Иммунодепрессанттарды қолданумен байланысты жағымсыз дәрілік реакциялардың бейінін негізгі ауруға және дәрілік препараттардың көп мөлшерін бір уақытта қолдануға байланысын орнату қиын.
Едәуір жиі тіркелетін жағымсыз реакцияларға (> 10 % пациенттерде пайда болатын) тремор, бүйрек функциясының бұзылуы, гипергликемия жағдайлары, қант диабеті, гиперкалиемия, инфекциялар, артериялық гипертензия және ұйқысыздық жатады.
Жағымсыз реакциялардың кездесу жиілігі төмендегідей анықталған: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1 000-нан < 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1 000 дейін); өте сирек (< 1/10 000); белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Кездесу жиілігінің әрбір тобы шегінде жағымсыз әсерлер күрделілігінің азаю тәртібімен атап көрсетілген.
Инфекциялық және паразиттік аурулар
Басқа күшті иммунодепрессанттарды қолданған жағдайдағыдай, такролимус қабылдайтын пациенттерде инфекциялардың (вирустық, бактериялық, зеңді, протозойлық) даму қаупі жиі жоғары екені жақсы белгілі. Бұрыннан бар инфекциялар ағымы өршуі мүмкін. Жайылған сондай-ақ ошақталған инфекциялардың дамуы мүмкін.
Адваграф® қоса, иммунодепрессанттар қабылдаған пациенттерде нефропатияның BK-вирусымен астасқан ЦВМ-инфекциясының және JC-вирусымен астасқан үдемелі мультифокальды лейкоэнцефалопатияның (ҮМЛ) жағдайлары туралы хабарланды.
Қатерсіз, қатерлі және нақтыланбаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса)
Иммуносупрессивті ем қабылдайтын пациенттерде қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупі жоғары. Такролимуспен емдеу аясында қатерсіз, сондай-ақ қатерлі жаңа түзілімдер, оның ішінде ЭБВ байланысты лимфопролиферативті аурулар және терінің қатерлі жаңа түзілімдері туралы хабарламалар алынды.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі
• анемия, тромбоцитопения, лейкопения, эритроциттік көрсеткіштердің қалыптан ауытқулары, лейкоцитоз
Жиі емес
• коагулопатия, панцитопения, нейтропения, қанның ұюы мен қан кету уақыты көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы
Сирек
• тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура, гипопротромбинемия, Белгісіз
• парциальды қызыл жасушалы аплазия, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, фебрильді нейтропения
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
• такролимус қабылдаған пациенттерде аллергиялық және анафилаксиялық реакциялар байқалды.
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар
Сирек
• гирсутизм
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
Өте жиі
• қант диабеті, гипогликемиялық жағдайлар, гиперкалиемия
Жиі
• метаболизмдік ацидоз, басқа электролиттік бұзылулар, гипонатриемия, гиперволемия, гиперурикемия, гипомагниемия, гипокалиемия, гипокальцемия, тәбеттің төмендеуі, гиперхолестеринемия, гиперлипидемия, гипертриглицеридемия, гипофосфатемия
Жиі емес
• сусыздану, гипогликемия, гипопротеинемия, гиперфосфатемия
Психиканың бұзылулары
Өте жиі:
• ұйқысыздық
Жиі
• сананың шатасуы және бағдардан адасу, депрессия, үрейлену симптомдары, елестеулер, психикалық бұзылулар, депрессия, бұзылыстар және көңіл-күйдің бұзылуы, шым-шытырық түстер
Жиі емес
• психоздық бұзылыс
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
• бас ауыруы, тремор
Жиі
• жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар, құрысулық ұстамалар, сананың бұзылуы, шеткері нейропатия, бас айналу, парестезия және дизестезия, жазудың бұзылуы
Жиі емес
• энцефалопатия, орталық жүйке жүйесіне қан құйылу және ми қан айналымының бұзылысы, кома, сөйлеу мен артикуляцияның бұзылуы, салдану және парез, амнезия
Сирек
• гипертонус
Өте сирек
• миастения
Белгісіз
• қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (ҚАЭС)
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Жиі
• көрудің бұзылуы, көрудің бұлыңғырлануы, көздің қарығуы
Жиі емес
• катаракта
Сирек
• соқырлық
Белгісіз
• оптикалық невропатия
Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар
Жиі
• құлақтағы шуыл
Жиі емес
• кереңдік
Сирек
• нейросенсорлық кереңдік
Өте сирек
• есту қабілетінің төмендеуі
Жүрек тарапынан бұзылулар
Жиі
• ишемиялық коронарлық бұзылыстар, тахикардия
Жиі емес
• жүрек жеткіліксіздігі, қарыншалық аритмия және жүректің тоқтауы, қарынша үстілік аритмия, кардиомиопатия, қарыншалық гипертрофия, жүрек соғуы
Сирек
• перикардиальді жалқық
Өте сирек
• екі бағытты қарыншалық тахикардия (Torsades de pointes)
Қантамыр бұзылыстары
Өте жиі
• артериялық гипертензия
Жиі
• Тромбоэмболиялық және ишемиялық бұзылулар, тамырлы гипотензиялық бұзылулар, қан кету, шеткері қантамыр бұзылулары
Жиі емес
• аяқ-қолдың терең веналарының тромбозы, инфаркт
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірекорта мүшелері тарапынан бұзылулар
Жиі
• өкпенің паренхиматозды бұзылулары, ентігу, плевральді жалқық, жөтел, фарингит, мұрынның бітелуі және қабыну
Жиі емес
• тыныс алу жеткіліксіздігі, тыныс алу жолы тарапынан бұзылыстар, бронх демікпесі
Сирек
• жедел респираторлық дистресс-синдром
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Өте жиі
• диарея, жүрек айнуы
Жиі
• асқазан-ішек белгілері мен симптомдары, құсу, асқазан-ішек және абдоминальді ауыру, асқазан-ішектің қабыну жағдайлары, асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолындағы ойық жаралар мен тесілулер, асцит, стоматит және ойық жаралану, іш қату, диспепсиялық белгілер мен симптомдар, метеоризм, іштің кебуі және толып кету сезімі, сұйық нәжіс
Жиі емес
• жедел және созылмалы панкреатит, ішектің салданып бітелуі (салданулық илеус), гастроэзофагеальды рефлюксті ауру, асқазанның эвакуаторлық функциясының бұзылуы
Сирек
• ұйқы безінің жалған кистасы, ішектің ішінара бітелуі
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі
• өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар, гепатоцеллюлярлық зақымдану және гепатит, холестаз және сарғаю
Сирек
• бауырдың венаокклюзиялық ауруы, бауыр артериясының тромбозы
Өте сирек
• бауыр жеткіліксіздігі
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиі
• бөртпе, қышыну, алопеция, безеу, қатты терлеу
Жиі емес
• дерматит, фотосезімталдық
Сирек
• уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы)
Өте сирек
• Стивенс — Джонсон синдромы
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар
Жиі
• артралгия, арқаның ауыруы, бұлшықет түйілуі, аяқ-қолдың ауыруы
Жиі емес
• буындар тарапынан бұзылулар
Сирек
• қозғалғыштықтың төмендеуі
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте жиі
• бүйрек функциясының бұзылуы
Жиі
• бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, уытты нефропатия, бүйректің өзекшелі некрозы, несеп талдауы көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы, олигурия, қуық пен уретра тарапынан бұзылыстар
Жиі емес
• гемолиздік уремиялық синдром, анурия
Өте сирек
• нефропатия, геморрагиялық цистит
Жыныс мүшелері мен сүт безі тарапынан бұзылулар
Жиі емес
• дисменорея және жатырдан қан кету
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы реакциялар
Жиі
• фебрильді температура, ауыру және жайсыздық, астениялық жай-күйлер, ісіну, дене температурасын сезінудің бұзылуы
Жиі емес
• тұмауға ұқсас жағдай, үрейлену сезімі, өзін-өзі нашар сезіну, көп ағзалық жеткіліксіздік, кеуде қуысының қысылу сезімі, жоғары температураны көтер алмаушылық
Сирек
• құлау, ойық жаралар, кеуде қуысының қысылу сезімі, шөлдеу
Өте сирек
• майлы тін салмағының артуы
зертханалық және аспаптық деректер
Өте жиі
• бауыр функциясы көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы
Жиі
• қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, дене салмағының артуы
Жиі емес
• амилаза белсенділігінің жоғарылауы, ЭКГ нәтижелерінің қалыптан ауытқуы, жүректің жиырылу жиілігі мен тамыр соғу жиілігінің қалыптан ауытқуы, дене салмағының төмендеуі, қандағы лактатдегидрогеназа белсенділігінің жоғарылауы
Өте сирек
• эхокардиография көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы, электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы
Жарақаттар, уыттану және манипуляциялардың асқынулары
Жиі
• трансплантаттың бастапқы дисфункциясы
Дәрілік препаратты қолдану кезінде қателіктер анықталған, оның ішінде такролимустың жылдам босап шығатын немесе босап шығуы ұзаққа созылатын дәрілік түрлерінен кездейсоқ, байқаусызда немесе бақылаусыз ауысу. Трансплантаттың (қол жетімді деректер негізінде жиілікті бағалау мүмкін емес) қабылданбай ажырауының бірқатар жағдайларының бірігуі туралы хабарламалар алынды.
Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Аяқ-қолдың ауыруы Кальциневрин тежегіштері индукциялаған ауыру синдромы (CIPS) шеңберінде бірнеше жарияланған жағдайларда сипатталған. Бұл синдром, әдетте, аяқтардағы екі жақты симметриялық айқын жоғарылайтын ауырумен білінеді және такролимустың аса терапиялық концентрациясына байланысты болуы мүмкін. Бұл синдромды такролимус дозасын азайту есебінен басуға болады. Кейбір жағдайларда басқа иммунодепрессанттарға ауысу қажет болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz