Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Пастилки для рассасывания
Саудалық атауы
Аджисепт® бал және лимон қосылған, ментол және эвкалипт қосылған, классикалық, соруға арналған пастилкалар.
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Кешендi ем құрамында: ауыз қуысының және жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларында
Өндіруші
Аджио Фармацевтикалз Лтд
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір пастилканың құрамында
белсенді зат: амилметакрезол 0.60 мг , 2.4-дихлорбензил спирті 1.20 мг,
қосымша заттар бал және лимон қосылған: қант, сұйық глюкоза, сусыз лимон қышқылы, ментол, карамель бояғышы (Е150с), бал хош иістендіргіші, лимон майы, тазартылған су
қосымша заттар классикалық: қант, сұйық глюкоза, сусыз лимон қышқылы, ментол, Понсо 4R бояғышы (Е124), кармоизин бояғышы (Е122), анис майы, бұрыш жалбызының майы, тазартылған су
қосымша заттар ментол және эвкалипт қосылған: қант, сұйық глюкоза, сусыз лимон қышқылы, ментол, индигокармин бояғышы (Е132), эвкалипт майы, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Классикалық пастилкалар (анис және жалбыз дәмі және иісімен):
Дөңгелек, екi бетi дөңес, анис және жалбыз иісі бар таңқурай түстес қызыл пастилкалар; карамельді массасының ішінде бояуы біртекті болмауына, ауа көпіршіктерінің болуына және жиектерінің болар-болмас тегіс болмауына жол беріледі.
Бал және лимон дәмі және иісімен пастилкалар:
Дөңгелек, екі беті дөңес, лимон иісі бар бозғылт-сары түсті пастилкалар; карамельді массасының ішінде бояуы біртекті болмауына, ауа көпіршіктерінің болуына және жиектерінің болар-болмас тегіс болмауына жол беріледі.
Ментол және эвкалипт дәмі және иісімен пастилкалар:
Дөңгелек, екi бетi дөңес, ментол және эвкалипт иісі бар көктен көгілдір-жасыл түске дейін пастилкалар; карамельді массасының ішінде бояуы біртекті болмауына, ауа көпіршіктерінің болуына және жиектерінің болар-болмас тегіс болмауына жол беріледі.
Кешендi ем құрамында:
- ауыз қуысының және жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларында
Ауыз қуысы және жұтқыншақта жергілікті қолдануға арналған біріктірілген антисептикалық препарат. Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық әсер көрсетеді. Препарат жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының тітіркену симптомдарын басады, шырышты қабыққа деконгестивті әсер етеді, мұрын бітуін азайтады, тамақтың тітіркенуі мен ауруын жұмсартады.
Әсер ету механизмі микробтық жасуша ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшаларының липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділігін анықтайды. Грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең спектріне қарсы белсенді, сондай-ақ, антимикотикалық әсерге ие.
Дозалану режимі
Ересектер: әр 2 сағат сайын 1 пастилкадан. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 8 пастилка.
Пастилкаларды толық ерігенге дейін сорады.
Енгізу әдісі және жолы
Ауыз қуысында соруға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-7 күннен аспауы тиіс.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Байқаусызда бір немесе бірнеше қабылдауды өткізіп алған жағдайда, дозасын арттырмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Сізде осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай-да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкозы-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Сирек: аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жүйелі сіңірілуінің төмендігіне байланысты, артық дозалану ықтималдылығы аз.
Аджисепт® препаратын қабылдау кезінде әрбір пастилканың құрамында қант бар екенін ескеру қажет. Қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.
Құрамында қант пен глюкозаның болуына байланысты, тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға қолдануға болмайды.
Препараттың құрамында Понсо 4R бояғышы (Е124), кармоизин бояғышы (Е122) бар, олар аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Амилметакрезол және дихлорбензил спирті бар пастилкалардың жүктілік және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ. Препаратты әйелдерде жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Аджисепт® бал және лимон қосылған, ментол және эвкалипт қосылған, классикалық препаратының басқа топтағы дәрілік препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.