Ацетилсалицил қышқылы бронх түйілуін (анамнезінде бронх демікпесі, созылмалы бронх-өкпе аурулары, мұрын полиптері, аллергиялық риниттер бар болғанда) туындатуы мүмкін.
Ацетилсалицил қышқылы қан ағуына бейімділікті арттыруы мүмкін, бұл оның тромбоциттер агрегациясына тежейтін әсеріне байланысты. Мұны тіс жұлу сияқты кішігірім араласымдарды қоса алғанда, хирургиялық араласым қажет болған жағдайда ескеру керек. Хирургиялық араласым алдында, операция барысында және операциядан кейінгі кезеңде қанағыштықты азайту үшін препарат қабылдауды 5-7 күн бұрын тоқтатып, дәрігерді хабардар ету керек.
Қантамырлар ауруларын емдеу кезінде ацетилсалицил қышқылының тәуліктік дозасы 75 тен 300 мг-ға дейінгі дозаны құрайды.
Аскорбин қышқылын тез пролиферацияланатын әрі қарқынды түрде метастаздар беретін ісіктері бар пациенттерге тағайындау процестің ағымын ушықтыруы мүмкін. Организмдегі темір мөлшері жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын ең төмен дозада қолдану керек.
Қант диабеті, гипероксалурия, талассемия, гемохроматоз, сидеробластты анемия кезінде аскорбин қышқылының үлкен дозаларын (500 мг-нан артық) қабылдауға болмайды. Аскорбин қышқылының мөлшеріне байланысты қан ұюы жоғары, полицитемияға, лейкемияға, тромбофлебитке шалдыққан немесе тромбозға бейімділігі бар, гипероксалурияға, бүйрек-тас ауруы бар пациенттерге тағайындағанда ерекше сақ болу керек. Гипергликемиямен қатарлас жүруі мүмкін жағдайларда аскорбин қышқылын тек дәрігердің ұсынымы бойынша және ең төмен дозада қабылдауға болады. Аскорбин қышқылының үлкен дозаларын қабылдау бүйректе кальций оксалаты тастарының қалыптасуымен байланысты, сондықтан аскорбин қышқылын гипероксалуриямен ауыратын пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Құрамында алюминий бар антацидтермен аскорбин қышқылын бір мезгілде қолдану алюминийдің несеппен шығарылуын арттыруы мүмкін болғандықтан, оларды бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бірге қабылдау ұсынылмайды.
Дифенгидраминді гипертиреозбен, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларымен, көзішілік қысымның жоғарылауымен, жүрек - қантамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын пациенттерді, сондай-ақ егде жастағы адамдарды емдеу үшін сақтықпен қолданады. Препарат көздің құрғауын туындатуы мүмкін және жанаспалы линзаларды тағу кезінде жайсыздықты туындатуы мүмкін. Емдеу кезеңінде алкогольдік ішімдіктерді қолдануға болмайды.
Арнайы ескертулер
Ацетилсалицил қышқылы метотрексаттың, пеметрекседтің уыттылығын, тікелей және тікелей емес антикоагулянттардың, қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың, глюкокортикоидтардың, тромболитиктердің және тромбоциттер агрегациясы тежегіштерінің, сульфаниламидтердің, трийодтирониннің, резерпиннің әсерін күшейтеді; урикозуриялық препараттардың, гипотензивті дәрілердің, диуретиктердің, антидепрессанттардың әсерін азайтады.
Құрамында магний және/немесе алюминий гидроксиді бар антацидтер ацетилсалицил қышқылының сіңуін баяулатады және нашарлатады.
Вальпрой қышқылы препараттарымен, цефалоспориндермен немесе антикоагулянттармен бірге қолданғанда қан кету қаупі артады.
Аскорбин қышқылы қандағы бензилпенициллин мен тетрациклиндердің концентрациясын арттырады, ішекте темірдің сіңуін жақсартады (үш валентті темірді екі валентті темірге айналдырады), дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда темірдің шығарылуын арттыруы мүмкін. Құрамында алюминий бар антацидтермен аскорбин қышқылын бір мезгілде қолдану алюминийдің несеппен шығарылуын арттыруы мүмкін.
Қысқа әсер ететін салицилаттармен және сульфаниламидтермен емдеу кезінде С дәруменін бірге тағайындау бүйрекпен қышқылдардың шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар дәрілік заттардың (оның ішінде алкалоидтардың) шығарылуын жоғарылатады, кристаллурияның даму қаупін арттырады. Аскорбин қышқылы бір мезгілде қолданғанда қандағы пероральді контрацептивтердің, тікелей емес антикоагулянттардың концентрациясын төмендетеді, этанолдың жалпы клиренсін арттырады, изопреналиннің, В12 дәруменінің, нейролептиктердің - фенотиазин туындыларының (мысалы, флуфеназиннің) емдік әсерін төмендетеді, трициклді антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын төмендетеді. Барбитураттарды бір мезгілде қабылдау аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады. Индометацин аскорбин қышқылының тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Кальций глюконаты: сіңірілмейтін кешендердің түзілу мүмкіндігіне байланысты, кальций эстрамустиннің, этидронаттың және мүмкін басқа бисфосфонаттардың, фенитоиннің, хинолондардың, пероральді тетрациклинді антибиотиктердің және препараттардың сіңуін төмендетуі мүмкін және кем дегенде 3 сағат болуы керек. Асқазан-ішек жолынан кальцийдің сіңуі асжапырақ, рауғаш, кебек және дәнді дақылдар сияқты тағамның кейбір түрлерін қабылдау кезінде төмендеуі мүмкін. Оймақгүл препараттарын қабылдайтын науқастарға кальцийдің жоғары дозаларын тағайындаған кезде аритмиялардың туындау қаупін артуы мүмкін. Тиазидті диуретиктер кальцийдің несеппен шығарылуын азайтады. Сондықтан оларды бір мезгілде қолданған кезде гиперкальциемияның даму қаупін есте ұстаған жөн.
Кальций тетрациклин антибиотиктері мен фтор препараттарын бір мезгілде қабылдаған кезде олардың сіңуін төмендетуі мүмкін. Д дәруменін бір мезгілде қолдану кальцийдің сіңуін арттырады.
Бір мезгілде қолданған кезде димедрол этанол мен ОЖЖ-ны бәсеңдететін препараттардың, барбитураттардың, ұйықтататын дәрілердің, апиынды анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Сондықтан, осы препараттарды бірлесіп қолданған кезде, ықтимал әсерді болдырмау үшін дәрігермен кеңесу керек.
МАО тежегіштері димедролдың антихолинергиялық белсенділігін арттырады.
Антагонистік өзара әрекеттесу психостимуляторлармен бірге тағайындау кезінде байқалады.
Улануды емдеу кезінде құстыратын дәрілер ретінде апоморфиннің тиімділігін төмендетеді.
Холинді бөгейтін белсенділігі бар препараттардың антихолинэргиялық әсерін күшейтеді.
Дифенгидрамин наркозға, ұйықтататын дәрілерге, тыныштандыратын дәрілерге, есірткілік анальгетиктерге әлеуетті түрде әсер етеді. Трициклді антидепрессанттармен қолданған кезде димедролдың холинді бөгейтін әсері және орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсері күшеюі мүмкін. Моноаминоксидаза тежегіштері препараттың холинолитикалық әсерін күшейтеді және ұзартады.
Аналептиктермен бірге қолданған кезде құрысулардың даму қаупі артуы мүмкін. Этанол мен ОЖЖ-ны бәсеңдететін дәрілік заттардың әсерін күшейтеді.
Рутиннің фармакологиялық әсері аскорбин қышқылымен күшейтіледі.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Агриппин SR көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.