Әсер ету механизмі
Риоцигуат жүрек-өкпе жүйесінің ферментінің және азот тотығының рецепторы (NO), еритін гуанилатциклаза (еГЦ) стимуляторы болып табылады.
NO мен еГЦ байланысқанда, фермент циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) дабылдық молекуласының синтезін катализдейді. Жасушаішілік цГМФ үдерісті реттеуде тамырлар тонусына, пролиферацияға, фиброзға және қабынуға әсер ететін маңызды рөл атқарады.
Өкпе гипертензиясы эндотелиалдық дисфункциямен, азот тотығы синтезінің бұзылуымен және NO-еГЦ-цГМФ метаболизмдік жолының жеткіліксіз стимуляциясымен астасады.
Риоцигуат әсері қосарлы механизмге ие. Ол NO-цГМФ байланысын тұрақтандыру жолымен цГМФ эндогендік NO сенсибилизациялайды. Сондай-ақ, риоцигуат еГЦ NO-ға байланыссыз, байланыстың басқа бөлігі арқылы тікелей стимуляциялайды.
Риоцигуат NO-еГЦ-цГМФ метаболизмдік жолын қалпына келтіреді және цГМФ өнімі артуын туындатады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Риоцигуат NO-еГЦ-цГМФ метаболизмдік жолын қалпына келтіреді, бұл өкпе тамырлы гемодинамиканың елеулі жақсаруына және физикалық жүктемелер көтергіштігінің артуына әкеледі.
Қан плазмасындағы риоцигуаттың концентрациясы мен өкпе тамыр кедергісі, систолалық артериялық қысым және жүрек шығарылымы сияқты гемодинамикалық параметрлер арасында тікелей байланыс бар.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздік
СТЭӨГ (созылмалы тромбоэмболиялық өкпе гипертензиясы) бар пациенттердегі тиімділігі
III фазадағы рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, халықаралық, плацебо-бақыланатын (CHEST-1) зерттеуде оталық емдеуден кейін (өкпе тромбэндартерэктомиясы (ӨЭ) (28%) ұзақ сақталушы немесе қайталанатын СТЭӨГ немесе операция жасауға болмайтын СТЭӨГ (72%) бар 261 пациентте риоцигуатты қолдану зерттелген болатын; Алғашқы 8 апта ішінде риоцигуат дозасының титрлеуі пациенттің систолалық артериялық қысымының көрсеткіштері және оңтайлы жеке дозаны (тәулігіне үш рет 0,5 мг-ден 2, 5 мг-ға дейін) таңдағанға дейін гипотензия белгілері немесе симптомдары негізінде әрбір 2 апта сайын жүргізілді, содан кейін келесі 8 аптада сүйемелденіп тұрды. 16-шы аптаға қарай бастапқы көрсеткіштен 6-минуттық жүріс (6-МХТ) тестіндегі қашықтықтың өзгеруі алғашқы бағаланған көрсеткіш болды.
Соңғы келгенде риоцигуатпен емделген пациенттердің барлық популяциясында 6-МХТ қашықтығында плацебомен салыстырғанда 46 м (95% сенімді аралық (СА): 25 м-ден 67 м-ге дейін; р<0,0001) ұлғайғаны байқалды. Нәтижелер негізгі бағаланған кіші топтарда салыстырмалы болды (барлық рандомизацияланған пациенттердің статистикалық талдауы, 2-кестені қараңыз).
2-кесте: Соңғы келгенде CHEST-1 зерттеуінде 6-МХТ-ға қатысты риоцигуаттың тиімділігі.
Пациенттердің барлық популяциясы — Риоцигуат (n=173) — Плацебо (n=88)
Бастапқы деңгей (м) [СА] — 342 [82] — 356 [75]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (м) [СА] — 39 [79] — -6 [84]
Плацебо-өзгертілген айырма (м) 95% СА, [р мәні] — 46 25-тен 67-ге дейін [р<0,0001]
ІІІ ФС бар пациенттер — Риоцигуат (n=107) — Плацебо (n=60)
Бастапқы деңгей (м) [СА] — 326 [81] — 345 [73]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (м) [СА] — 38 [75] — -17 [95]
Плацебо-өзгертілген айырма (м) 95% СА — 56 29-дан 83-ке дейін
ІІ ФС бар пациенттер — Риоцигуат (n=55) — Плацебо (n=25)
Бастапқы деңгей (м) [СА] — 387 [59] — 386 [64]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (м) [СА] — 45 [82] — 20 [51]
Плацебо-өзгертілген айырма (м) 95% СА — 25 -10-ден 61-ге дейін
Операция жасауға болмайтын пациенттер — Риоцигуат (n=121) — Плацебо (n=68)
Бастапқы деңгей (м) [СА] — 335 [83] — 351 [75]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (м) [СА] — 44 [84] — -8 [88]
Плацебо-өзгертілген айырма (м) 95% СА — 54 29-дан 79-ға дейін
ӨЭ-ден кейін СТЭӨГ бар пациенттер — Риоцигуат (n=52) — Плацебо (n=20)
Бастапқы деңгей (м) [СА] — 360 [78] — 374 [72]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (м) [СА] — 27 [68] — 1,8 [73]
Плацебо-өзгертілген айырма (м) 95% СА — 27 -10-нан 63-ке дейін
СА-стандартты ауытқу, СА-сенімді аралық, ФС-функционалдық сынып, ӨЭ-өкпе тромбэндартерэктомиясы
Физикалық жүктемелерді көтере алушылықты жақсарту көптеген клиникалық маңызды қайталама көрсеткіштерді жақсартумен қоса жүрді. Бұл деректер гемодинамикалық параметрлердің жақсаруына сәйкес келді.
3-кесте: Соңғы келгенде CHEST-1 зерттеуінде ӨТК, NT-proBNP және ДДҰ бойынша ФС-ға қатысты риоцигуаттың тиімділігі.
ӨТК — Риоцигуат (n=151) — Плацебо (n=82)
Бастапқы деңгей (дин×с×см-5) [СА] — 790,7 [431,6] — 779,3 [400,9]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (дин×с×см-5) [СА] — -225,7 [247,5] — 23,1 [273,5]
Плацебо-өзгертілген айырма (дин×с×см-5) 95% СА, [р мәні] — - 246,4 -303,3-тен бастап -189,5-ке дейін [р<0,0001]
NT-proBNP — Риоцигуат (n=150) — Плацебо (n=73)
Бастапқы деңгей (нг/л) [СА] — 1508,3 [2337,8] — 1705,8 [2567,2]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (нг/л) [СА] — -290,7 [1716,9] — 76,4 [1446,6]
Плацебо-өзгертілген айырма (нг/л) 95% СА, [р мәні] — -444,0 -843,0-тен 45,0-ге дейін [р<0,0001]
ДДҰ бойынша ФС өзгеруі — Риоцигуат (n=173) — Плацебо (n=87)
Жақсарды — 57 (32,9%) — 13 (14,9%)
Өзгерістер жоқ — 107 (61,8%) — 68 (78,2%)
Нашарлады — 9 (5,2%) — 6 (6,9%)
р мәні — р=0,0026
СА-стандартты ауытқу, СА-сенімді аралық, ӨТК-өкпе тамыр кедергісі, NT-proBNP-N-терминалдық ми натрийуретикалық пептид, ФС – функционалдық сынып, ДДҰ-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.
Емнің тоқтатылуына әкеп соққан жағымсыз құбылыстардың жиілігі екі топта (жеке таңдалған дозада риоцигуат қолданатын пациенттерде 2,9%-ы 1,0-2,5 мг; плацебо тобындағы 2,3% - ы) салыстырмалы болды.
СТЭӨГ ұзақ мерзімді емдеу
Ашық кеңейтілген зерттеу (CHEST-2) CHEST-1 зерттеуді аяқтаған 237 пациентті қамтыды. Зерттеу соңында орташа стандартты ауытқу (SD) жалпы топтағы емдеу ұзақтығында 1285 (709) күнді құрады, ал ұзақтық медианасы 1174 күнді (15-тен 3512 күнге дейінгі аралықта) құрады. Жалпы алғанда 221 пациентте (93,2%) емдеу ұзақтығы шамамен 1 жылды (кемінде 48 апта), 205 пациентте (86,5%) шамамен 2 жылды (кемінде 96 апта) және 142 пациентте (59,9%) шамамен 3 жылды (кемінде 144 апта) құрады. Емнің экспозициясы жалпы алғанда 834 адам-жылды құрады.
CHEST-2-дегі қауіпсіздік профилі негізгі зерттеулерде байқалғанға ұқсас болды. Риоцигуатпен емделгеннен кейін 6МДХ орташа мәні жалпы популяцияда 12 айда 53 м-ге (n = 208), 24 айда 48 м-ге (n = 182) және 36 айда 49 м-ге (n = 117) жақсарды. 6MДX мәнінің жақсаруы зерттеудің соңына дейін сақталды.
4-кестеде риоцигуатпен емдеу кезіндегі бастапқы деңгеймен салыстырғанда ДДҰ функционалды классының өзгеруімен пациенттердің үлесі* көрсетілген.
4-кесте: ДДҰ Функционалды классының өзгеруі
ДДҰ Функционалды классының өзгеруі(n (%) пациенттер)
CHEST-2 емдеу ұзақтығы — Жақсартылған — Тұрақты — Нашарланған
1жыл (n=217) — 100 (46%) — 109 (50%) — 6 (3%)
2 жыл (n=193) — 76 (39%) — 111 (58%) — 5 (3%)
3 жыл (n=128) — 48 (38%) — 65 (51%) — 14 (11%)
* Пациенттер зерттеуге өз елдерінде дәрілік заттың тіркелгеніне және коммерциялық қолжетімділігіне дейін қатысқан.
Өмір сүру ықтималдығы 1 жылдан кейін 97%-ды, 2 жылдан кейін 93%-ды және 3 жыл риоцигуатпен емделгеннен кейін 89%-ды құрады.
ӨАГ (өкпе артериялық гипертензиясы) бар пациенттердегі тиімділігі
Өкпе артериялық гипертензиясы (ӨАГ) бар пациенттерде тиімділігі III фазаны рандомизацияланған салыстырмалы жасырын халықаралық көп орталықты плацебо-бақыланатын (PATENT-1) зерттеу барысында бағаланды, бұл зерттеуге ӨАГ бар 443 ересек пациент қатысты (риоцигуат тәулігіне үш рет 2,5 мг-ға дейін жеке таңдалған дозада: n=254; плацебо: N=126, риоцигуат 1,5 мг-ға дейін шектеулі таңдалған дозада (статистикалық тестілеуден өтпеген зерттеу дозасы: n=63) тағайындалған. Бастапқы емделмеген пациенттер (50%), сондай-ақ эндотелинді рецепторлардың антагонистерімен (ЭРА, 43%) немесе идиопатиялық немесе тұқым қуалайтын ӨАГ (63,4%), дәнекер тінінің ауруларымен астасқан ӨАГ (25,1%) немесе туа біткен жүрек ақауларынан туындаған ӨАГ (7,9%) диагнозы қойылған, простациклин аналогтарымен (ингаляциялық илопрост, пероральды берапрост немесе тері асты трепростинил, 7%) ем алған пациенттер де қосылған.
Риоцигуатты титрлеу алғашқы 8 апта ішінде систолалық артериялық қысым және гипотензия белгілері немесе симптомдары негізінде оңтайлы дозаны (тәулігіне үш рет 0,5 мг-ден 2, 5 мг-ға дейін) таңдағанға дейін әрбір 2 апта сайын жүргізілді, ол одан кейін келесі 4 аптада сүйемелденіп отырды. Плацебомен салыстырғанда бастапқы көрсеткіштен 12-ші аптаға қарай 6-минуттық жүріс (6-МХТ) тестіндегі қашықтықтың өзгеруі зерттеудің алғашқы соңғы нүктесі болды.
Соңғы келгенде риоцигуат тобында риоцигуаттың жеке таңдалған дозасы (ЖТД) аясында 6-МХТ тесті плацебомен (95% СА: 20-дан 52 м-ге дейін; p<0,0001) салыстырғанда 36 метрге ұлғайды.
Бұрын емделмеген пациенттерде (n=189) тест нәтижесі 38 метрге, бұрын емделгендерде (n=191) 36 метрге жақсарды (барлық рандомизацияланған пациенттердің статистикалық талдауы, 5-кестені қараңыз). Кіші топтарды одан әрі талдау бұрын ЭРА алған пациенттерде (95% ДТ: 5-тен 46 м-ге дейін) (n=167) 6 МХТ-ны 26 метрге арттыру түрінде терапиялық әсерді анықтады, ал бұрын простациклин аналогын алған пациенттерде 101 метрге (95% ДИ: 27-ден 176 м-ге дейін) (n=27) ұлғайды.
5-кесте: Соңғы келгенде PATENT-1 зерттеуінде 6-МХТ-ға қатысты риоцигуаттың тиімділігі.
Пациенттердің барлық популяциясы — Риоцигуат, ЖТД (n=254) — Плацебо (n=126) — Риоцигуат, ШТД (n=63)
Бастапқы деңгей (м) [СА] — 361 [68] — 368 [75] — 363 [67]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (м) [СА] — 30 [66] — -6 [86] — 31 [79]
Плацебо-өзгертілген айырма (м) 95% СА, [р мәні] — 36 20-дан 52-ге дейін [р<0,0001]
ІІІ ФС бар пациенттер — Риоцигуат, ЖТД (n=140) — Плацебо (n=58) — Риоцигуат, ШТД (n=39)
Бастапқы деңгей (м) [СА] — 338 [70] — 347 [78] — 351 [68]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (м) [СА] — 31 [64] — -27 [98] — 29 [94]
Плацебо-өзгертілген айырма (м) 95% СА — 58 35-тен 81-ге дейін
ІІ ФС бар пациенттер — Риоцигуат, ЖТД (n=108) — Плацебо (n=60) — Риоцигуат, ШТД (n=19)
Бастапқы деңгей (м) [СА] — 392 [51] — 393 [61] — 378 [64]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (м) [СА] — 29 [69] — 19 [63] — 43 [50]
Плацебо-өзгертілген айырма (м) 95% СА — 10 -11-ден 31-ге дейін
Бұрын емделмеген пациенттер — Риоцигуат, ЖТД (n=123) — Плацебо (n=66) — Риоцигуат, ШТД (n=32)
Бастапқы деңгей (м) [СА] — 370 [66] — 360 [80] — 347 [72]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (м) [СА] — 32 [74] — -6 [88] — 49 [47]
Плацебо-өзгертілген айырма (м) 95% СА — 38 14-тен 62-ге дейін
Бұрын емделген пациенттер — Риоцигуат, ЖТД (n=131) — Плацебо (n=60) — Риоцигуат, ШТД (n=31)
Бастапқы деңгей (м) [СА] — 353 [69] — 376 [68] — 380 [57]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (м) [СА] — 27 [58] — -5 [83] — 12 [100]
Плацебо-өзгертілген айырма (м) 95% СА — 36 15-тен 56-ға дейін
ЖТД-жеке таңдалған доза, ШТД-шектеулі таңдалған доза, СА – стандартты ауытқу, СА-сенімді аралық, ФС-функционалдық сынып
Физикалық жүктемелерді көтере алушылықты жақсарту көптеген клиникалық маңызды қайталама көрсеткіштерді жақсартумен қоса жүрді. Бұл деректер гемодинамикалық параметрлердің жақсаруына сәйкес келді (6-кестені қараңыз).
6-кесте: Соңғы келгенде PATENT-1 зерттеуінде ӨТК, NT-proBNP және ДДСҰ бойынша ФС-ға қатысты риоцигуаттың тиімділігі.
ӨТК — Риоцигуат, ЖТД (n=232) — Плацебо (n=107) — Риоцигуат, ШТД (n=58)
Бастапқы деңгей (дин×с×см-5) [СА] — 791 [452,6] — 834,1 [476,7] — 847,8 [548,2]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (дин×с×см-5) [СА] — -223 [260,1] — -8,9 [316,6] — -167,8 [320,2]
Плацебо-өзгертілген айырма (дин×с×см-5) 95% СА, [р мәні] — -225,7 -281,4-тен -170,1-ге дейін [р<0,0001]
NT-proBNP — Риоцигуат, ЖТД (n=228) — Плацебо (n=106) — Риоцигуат, ШТД (n=54)
Бастапқы деңгей (нг/л) [СА] — 1026,7 [1799,2] — 1228,1 [1774,9] — 1189,7 [1404,7]
Бастапқы деңгейден орташа өзгеріс (нг/л) [СА] — -197,9 [1721,3] — 232,4 [1011,1] — -471,5 [913,0]
Плацебо-өзгертілген айырма (нг/л) 95% СА, [р мәні] — -431,8 -781,5-тен -82,1-ге дейін [р<0,0001]
ДДҰ бойынша ФС өзгеруі — Риоцигуат, ЖТД (n=254) — Плацебо (n=125) — Риоцигуат, ШТД (n=63)
Жақсарды — 53 (20,9%) — 18 (14,4%) — 15 (23,8%)
Өзгерістер жоқ — 192 (75,6%) — 89 (71,2%) — 43 (68,3%)
Нашарлады — 9 (3,6%) — 18 (14,4%) — 5 (7,9%)
р мәні — р=0,0033
ЖТД-жеке таңдалған доза, ШТД - шектеулі таңдалған доза, СА-стандартты ауытқу, СА-сенімді аралық, ӨТК-өкпе тамыр кедергісі, NT-proBNP-N-терминалдық ми натрийуретикалық пептид, ФС – функционалдық сынып, ДДҰ-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.
Риоцигуат алған пациенттерде плацебо алған пациенттермен салыстырғанда (p=0,0046; Стратификацияланған логарифмдік рангтық критерий) клиникалық жақсаруға дейін уақыттың дұрыс ұзартылуы болды (7-кестені қараңыз).
7-кесте: PATENT-1 зерттеуіндегі клиникалық нашарлау жағдайларына қатысты риоцигуаттың тиімділігі.
Клиникалық нашарлау жағдайлары — Риоцигуат, ЖТД (n=254) — Плацебо (n=126) — Риоцигуат, ШТД (n=63)
Кез келген клиникалық нашарлауы бар пациенттер — 3 (1,2%) — 8 (6,3%) — 2 (3,2%)
Өлім — 2 (0,8%) — 3 (2,4%) — 1 (1,6%)
ӨГ-мен байланысты Ауруханаға жатқызу, — 1 (0,4%) — 4 (3,2%) — 0
ӨГ-мен байланысты 6-МХТ-дағы төмендеу, — 1 (0,4%) — 2 (1,6%) — 1 (1,6%)
ӨГ-мен байланысты ФС тұрақты нашарлауы, — 0 — 1 (0,8%) — 0
Жаңа ӨГ-терапияның басталуы — 1 (0,4%) — 5 (4,0%) — 1 (1,6%)
ЖТД-жеке таңдалған доза, ШТД-шектеулі таңдалған доза, ӨГ-өкпе гипертензиясы, 6-МХТ-алты минуттық жүру тесті, ФС-функционалдық сынып,
Риоцигуат алған пациенттер Боргтың ентігу шкаласы (Borg CR 10) бойынша бағалаудың елеулі жақсаруын көрсетті (бастапқыдан орташа өзгеруі (СА): риоцигуат -0,4 (2), плацебо 0,1 (2); p=0,0022).
Емнің тоқтатылуына әкеп соққан жағымсыз құбылыстар плацебо тобымен салыстырғанда (ЖТД (жеке таңдалған доза) 1,0-2,5 мг дозадағы риоцигуат: 3,1%; ШТД-дағы (шектеулі таңдалған доза) риоцигуат: 1,6%; плацебо: 7,1%) риоцигуатпен ем алған екі топта да аз жиілікте болды.
ӨАГ ұзақ мерзімді емдеу
Ашық кеңейтілген зерттеу (PATENT-2) PATENT-1 зерттеуді аяқтаған 396 пациентті қамтыды. PATENT-2 зерттеуінде орташа стандартты ауытқу (SD) жалпы топтағы емдеу ұзақтығында (PATENT-1 экспозициясын қоспағанда) 1375 (772) күнді құрады, ал ұзақтық медианасы 1331 күнді (1-ден 3565 күнге дейінгі аралықта) құрады. Жалпы алғанда емдеу экспозициясы шамамен 1 жылды (кемінде 48 апта) 90 % пациент үшін, 2 2 жылды (кемінде 96 апта) 85 % пациент үшін және 3 жылды (кемінде 144 апта) 70 % пациент үшін құрады. Емнің экспозициясы жалпы алғанда 1491 адам-жылды құрады.
PATENT-2-дегі қауіпсіздік профилі негізгі зерттеулерде байқалғанға ұқсас болды. Риоцигуатпен емделгеннен кейін 6МДХ орташа мәні жалпы популяцияда 50 м-ге 12 айда (n = 347), 46 м-ге 24 айда (n = 311) және 46 м-ге 36 айда (n = 238) бастапқы деңгеймен салыстырғанда жақсарды. 6MДX мәнінің жақсаруы зерттеудің соңына дейін сақталды.
8-кестеде риоцигуатпен емдеу кезіндегі бастапқы деңгеймен салыстырғанда ДДҰ функционалды классының өзгеруімен пациенттердің үлесі* көрсетілген.
8-кесте: ДДҰ Функционалды классының өзгеруі
ДДҰ Функционалды классының өзгеруі(n (%) пациенттер)
CHEST-2 емдеу ұзақтығы — Жақсартылған — Тұрақты — Нашарланған
1жыл (n=358) — 116 (32%) — 222 (62%) — 20 (6%)
2 жыл (n=321) — 106 (33%) — 189 (59%) — 26 (8%)
3 жыл (n=257) — 88 (34%) — 147 (57%) — 22 (9%)
* Пациенттер зерттеуге өз елдерінде дәрілік заттың тіркелгеніне және коммерциялық қолжетімділігіне дейін қатысқан.
Өмір сүру ықтималдығы 1 жылдан кейін 97%-ды, 2 жылдан кейін 93%-ды және 3 жыл риоцигуатпен емделгеннен кейін 89%-ды құрады.
Идиопатиялық интерстициалды пневмониямен астасқан өкпе гипертензиясы (ӨГ-ИИП) бар пациенттер.
Идиопатиялық интерстициалды пневмониямен астасқан өкпе гипертензиясы (ӨГ-ИИП) бар пациенттерде риоцигуаттың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін ІІ фазалы рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын зерттеу (RISE-IIP) риоцигуат алған пациенттерде өлім-жітім қатерінің және елеулі жанама әсерлерінің ұлғаюына және тиімділіктің болмауына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. Негізгі фаза кезінде риоцигуатты қабылдаған пациенттердің көпшілігінде өлім-жітім (4% - ға қарсы 11%) немесе елеулі жанама әсерлер (23% - ға қарсы 37%) байқалды. Ұзақ мерзімді кезеңде плацебо тобынан риоцигуат тобына (21%) өткен пациенттердің көпшілігінде риоцигуат тобында (3%) емін жалғастырған пациенттермен салыстырғанда өлім-жітім байқалды.
Риоцигуатты, сол себепті идиопатиялық интерстициалды пневмониямен астасқан өкпе гипертензиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды (4.3-бөлімін қараңыз).