Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Адаптол®
Әсер етуші зат
Темгиколурил
Мақсаты
Невроздар мен неврозға ұқсас жай-күйлер (үрей, эмоциялық тұрақсыздық, мазасыздық және қорқыныш)
Өндіруші
Олфа
Ел
Латвия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: темгиколурил 500 мг,
қосымша заттар: метилцеллюлоза, кальций стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында ойығы мен сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.
Адаптол ересектерде қолдануға арналған:
• невроздар мен неврозға ұқсас жай-күйлер (үрей, эмоциялық тұрақсыздық, мазасыздық және қорқыныш)
• шығу тегі әртүрлі кардиалгиялар (жүректің ишемиялық ауруымен байланысты емес)
• нейролептиктер мен транквилизаторлардың көтерімділігін жақсарту үшін
• темекі шегуге деген құштарлықты төмендететін дәрі ретінде кешенді ем құрамында
ATХ коды: N06BX21
Әсер ету механизмі
Адаптол дәрілік препаратының әсер етуші заты - темгиколурил анксиолитикалық дәрілер тобына жатады. Темгиколурил химиялық құрылымы жағынан организмнің табиғи метаболиттеріне жақын – оның молекуласы бициклді құрылым құрамына кіретін екі метилденген мочевина фрагменттерінен тұрады. Суда және көптеген органикалық еріткіштерде оңай ериді. Темгиколурил химиялық инертті, қышқылдармен, сілтілермен, тотықтырғыштармен және тотықсыздандырғыштармен, әртүрлі дәрілік заттармен және тамақ компоненттерімен өзара әрекеттеспейді.
Анксиолитикалық әсерден басқа, темгиколурилдің ноотропты қасиеттері де бар. Темгиколурил лимбус-ретикулярлы кешеніне, ішінара гипоталамустың эмоциогенді аймақтарының құрамына кіретін құрылымдардың белсенділігіне әсер етеді, сондай-ақ олардың теңгерілуі және бірігуіне ықпал ете отырып, сондай-ақ ГАМҚ (гамма-амин-май қышқылы) барлық 4 негізгі нейромедиаторлы жүйелеріне, холин-, серотонин- әрі адренергиялық жүйелерге әсер етеді, бірақ шеткері адренонегативті әсер көрсетпейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Темгиколурил орташа анксиолитикалық белсенділікке ие, мазасыздықты, үрейді, қорқынышты, ішкі эмоциональдық ширығу мен ашушаңдықты жояды немесе әлсіретеді. Дәрілік заттың ансиолитикалық әсері миорелаксациямен және қозғалыс үйлесімінің бұзылуымен қатар жүрмейді. Дәрілік зат ақыл-ой мен қозғалыс белсенділігін төмендетпейді, сондықтан темгиколурилді жұмыс күні немесе оқу кезінде қолдануға болады. Темгиколурилдің ұйықтататын әсері жоқ, бірақ ұйықтататын дәрілердің әсерін күшейтеді және ұйқы бұзылғанда ұйқыны жақсартады.
Темгиколурил анксиолитикалық және ноотропты қасиеттерге ие; бензодиазепиндер тобының нейролептиктері мен транквилизаторлары тудыратын жағымсыз реакцияларды азайтады (эмоционалдық бәсеңдеу, шамадан тыс тыныштандыратын әсер, бұлшықет әлсіздігі), алкогольге қарсы әсер етеді.
Алкоголизмге шалдыққан науқастарда қан плазмасындағы эндогенді этил спиртінің деңгейі төмендеді, бұл алкогольге деген қызығушылықтың күшеюі себептерінің бірі. Темгиколурил эндогендік алкоголь деңгейін басқа транквилизаторларға қарағанда жоғарылатады, алкогольге деген құштарлықты төмендетеді. Темгиколурил никотин абстиненциясын жеңілдетеді немесе қайтарады.
Темгиколурил көтеріңкі көңіл-күй, эйфория сезімін тудырмайды, дағдылану мен тәуелділік, тоқтату синдромы байқалмайды.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Клиникалық зерттеулерде темгиколурил өнімді психопатологиялық бұзылулар симптомдары – сандырақтау, патологиялық эмоционалды белсенділікті күшейтпей, логиканы, астастыра ойлауды жақсартады, зейін қою мен оймен жұмыс істеуге қабілеттілікті жақсартады.
Дозалау режимі
Ересектерге күніне 2-3 рет 250-500 мг тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза – 3 г, тәуліктік – 10 г. Емдеу курсының ұзақтығы – бірнеше күннен 2-3 айға дейін.
Кешенді ем құрамында темекі шегуге деген құштарлықты төмендететін дәрі ретінде 5-6 апта бойы күніне 3 рет 500 - 1000 мг тағайындайды.
Егде жастағы пациенттерге дозаны таңдау қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер дозаны азайтуды қажет етпейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны таңдау зерттелмеген. Пациенттердің осы тобына препаратты сақтықпен қолдану қажет.
Енгізу әдісі мен жолы
Дәрілік препаратты ас ішуге байланыссыз ішке қабылдайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
адаптолға дағдылану, құмарлану және тоқтату синдромы анықталмаған.
Кезекті дозасы қабылданбаған жағдайда, емдеу курсын бұрын тағайындалған дозаларда жалғастырады. Қажет болса, дәрігермен кеңесу керек.
-әсер етуші затқа немесе 6.1-бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
-жүктілік және лактация кезеңі
-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Адаптол, басқа дәрілер сияқты, барлық пациенттерде бірдей білінбейтін жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Сирек
• бас айналу
• артериялық гипотензия
• ас қорытудың бұзылуы
• үлкен дозаларды қабылдағаннан кейін аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (терінің қышуы)
• дене температурасының төмендеуі
• әлсіздік
Аллергиялық реакция жағдайында препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Гипотензия және/немесе дене температурасының төмендеуі (дене температурасы 1-1,5 °С-ге дейін төмендеуі мүмкін) жағдайында препарат қабылдауды тоқтату талап етілмейді. Емдеу курсы аяқталғаннан кейін артериялық қысымы мен дене температурасы қалыпқа келеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың уыттылығы аз.
Емі: артық дозаланғанда детоксикациялаудың жалпы қабылданған әдістері және симптоматикалық ем жүргізіледі. Арнайы антидоты белгісіз.
Арнайы сақтық шаралары қажет емес.
Арнайы ескертулер
Жоғары сезімталдықтың жедел реакциялары (аса жоғары сезімталдық) туралы жекелеген деректер алынды.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Адаптолды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Адаптол көлік құралдарын басқару және механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне әсер етуі мүмкін, өйткені қан қысымының төмендеуіне және әлсіздікке әкелуі мүмкін.
Жүктілік кезінде және емізу кезінде қолдануға болмайды.
Адаптолды нейролептиктермен, транквилизаторлармен (бензодиазепиндермен), ұйықтататын дәрілермен, антидепрессанттармен және психостимуляторлармен біріктіруге болады.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.