Дозалану режимі
Ревматоидты артрит
Ревматоидты артриті бар ересек пациенттер үшін Адалира препаратыны ұсынылатын дозасы тері астына екі аптада бір рет 40 мг құрайды. Адалира препаратымен емдеу кезінде метотрексатты қабылдауды жалғастыра беру керек. Глюкокортикоидтарды, салицилаттарды, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдауды жалғастыра беруге болады. Адалира препаратты ауруды модификациялайтын, ревматизмге қарсы препараттармен (метотрексаттан басқа) қолдануға қатысты, «Арнайы ескертулер» бөліміндегі ақпаратты қараңыз. Адалира препаратымен монотерапия кезінде ұсынылған дозадағы Адалира препаратты жауаптың төмендегені байқалған кейбір пациенттерде, препаратты енгізу жиілігін аптасына бір рет 40 мг дейін немесе екі аптада бір рет 80 мг дейін арттырған дұрыс болуы мүмкін.
Мысалы, операция алдында немесе ауыр инфекция жағдайында Адалира препаратты қабылдауды үзе тұру қажеттілігі туындауы мүмкін. Қолда бар деректер, адалимумабты 70 күн немесе одан ұзақ уақыт бойы енгізу қабылдауды тоқтатқаннан кейін клиникалық жауабының дәл сондай шамасына алып келгенін, және қауіпсіздік бейіні қабылдауды тоқтатқанға дейінгіге ұқсас болғанын көрсетіп отыр.
Шорбуынданатын спондилит, ШС рентгенографиялық расталуынсыз аксиальді спондилоартрит және псориаздық артрит
Адалира препаратының ересек пациенттер үшін ұсынылатын дозасы 2 аптада бір рет тері астына 40 мг құрайды.
Ересектердегі түйіндақты псориаз
Ересек пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы дозасы 80 мг құрайды, бір аптадан соң 40 мг, тері астына қолданады. Демеуші емі – екі аптада бір рет 40 мг.
Егер пациентте 16 апта емдеуден соң емге клиникалық жауап байқалмаса, онда препаратты қолданудың жиілігін аптасына бір рет 40 мг дейін немесе екі аптада бір рет 80 мг дейін арттыруға болады. Аталған мерзім ішінде қолданудың пайдасы мен жағымсыз реакциялардың туындау қаупін бағалау керек. Егер препаратты аптасына бір рет 40 мг немесе екі аптада бір рет 80 мг дейінгі дозада қабылдағанда талапқа сай жауапқа қол жеткізілсе, онда кейіннен дозасын әр екі апта сайын 40 мг дейін төмендетуге болады.
Ересектердегі іріңді гидраденит
Іріңді гидрадениті бар ересек пациенттерде Адалира препаратты дозалаудың ұсынылатын режимі бірінші күні 160 мг бастапқы дозасын (бір тәулік ішінде 40 мг-ден төрт инъекциясын немесе екі күн қатарынан тәулігіне 40 мг екі инъекциясын енгізу) және содан соң 15 күні (екі аптадан соң) — 80 мг (бір тәулік ішінде 40 мг-ден екі инъекциясын енгізу) құрайды. Екі аптадан соң (29 күні) аптасына бір рет 40 мг немесе екі аптада бір рет 80 мг дозасын енгізуді жалғастырады. Қажет болған жағдайда, Адалира препаратымен емдеу кезінде антибиотиктерді қабылдауды жалғастыруға болады.
Пациентке Адалира препаратымен емдеу кезінде іріңді гидраденит зақымдаған жерді жергілікті антисептикалық дәрілердің көмегімен күнделікті тазалап сүртуге кеңес беру қажет.
Емдеуді уақытша тоқтата тұру қажет болған жағдайда, аптасына бір рет 40 мг немесе екі аптада бір рет 80 мг Адалира препаратын қабылауды қайта бастауға болады.
Ересектердегі Крон ауруы
Белсенділігі орташа және жоғары дәрежелі Крон ауруы бар ересек пациенттерде ремиссиясын индукциялау үшін ұсынылатын бастапқы дозасы 80 мг (1күні) құрайды, кейіннен екі аптадан соң (15 күні) дозасы тері астына 40 мг дейін азайтылады. Егер клиникалық жауапты жылдамырақ алу қажет болса, бастапқыда 1 күні 160 мг қолданады (бір күнде 40 мг-ден төрт инъекциясы түрінде немесе екі күн қатарынан 40 мг-ден екі инъекциясы түрінде енгізіледі), содан кейін екі аптадан соң (15 күні) 80 мг дозасын тері астына, индукциясы кезінде жағымсыз реакциялар қаупінің жоғары екендігін ескере отырып (бір күнде 40 мг-ден екі инъекциясы ретінде енгізіледі) қолданады.
Индукциялық емнен кейінгі демеуші дозасы екі аптада бір рет тері астына 40 мг құрайды. Егер пациент Адалира препаратты қабылдауды тоқтатса, және аурудың белгілері мен симптомдары қайта басталса, онда препаратты қайта тағайындауға болады.
Демеуші ем кезеңі ішінде кортикостероидтардың дозасын, клиникалық тәжірибеге байланысты азайтуға болады.
Клиникалық жауап азайған кезде кейбір пациенттерге Адалира препаратты енгізу жиілігін аптасына бір рет 40 мг дейін немесе екі аптада бір рет 80 мг дейін арттыру қажет болуы мүмкін.
Ересектердегі ойық жаралы колит
Белсенділігі орташа және ауыр дәрежелі ойық жаралы колиті бар ересек пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы (индукциялық) дозасы 0 аптада 160 мг (дозасын бір күнде 4 инъекциясы түрінде немесе екі күн қатарынан күніне 2 инъекциядан енгізуге болады) және екі аптадан соң (2 аптада) 80 мг құрайды. Индукциялық дозасынан кейін ұсынылатын демеуші дозасы екі аптада бір рет, тері астына 40 мг құрайды.
Демеуші ем кезінде кортикостероидтардың дозасын, клиникалық тәжірибеге байланысты азайтуға болады.
Клиникалық жауап азайған кезде кейбір пациенттерге Адалира препаратты енгізу жиілігін аптасына бір рет 40 мг дейін немесе екі аптада бір рет 80 мг дейін арттыру қажет болуы мүмкін.
Ересектердегі увеит
Увеиті бар ересек пациенттерде Адалира препаратты үшін ұсынылатын дозалау режимі бастапқы 80 мг, содан соң, бастапқы дозасын қолданғаннан кейін келесі аптадан бастап екі аптада бір рет 40 мг дозасын қамтиды. Емдеудің тек адалимумабпен басталу тәжірибесі шектеулі. Адалира препаратымен емдеуді кортикостероидтармен және/немесе басқа биологиялық емес иммуномодуляциялайтын дәрілермен біріктіріп бастауға болады. Кортикостероидтардың дозасын, клиникалық тәжірибеге байланысты, Адалира препаратымен емдеу басталғаннан кейінгі екі аптадан бастап азайтуға болады.
Бехчет ауруы
Ересектерде Адалира препаратының бастапқы дозасы 160 мг құрайды. Ары қарай 2 аптадан соң 80 мг дейін төмендету керек. Емдеу басталғаннан кейін 4 аптадан соң 2 аптада 1 рет 40 мг демеуші емге көшу керек.
Педиатрияда
Ювенильді ревматоидты артрит
Жасөспірімдердегі полиартикулярлық идиопатиялық артрит
2 жастан бастап және одан үлкен балалар үшін Адалира препаратының ұсынылатын дозасы пациенттің дене салмағына байланысты анықталады (1 кесте). Адалира әр екі апта сайын тері астына енгізіледі.
1 кесте. Адалира препаратының полиартикулярлық ювенильді идиопатиялық артриті бар пациенттерге арналған дозасын анықтау
Дене салмағы — Ұсынылатын дозасы
10 кг-ден <30 кг дейін — 20 мг екі аптада бір рет
≥ 30 кг — 40 мг екі аптада бір рет
Адалимумабтың осы көрсетілім бойынша 2 жасқа дейінгі балаларда қолданылуы зерттелмеген.
Энтезитпен астасқан артрит
6 жастан бастап және одан үлкен, энтезитпен астасқан артриті бар пациенттер үшін Адалира препаратының ұсынылатын дозасы пациенттің дене салмағына байланысты анықталады (2 кесте). Адалира әр екі апта сайын тері астына енгізіледі.
2 кесте. Адалира препаратының энтезитпен астасқан артриті бар пациенттерге арналған дозасын анықтау
Дене салмағы — Ұсынылатын дозасы
15-тен < 30 кг дейін — 20 мг екі аптада бір рет
≥ 30 кг — 40 мг екі аптада бір рет
6 жасқа дейінгі, энтезитпен астасқан артриті бар балаларда адалимумабтың қолданылуы зерттелмеген.
Балалардағы түйіндақты псориаз
Түйіндақты псориазы бар, 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін Адалира препаратының ұсынылатын дозасы пациенттің дене салмағына байланысты анықталады (3 кесте). Адалира препараты тері астына енгізіледі.
3 кесте. Адалира препаратының түйіндақты псориазы бар, балалар жасындағы пациенттерге арналған дозасын анықтау
Дене салмағы — Ұсынылатын дозасы
15-тен <30 кг дейін — Бастапқы дозасы 20 мг, содан соң бастапқы дозасынан кейін бір аптадан соң бастап, екі аптада бір рет 20 мг
≥ 30 кг — Бастапқы дозасы 40 мг, содан соң бастапқы дозасынан кейін бір аптадан соң бастап, екі аптада бір рет 40 мг
Егер 16 апта ішінде емдік әсері байқалмаса, емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Егер пациентке Адалира препаратымен емдеу қайталап тағайындалса, дозасы мен емдеу ұзақтығын таңдау жөніндегі жоғарыда келтірілген нұсқауларды сақтау қажет.
4 жасқа дейінгі балаларға адалимумабтың осы көрсетілім бойынша қолданылуы зерттелмеген.
Жасөспірімдердегі (12 жасқа дейінгі, дене салмағы — 30 кг кем емес) іріңді гидраденит
Іріңді гидрадениті бар жасөспірімдерде адалимумабтың қолданылуы зерттелмеген. Ондай пациенттер үшін адалимумабты қолдану тәсілі фармакокинетикалық модельдеу мен симуляциялаудың негізінде анықталды.
Адалира препаратының ұсынылатын дозасы нөлінші аптада 80 мг, содан соң бірінші аптадан бастап, теріастылық инъекция жолымен екі аптада бір рет 40 мг құрайды.
Жасөспірімдік кезеңдегі, екі аптада бір рет 40 мг дозасын қолданғанда жауабы талапқа сай болмаған пациенттерде Адалира препаратының дозасын аптасына бір рет 40 мг дейін немесе екі аптада бір рет 80 мг дейін арттыру ұсынылады.
Қажет болған жағдайда, Адалира препаратымен емделу кезінде антибиотиктерді қабылдауды жалғастыра беруге болады. Пациентке Адалира препаратымен емделу кезінде іріңді гидраденитті жергілікті антисептикалық дәрілердің көмегімен күнделікті тазалап отыруға кеңес беру қажет.
Адалира препаратымен емдеу үзіліп қалған жағдайда, емдеуді жоғарыда көрсетілген кесте бойынша қайта бастауға болады.
Адалира препаратының бұл көрсетілімін 12 жасқа толмаған балаларда қолдану қарастырылмаған.
Балалардағы Крон ауруы
6 жастан 17 жасқа дейінгі, Крон ауруы бар пациенттер үшін Адалира препаратының ұсынылатын дозасы пациенттің дене салмағына байланысты анықталады (4 кесте). Адалира препараты тері астына енгізеді.
4 кесте. Адалира препаратының балалар жасындағы, Крон ауруы бар пациенттерге арналған дозасын анықтау
Дене салмағы — Бастапқы дозасы — 4 аптадан бастап демеуші дозасы
<40кг — 0 аптада 40 мг және 2 аптада 20 мг Егер клиникалық жауапты жылдамырақ алу қажет болса, онда келесі дозасын пайдалануға болады, бірақ бұл жағдайда, жоғарырақ бастапқы дозасын қолданғанда жағымсыз реакциялар қаупінің жоғарырақ болуы мүмкіндігін ескеру керек: 0 аптада 80 мг және 2 аптада 40 мг — Екі аптада бір рет 20 мг
≥ 40 кг — 0 аптада 80 мг және 2 аптада 40 мг Егер клиникалық жауапты жылдамырақ алу қажет болса, онда келесі дозасын пайдалануға болады, бірақ бұл жағдайда, жоғарырақ бастапқы дозасын қолданғанда жағымсыз реакциялар қаупінің жоғарырақ болуы мүмкіндігін ескеру керек: 0 аптада 160 мг және 2 аптада 80 мг — Екі аптада бір рет 40 мг
Адалира препаратымен емге жауаптың азайғаны байқалған пациенттерге Адалира препаратты енгізуді арттырудың қосымша әсері болуы мүмкін:
- дене салмағы 40 кг аз пациенттер: 20 мг аптасына бір рет;
- дене салмағы 40 кг және одан көп пациенттер: аптасына бір рет 40 мг немесе екі аптада бір рет 80 мг.
6 жасқа толмаған, Крон ауруы бар балаларда адалимумабтың қолданылуы зерттелмеген.
Балалардағы ойық жаралы колит
6 жастан 17 жасқа дейінгі, ойық жаралы колиті бар пациенттер үшін Адалира препаратының ұсынылатын дозасы пациенттің дене салмағына байланысты анықталады (5 кесте). Адалира тері астына енгізіледі.
5 кесте. Адалира препаратының балалар жасындағы, ойық жаралы колиті бар пациенттерге арналған дозасын анықтау
Дене салмағы — Бастапқы дозасы — 4 аптадан бастап демеуші дозасы *
<40 кг — 0 аптада 80 мг (бір күнде 40 мг-ден екі инъекциясы) және 2 аптада 40 мг (40 мг бір инъекциясы) — Екі аптада бір рет 40 мг
≥ 40 кг — 0 аптада 160 мг (бір күнде 40 мг-ден төрт инъекциясы немесе екі күн қатарынан күніне 40 мг-ден екі инъекциясы) және 2 аптада 80 мг (бір күнде 40 мг-ден екі инъекциясы) — Екі аптада бір рет 80 мг
* балалар жасындағы, Адалира препаратты қабылдау кезінде 18 жасқа толатын пациенттер, препараттың тағайындалған демеуші дозасын қабылдауды жалғастыруы тиіс.
6 жасқа толмаған, ойық жаралы колиті бар балаларда адалимумабтың қолданылуы зерттелмеген.
Балалардағы увеит
Созылмалы инфекциялық емес увеиті бар, 2 жастан асқан пациенттер үшін Адалира препаратының ұсынылатын дозасы төменде келтірілгендей, дене салмағына негізделген (6 кесте). Адалира тері астына енгізіледі. Адалимумабтың балаларда увеитті емдеу үшін метотрексатсыз қолданылу тәжірибесі жоқ.
6 кесте. Адалира препаратының балалар жасындағы, инфекциялық емес увеиті бар пациенттерге арналған дозасын анықтау
Дене салмағы — Ұсынылатын дозасы
<30 кг — Метотрексатпен біріктіріп екі аптада бір рет 20 мг. Демеуші ем басталғанға дейін 1 апта бұрын бастапқы 40 мг дозасын қолдануға болады. Бастапқы 40 мг дозасының 6 жасқа толмаған балаларда қолданылуы жөнінде деректер жоқ.
≥ 30 кг — Метотрексатпен біріктіріп екі аптада бір рет 40 мг. Демеуші ем басталғанға дейін 1 апта бұрын бастапқы 80 мг дозасын қолдануға болады.
Адалимумабтың 2 жасқа толмаған балаларда қолданылуы жөнінде деректер жоқ.
Емдеуді бастар алдында ұзақ емдеудің пайдасы мен ықтимал қауіптерін бағалау ұсынылады.
Егде жастағы пациенттер
Пациенттердің бұл тобы үшін дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Пациенттердің бұл тобында адалимумабтың қолданылуы зерттелмеген. Пациенттердің бұл тобы үшін дозасын түзету қажеттілігі жөнінде ақпарат жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Пациенттердің бұл тобында адалимумабтың қолданылуы зерттелмеген. Пациенттердің бұл тобы үшін дозасын түзету қажеттілігі жөнінде ақпарат жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Адалира препаратымен емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Егер дәрігер оған мүмкіндік бар деп есептесе, теріастылық инъекциялар техникасын тиісінше үйренгеннен кейін пациенттер препаратты өздеріне өз бетінше енгізе алады
Адалира препаратын тері астына, сан немесе іш аймағына енгізеді. Енгізер алдында ерітіндінің ішінде бөгде бөлшектердің бар-жоқтығын және түсінің өзгерген-өзгермегендігін тексеріп қарап шығу керек. Адалира препаратын кез келген басқа дәрілік препараттармен бір шприцте араластырмау керек. Қалған ерітінді мен пайдаланылған материалдарды утилизациялау керек.
Адалира препаратының инъекциясын дайындау және жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Дайындау
- Қолыңызды мұқият жуыңыз.
- Адалира препаратымен құйылған бір шприцті және спирт сіңдірілген бір сүрткіні қаптамасынан алып шығыңыз және таза беткейге қойыңыз.
- Адалира препаратының қаптамасында көрсетілген сақталу мерзімі өтіп кетпегендігіне көз жеткізіңіз.
- Адалира препараты ашық-қоңыр түсті, бозаңданған ерітінді болып табылады. Егер сұйықтық бұлыңғыр болса, ішінде үлпектер немесе бөлшектер болса, немесе ерітіндінің түсі өзгерген болса, препаратты пайдаланбаңыз.
2. Инъекцияға арналған орынды таңдау және дайындау
- Санның алдыңғы бетінен немесе іштен инъекцияға арналған орынды таңдаңыз.
- Инъекция орындары мен екі жағын ауыстырып отыру қажет.
- Әрбір келесі енгізу орны алдыңғысынан кемінде 3 см алшақ болуы тиіс.
- Препаратты терідегі ауырып, қызарып, тығызданып немесе қанталап тұрған орынға енгізуге болмайды. Бұл белгілер инфекция барын білдіруі мүмкін.
- Инъекция үшін таңдалған орынды спиртті сүрткімен, айналдыра қозғап тазалап сүрту қажет.
3. Адалира препаратын енгізу
- Шприцті сілкімеңіз.
- Иненің қалпақшасын, инеге қол тигізбей және басқа беткейлерге тигізбей ашыңыз.
- Бір қолыңызбен теріні жиырып ұстаңыз.
- Екінші қолыңызғы шприцті алып, оны тері беткейіне 45° бұрышта, бөлшектерге бөлінген беткейін жоғары қаратып ұстаңыз.
- Бір жылдам қимылмен инені жиырылған теріге түгелдей кіргізіңіз.
- Инені енгізгеннен кейін, жиырылған теріні босатыңыз
- Ерітіндіні 2-5 секунд ішінде түгелімен енгізіңіз.
- Ерітіндіні енгізгеннен кейін (шприц босаған кезде) инені теріден дәл сол бұрыштан шығарып алыңыз.
- Дәке түйірімен инъекция аймағын 10 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз, бірақ ешбір жағдайда, бетін ысқыламаңыз. Инъекция орнынан аздаған мөлшерде қан бөлінуі мүмкін. Қаласаңыз, бұласырды пайдалануға болады.
- Инъекциядан кейін шприцті қайта пайдалануға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит, ШС рентгенографиялық расталуынсыз аксиальді спондилоартрит және псориаздық артрит
Клиникалық жауапқа әдетте, адалимумабпен 12 апта емдеу ішінде қол жеткізілетіндігі туралы деректер бар. Егер пациентте ұзақ уақыт мерзімі ішінде емге клиникалық жауап байқалмаса, онда емді жалғастыру мәселесін қарастыру керек.
Ересектердегі түйіндақты псориаз
Егер пациентте 16 апта емдеуден соң емге клиникалық жауап байқалмаса, онда емді жалғастыру туралы мәселені қарастыру керек.
Ересектердегі іріңді гидраденит
Аталған уақыт мерзімі ішінде жақсаруларына қол жеткізе алмаған пациенттерде емнің 12 аптадан артық мерзімге жалғастырылуын қайтадан мұқият қарау керек.
Ұзақ емдеуді жалғастырудың пайдасы мен қаупін мезгіл-мезгіл бағалап отыру керек.
Ересектердегі Крон ауруы
4 апта емдеуден соң клиникалық жауапқа қол жеткізе алмаған кейбір пациенттерге, демеуші емді 12 аптаға дейін жалғастыру керек. Аталған мерзім ішінде клиникалық жауап байқалмаған пациенттерде емдеуді жалғастыру қажеттілігін қайтадан мұқият қарастыру керек.
Ересектердегі ойық жаралы колит
Клиникалық жауапқа 2–8 апта ішінде қол жеткізуге болады. Адалира препаратымен емдеуді тек, емдеудің алғашқы 8 аптасы ішінде клиникалық жауапқа қол жеткізген пациенттерде ғана жалғастыруға болады.
Ересектердегі увеит
Ұзақ емдеуді жалғастырудың пайдасы мен қаупін жыл сайын бағалап отыру ұсынылады.
Жасөспірімдердегі полиартикулярлық идиопатиялық артрит
Клиникалық жауапқа әдетте, 12 апта емдеу арқылы қол жеткізіледі. Егер аталған мерзім ішінде емдік әсері байқалмаса, емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдауға болады.
Жасөспірімдердегі іріңді гидраденит
12 апта ішінде емге жауап болмаған жағдайда, Адалира препаратымен емдеуді жалғастыру қажеттілігін мұқият бағалау керек. Адалира препаратты ұзақ уақыт бойы қабылдау кезінде пайдасы мен қаупін мезгіл-мезгіл бағалап отыру керек.
Балалардағы Крон ауруы
Клиникалық жауапқа әдетте, 12 апта емдеу ішінде қол жеткізіледі. Егер осы мерзім ішінде пациентке ем әсер етпесе, емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Балалардағы ойық жаралы колит
8 апта бойы емге жауап болмаған жағдайда, Адалира препаратымен емдеуді жалғастыру қажеттілігін мұқият бағалау керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажет болатын шаралар
Егер Адалира препаратының кезекті инъекциясы байқаусызда өткізіліп алса, жағдай анықталған бойда инъекцияны бірден енгізу қажет. Келесі инъекциясы бұрын жоспарланған кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс.
Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі жөніндегі нұсқау
Адалира препаратын тоқтату туралы шешімді дәрігер қабылдауы тиіс. Адалира препараты тоқтатылған жағдайда, аурудың симптомдары қайта басталуы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты әрдайым, дәрігер ұсынғандай ретпен қабылдаңыз. Егер Сізде препаратты қолдану жөнінде сұрақтарыңыз болса, Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Дәрілік препаратты ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте жиі
- тыныс жолдарының инфекциялары (тыныс жолдарының төменгі және жоғарғы бөліктерінің инфекцияларын, пневмонияны, синуситті, фарингитті, ринофарингитті, герпес вирусынан туындаған пневмонияны қоса);
- лейкопения (включая нейтропению и агранулоцитоз), анемия;
- қандағы липидтер деңгейінің жоғарылауы;
- бас ауыруы;
- іш ауыруы, жүрек айнуы және құсу;
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы;
- бөртпе (эксфолиативтік бөртпені қоса);
- қаңқа-бұлшықет ауыруы;
- енгізген орындағы реакциялар (енгізген жердің қызаруын қоса).
Жиі
- жүйелі инфекциялар (сепсисті, кандидозды және тұмауды қоса), ішек инфекциялары (вирустық гастроэнтеритті қоса), тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (паронихия, целлюлит, импетиго, некроздық фасцит, белдемелік герпес), құлақ инфекциялары, ауыз қуысының инфекциялары (қарапайым герпесті, ауыз қуысының герпесін және тістердің инфекцияларын қоса), жыныс мүшелерінің инфекциялары (зеңдік вульвовагинитті қоса), несеп шығару жолдарының инфекциялары (пиелонефритті, зеңдік инфекцияларды қоса), буындардың инфекциялары;
- тері обыры, меланоманы қоспағанда (базальді жасушалы карцинома мен жалпақ жасушалы карциноманы қоса), қатерсіз жаңа түзілім;
- тромбоцитопения, лейкоцитоз;
- аса жоғары сезімталдық, аллергия (соның ішінде, маусымдық);
- гипокалиемия, гиперурикемия, қан плазмасындағы натрий концентрациясының нормадан ауытқулары, гипокальциемия, гипергликемия, гипофосфатемия, дегидратация;
- көңіл-күйдің өзгерістері (депрессияны қоса), үрейлену, ұйқысыздық;
- парестезия (гипестезияны қоса), бас сақинасы, жүйке түбіршектерінің жаншылуы, цереброваскулярлық бұзылулар1;
- көру өткірлігінің бұзылуы, конъюнктивит, блефарит, көздің ісінуі;
- вертиго;
- тахикардия;
- артериялық гипертензия, қан тебулер, гематома;
- жөтел, демікпе, диспноэ;
- асқазан-ішектен қан кетулер, диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс, құрғақтық синдромы (Шегрен синдромы);
- псориаз ағымының нашарлауы немесе жаңа жағдайлары (алақан-табанның пустулалық псориазын қоса)1, есекжем, экхимоздар (пурпураны қоса), дерматит (экземаны қоса), онихоклазия, гипергидроз, алопеция1, қышыну;
- бұлшықет түйілулері (қан плазмасындағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауын қоса);
- гематурия, бүйрек жеткіліксіздігі;
- кеуденің ауыруы, ісіну, пирексия1;
- қанның ұю жүйесінің бұзылуы (ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының (ІБТУ) ұзаруын қоса), аутоантиденелерге тестілердің оң нәтижелері (екітізбекті ДНҚ-ға антиденелерді қоса), қан плазмасындағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы.
- жазылудың баяулауы
Жиі емес
- оппортунистік инфекциялар (кокцидиоиодомикозды, гистоплазмозды және mycobacterium avium кешенінің инфекцияларын қоса) және туберкулез, неврологиялық инфекциялар (вирустық менингитті қоса), көздің инфекциялары, бактериялық инфекциялар, дивертикулит1;
- лимфома*, паренхималық ағзалардың жаңа түзілімдері (сүт безінің обырын, өкпедегі ісікті және қалқанша бездің ісігін қоса), меланома*;
- идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура;
- саркоидоз1, васкулит;
- тремор, нейропатия;
- диплопия;
- кереңдік, құлақтың шыңылдауы;
- миокард инфарктісі1, аритмия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі;
- артериялардың окклюзиясы, тромбофлебит, қолқа аневризмасы;
- өкпе эмболиясы1, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, өкпенің интерстициальді ауруы, пневмония, плевра жалқығы1;
- панкреатит, дисфагия, беттің сінуі;
- холецистит және холелитиаз, билирубин деңгейінің жоғарылауы, бауыр стеатозы;
- түнде тершеңдік, тыртықтар;
- рабдомиолиз, жүйелі қызыл жегі;
- никтурия;
- эректильді дисфункция;
- қабыну;
Сирек
- лейкемия1;
- панцитопения;
- анафилаксия1;
- шашыраңқы склероз, демиелинизациялайтын аурулар (мысалы, көру жүйкесінің невриті, Гийен-Барре синдромы1);
- жүректің тоқтап қалуы;
- өкпе фиброзы1;
- ішек перфорациясы1;
- В гепатитінің реактивациясы1, аутоиммундық гепатит1;
- мультиформалы эритема1, Стивенс-Джонсон синдромы1, ангионевроздық ісіну1, тері васкулиті1, терінің лихеноидтық реакциясы1.
- жегі тәрізді синдром1.
Белгісіз (қолда бар деректер бойынша реакциялардың туындау жиілігін бағалау мүмкін емес)
- гепатолиенальді Т-жасушалық лимфома1, Меркель жасушаларының карциномасы (терінің нейроэндокриндік карциномасы)1, Капоши саркомасы;
- бауыр жеткіліксіздігі1;
- дерматомиозит симптомдарының нашарлауы1 (бұлшықет әлсіздігімен бірге жүретін тері бөртпесі түрінде байқалады);
- cалмақ қоcу2.
* зерттеулердің ашық кезеңін қоса.
1 тосыннан келген хабарламалардың деректерін қоса.
2 - адалимумабпен көрсеткіштер бойынша орташа салмақтың өзгеруі, ересек емделушілерде 0,3 кг-нан 1,0 кг-ға дейін, емдеудің 4-6 айындағы бастапқы деңгеймен (минус) -0,4 кг-нан 0,4 кг-ға дейін. Дене салмағының 5-6 кг-ға дейін жоғарылауы, сонымен қатар, шамамен 1-2 жыл бойы орташа әсер етумен ұзақ уақытқа созылған зерттеулерде, әсіресе Крон ауруы және жаралы колитпен ауыратын науқастарда байқалды. Оның әсер ету механизмі түсініксіз, бірақ адалимумабтың қабынуға қарсы әсерімен байланысты болуы мүмкін.
Іріңді гидраденит
Адалимумабты аптасына бір рет қолданғанда іріңді гидрадениті бар пациенттердегі қауіпсіздік бейіні адалимумабтың белгілі қауіпсіздік бейінімен ұқсас болды.
Увеит
Адалимумабты екі аптада бір рет қолданғанда увеиті бар пациенттердегі қауіпсіздік бейіні адалимумабтың белгілі қауіпсіздік бейінімен ұқсас болды.
Балалар
Әдетте, балаларда туындайтын жағымсыз реакциялар жиілігі мен сипаты жағынан, ересек пациенттерде байқалған жағымсыз реакцияларға ұқсас болған.
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Енгізген орындағы реакциялар
Бақылау тобындағы пациенттердің 7.2 %-ымен салыстырғанда, адалимумабты қабылдаған ересектер мен балалардағы негізгі бақыланатын зерттеулерде 12.9 % жағдайда енгізген орындағы реакциялар (эритема және/немесе қышыну, қанталау, ауыру, немесе ісіну) дамыды. Енгізген орындағы реакциялар адалимумабты тоқтатуды қажет етпеген.
Инфекциялар
Ересектер мен балалардағы негізгі бақыланатын зерттеулерде инфекциялар деңгейі адалимумабпен емдегенде бір пациент үшін жылына 1.5 және пациенттердің бақылау тобында бір пациент үшін жылына 1.46 құрады. Инфекциялар көпшілік жағдайларда назофарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары және синусит түрінде келеді. Пациенттердің көпшілігі инфекция басылғаннан кейін адалимумабты қолдануды жалғастырған.
Ауыр инфекциялардың жиілігі адалимумабпен емдегенде бір пациент үшін жылына 0.04 құрады және пациенттердің бақылау тобында бір пациент үшін жылына 0.03 құрады.
Ересектер мен балаларда адалимумабтың бақыланатын ашық зерттеулерінде туберкулез (соның ішінде, милиарлық және өкпеден тыс орналасқан) туралы хабарламаларды қоса, ауыр инфекциялар (сирек жағдайда өлімге соқтырған) мен инвазивтік оппортунистік инфекциялар (диссеминацияланған немесе өкпеден тыс гистоплазмоз, пневмоцистік пневмония, аспергиллез, листериоз, кандидоз сияқты) туралы хабарламалар болды. Туберкулез жағдайларының көпшілігі емдеу басталғаннан кейінгі алғашқы сегіз ай ішінде орын алған және жасырын аурудың қайталануын көрсетуі мүмкін.
Қатерлі жаңа түзілімдер және лимфопролиферациялық аурулар
Адалимумабтың клиникалық зерттеулерінде жыл ішінде 655.5 пациентті қадағалау кезінде ювенильді ревматоидты артриті (полиартикулярлық ювенильді идиопатиялық артрит және энтезитпен астасқан артрит) бар 249 пациентте қатерлі жаңа түзілімдер байқалмады. Бұдан өзге, балалар жасындағы, Крон ауруы бар 192 пациенттегі зерттеулерде жыл ішінде 498.1 пациентті қадағалау кезінде қатерлі жаңа түзілімдер байқалмаған. Адалимумабты зерттеулерде жыл ішінде 80.0 пациентті қадағалау кезінде балалар жасындағы, түйіндақты псориазы бар 77 пациентте қатерлі жаңа түзілімдер байқалмады. Адалимумабты зерттеулерде жыл ішінде 58.4 пациентті қадағалау кезінде балалар жасындағы, увеиті бар 60 пациентте қатерлі жаңа түзілімдер байқалмады.
Адалимумабтық базалық сынақтардың кемінде 12 аптаға созылған бақыланатын сатылары кезінде ревматоидты артриті, шорбуынданатын спондилиті, ШС рентгенографиялық расталуынсыз аксиальді спондилоартриті, псориаздық артриті, псориазы, іріңді гидрадениті, Крон ауруы, ойық жаралы колиті және увеиті бар пациенттерде лимфома мен терінің меланомалық емес обырынан басқа қатерлі жаңа түзілімдер бақылау тобындағы 3444 пациент арасында 1000 пациент-жыл үшін 6.3-пен (4.3 – 11.8) салыстырғанда, адалимумабты қабылдаған 5291 пациент арасында 1000 пациент-жыл үшін 6.8 (4.4-10.5) жиілікпен (95% сенімді аралық) байқалды (емнің орташа ұзақтығы адалимумабты қолданғанда 4.0 айды және бақылау тобындағы пациенттерде 3.8 айды құрады).
Терінің меланомалық емес обырының жиілігі (95% сенімді аралығы) адалимумабты қабылдаған пациенттер арасында 1000 пациент-жыл үшін 8.8 (6.0 – 13.0) және бақылау тобындағы пациенттер арасында 1000 пациент-жыл үшін 3.2 (1.3 – 7.6) құрады. Тері обыры жағдайларының жалпы саны ішінен жалпақ жасушалы обыр адалимумабты қабылдаған пациенттер арасында 1000 пациент-жыл үшін 2.7 (1.5 – 5.4) жиілікпен (95% сенімді аралық) және бақылау тобындағы пациенттер арасында 1000 пациент-жыл үшін 0.6 (01 -4.5) құрады.
Адалимумабты қолданған пациенттерде лимфомалардың туындау жиілігі (95% сенімді аралық) 1000 пациент-жыл үшін 0.7 (0.2 – 2.9) және бақылау тобындағы пациенттер арасында 1000 пациент-жыл үшін 0.7 (0.1 - 4.9) құрады.
Клиникалық сынақтардың бақыланатын фазаларында, сондай-ақ, жалғасып жатқан және аяқталған, 6 427 пациентті және 26 439 пациент-жылдан астам емдеуі қоса, орташа ұзақтығы 3.3 жылға жуық ашық зерттеулерде, лимфома мен терінің меланомалық емес обырынан өзге қатерлі жаңа түзілімдердің байқалған жиілігі 1000 пациент-жыл үшін шамамен 8.5 құрады. Терінің меланомалық емес обырының жиілігі 1000 пациент-жыл үшін шамамен 9.6, ал лимфомалардың байқалған жиілігі - 1000 пациент-жыл үшін шамамен 1,3 құрады.
Маркетингтен кейінгі деректерге сәйкес (2003 жылғы қаңтар - 2010 жылғы желтоқсан) көбінесе, ревматоидты артриті бар пациенттерде қатерлі жаңа түзілімдердің тіркелген жиілігі 1000 пациент-жыл үшін шамамен 2.7 құрады. Терінің меланомалық емес обыры мен лимфомалардың көрсеткіштері 1000 пациент-жыл үшін шамамен 0.2 және 0.3 құрайды (4.4 бөлімін қараңыз). Адалимумабты қабылдаған пациенттерде гепатолиенальді Т-жасушалық лимфоманың маркетингтен кейінгі сирек жағдайлары туралы хабарланды.
Аутоантиденелер
Ревматоидты артритті зерттеудің I-IV сатыларында пациенттер қанының сарысуында аутоантиденелерге талдау жүргізілді. Адалимумабты қабылдаған 11.9 % пациентте, және плацебо қабылдаған 8.1 % пациентте, және бақылау тобындағы, бастапқыда антинуклеарлық титрлері теріс болған пациенттерде, оң титрлер 24 аптада пайда болды. Екі пациентте (ревматоидты артриті, псориаздық артриті және шорбуынданатын артриті бар, адалимумабты қабылдаған 3989 пациенттің ішінен) жегі тәрізді синдром белгілері дамып, одар емдеуді тоқтатқаннан кейін жойылды. Бірде-бір пациентте люпус-нефрит немесе орталық жүйке жүйесінің зақымданулары дамымады. Адалимумабты ұзақ қолданудың аутоиммундық аурулар дамуына ықпалы белгісіз.
Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы
Ревматоидты артриті және псориаздық артриті бар пациенттерде адалимумабтың III фазадағы, бақылану мерзімі 4-тен 104 аптаға дейінгі бақыланатын зерттеулерінде АЛТ белсенділігі қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) ≥3 жоғарылауы адалимумабты қабылдаған 3.7 % пациентте, және бақылау тобындағы 1.6 % пациентте байқалды.
Адалимумабтың III фазадағы бақыланатаны зерттеулерінде полиартикулярлық ювенильді идиопатиялық артриті бар, 4 жастан 17 жасқа дейінгі пациенттерде және энтезитпен астасқан артриті бар, 6 жастан 17 жасқа дейінгі пациенттерде АЛТ қалыптың жоғарғы шегінен 3 немесе одан да көп есе жоғарылауы адалимумабты қабылдаған 6.1 % пациентте, және бақылау тобындағы 1.3 % пациентте байқалды. АЛТ белсенділігі жоғарылаған жағдайлардың көпшілігі метотрексатпен бір мезгілде қолданғанда тіркелген. Адалимумабтың III фазадағы зерттеуінде полиартикулярлық ювенильді идиопатиялық артриті бар, 2 жастан 4 жасқа дейінгі пациенттерде АЛТ белсенділігі жағдайлары тіркелмеді.
Крон ауруы және ойық жаралы колиті бар пациенттерде адалимумабтың III фазадағы, бақылану мерзімінің ұзақтығы 4 аптадан 52 аптаға дейінгі бақыланатын зерттеулерінде белсенділігінің АЛТ ≥ 3 × ҚЖШ жоғарылауы екі топта да 0.9 % пациентте байқалды.
Крон ауруы бар балаларда адалимумабтың дене салмағы бойынша екі еселенген, кейіннен дене салмағына сәйкес дозалау режиміне келген (емдеу ұзақтығы 52 аптаға дейін) демеуші ем режимінің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау мақсатындағы, III фазадағы бақыланатын зерттеулерінде, 2.6 % (5/192) пациентте АЛТ ≥ 3 × ҚЖШ жоғарылағаны байқалды, олардың 4-еуі зерттеу басталған сәтте иммуносупрессорлармен қатарлас ем қабылдаған.
Түйіндақты псориазы бар пациенттерде адалимумабтың III фазадағы, бақылану мерзімі 12 аптадан 24 аптаға дейінгі бақыланатын зеттеулерінде, АЛТ ≥ 3 × ҚЖШ жоғарылауы екі топта да 1.8 % пациентте байқалды.
Адалимумабтың III фазадағы зерттеуінде түйіндақты псориазы бар балаларда АЛТ ≥ 3 × ҚЖШ жоғарылауы байқалмады.
Адалимумабтың бақылану мерзімі 12 аптадан 16 аптаға дейінгі (бастапқы дозасы 0 аптада 160 мг, содан соң 2 аптада 80 мг және 4 аптадан бастап әр апта сайын 40 мг) бақыланатын зерттеулерінде, іріңді гидрадениті бар пациенттерде, адалимумабты қабылдаған 0.3 % пациентте, және бақылау тобындағы 0.6 % пациентте АЛТ ≥ 3 × ҚЖШ жоғарылауы байқалды.
Увеиті бар пациенттерде адалимумабтың бақыланатын зерттеулерінде (бастапқы дозасы 0 аптада 80 мг, содан соң 1 аптадан бастап, әр апта сайын 40 мг), ең көп ұзақтығы 80 аптаны, ем ұзақтығының медианасы адалимумабты қабылдаған пациенттер тобында және бақылау тобында сәйкесінше 166.5 және 105.0 күнді құрады, адалимумабты қабылдаған 2.4 % пациентте, және бақылау тобындағы 2.4 % пациентте АЛТ ≥ 3 × ҚЖШ жоғарылағаны байқалды.
Балалар жасындағы, ойық жаралы колиті бар пациенттерде адалимумабтың III фазадағы, 93 пациент кірістірілген бақыланатын зерттеуінде АЛТ деңгейінің ≥ 3 × ҚЖШ жоғарылауы 1.1% (1/93) пациентте байқалды.
Клиникалық зерттеулердегі барлық көрсетілімдер кезінде пациенттерде АЛТ белсенділігінің жоғарылауы симптомдармен қатар жүрмеді және көпшілік жағдайларда өтпелі сипатта болды және емдеудің тоқтатылуынсыз басылды. Маркетингтен кейінгі кезеңде адалимумабты қабылдаған пациенттерде бауыр жеткіліксіздігі, сондай-ақ, бауыр жеткіліксіздігіне ізашар болуы мүмкін, аутоиммундық түрін қоса, гепатит сияқты бауырдың ауырлығы аздау аурулары туралы хабарланған.
Азатиопринмен/6-меркаптопуринмен бір мезгілде қолдану
Крон ауруы бар ересек пациенттердегі клиникалық зерттеулерде адалимумабпен монотерапиямен салыстырғанда, адалимумабты азатиопринмен/6-меркаптопуринмен біріктіріп қолданғанда ауыр инфекциялармен астасқан қатерлі жаңа түзілім мен жағымсыз құбылыстардың хабарлану жиілігінің артқаны байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz