Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Сироп
Саудалық атауы
Адивит
Әсер етуші зат
Поливитамины, простые
Мақсаты
Дәрумендерге аса мұқтаждықпен бірге жүретін күйлерде: дене және ақыл-ой жүктемесі жоғары кездерде, мерзімдік авитаминозда, алиментарлы дәрумен жеткіліксіздігінде және арнайы…
Өндіруші
ABDI IBRAHIM
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір өлшегіш қасық (5 мл) құрамында
белсенді заттар:
ретинол пальмитаты (А дәрумені) 1500 ХБ
тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) 1 мг
рибофлавин-5-фосфат натрийі (В2 дәрумені) 1,2 мг
пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) 2 мг
никотинамид (РР дәрумені) 7 мг
декспантенол (D-Пантенол) 3 мг
кристалданған аскорбин қышқылы (С дәрумені) 25 мг
холекальциферол (D3 дәрумені) 400 ХБ
α-Токоферол ацетаты (Е дәрумені) 5 мг,
қосымша заттар:
сахароза, кремофор RH 40, натрий сахарині, метилпарабен, пропилпарабен, динатрий эдетаты, глицерин, натрий бензоаты, апельсин эссенциясы, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Апельсин дәмі бар, сары, мөлдір шәрбат.
- дәрумендерге аса мұқтаждықпен бірге жүретін күйлерде: дене және ақыл-ой жүктемесі жоғары кездерде, мерзімдік авитаминозда, алиментарлы дәрумен жеткіліксіздігінде және арнайы диета сақтауда, жарақаттану мен операциялық араласуларда, жүктілік және лактация кезеңінде, оның ішінде жүктілердің гестозды жағдайында
- ауырып сауыққаннан кейінгі кезеңде (инфекцияларда, созылмалы аурулардың асқынуында), шаршау, әлсіздік, салмақ жоғалту кезеңдерінде
- химиятерапиялық дәрілер қабылдағанда
- балалардағы неврологиялық ауруларда (БЦС, ишемиялық гипоксиялық энцефалопатия, ишемиялық жарақаттық энцефалопатия, невриттер) біріктірілген ем құрамында
- ретинопатияда
- іріңді дерматиттерде
ATХ коды А11ВА
Әсер ету механизмі
Адивит - біріктірілгенполидәруменді препарат, оның әсері құрамына кіретін компоненттердің тиімділігімен шартталған. Балалардың өсуі мен дамуының қарқынды кезі – ерте жастағы кезінде қолдануға ұсынылады.
Ретинол (А дәрумені) ақуыздардың, липидтердің, мукополисахаридтердің синтезіне қатысады; терінің, шырышты қабықтың, сондай-ақ көру мүшелерінің қалыпты функциясын қамтамасыз етеді.
Колекальциферолдың (D3 дәрумені) организмде кальций мен фосфордың тепе-теңдігін ұстап тұрудағы рөлі маңызды.
D3 дәруменінің тапшылығы балаларда рахит ауруының дамуына алып келеді және ересектерде (остеопорозды) сүйек тініндегі кальций құрамының төмендеуін туғызады.
В тобы дәрумендері организмдегі зат алмасу үдерісін реттейтін әртүрлі ферменттер түзуге қатысады.
Токоферол (Е дәрумені) табиғи антиоксидант болып табылады. Қан ұюының жоғарылығының алдын алады, шеткері қан айналымына жағымды әсер етеді. Гемоглобин мен ақуыз синтезіне, жасуша өсуінің үдерісіне, жүрек, қан тамырлары, жыныс бездері, қаңқа бұлшықеттерінің функциясына қатысады.
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) бірқатар белсенді заттардың тотығуына, дәнекер тіндердегі алмасуды реттеуге, көмірсу алмасуына, қанның ұюы мен тіндердің регенерациясына қатысады, стероидты гормондар түзілуін көтермелейді, капиллярлардың өткізгіштігін қалыпты етеді.
С дәрумені организмнің инфекцияларға төзімділігін күшейтеді, қабыну реакцияларын төмендетеді.
Никотинамид (PP) тыныс алу функциясы электрондарының тасымалдану реакцияларында ко-ферментінің рөлін атқарады.
D-Пантенол майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың метаболизміне қажетті А ко-ферментінің компоненті болып табылады.
Шәрбаттың жағымды дәмі бар.
Дозалау режимі
Балаларға:
3 айлықтан 1 жасқа дейінгі күнделікті 5 мл-ден (1 өлшегіш қасық),
1-жастан 5 жасқа дейінгі балаларға күнделікті 7,5 мл-ден (1,5 өлшегіш қасық),
5-жастан жоғары және ересектерге күнделікті 10 мл-ден (2 өлшегіш қасық),
Жүкті және емшек емізетін әйелдерге күнделікті 10 мл-ден (2 өлшегіш қасық)
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тамақ уақытында немесе тамақтан кейін күніне 1 рет ішуге арналған шәрбат. Шәрбатты шайға немесе жеміс шырынына қосуға болады.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қабылдаудың ұзақтығы жеке анықталады, бірақ әдетте 1-ден 2 айға дейінгі курстық ұзақтықпен жылына бірнеше рет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
-тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы бар адамдарға
- леводопамен бір уақытта қабылдау
- көру жүйкесінің тұқым қуалайтын атрофиясы
- қант диабеті
Препаратты ұсынылған дозада қолданғанда жағымсыз әсерлері айқындалмаған.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, гиперемия)
- шырышты қабықтың ойық жаралары
- естен тану
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Көрсетілімдер мен ұсынылған дозалар бойынша қабылдағанда артық дозалану мүмкіндігі тым аз, өйткені препарат құрамындағы дәрумендер балаларға бейімделген.
Артық дозалану жоғары дозаны біліп қабылдаудан болса да, білмей қабылдаудан туындаса да дәрілік зат организм шығарылады және демеуші ем қолданылады.
Артық дозалану симптомдары: салмақ қосудың тоқтауы, асқа тәбетінің нашарлауы, ашушаңдық, ұйқы бұзылуы, жиі несеп бөлу, терінің құрғауы, қабыршықтануы, қышыну мазасыздығы.
Емі: белсендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.
Құрамында дәрумендер мен минералдар бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға артық дозалау болмас үшін ұсынылмайды.
Препаратты жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы қабылдау гипервитаминоз тудыруы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі А дәрумені құрамында ретиноид бар азық-түлікпен жағымсыз әсерлердің артуына алып келеді Барбитураттар мен құрысуға қарсы дәрілер D дәруменінің әсерін төмендетуі мүмкін. Никотинамид (РР) ганглиоблокаторларының гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Рибофлавин (В2 дәрумені) уробилиноген мен Эрлих реактивімен талдауда несепті сары түске бояп, қате нәтижеге алып келуі мүмкін. Арнайы сақтандырулар Препараттың құрамына баяу типті аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін метилпарабен және пропилпарабен кіреді. Бұл препараттың құрамында бір миллилитрге натрий 1 ммольден (23 мг) аз, яғни құрамында натрий жоқ. Препаратта сахарозаның болуына байланысты тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы бар пациенттерге Адивит шәрбаттың қабылдауға болмайды. Қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек. Жүктілік немесе лактация кезеңінде Жүктілік кезеңінде және емшекпен емізу уақытында қолдануға қарсы көрсетілім жоқ. Жүктілік кезеңінде тератогенді әсері болу мүмкіндігіне орай А дәруменінің жоғары дозасын алудан аулақ болу керек. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Анықталмаған.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада
сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.