Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Суппозитории ректальные
Дозасы
150 мг
Саудалық атауы
АДЕНОПРОСИН
Әсер етуші зат
Урологические препараты другие
Мақсаты
Созылмалы простатит (біріктірілген ем құрамында)
Өндіруші
ФАРМАПРИМ
Ел
Республика Молдова
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат: Аденопросин® 150 мг белсенді кешені, 29 мг жалпы ақуызға шаққанда.
қосымша зат: қатты май.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндр-конус пішінді сарыдан қоңыр түске дейінгі суппозиторийлер. Бояуының күңгірттігі басым түсті теңбіл түріндегі біртекті болмауына жол беріледі. Көлденең кесіндісінде бос стержень және ұңғыма тәрізді ойығы болуы мүмкін.
АДЕНОПРОСИН дәрілік препараты ересектерде келесіде қолдануға арналған:
- созылмалы простатит (біріктірілген ем құрамында)
АДЕНОПРОСИН ректальді суппозиторий 150 мг дәрілік препаратының құрамына кіретін белсенді зат Lymantria dispar жәндік түрінің балаңқұртынан алынған биомасса болып табылады, антиоксидантты, вазопротективті, қабынуға қарсы және иммуномодуляциялаушы әсер етеді.
Препараттың биологиялық белсенді компоненттері A2 – фосфолипаза түзілуін және простагландиндер және лейкотриендер (5-липооксигеназаны бәсеңдетеді) синтезін азайтумен арахидон қышқылының босап шығуын төмендетеді. Препарат капиллярлардың өткізгіштігін азайтады, простата ісінуін азайтып, қуықасты безінің микроайналымын жақсартады, жасушалардың апоптозын индукциялайды, сол арқылы гиперплазияланған қуықасты безінің мөлшерін кішірейтеді. АДЕНОПРОСИН препаратының әсері патогенетикалық және спецификалық емес механизмдерге орай білінеді.
АДЕНОПРОСИН препараты қолдану басталғаннан кейінгі алғашқы күндері-ақ уродинамикалық параметрлерді (несеп ағымының ең жоғары көлемдегі жылдамдығының мәнін арттырады, несеп шығару уақытын азайтады, қалдық несеп мөлшерін азайтады) және қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) және созылмалы простатиті бар пациенттердің жалпы жай-күйін (созылмалы простатит индексін азайтады, қуық асты безінің секретінде лейкоциттер мөлшерін азайтады, оның эхо құрылымының біртектілігін арттырады) жақсартады. Препарат несеп шығарудың, оның ішінде түнгі уақытта, жиілігін төмендетіп және дизуриялық құбылыстарды, қуықтың түгел босамаған сезімін және несеп шығарудағы қиындықты азайта отырып, несеп шығару жолдарының тонусын және төменгі сегменттерінің перистальтикасын реттейді.
АДЕНОПРОСИН дәрілік препаратының антиоксидантты әсері препараттың антиоксидантты суда еритін қосылыстары есебінен липидтердің асқын тотығуын тежеуімен білінеді.
Дозалау режимі
Ересектерге
Ректальді, бір суппозиторийден күніне бір рет (дұрысы түнге қарай, белгілі бір уақытта ғана). Препаратты дефекациядан немесе клизмадан кейін қолдану керек. Препаратты енгізгеннен кейін пациент 30-40 минут бойына жатқан қалыпта болуы керек.
Емдеу ұзақтығы простата деңгейіндегі қабыну үдерістерінің қарқындылығына және қуықасты безінің аденомасы симптомдарының айқындығына, сондай-ақ олардың біріктіріліміне байланысты 1 айдан 3 айға дейінді құрайды. Қажет болғанда емді қайталауға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Ректальді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
• несептің жедел іркілісі
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Сирек
- диарея немесе нәжіс шығуының жиілеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қазіргі уақытта препараттың артық дозаланған жағдайлары туралы хабарланбаған.
АДЕНОПРОСИН дәрілік препаратын қолдану бойынша айрықша нұсқаулар жоқ.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларда қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қатысты емес.
Қазіргі уақытта АДЕНОПРОСИН препаратының басқа дәрілермен дәрілік өзара әрекеттесулерінің клиникалық елеулі жағдайлары туралы мәлімделмеген.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.