Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – микрондалған белсендірілген көмір 200 мг,
қосымша заттар: желатин, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы (E 172).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қара түсті, өлшемі 1, иісі және дәмі жоқ, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – қара түсті ұнтақ.
Келесі ауруларда біріктірілген ем құрамында:
- тағамдық токсикоинфекция
- дизентерия, сальмонеллез
- энтероколит
- диарея, метеоризм, іріңдеу үдерістері, ашу, шырыштың, тұз қышқылының гиперсекрециясы
- дәрілік препараттармен улану (психотропты, ұйықтататын, есірткілік дәрілер және б.)
- алкалоидтардан, ауыр металл тұздарынан улану
- бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі
- созылмалы гепатит, жедел вирустық гепатит, бауыр циррозы
- аллергиялық диатездер, атопиялық дерматиттер, аллергиялық гастроэнтерит, токсикодермиялар
- рентгенологиялық зерттеулерге дайындық (газдың түзілуін азайту үшін)
АТХ А07ВА01.
Әсер ету механизмі
Микрондалған белсендірілген көмір өсімдік тектес, берік микро- және мезокеуекті глобулярлық құрылымға ие, айрықша технология бойынша өндірілген, сіңіру беткейі ауқымды (1 г затқа 2000 кв.м.) карбондалған материал болып табылады, ол асқазан-ішек жолындағы патогенді заттарды, олар қан арнасына сіңгенге дейін сорып алады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Белсендірілген көмір сіңіргіш, уытсыздандырғыш және диареяға қарсы әсер береді. Ас қорытудың бұзылуы кезінде түзілген газдарды белсенді түрде сіңіре отырып, ішек қабырғаларының созылып кетуіне кедергі келтіреді, сол арқылы, ауырудың алдын алады және басады.
Вирустар мен бактериялардан туындаған инфекциялық аурулар кезінде белсендірілген көмір патогенді штамдар мен олардың токсиндерін сіңіріп алып, диареяны басады.
Аллергиялық жай-күйлер кезінде тағамдық аллергендерді, гистаминді, серотонинді, сондай-ақ, иммундық кешендерді байланыстырады, ол аллергиялық дерматиттердің клиникалық көріністерінің азаюына алып келеді.
Улану мен уыттану кезінде асқазан-ішек жолынан улар мен токсиндерді, соның ішінде алкалоидтарды, гликозидтерді, ұйықтататын, есірткілік заттарды, ауыр металдардың тұздарын, шығу тегі бактериялық, өсімдік тектес және химиялық токсиндерді адсорбциялайды.
Кейбір зат алмасу өнімдерінің – билирубиннің, мочевинаның, холестериннің, сондай-ақ, эндотоксикоз дамуына жауапты эндогендік метаболиттердің артық мөлшерін адсорбциялайды.
Дозалану режимі
Ішке қабылдауға арналған капсулаларды сумен бірге ішу керек.
1-3 капсуладан, тәулігіне 3-4 рет тамақ немесе дәрілік заттарды ішкенге дейін 1-2 сағат бұрын немесе кейін.
Жедел улануларда және жедел панкреатиттерде өздігінен жұтатын болғаннан кейінгі 2-3 тәулікте күніне 10 капсулаға дейін қабылдау керек. Ауырлығы орташа жедел панкреатитте Адсорбикс® Экстра қолдануды экстракорпоральді гемосорбциямен үйлестіріп жүргізген жөн.
Ең жоғары бір реттік доза – 4 капсула, ең жоғары тәуліктік доза – 12 капсула.
6 жастан асқан балаларға күніне 2 рет 1-3 капсуладан.
Жедел улануларда және жедел панкреатиттерде күніне 2-3 рет 1-3 капсуладан.
Ең жоғары бір реттік доза 3 капсула, ең жоғары тәуліктік доза – 9 капсула.
Жедел улануларда емдеу ұзақтығы 3-5 күнді құрайды. Созылмалы уыттануларда 10 күннен 14 күнге дейін.
Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде Адсорбикс® Экстра тағайындауға көрсетілім 0,4 ммоль/л және одан жоғары креатинемия болып табылады.
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- асқазан-ішек бітелісі және ішек бітелісіне күдіктену
- іштің қатты ауыруы, өзіне тән емес ойық жаралы колит, АІЖ-дан қан кетулер
- 6 жасқа дейінгі балалар
Жиі
- іш қатуы, диарея
Сирек
- ұзақ уақыт бойы (14 күннен артық) қабылдаған кезде кальций, витаминдер сіңуінің бұзылуы
- нәжістің қара түске боялуы байқалады
Өте сирек
- диспепсия
- аллегргиялық реакциялар
Белгісіз
- құсу, абдоминальді жайсыздық, жүректің айнуы, анальді тітіркену
- белсендірілген көмір арқылы гемоперфузия кезінде эмболия дамауы мүмкін
- геморрагия, гипогликемия, гипокальциемия, гипотермия, гипотензия
- ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы
- жалғанжарғақшалы колит
- бауыр функциясының бұзылуы
- дисбактериоз
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жіңішке ішектің бітелуі белсендірілген көмірдің үлкен дозасын қабылдаумен байланысты болуы мүмкін.
Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, іш қату.
Емі: препаратты тоқтату, іш жүргізетін дәрілер тағайындау.
Тесілуге алып келетін ішек бітелісі қаупіне байланысты белсендірілген көмірді перистальтикаға қарсы ем қабылдап жүрген пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Препаратты қабылдағанда нәжіс қара түске боялуы мүмкін.
Сусыздану белгілері бар тоқтамайтын диарея кезінде аурудың себептерін анықтау үшін қосымша клиникалық және биохимиялық зерттеулер жүргізілуі тиіс.
Тесілуге алып келетін ішек бітелісінің даму қаупіне байланысты белсендірілген көмірді перистальтикаға қарсы ем қабылдап жүрген пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.
Белсендірілген көмірді басқа дәрілік заттарды қабылдауға дейін 1-2 сағат бұрын немесе кейін қабылдау керек.
Белсендірілген көмірді ұзақ қолданғанда гиповитаминоздың дамуы, АІЖ-дан қоректік заттардың (майлар, ақуыздар), гормондардың сіңірілуі төмендеуі мүмкін.
Балалар
6 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.
Фертильділігі
Белсендірілген көмір оральді контрацептивтермен өзара байланысуы мүмкін. Сондықтан, емдеу кезінде контрацепцияның баламалы тиімді және қауіпсіз әдістерін қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Адсорбикс® Экстра көлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болады.
Өзінің беткейінде адсорбциялауы салдарынан белсендірілген көмір онымен бір мезгілде ішке қабылданатын барлық дәрілік препараттардың тиімділігін төмендетеді.
Белсендірілген көмір және фуросемид немесе оральді контрацептивтерді бір мезгілде қабылдау соңғыларының тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Препарат ұзақ жартылай шығарылу кезеңі бар дәрілік заттардың элиминация жылдамдығын арттырады (карбамазепин, фенобарбитал және дифенилсульфон). Белсендірілген көмірді пероральді қабылдау дигоксин клиренсін 5 есе арттырады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15оС-ден 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.