16 — 2.6 мл тәулігіне 2 рет — 4.6 мл тәулігіне 2 рет — 7.0 мл тәулігіне 2 рет
17 — 2.8 мл тәулігіне 2 рет — 4.8 мл тәулігіне 2 рет — 7.4 мл тәулігіне 2 рет
18 — 2.8 мл тәулігіне 2 рет — 5.2 мл тәулігіне 2 рет — 8.0 мл тәулігіне 2 рет
19 — 3.0 мл тәулігіне 2 рет — 5.4 мл тәулігіне 2 рет — 8.4 мл тәулігіне 2 рет
20 — 3.2 мл тәулігіне 2 рет — 5.6 мл тәулігіне 2 рет — 8.8 мл тәулігіне 2 рет
21 — 3.4 мл тәулігіне 2 рет — 6.0 мл тәулігіне 2 рет — 9.2 мл тәулігіне 2 рет
22 — 3.4 мл тәулігіне 2 рет — 6.2 мл тәулігіне 2 рет — 9.6 мл тәулігіне 2 рет
23 — 3.6 мл тәулігіне 2 рет — 6.6 мл тәулігіне 2 рет — 10.2 мл тәулігіне 2 рет
24 — 3.8 мл тәулігіне 2 рет — 6.8 мл тәулігіне 2 рет — 10.6 мл тәулігіне 2 рет
25 — 4.0 мл тәулігіне 2 рет — 7.0 мл тәулігіне 2 рет — 11.0 мл тәулігіне 2 рет
26 — 4.2 мл тәулігіне 2 рет — 7.4 мл тәулігіне 2 рет — 11.4 мл тәулігіне 2 рет
27 — 4.2 мл тәулігіне 2 рет — 7.6 мл тәулігіне 2 рет — 11.8 мл тәулігіне 2 рет
28 — 4.4 мл тәулігіне 2 рет — 8.0 мл тәулігіне 2 рет — 12.4 мл тәулігіне 2 рет
29 — 4.6 мл тәулігіне 2 рет — 8.2 мл тәулігіне 2 рет — 12.8 мл тәулігіне 2 рет
30 — 4.8 мл тәулігіне 2 рет — 8.4 мл тәулігіне 2 рет — 13.2 мл тәулігіне 2 рет
31 — 4,8 мл тәулігіне 2 рет — 8.8 мл тәулігіне 2 рет — 13.6 мл тәулігіне 2 рет
32 — 5.0 мл тәулігіне 2 рет — 9.0 мл тәулігіне 2 рет — 14.0 мл тәулігіне 2 рет
33 — 5.2 мл тәулігіне 2 рет — 9.4 мл тәулігіне 2 рет — 14.4 мл тәулігіне 2 рет
34 — 5.4 мл тәулігіне 2 рет — 9.6 мл тәулігіне 2 рет — 14.8 мл тәулігіне 2 рет
35 — 5.6 мл тәулігіне 2 рет — 9.8 мл тәулігіне 2 рет — 15.4 мл тәулігіне 2 рет
36 — 5.6 мл тәулігіне 2 рет — 10.2 мл тәулігіне 2 рет — 15.8 мл тәулігіне 2 рет
37 — 5.8 мл тәулігіне 2 рет — 10.4 мл тәулігіне 2 рет — 16.2 мл тәулігіне 2 рет
38 — 6.0 мл тәулігіне 2 рет — 10.8 мл тәулігіне 2 рет — 16.6 мл тәулігіне 2 рет
39 — 6.2 мл тәулігіне 2 рет — 11.0 мл тәулігіне 2 рет — 17.2 мл тәулігіне 2 рет
2 жасқа толмаған балаларда осы Авиментин препаратының 45 мг/6,4 мг/кг/ тәуліктен асатын дозасын қолданудың клиникалық деректері жоқ.
Дене салмағы 40 кг-ден аз балалар үшін ең жоғары тәуліктік дозасы 1000-2400 мг амоксициллин/143-600 мг клавулан қышқылын құрайды. Амоксициллиннің жоғарырақ тәуліктік дозасын тағайындау қажет болса, клавулан қышқылының жоғары дозаларын қажеттіліксіз қабылдауға жол бермеу үшін Авиментин препаратының басқа дозасын тағайындау керек.
Жасы 2 айға толмаған балаларда қолдану қарсы көрсетілімді.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет болып саналмайды.
• Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Емдеу сақтықпен жүргізіледі; бауыр функциясына мониторинг жүйелі өткізіледі.
• Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Дозаларды түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылған дозасына және креатинин клиренсі мәніне негізделген.
• Балалар
Креатинин клиренсі — Авиментинді дозалау режимі
> 30 мл/мин — Дозаны түзету қажет емес
< 30 мл/мин — 7:1 арақатынасындағы Амоксициллин/клавулан қышқылының арақатынасы болатын препаратты пайдалану ұсынылмайды, өйткені дозалау жөнінде ұсынымдар жоқ
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қолданылады.
Авиментин препаратын асқазан-ішекке ықтималды жақпаушылығын барынша азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек.
Суспензия тура алғашқы қолдану алдында сұйылтылады.
Пайдаланар алдында қақпағының бүтіндігін тексеріңіз. Ішінде ұнтағы бар құтыны сілкіңіз. Ұнтақты біртіндеп сілкіп және құтыдағы белгіге дейін су қоса отырып, бөлме температурасына дейін суытылған қайнаған суда еріту керек. Суспензияның дайын көлемі 100 мл тең. Құтыны төңкеру және толық еріп кеткенше мұқият сілку керек. Әр пайдалану алдында құтыны шайқау керек. Препаратты дозалау үшін әр қолданудан кейін сумен жақсылап шаю керек болатын өлшегіш стақанды пайдаланған дұрыс. Суспензияның аздаған көлемдерін өте дәл дозалау үшін, әсіресе, 3 айға толмаған балаларда стандартты бір реттік медициналық шприцті пайдалану керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсініп алу үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Сізде аталған дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізге қаралыңыз.
- амоксициллинге, клавулан қышқылына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар) шұғыл типті (мысалы, анафилаксиялық) белгілі аса жоғары сезімталдық
- амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы
- фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам болуына байланысты)
- 2 айлық жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен: бауыр функциясының бұзылулары.
Жиі
- диарея
- тері және шырышты қабықтар кандидозы
- жүрек айну, құсу
Жүрек айну препараттың жоғары дозаларын қолдану кезінде жиірек кездеседі. Көрініс беру дәрежесін төмендету үшін препаратты ас ішудің басында қабылдау ұсынылады.
Жиі емеc
- бас айналу, бас ауыру
- диспепсия
- бауырдың АЛТ/АСТ ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы (бета-лактамды антибиотиктермен ем алып жүрген пациенттерде байқалады, алайда, оның клиникалық мәні белгісіз)
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Сирек
- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения
- мультиформалы эритема
Белгісіз
- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік заттарға реакция (DRESS-синдром)
- қайтымды агранулоцитоз және гемолиздік анемия, қан кету уақытының ұзаруы және протромбиндік уақыт индексінің артуы
- ангионевроздық ісіну, анафилаксия; сарысу құю ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит
- қайтымды жоғары белсенділік және құрысулар, асептикалық менингит
- антибиотикпен астасқан колит (жалған жарғақшалы және геморрагиялық түрін қоса)
- қара түкті тіл (тілдің жіпше тәрізді бүртіктерінің созылмалы гиперплазиясы)
- гепатит, холестаздық сарғаю
- сезімтал емес микрофлораның шамадан тыс көбеюі
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, буллёзді эксфолиативтік дерматит, жедел жайылған экзантемалық пустулёз (аталған симптомдар дамығанда препаратты шұғыл тоқтату қажет).
- несептегі кристалдар бүйректің жедел жеткіліксіздігіне әкеледі
- ортасындағы қабыршақтарымен шеңберлене орналасқан күлдіреуіктері бар немесе інжу тізбегі түріндегі бөртпе (IgA желілік ауруы)
- ми мен жұлын айналасындағы қабықтар қабынуы (асептикалық менингит)
- интерстициялық нефрит, кристаллурия
- тіс түсінің өзгеруі
- Коунус синдромы
- жедел панкреатит
- дәрімен астасқан интертриголық және бүгілетін жерлердегі симметриялық экзантема (SDRIFE) (бабуин синдромы).
Аталған белгілер мен симптомдар, әдетте, емдеу үдерісінде немесе ем аяқталған соң бірден кездеседі, алайда жекелеген жағдайларда ем аяқталған соң бірнеше апта бойы көрініс бермеуі мүмкін. Жағымсыз құбылыстар, әдетте, қайтымды болады. Ауыз қуысына күтім жасау тіс эмалі түсінің өзгеруін болдырмауға көмектеседі, өйткені бұл үшін тісті тазалау жеткілікті.
Бауыр тарапынан жағымсыз құбылыстар ауыр болуы мүмкін, айрықша сирек жағдайларда өліммен аяқталған оқиғалар туралы хабарламалар болды. Барлық дерлік жағдайларда бұл күрделі қатарлас патологиясы бар тұлғалар немесе гепатоуыттылығы зор препараттарды бір мезгілде қабылдап жүрген тұлғалар болды.
Аллергиялық реакциялар кезінде назар аудару керек жағдайлар:
• тері бөртпесі
• теріде қызыл немесе күлгін дөңес дақтар түрінде көрініс беруі мүмкін, бірақ дененің басқа бөліктерін де зақымдауы мүмкін қан тамырларының қабынуы (васкулит)
• қызба, буындар ауруы, мойын, қолтық немесе шап бездерінің ісіп кетуі
• ісіну, кейде тыныс тарылуын туындататын бет немесе тамақтың ісінуі (ангионевроздық ісіну)
• коллапс
• аллергиядан болатын миокард инфарктісі симптомы болуы мүмкін аллергиялық реакциялар аясында кеуденің ауырсынуы (Кунис синдромы)
• Коунус синдромы (аллергиялық коронарлық синдром)
• дәрілік препарат индукциялаған энтероколит синдромы (DIES)
• жедел панкреатит
• дәрімен астасқан интертриголық және бүгілетін жерлердегі симметриялық экзантема (SDRIFE) (бабуин синдромы)
Егер сізде осы симптомдардың қандай да бірі туындаса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Жуан ішектің қабынуы
Әдетте, қан мен шырыш аралас сулы диареяны, іштің ауыруын және/немесе қызбаны тудыратын жуан ішектің қабынуы.
Ұйқы безінің жедел қабынуы (жедел панкреатит)
Егер сізде асқазан аумағында қатты және тұрақты ауырсыну болса, бұл жедел панкреатит белгісі болуы мүмкін. Дәрілік индукцияланған энтероколит синдромы (DIES):
DIES жағдайлары жөнінде, негізінен, амоксициллин/клавуланат қабылдаған балаларда хабарланды. Бұл қайталамалы құсудың жетекші симптомымен өзіндік ерекшелігі болатын аллергиялық реакция (препаратты <қабылдаудан> <енгізуден> <қолданудан> кейін 1-4 сағат өткен соң). Басқа симптомдар іштің ауыруын, сылбырлық, диарея және төмен қан қысымын қамтуы мүмкін.
Егер сізде осы симптомдар пайда болса, мүмкіндігінше тезірек дәрігер кеңесіне жүгініңіз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: асқазан-ішек симптомдары және сұйықтық пен электролиттер теңгерімінің бұзылуы айқын болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін амоксициллин кристаллуриясы байқалды. Құрысулар бүйрек функциясының бұзылулары бар немесе жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде туындауы мүмкін.
Амоксициллиннің көбінесе үлкен дозаларын вена ішіне енгізуден кейін қуық катетерлерінде шөгетіні хабарланды. Өткізгіштік күйін жүйелі тексеріп отыру керек.
Емдеу: асқазан-ішек симптомдарын су-электролит теңгеріміне көңіл бөле отырып, симптоматикалық емдеуге болады. Амоксициллин/клавулан қышқылын қан ағымынан гемодиализ арқылы шығаруға болады.
Авиментин препаратымен емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды препараттарға бұрын болған аса жоғары сезімталдық реакцияларына қатысты толық анамнез жинау қажет.
Пенициллинмен ем алып жүрген пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың, кейде өліммен аяқталатын күрделі реакцияларының (анафилактоидтық және терінің ауыр жағымсыз реакцияларын қоса) дамуы туралы хабарламалар алынды.
Аллергиялық реакция туындаған жағдайда Авиментин препаратымен емдеуді тоқтату және тиісті баламалы емді бастау қажет. Аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакцияларында кідіріссіз эпинефрин енгізу керек. Сонымен қатар, оттегімен емдеу, глюкокортикостероидтарды вена ішіне енгізу және интубацияны қоса, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.
Егер инфекцияның амоксициллинге сезімтал микроорганизмдерден туындағаны дәлелденген жағдайда, ресми нұсқаулыққа сәйкес, амоксициллин/клавулан қышқылынан амоксициллинге ауысу мәселесін қарастыру керек.
Инфекциялық мононуклеоз күмән тудырғанда Авиментин препаратын тағайындау ұсынылмайды, өйткені осы ауруға шалдыққан пациенттерде амоксициллин қызылша тәрізді бөртпеге түрткі болуы мүмкін, бұл аурудың диагностикасын қиындатады.
Болжамды патогендердің бета-лактамды агенттерге төзімділігі болатын жоғары қауіп болғанда, яғни клавулан қышқылымен тежеліске сезімтал бета-лактамазаларға қатысты болмаса, препарат пайдалануға сай келмейді. Препараттың осы түрі пенициллинге төзімді S. рneumoniae емдеуіне пайдаланылмауы тиіс.
Ұзақ уақыт пайдалану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шектен тыс көбеюіне әкелуі мүмкін.
Колиттер
Бактерияға қарсы препараттарды қолданумен байланысты колиттер, амоксициллинді қоса, бактерияға қарсы агенттердің бәрінде дерлік тіркелді және ауырлық дәрежесі бойынша жеңілден өмірге қатер төндіруге дейін түрленуі мүмкін. Сондықтан бұл диагнозды кез келген антибиотикті қабылдау уақытында немесе одан кейін диарея бар пациенттерде ескеру маңызды. Антибиотиктермен байланысты колит туындаған жағдайда амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдауды дереу тоқтату, дәрігермен кеңесу және тиісті емді бастау керек. Бұл жағдайда перистальтикаға қарсы дәрілік заттар қарсы көрсетілімді.
Емдеудің басында пустуламен байланысты қызбалық жайылған эритеманың туындауы жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) симптомы болуы мүмкін. Бұл реакция препараттың енгізілуін тоқтатуды талап етеді және амоксициллиннің кез келген кейіннен енгізілуіне қарсы көрсетілімді болады.
Авиментин препаратымен ұзақ уақыт емдеу кезінде бүйрек, бауыр және қан түзу функциясын мезгіл-мезгіл бағалап отыру ұсынылады.
Амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде протромбин уақыты ұзаруы мүмкін. Егер антикоагулянттар бір мезгілде қабылданса, талапқа сай бақылау жасалуы тиіс. Пероральді антикоагулянттар дозасын түзету антикоагуляцияның қажетті деңгейін демеу үшін қажет.
Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлердің даму қаупін төмендету мақсатында препаратты ас ішудің басында қабылдау керек.
Ауыз қуысының күтімі тіс реңінің өзгеруін болдырмауға көмектеседі, өйткені бұл үшін тісті тазалау жеткілікті.
Егде жастағы пациенттерде қолдану
Егде жастағы пациенттерге Авиментин препаратының дозасын төмендету қажет емес, дозалары ересектердегі сияқты. Бүйрек функциясының бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде дозаны бүйрек функциясының бұзылулары бар ересектердегі сияқты түзету керек.
Балаларда қолдану
Препаратты 2 айға толмаған балаларға қолдану қарсы көрсетілімді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Емдеу сақтықпен жүргізіледі, бауыр функциясына мониторинг жүйелі өткізіледі. Пациенттердің осы санатында дозалау режиміне түзету жүргізу үшін деректер жеткіліксіз.
Гепатобилиарлық бұзылыстар көбінесе ерлер мен егде жастағы пациенттерде тіркелген және ұзақ уақыт емделумен байланысты болуы мүмкін. Осы оқиғалар туралы балаларда өте сирек хабарланады. Қауымдардың бәрінде белгілері мен симптомдары, әдетте, емдеу уақытында немесе одан кейін тез арада пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда емдеуді тоқтатудан кейін бірнеше апта өткен соң барып көрініс беруі мүмкін. Олар, әдетте, қайтымды. Гепатобилиарлық реакциялар күрделі болуы мүмкін, ал тіптен сирек жағдайларда өлім жағдайлары тіркелген. Олар үнемі дерлік күрделі ауруы бар немесе бауырға әсер етуі мүмкін екені белгілі қатарлас препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде туындады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Препараттың дозасы бұзылу дәрежесіне қарай түзетілуі тиіс. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде Авиментин препаратының дозасын бұзылу дәрежесіне сәйкес төмендету керек. Бүйрек функциясының бұзылуы бар немесе препараттың көп дозаларын қабылдаған пациенттерде құрысулар пайда болуы мүмкін.
Диурез төмендеген пациенттерде өте сирек жағдайларда, көбінесе препаратты парентеральді қолдану кезінде кристаллурия дамуы хабарланды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізген уақытта сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдау және амоксициллин кристалдарының түзілу ықтималдығын азайту үшін талапқа сай диурезді демеп отыру ұсынылады.
Авиментин препаратын ішке қабылдау несептегі амоксициллиннің жоғары мөлшеріне әкеледі, бұл несептегі глюкозаны анықтау (мысалы, Бенедикт сынамасы, Фелинг сынамасы) кезінде жалған-оң нәтижелерге әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда несептегі глюкоза концентрациясын анықтаудың глюкозооксиданттық әдісін қолдану ұсынылады.
Препаратта клавулан қышқылының болуы IgG және альбуминнің эритроциттер жарғақшаларымен спецификалық емес байланысуын тудыруы мүмкін, бұл Кумбс тестісінің жалған-оң нәтижесін беруі мүмкін.
Кейінірек аспергиллез инфекциясы табылмаған амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде Bio-Rad Laboratories Platelia Aspergillus EIA тестісін пайдаланумен жалған-оң тест нәтижелері туралы хабарламалар бар. Bio-Rad Laboratories Рlatelia Aspergillus EIA тестісі көмегімен аспергиллдерге жатпайтын полисахаридтермен және полифураноздармен айқаспалы реакциялар хабарланды. Осылайша, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдап жүрген пациенттерде оң тест нәтижелерін абайлап түсіндіру және басқа диагностика әдістерімен растау керек.
Қосымша заттар
Құрамында 6.83 мг және 10.40 мг мөлшерінде фенилаланин (аспартам (Е951) бар, фенилкетонурия бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Препаратты 2 айға толмаған балаларға қолдану қарсы көрсетілімді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік басқару және машиналарды пайдалану қабілетіне ешқандай әсер ету зерттеулері жүргізілмеді. Препарат жағымсыз әсерлер (мысалы, аллергиялық реакциялар, бас айналу, құрысу) тудыруы мүмкін екендіктен, пациенттерге көлік құралдарын және аса қауіпті механизмдерді басқару кезіндегі сақтандыру шаралары туралы ескерту қажет.
Жүктілік
Клиникаға дейінгі деректер жүктілікке, шарананың эмбриондық дамуына, босануға немесе туудан кейінгі дамуға қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсерлерін көрсетпейді. Адамдарда жүктілік кезінде амоксициллин/клавулан қышқылын қолдану жөніндегі шектеулі деректер туа біткен даму ақауларының жоғары қаупін көрсетпейді. Амоксициллин/клавулан қышқылымен профилактикалық емдеу жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколиттің жоғары даму қаупімен байланысты болуы мүмкін. Ана үшін қолданудан күтілетін пайдасы шарана үшін ықтималды қаупінен асып кететін жағдайларды қоспағанда, Авиментин препараты жүктілік кезінде қолдануға ұсынылмайды.
Бала емізу
Авиментин препараты емшек сүтімен бөлінеді. Демек, емшек сүтімен қоректенетін нәрестеде диарея және шырышты қабықтардың зеңдік инфекциясы болуы мүмкін. Сенсибилизациялау мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Амоксициллин/клавулан қышқылы пайда-қаупі бағалауынан соң ғана бала емізу кезінде пайдаланылуы тиіс. Емшек сүтімен қоректеніп жүрген сәбилерде жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда бала емізуді тоқтату қажет.
Пероральді антикоагулянттар
Пероральді антикоагулянттар мен бактерияға қарсы пенициллиндік препараттар практикада өзара әрекеттесуі туралы хабарламаларсыз кең ауқымды пайдаланылды. Алайда, әдебиетте аценокумарол немесе варфарин қабылдап жүрген немесе амоксициллин курсы тағайындалған пациенттерде жоғарылаған халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) жағдайлары кездеседі. Егер бірге енгізу қажет болса, амоксициллинді қосумен немесе тоқтатумен протромбин уақытын және ХҚҚ мұқият бақылап отыру керек. Бұдан бөлек, пероральді антикоагулянттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Метотрексат
Пенициллиндер метотрексат экскрециясын төмендетіп, уыттылығының ықтималды артуын тудыруы мүмкін.
Пробенецид
Пробенецидті бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректік өзекшелік секрециясын төмендетеді. Пробенецидті бір мезгілде қабылдау қандағы амоксициллин деңгейінің жоғарылауына және ұзаруына алып келуі мүмкін, бірақ клавулан қышқылына қатыссыз.
Микофенолат мофетилі
Микофенолат мофетилін қабылдаған пациентерде амоксициллин/клавулан қышқылын пероральді қабылдау басталған соң микофенол қышқылының (МФҚ) белсенді метаболиті концентрациясының шамамен 50% төмендеуі тіркелді. Дозаны енгізуге дейінгі деңгейінің өзгеруі жалпы МФҚ әсерінің өзгерістерін нақты көрсетпеуі мүмкін. Демек, әдетте, трансплантат дисфункциясының клиникалық белгілері болмағанда микофенолат мофетилінің дозасын өзгерту қажет емес. Дегенмен де, біріктірілім кезінде және антибиотиктермен емдеуден кейін тез арада мұқият клиникалық мониторинг өткізу керек.
Аллопуринол
Амоксициллинмен емдеу кезінде аллопуринолды бір мезгілде қолдану терінің аллергиялық реакцияларының даму ықтималдығын арттыруы мүмкін. Аллопуринол мен амоксициллин тригидраты/калий клавуланаты біріктірілімінің бір мезгілде қолданылуы туралы деректер жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Қалпына келтірілген суспензияны тоңазытқышта 2 0 С-ден 8 0С-ге дейінгі температурада сақтау және 7 күн ішінде пайдалану керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.