Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Көп жағдайда клозапиннің жағымсыз құбылыстарының бейіні оның фармакологиялық қасиеттеріне қарай болжамды. Маңызды ерекшелігі оның агранулоцитозды тудыру қабілеті болып табылады («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз). Осы қауіпке байланысты оны қолдану емдеуге резистентті шизофренияда және стандартты емдеу көмектеспеген жағдайлардағы Паркинсон ауруы кезінде пайда болатын психоздармен шектеледі. Қан мониторингі клозапин қабылдайтын пациенттерге күтім жасаудың маңызды бөлігі болғанымен, дәрігер басқа сирек кездесетін, бірақ ауыр жағымсыз реакциялар туралы білуі тиіс, оларға ауру мен өлімнің алдын алу үшін пациентті мұқият бақылау және сауалнама жүргізу арқылы ғана ерте сатысында диагноз қоюға болады.
Клозапинді қолданғанда пайда болатын күрделірек жағымсыз реакциялар-агранулоцитоз, құрысулар, жүрек-қан тамырлары әсері және қызба болады («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз). Көбірек таралған жағымсыз әсерлер - ұйқышылдық/ седативті әсер, бас айналу, тахикардия, іш қату және гиперсаливация болады.
Клиникалық сынақ деректері клозапин алған пациенттердің әртүрлі саны (7,1-ден 15,6% - ға дейін) жағымсыз құбылыстарға байланысты емдеуді тоқтатқанын көрсетті, соның ішінде тек клозапиннің есебіне негізді түрде жатқызылуы мүмкіндерін қоса. Тоқтатудың себептері болып саналатын көбірек таралған құбылыстар лейкопения, ұйқышылдық, бас айналу (бас айналуды қоспағанда) және психоздық бұзылулар болды.
Қан және лимфа жүйесі
Гранулоцитопения мен агранулоцитоздың дамуы клозапинмен емдеуге тән қауіп болып табылады. Агранулоцитоз әдетте емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды болғанымен, ол сепсиске әкелуі ықтимал және өлімге соқтыруы мүмкін. Өмірге қауіп төндіретін агранулоцитоздың дамуын болдырмау үшін емдеуді дереу тоқтату қажет болғандықтан, лейкоциттер санын бақылау қажет («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
3 кестеде клозапинмен емдеудің әр кезеңі үшін агранулоцитоз жиілігінің есептік көрсеткіштері келтірілген.
3 кесте. Агранулоцитоздың есептік жиілігі1
Ем кезеңі — 100 000 адам-апта2 бақылаудағы агранулоцитоз жиілігі
0-18 апта — 32,0
19-52 апта — 2,3
53 апта және одан астам — 1,8
1 1989-2001 жылдар аралығында Ұлыбританияның клозапин пациенттерін бақылау қызметіне тіркелу тәжірибесінен.
2 Адам-уақыт жеке уақыт бірлігінің қосындысын білдіреді, сол уақытта тіркелген пациенттер агранулоцитоз дамуына дейінгі клозапин әсеріне ұшыраған. Мысалы, агранулоцитоз туындауына дейінгі 100 000 адам-апта 1 000 пациентте - тіркелімдегі 100 апта (100*1000=100 000) болғанда, немесе 200 пациентте тіркелімдегі 500 апта (200*500=100 000) болғанда бақылауға болады.
Ұлыбританияның клозапин алатын пациенттерді Тіркелімнің мониторингтеу қызметінің өмір бойы агранулоцитоздың жинақталған жиілігі (1989-2001 жылдар аралығында 0-11,6 жыл) 0,78% құрайды. Көптеген жағдайлар (шамамен 70 %) емдеудің алғашқы 18 аптасында пайда болады.
Зат алмасуы мен тамақтанудың бұзылуы
Клозапинмен емдеу кезінде глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы және/немесе қант диабетінің дамуы немесе өршуі туралы сирек хабарланды. Өте сирек жағдайларда, бұрын гипергликемия анамнезінде болмаған клозапин алған пациенттерде кейде кетоацидоз/гиперосмолярлы комаға әкелетін ауыр гипергликемия туралы хабарланған. Клозапинді тоқтатқаннан кейін пациенттердің көпшілігінде глюкоза деңгейі қалыпқа келді, ал кейбір жағдайларда емдеуді қайта бастаған кезде гипергликемия қайталанды. Пациенттердің көпшілігінде инсулинге тәуелді емес қант диабетінің дамуының қауіп факторлары болғанымен, гипергликемия да белгісіз қауіп факторлары бар пациенттерде тіркелді («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар
Өте жиі байқалатын жағымсыз реакцияларға ұйқышылдық/седативті әсер және бас айналу жатады.
Клозапин ЭЭГ өзгерістерін, соның ішінде спайк-толқындық кешендердің пайда болуын тудыруы мүмкін. Ол дозаға байланысты құрысу шегін төмендетеді және миоклонустық құрысуларды немесе жайылған құрысуларды тудыруы мүмкін. Бұл симптомдар дозаның тез артуымен және бұрын эпилепсиямен ауыратын пациенттерде жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда дозаны азайту керек және қажет болған жағдайда құрысуға қарсы емдеуді бастау керек. Карбамазепинді сүйек кемігінің функциясын бәсеңдету қабілетіне байланысты қолданудан аулақ болу керек, ал басқа құрысуға қарсы препараттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттесу мүмкіндігін ескеру қажет. Сирек жағдайларда клозапин қабылдаған пациенттерде делирий болуы мүмкін.
Басқа нейролептиктермен емделген клозапин қабылдаған пациенттерде кеш дискинезия туралы өте сирек хабарланған. Басқа нейролептиктерді қолдану аясында кеш дискинезия дамыған пациенттерде клозапин қабылдаған кезде жағдайдың жақсаруы байқалды.
Жүрек тарапынан бұзылыстар
Тахикардия және постуральді гипотензия естен танумен немесе онсыз, әсіресе емдеудің алғашқы апталарында пайда болуы мүмкін. Гипотензияның таралуы мен ауырлығы дозаны титрлеу жылдамдығы мен мөлшеріне байланысты. Клозапинді қолданғанда терең гипотензия нәтижесінде циркуляторлық коллапс туралы хабарланды, әсіресе агрессивті дозаны титрлеумен байланысты, жүрек немесе өкпенің тоқтап қалуы түріндегі ауыр зардаптар болуы мүмкін.
Клозапин қабылдаған пациенттердің аз бөлігі басқа нейролептиктерді қолданудағы осындайға ұқсас ЭКГ өзгерістері, соның ішінде ST сегментінің депрессиясы және клозапин тоқтатқаннан кейін қалыпқа келетін Т тісшесінің тегістелуі немесе инверсиясы бақыланды. Бұл өзгерістердің клиникалық маңызы түсініксіз. Алайда, мұндай ауытқулар миокардитпен ауыратын пациенттерде байқалды, оларды ескеру қажет.
Жүрек аритмиясы, перикардит/перикардтық жалқық және миокардиттің жекелеген жағдайлары туралы хабарланды, олардың кейбіреулері өліммен аяқталды. Миокардит жағдайларының көпшілігі клозапин терапиясы басталғаннан кейінгі алғашқы 2 айда пайда болды. Кардиомиопатия әдетте емдеу процесінде кейінірек пайда болды.
Эозинофилия миокардиттің (шамамен 14 %) және перикардиттің/ перикардтық жалқықтың кейбір жағдайларымен бірге хабарланды; дегенмен, эозинофилия кардиттің сенімді болжаушысы екені белгісіз.
Миокардиттің немесе кардиомиопатияның белгілері мен симптомдарына тыныштықтағы тұрақты тахикардия, жүрек соғысы, аритмия, кеудедегі ауырсыну және жүрек жеткіліксіздігінің басқа белгілері мен симптомдары (мысалы, түсініксіз шаршау, ентігу, тахипноэ) немесе миокард инфарктісіне ұқсайтын симптомдар жатады. Жоғарыда айтылғандарға қосымша болуы мүмкін басқа симптомдарына тұмауға ұқсас симптомдар жатады.
Дәстүрлі психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген психиатриялық пациенттер арасында, сондай-ақ емделмеген психиатриялық пациенттерде кенеттен түсініксіз өлім болатыны белгілі. Клозапинмен емделген пациенттерде мұндай өлім жағдайлары өте сирек хабарланған.
Тамырлар тарапынан бұзылыстар
Тромбоэмболияның сирек жағдайлары турлы хабарланды.
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алудың циркуляторлық коллапспен немесе онсыз бәсеңдеуі немесе тоқтауы өте сирек болды («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз).
Асқазан-ішек жолы
Іш қату және гиперсаливация өте жиі, жүрек айнуы мен құсу – жиі байқалды. Ішек бітелуі өте сирек болуы мүмкін («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз). Сирек жағдайларда клозапинмен емдеу дисфагиямен байланысты болуы мүмкін. Жұтылған тағамның аспирациясы дисфагиясы бар пациенттерде немесе жедел артық дозалану нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Бауыр және өт шығару жолдары бұзылыстары
Бауыр ферменттері белсенділігінің өтпелі симптомсыз жоғарылауы және сирек жағдайларда гепатит және холестаздық сарғаю байқалуы мүмкін. Бауырдың фульминантты некрозы туралы өте сирек мәлімделді. Сарғаю дамыған жағдайда клозапинді қабылдауды тоқтату керек («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз). Сирек жағдайларда жедел панкреатит туралы хабарланды.
Бүйрек тарапынан бұзылыстар
Клозапин терапиясына байланысты жедел интерстициялық нефриттің жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.
Жыныс мүшелері және сүт бездері бұзылыстары
Приапизм туралы өте сирек хабарламалар алынды.
Жалпы бұзылыстар
Клозапинді жеке-дара немесе литиймен немесе ОЖЖ-сіне әсер ететін басқа препараттармен біріктірілімде қабылдаған пациенттерде қатерлі нейролептиктік синдром (ҚНС) жағдайлары туралы хабарланды.
Жедел тоқтату реакциялары туралы хабарланды («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Өте жиі
• ұйқышылдық/седация, бас айналу
• тахикардия
• іш қату, гиперсаливация
Жиі
• лейкопения/лейкоциттердің жалпы саны азаюы/нейтропения, эозинофилия, лейкоцитоз
• дене салмағының ұлғаюы
• дизартрия
• ұстамалар/құрысулар/миоклонустық ұстамалар, экстрапирамидалық симптомдар, акатизия, тремор, бұлшық еттердің сіресуі, бас ауыру
• көрудің бұлыңғырлығы
• ЭКГ-дегі өзгерістер
• естен тану, ортостаздық гипотензия, гипертензия
• жүрек айну, құсу, тәбеттің жоғалуы, ауыздың құрғауы
• бауыр ферменттері артуы
• несеп іркілісі, несепті ұстай алмау
• қатерсіз гипертермия, тер бөлінудің/терморегуляцияның бұзылуы, дене температурасының жоғарылауы, қатты шаршағыштық
Жиі емес
• агранулоцитоз
• дисфемия
• катерлі нейролептикалық синдром
• құлап қалулар (клозапиннен туындаған құрысулармен, ұйқышылдықпен, постуральді гипотензиямен, қимыл-қозғалыс және сенсорлық тұрақсыздықпен байланысты)*
Сирек
• анемия
• қант диабеті, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, семіздік*
• қозу, мазасыздық
• сананың шатасуы, делирий
• циркуляторлық коллапс, аритмиялар, миокардит, перикардит/ перикардтық жалқық
• тромбоэмболия
• тағам аспирациясы, пневмония және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, өліммен аяқталуы мүмкін, ұйқы кезіндегі апноэ синдромы*
• дисфагия
• панкреатит, гепатит, холестаздық сарғаю
• креатинфосфокиназа деңгейі жоғарылауы
Өте сирек
• тромбоцитопения, тромбоцитемия
• гиперосмолярлы кома, кетоацидоз, ауыр гипергликемия, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия
• кешеуілдеген дискинезия, обсессивті-компульсивті симптомдар
• кардиомиопатия, жүректің тоқтап қалуы
• тыныс алудың бәсеңдеуі/тоқтауы
• ішек бітелісі/салданған ішек бітелісі/нәжістің жүрмей бітелуі, құлақ түбіндегі сілекей безінің ұлғаюы
• фульминантты бауыр некрозы
• тері реакциялары
• тубулоинтерстициальді нефрит
• приапизм
• кенеттен болатын түсініксіз өлім
Жиілігі белгісіз
• сепсис*
• ангионевроздық ісіну*, лейкоцитокласты васкулит*, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік бөртпе (DRESS)*
• жалған феохромоцитома*
• холинергиялық синдром (күрт тоқтатудан кейін)*, ЭКГ-дегі өзгерістер*, плеврототонус*, мазасыз аяқтар синдромы*
• миокард инфарктісі*, миокардит*, кеуде қуысының ауыруы /стенокардия*, жүрекшелердің фибрилляциясы*, жүрек қағуы*, клозапинмен байланысты кардиомиопатияның салдарынан болатын митральды қақпақшасы жеткіліксіздігі*
• гипотензия*, веналық тромбоэмболия
• плевра жалқығы*, мұрынның бітелуі*
• мегаколон*, ішек инфарктісі/ишемиясы*, ішек некрозы**, ішектің ойық жаралануы** және ішектің тесілуі**, диарея*, құрсақ қуысындағы жайсыздық/қыжыл /диспепсия*, колит*
• бауыр стеатозы*, бауыр некрозы*, гепатотоуыттылық*, бауыр фиброзы*, бауыр циррозы*, бауыр функциясы зақымдануы, бауырдың гепатоцеллюлярлық, холестаздық немесе аралас зақымдануын қоса, өліммен аяқталатын немесе бауыр трансплантациясын талап ететін бауыр жеткіліксіздігі*
• пигментацияның бұзылуы*
• рабдомиолиз*, бұлшықет әлсіздігі*, бұлшықет түйілуі*, бұлшықеттердің ауыруы*, жүйелі қызыл жегі*
• бүйрек жеткіліксіздігі*, түнгі энурез*
• жаңа туған нәрестелердегі препаратты тоқтату синдромы («Жүктілік немесе лактация кезінде» бөлімін қараңыз)
• ретроградты эякуляция*
• полисерозит*
* Тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінен кездейсоқ жағдайлар туралы есептерден және әдеби дереккөздерде сипатталған жағдайлардан алынған дәрілік заттарға жағымсыз реакциялар.
** Дәріге мұндай жағымсыз реакциялар кейде өлімге соқтырған.
Бұл препаратты қолданумен сенімді себеп-салдарлық байланысы анықталмаса да, пируэтті қарыншалық тахикардиямен байланысты болуы мүмкін қарыншалық тахикардия және QT аралығы ұзаруының өте сирек жағдайлары байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz