ATХ коды: L01BC07
Әсер ету механизмі
Азацитидиннің ісікке қарсы әсері әртүрлі механизмдерге, соның ішінде патологиялық өзгерген сүйек кемігінің гематопоэздік жасушаларына қатысты цитоуыттылыққа және ДНҚ гипометилденуіне байланысты. Азацитидиннің цитотоксикалық әсерін жүзеге асыруға қатысатын механизмдерге ДНҚ, РНҚ және ақуыз синтезінің тежелуі, препараттың ДНҚ мен РНҚ-ға кірігуі және ДНҚ-ның зақымдану жолдарын белсендіру жатады. Пролиферацияланбайтын жасушалар азацитидинге салыстырмалы түрде сезімтал емес. ДНҚ-ға азацитидиннің кірігуі ДНҚ метилтрансферазасының белсенділігінің жойылуына әкеледі, нәтижесінде ДНҚ гипометилденуі жүреді. Қалыпты жасушалық циклді реттеуге, соның ішінде жасушалық дифференциация мен жасушаның өліміне қатысатын аберрантты метилденген гендердегі ДНҚ гипометилденуі геннің қайта экспрессиясын және қатерлі ісік жасушаларында ісік өсуін тежеу функцияларын қалпына келтіруді тудыруы мүмкін.
Азацитидиннің цитоуытты және басқа әсерлерімен салыстырғанда ДНҚ гипометилдену механизмінің салыстырмалы клиникалық маңыздылығы қазіргі уақытта анықталмаған.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ересек пациенттер (МДС, СММЛ және ЖМЛ [сүйек кемігіндегі бласттардың 20-30%])
Азацитидиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі халықаралық, көп орталықты, бақыланатын, ашық, ІІІ фазаны рандомизацияланған зерттеуде (AZA PH GL 2003 CL 001) бағаланды. Зерттеуге ересек пациенттер кірді:
• халықаралық болжамдық шкала (IPSS)бойынша аралық-2 және жоғары қауіпті МДС бар,
• артық бласттармен рефрактерлі анемиясы (RAEB) бар,
• трансформациядағы RAEB бар (RAEB-T),
• және модификацияланған созылмалы миеломоноциттік лейкемиясы бар (mCMML) — FAB (Француз-Америка-Британдық жүйе) жіктеуі бойынша.
ДДҰ-ның қазіргі жіктеуі бойынша RAEB-T (бласттардың 21-30%) бар пациенттер ЖМЛ бар пациенттер болып саналады. Симптоматикалық еммен (BSC) біріктірілген азацитидин (n = 179) стандартты емдеу сызбаларымен (CCR) салыстырылды. CCR құрамына мыналар кірді:
• тек симптоматикалық ем (BSC) (n = 105),
• төмен дозалы цитарабин емі + BSC (n = 49),
• стандартты индукциялық химиотерапия + BSC (n = 25).
Пациенттерді, егер оларға азацитидин тағайындалмаса дәрігерлер алдын ала CCR үш тобының біріне бөлді. Зерттеуге қатысу үшін пациенттер ECOG 0–2 (физикалық белсенділікті бағалау) шкаласы бойынша мәртебеге ие болуы керек еді. Қайталама МДС бар пациенттер зерттеуден шығарылды.
Зерттеудің негізгі мақсаты жалпы тірі қалу болды. Азацитидин тері астына 75 мг/м2 дозада күн сайын 7 күн бойы, 21 күн үзіліспен (ұзақтығы 28 күндік цикл) енгізілді. Орташа алғанда, пациенттер 9 циклден өтті (1- ден 39-ға дейін), орташа мәні — 10,2 цикл. Қатысушылардың орташа жасы 69 жасты құрады (38-ден 88 жасқа дейін).
358 пациентті (179 азацитидин, 179 стандартты ем, CCR алды) қамтитын «емдеу ниеті» (ITT) қағидаты бойынша талдауда азацитидинмен емдеу CCR тобындағы 15,02 аймен салыстырғанда 24,46 ай тірі қалу медианасын қамтамасыз етті. Айырмашылық 9,4 айды құрады, p = 0,0001 (стратификацияланған лог-дәрежедегік тест).
Қауіптер қатынасы (HR) 0,58 (95% СА: 0,43–0,77) құрады, бұл азацитидинді қолдану кезінде өлім қаупінің 42% төмендегенін көрсетеді.
Екі жылдан кейін азацитидинмен емделген пациенттердің 50,8%-ы CCR тобындағы 26,2%-ға қарсы тірі қалды (p < 0,0001).
Тірі қалу пропорциясыТірі қалу пропорциясыСтратификацияланған лог-дәреже критерийі: p = 0,0001Қауіптер қатынасы (HR): 0,58 (95% СА: 0,43-0,77)Өлім жағдайларының саны: азацитидин — 82, CCR — 113Стратификацияланған лог-дәреже критерийі: p = 0,0001Қауіптер қатынасы (HR): 0,58 (95% СА: 0,43-0,77)Өлім жағдайларының саны: азацитидин — 82, CCR — 113
Рандомизациядан кейінгі уақыт (айлар)
AZA — 179 — 152 — 130 — 85 — 52 — 36 — 10 — 1 — 0
CCR — 179 — 132 — 95 — 69 — 32 — 14 — 5 — 0 — 0
AZA-азацитидин; CCR-стандартты емдеу сызбалары; CI-сенімді аралық; HR — қауіптер қатынасы.
Азацитидиннің тірі қалуға қатысты артықшылығы CCR бақылау тобында қолданылған емдеу сызбасына қарамастан сақталды (тек симптоматикалық ем, симптоматикалық еммен төмен дозалы цитарабин немесе симптоматикалық еммен стандартты индукциялық химиотерапия).
IPSS шкаласы бойынша цитогенетикалық қосалқы топтарды талдау барлық топтардағы жалпы тірі қалу медианасының салыстырмалы мәндерін көрсетті (қолайлы, аралық және қолайсыз кариотип, соның ішінде моносомия 7).
Жасы келген қосалқы топтарда барлық санаттардағы жалпы тірі қалу медианасының өсуі байқалды: < 65 жас, ≥ 65 жас және ≥ 75 жас.
Азацитидинмен емдеу өлімге дейінгі медианалық уақыттың ұлғаюымен немесе жедел миелобласттық лейкозға айналуымен байланысты болды (CCR тобындағы 7,6 айға қарсы 13,0 ай), бұл 5,4 айға жақсарумен сәйкес келді (p = 0,0025, стратификацияланған лог-дәрежедегік тест).
Азацитидинмен емдеу аясында цитопения жиілігінің және ілеспе симптомдардың ауырлығының төмендеуі, сондай-ақ эритроциттер мен тромбоциттерді трансфузиялау қажеттілігінің төмендеуі байқалды. Енгізу кезінде эритроциттік трансфузияға тәуелді пациенттердің арасында 45,0% - ы емдеу барысында трансфузиялық тәуелсіз болды, бұл біріктірілген CCR тобындағы 11,4% - бен салыстырғанда. Айырмашылық 33,6%-ды құрады (95% СА: 22,4–44,6; p < 0,0001) және статистикалық маңызды болды.
Эритроциттер бойынша трансфузиялық тәуелсіздікке қол жеткізген пациенттерде оның азацитидин тобындағы медианалық ұзақтығы 13 айды құрады.
Емдеуге жауапты бағалауды зерттеуші немесе Тәуелсіз сараптау комитеті (IRC) жүргізді. Жалпы жауап жиілігі (толық ремиссия [CR] + жарптылай ремиссия [PR]) зерттеушінің бағалауы бойынша азацитидин тобында 29%-ды және біріктірілген CCR тобында 12%-ды (p = 0,0001) құрады. AZA PH GL 2003 CL 001 зерттеуіндегі IRC бағалауы бойынша жалпы жауап жиілігі (CR + PR) азацитидин тобында 7%-ды (179-дан 12) және CCR тобында 1%-ды (179-дан 2) (p = 0,0113) құрады.
IRC мен зерттеушінің бағалауы арасындағы айырмашылықтар Халықаралық жұмыс тобының (IWG) критерийлері осы жақсартуларды кем дегенде 56 күн бойы сақтай отырып, шеткергі қан көрсеткіштерін жақсартуды талап ететіндігімен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, азацитидинмен емнің клиникалық пайдасы толық немесе жартылай ремиссияға жетпеген пациенттерде байқалды. IRC бағалауы бойынша гематологиялық жақсару (елеулі немесе шамалы) CCR тобындағы 29%-бен (p < 0,0001) салыстырғанда азацитидин тобындағы пациенттердің 49% -ында байқалды.
Бастапқы деңгейде бір немесе бірнеше цитогенетикалық ауытқулары бар пациенттерде маңызды цитогенетикалық жауаптың жиілігі топтар арасында салыстырмалы болды. Алайда, кішігірім цитогенетикалық жауаптың жиілігі CCR тобымен (10%) (p = 0,0015) салыстырғанда азацитидин тобында (34%) статистикалық тұрғыдан айтарлықтай жоғары болды.
ЖМЛ және сүйек кемігінде > 30% бласт бар 65 жастан асқан ересек пациенттер
Төменде келтірілген деректер AZA-AML-001 зерттеуінен «емдеу ниеті» (ITT) қағидаты бойынша популяцияға қатысты (тіркелген көрсетім бойынша 4.1-бөлімді қараңыз).
Азацитидиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі халықаралық, көп орталықты, бақыланатын, ашық, ІІІ фазадағы рандомизацияланған зерттеуде, алғаш рет диагноз қойылған (de novo) немесе сүйек кемігінде бласттардың 30% - дан астамы бар қайталама жедел миелобластты лейкозы бар (ЖМЛ) (ДДҰ жіктеуі бойынша), гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялауға (ГДЖТ) жатпайтын 65 жастан асқан пациенттерде зерделенді.
Азацитидин симптоматикалық еммен (BSC) (n = 241) біріктірілімде стандартты емдеу сызбаларымен (CCR) салыстырылды, соның ішінде: тек BSC (N = 45), төмен дозалы цитарабин + BSC (n = 158), цитарабинмен және антрациклинмен + BSC (n = 44) стандартты индукциялық химиотерапия. CCR сызбасын тағайындауды емдеуші дәрігер рандомизацияға дейін жүзеге асырды. Пациенттер азацитидин тобына рандомизацияланбаған жағдайда алдын ала белгіленген сызбаны алды.
Қосу критерийлері ECOG 0–2 шкаласы бойынша мәртебені және аралық немесе қолайсыз цитогенетикалық бұзылулардың болуын болжады. Зерттеудің негізгі соңғы нүктесі жалпы тірі қалу болды.
Азацитидин 7 күн бойы күн сайын 75 мг/м² дозада тері астына енгізілді, содан кейін 21 күндік үзіліс (28 күндік ем циклі) болды. Циклдердің медианалық саны 6 болды (диапазон: 1-28). Бақылау тобындағы қосалқы топтар үшін медиана келесіні құрады:
- тек BSC: 3 цикл (1-20),
- төмен дозалы цитарабин + BSC: 4 цикл (1-25),
- стандартты индукциялық химиотерапия: 2 цикл (1-3; бір индукциялық + 1 немесе 2 консолидациялық).
Азацитидин және CCR топтарындағы пациенттердің бастапқы сипаттамалары салыстырмалы болды. Медианалық жас 75,0 жасты құрады (диапазоны: 64- тен 91 жасқа дейін), 75,2% еуропалық нәсілді, 59,0% - ер адамдар.
Қосу кезінде:
– 60,7% нақтыланбаған ЖМЛ ретінде жіктелді,
– 32,4% - миелодисплазиялық өзгерістермен ЖМЛ,
– 4,1% — еммен байланысты ЖМЛ,
– 2,9% — қайталанатын генетикалық ауытқулары бар ЖМЛ (ДДҰ жіктеуі бойынша).
ITT қағидаты бойынша (488 пациент: 241 — азацитидин, 247 — CCR) талдауда азацитидинмен емдеу CCR тобындағы 6,5 айға қарсы 10,4 айлық жалпы тірі қалу медианасын қамтамасыз етті. Айырмашылық 3,8 айды құрады, p = 0,1009 (екіжақты, стратификацияланған лог-дәрежедегік тест). Қауіптер қатынасы 0,85 құрады (95% СА: 0,69–1,03).
Бір жылдық тірі қалу азацитидин тобында 46,5%-ды және CCR тобында - 34,3%-ды құрады.
Стратификацияланбаған Log-rank p = 0,0829; стратификацияланған Log-rank p = 0,1009; тірі қалу медианасы: азацитидин — 10,4 ай (8,0–12,7), CCR — 6,5 ай (5,0–8,6); оқиғалар: азацитидин — 193 (80,1%), CCR — 201 (81,4%); цензураланған: азацитидин-48( 19,9%), CCR-46 (18,6%); ҚҚ: стратификацияланбаған — 0,84 (95% СА: 0,69–1,02), стратификацияланған — 0,85 (95% СА: 0,69–1,03).Стратификацияланбаған Log-rank p = 0,0829; стратификацияланған Log-rank p = 0,1009; тірі қалу медианасы: азацитидин — 10,4 ай (8,0–12,7), CCR — 6,5 ай (5,0–8,6); оқиғалар: азацитидин — 193 (80,1%), CCR — 201 (81,4%); цензураланған: азацитидин-48( 19,9%), CCR-46 (18,6%); ҚҚ: стратификацияланбаған — 0,84 (95% СА: 0,69–1,02), стратификацияланған — 0,85 (95% СА: 0,69–1,03).
Рандомизациядан кейінгі уақыт (айлар)
CCR — 247 — 150 — 108 — 80 — 53 — 40 — 25 — 10 — 3 — 1 — 0
AZA — 241 — 174 — 133 — 109 — 73 — 44 — 22 — 5 — 3 — 2 — 0
Кокс моделіне сәйкес (бастапқы болжамдық факторларға түзетілген), азацитидин үшін CCR–мен салыстырғандағы қауіптер қатынасы (HR) 0,80 құрады (95% СА: 0,66-0,99; p = 0,0355).
Зерттеу азацитидин мен алдын ала таңдалған CCR сызбалары арасындағы статистикалық маңызды айырмашылықты көрсетпесе де, азацитидинмен емделген пациенттердің тірі қалу деңгейі тек BSC, төмен дозалы цитарабин + BSC қабылдаған топтармен салыстырғанда жоғары және қарқынды химиотерапия + BSC тобымен салыстырмалы болды.
Барлық алдын ала анықталған қосалқы топтарда (<75 және ≥75 жас, жыныс, ECOG 0–2 мәртебесі, цитогенетикалық қауіп [аралық және жоғары], географиялық аймақ, ДДҰ бойынша AML жіктелуі [миелодисплазиялық өзгерістермен AML қоса], лейкоциттер деңгейі ≤5×10⁹/л және >5×10⁹/л, сүйек кемігіндегі бласттардың мөлшері [≤50% және >50%], МДС анамнез) азацитидин тобында жалпы тірі қалудың (OS) жоғарылау үрдісі байқалды. Бірнеше қосалқы топтарда айырмашылық статистикалық маңыздылыққа жетті: қолайсыз кариотипі бар пациенттерде, МДС аясында AML бар пациенттерде, әйелдерде, 75 жасқа дейінгі және лейкоциттер деңгейі қалыпты пациенттерде.
Гематологиялық және цитогенетикалық жауаптарды зерттеуші де, тәуелсіз комитет те (IRC) салыстырмалы нәтижелермен бағалады. IRC мәліметтері бойынша жалпы жауап (толық ремиссия [CR] + гемопоэздің толық емес қалпына келуімен толық ремиссия [CRi]]) азацитидин тобында 27,8% және CCR тобында 25,1% (p = 0,5384) болды. CR немесе CRi-ге жеткен пациенттерде ремиссияның ұзақтық медианасы азацитидин тобында 10,4 айды (95% СА: 7,2–15,2) және CCR тобында 12,3 айды (95% СА: 9,0–17,0) құрады. Сонымен қатар, азацитидинмен емнің клиникалық пайдасы CCR-мен салыстырғанда толық жауапқа жетпеген пациенттерде де байқалды.
Азацитидинмен емдеу шеткері қан көрсеткіштерін жақсартты және эритроциттер мен тромбоциттерді трансфузиялау қажеттілігін азайтты. Пациент рандомизацияға дейін немесе бақылау кезінде 56 күн ішінде эритроциттердің немесе тромбоциттердің кем дегенде бір трансфузиясын қажет етсе, трансфузияға тәуелді болып саналды. Егер кез келген дәйекті 56 күндік кезеңде сәйкесінше эритроциттердің немесе тромбоциттердің бірде-бір трансфузиясы қажет болмаса, пациент трансфузиядан тәуелсіз болып саналды.
Бастапқы деңгейде эритроциттердің трансфузиясына тәуелді азацитидин тобының пациенттері арасында 38,5% (95% СА: 31,1–46,2) емдеу барысында трансфузиядан тәуелсіз болды, бұл біріктірілген CCR тобындағы 27,6%-бен (95% СА: 20,9–35,1) салыстырғанда.
Бастапқы деңгейде эритроциттік трансфузияға тәуелді және ем аясында тәуелсіздікке қол жеткізген пациенттерде бұл тәуелсіздіктің медианалық ұзақтығы азацитидин тобында 13,9 айды құрады. CCR тобында медианаға қол жеткізілген жоқ.
Бастапқы деңгейде тромбоциттердің трансфузиясына тәуелді азацитидин тобындағы пациенттер арасында біріктірілген CCR тобындағы 29,3%-бен (95% СА: 19,7–40,4) салыстырғанда емдеу кезінде 40,6% (95% СА: 30,9–50,8) енді тромбоциттер трансфузиясын қажет етпеді. Ем басталғанға дейін тромбоциттер трансфузиясын қажет ететін және емдеу барысында трансфузиялық тәуелсіздікке қол жеткізген пациенттерде бұл кезеңнің медианалық ұзақтығы азацитидин тобында 10,8 айды және CCR тобында 19,2 айды құрады.
Денсаулыққа байланысты өмір сапасы (HRQoL) Еуропалық обырды зерттеу және емдеу ұйымының (EORTC QLQ-C30) сауалнамасы арқылы бағаланды. HRQoL деректері пациенттердің бір бөлігі үшін қолжетімді болды. Талдаудың шектеулеріне қарамастан, нәтижелер азацитидинмен емдеу аясында өмір сапасының клиникалық маңызды нашарлауы байқалмағанын көрсетеді.
Балалар
AZA-JMML-001 зерттеуі — бұл жақында диагноз қойылған немесе үдемелі миелодисплазия синдромы (МДС) немесе ювенильдік миеломоноциттік лейкемия (JMML) бар балалардағы гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау алдындағы азацитидиннің фармакокинетикасын, фармакодинамикасын, қауіпсіздігін және белсенділігін зерттеген халықаралық көп орталықты ашық II фазадағы зерттеу. Негізгі мақсат 3-емдеу циклінің 28-күнінде жауаптың жиілігін бағалау болды.
Зерттеуге 3 айдан 15 жасқа дейінгі МДС (n = 10) және JMML (n = 18) бар пациенттер енгізілді; 71%-ы — ұлдар. Барлық пациенттер азацитидинді 28 күндік циклдің 1-ден 7-күніне дейін күн сайын 75 мг/м² дозада вена ішіне қабылдады. Кем дегенде 3 цикл, максимум — 6.
МДС тобына қабылдау тиімділіктің болмауына байланысты 10 пациентті қосқаннан кейін тоқтатылды: бір де бірінде емдеуге расталған жауап болмады.
JMML-тобына соматикалық мутациялар анықталған 18 пациент қатысты (13 — PTPN11, 3 — NRAS, 1 — KRAS), сондай-ақ 1 типті нейрофиброматоз (NF-1) клиникалық диагнозымен бір жағдай. Он алты пациент ≥3 емдеу циклін аяқтады, оның 5-і — 6 цикл.
3-циклдің 28-күніне қарай 18 пациенттің 11-інде (61%) клиникалық жауап байқалды. Олардың 9 -ында (50%) расталған клиникалық жауап болды (3 — гемопоэздің қалпына келуімен толық ремиссия [CR], 6— жартылай ремиссия [PR]).
Азацитидин қабылдаған JMML пациенттері арасында: 7 (43,8%) тромбоциттер деңгейінің тұрақты қалпына келуі байқалды (≥100 × 10⁹/л), 7-і (43,8%) ГДЖТ жүргізген сәтте трансфузиялық қолдауды қажет етпеді. Нәтижесінде 18 пациенттің 17-сі трансплантациядан өтті.
Дизайнның шектеулеріне байланысты (қатысушылардың аз саны және ықтимал ығысу факторларының болуы) азацитидиннің ГДЖТ алдындағы JMML нәтижелеріне әсері туралы нақты қорытынды жасауға болмайды.
AZA-AML-004 зерттеуі — ісікке қарсы емді қайтадан алмаған, бірінші ремиссиядан (CR1) кейін ЖМЛ молекулалық қайталануы бар балалар мен жасөспірімдердегі азацитидиннің қауіпсіздігін, фармакодинамикасын және тиімділігін бағалауға бағытталған халықаралық, көп орталықты, II фазаны ашық зерттеу.
Жеті пациент (медианалық жасы-6,7 жас; диапазоны: 2-12 жас; 71,4% - ұлдар) азацитидинді 28 күндік циклдің 1-ден 7-күніне дейін күн сайын 100 мг/м² дозада вена ішіне қабылдады. Минимум — 3 цикл.
Емнің 84-күніне қарай бес пациентте ең аз қалдық аурудың (MRD) болуы тіркелді:
– 3-інде — молекулалық тұрақтандыру,
– 1-інде — молекулалық ремиссия,
– 1-інде — клиникалық рецидив.
7 пациенттің алтауы (90%) [95% СА: 0,4–1,0] азацитидинмен емнен кейін трансплантацияға ауыстырылды.
Іріктеме мөлшері аз болғандықтан, ЖМЛ бар балалардағы азацитидиннің тиімділігін бағалау мүмкін емес.
Қауіпсіздік туралы ақпарат алу үшін 4.8-бөлімді қараңыз.