Адасельдің қауіпсіздігі 6 клиникалық зерттеулерде Адасельдің бір реттік дозасын алған 5818 қатысушыда бағаланды (≥4 жастағы 298 бала, 1508 жасөспірім, 65 жасқа дейінгі 2842 ересек және ≥65 жастағы 1170 ересек).
Инъекция орнындағы ауырсыну инъекция орнында күтілетін ең көп таралған реакция болды. Инъекция орнындағы реакциялардың көпшілігі вакцинациядан кейін 3 күн ішінде пайда болды және олардың орташа ұзақтығы 3 күннен азды құрады. Ең жиі кездесетін жүйелік реакция балалардағы дімкәстік және жасөспірімдер мен ересектердегі бас ауыруы болды (18-64 жас). Миалгия ≥65 жастағы егде адамдар арасында жиі кездесетін жүйелік реакция болды. Қызба вакцинацияланғандардың 10% - нан азында тіркелген. Бұл реакциялар әдетте қысқа мерзімді және жеңіл және орташа қарқындылықта болды. Сонымен қатар, жасөспірімдерде және барлық ересектерде Адасельді енгізгеннен кейін инъекция орнындағы реакциялар мен жүйелік реакциялар жиілігі АДС-М вакцинасымен ревакцинация кезіндегі бақылаумен салыстырмалы болды. Адасельді енгізгеннен кейінгі балалардағы инъекция орнындағы және қызба орнындағы реакциялардың байқалатын жиілігі 4 жастан 6 жасқа дейін ревакцинация кезінде Квадрасель (АКДС ИПВ) пайдаланғанда байқалатын жиіліктен айтарлықтай төмен болды. Қызбаны қоспағанда, жүйелік реакциялардың байқалатын көрсеткіштері екі вакцина арасында салыстырмалы болды.
Клиникалық зерттеулер өте нақты жағдайларда жүргізіледі. Сондықтан клиникалық зерттеулерде байқалатын жағымсыз реакциялардың жиілігі тәжірибеде байқалған жиілікке сәйкес келмеуі мүмкін және басқа препараттың клиникалық зерттеулерінде байқалған жиілікпен салыстыруға болмайды. Клиникалық зерттеулерден алынған жағымсыз реакциялар туралы ақпарат дәрілік препараттарды нақты қолданған кезде жағымсыз реакциялардың жиілігін анықтау және бағалау үшін пайдалы болуы мүмкін. АДС-М506 зерттеуі барысында вакцинацияға байланысты деп саналатын екі ауыр жағымсыз реакция тіркелді: беттің біржақты салдануымен ауыр бас сақинасы жағдайы және мойын мен сол қол аймағындағы жүйкелердің қысылу диагнозы. Бұл екі жағдай өздігінен немесе емдеу арқылы шешілді.
Адасель вакцинасын бір рет енгізгеннен кейін балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің клиникалық зерттеулерінде 0-14 күннен кейін байқалған тіркелген реакциялардың жиілігі
Инъекция орнындағы реакциялар
Өте жиі: ауырсыну, ісіну, қызару
Жүйелі реакциялар
Өте жиі: бас ауыруы, жүрек айну2, диарея1, 2, 3, анорексия1, миалгия4, бұлшықеттің ауыруы немесе бұлшықет әлсіздігі2, 3, буын аймағындағы ісіну2, 3, шаршау1, 2, 3, жалпы әлсіздік, қалтырау2.
Жиі: қызба1, 2, 3, жүрек айну1, 3, құсу1,2,3, тері бөртпесі1,2,3, бұлшықеттің ауыруы немесе бұлшықет әлсіздігі1, буын аймағындағы ісіну1, қалтырау1, 3, қолтықтың лимфа түйіндерінің ұлғаюы1,2,3
Сирек: қызба 4.
Ескертпе: келесі жас топтарында байқалды: 1-балалар (4-6 жас), 2
жасөспірімдер (11-17 жас), 3 – ересектер (18-64 жас), 4 - ересектер ≥65 жас.
Адасель вакцинасын 5* және 10§ жылдан соң қайта енгізгеннен кейін жасөспірімдер мен ересектерде байқалған тіркелетін реакциялардың жиілігі
Инъекция орнындағы реакциялар
Өте жиі: ауырсыну, ісіну, қызару
Жүйелі реакциялар
Өте жиі: бас ауыруы, миалгия, дімкәстік
Жиі: қызба
Ескертпе: * - вакцинациядан кейін 0-ден 14 күнге дейін жағымсыз реакциялар байқалды;
§- вакцинациядан кейін 0-ден 7 күнге дейін жағымсыз реакциялар байқалды.
Тіркеуден кейінгі бақылау деректері
Келесі жағымсыз құбылыстар туралы ақпарат Адасель вакцинасын тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде өздігінен келіп түсетін хабарламалар түрінде алынды. Бұл жағымсыз құбылыстар ерікті түрде жіберіліп, мөлшерін анықтау қиын популяциядан алынғандықтан, олардың жиілігін және вакцинаны қолданумен себеп-салдарлық байланысын бағалау әрдайым мүмкін емес. Осы жағымсыз құбылыстар туралы ақпаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа енгізу туралы шешім келесі факторларға негізделген: 1) жағымсыз құбылыстың ауырлығы; 2) хабарлама жиілігі; 3) Адасель вакцинасын қолданумен себеп-салдарлық байланыстың болуының ықтимал мүмкіндігі.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
- аса жоғары сезімталдық реакциясы (анафилаксиялық): ангионевроздық ісіну, ісіну, бөртпе, гипотензия
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
- парестезия, гипестезия, Гийен-Барре синдромы, иық жүйкесінің невриті, бет жүйкесінің салдануы, құрысулар, естен тану, миелит
Жүрек тарапынан болатын бұзылулар
- миокардит
Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар
- қышыну, бөртпелер
Бұлшықет, қаңқа мен дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар
- миозит, бұлшықет құрысуы
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар
- инъекция аймағында таралған реакциялар (50 мм - ден астам), инъекция орнынан бір немесе екі буыннан тыс таралатын аяқ - қолдың ауқымды ісінуі (жасөспірімдер мен ересектерде осы реакциялардың пайда болуы туралы хабарланған; бұл реакциялар әдетте вакцинациядан кейін 24-72 сағаттан соң басталды, инъекция орнында эритемамен, жылумен, ауырумен немесе ауырсындырумен қатар жүрді және 3-5 күн ішінде өздігінен өтті. Қауіп, құрамында жасушасыз көкжөтел бар вакцинаның алдыңғы дозаларының санына байланысты), иньекция орнындағы қатаюлар, асептикалық абсцесс.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz