МДС, СММЛ және ЖМЛ бар ересек пациенттер (сүйек кемігінде 20-30% бласт)
Азацитидинді қолданумен байланысты ықтимал немесе болуы мүмкін жағымсыз реакциялар пациенттердің 97%-да байқалды.
Негізгі тіркелетін (AZA PH GL 2003 CL 001) зерттеулерде тіркелген, сондай-ақ қосымша (CALGB 9221 және CALGB 8921) зерттеулерде өте жиі күрделі жағымсыз реакцияларға фебрильді нейтропения (8,0%) және анемия (2,3%) жатады.
Осы 3 зерттеудегі басқа да ауыр жағымсыз реакциялар өзіне нейтропения аясындағы сепсисті (0,8%), пневмонияны (2,5%) (кейбір жағдайларда – өліммен аяқталған), тромбоцитопенияны (3,5%), аса жоғары сезімталдық реакциясын (0,25%) және қан кетулерді (мысалы, миға қан құйылу [0,5%], асқазан-ішектік қан кетуді [0,8%] және бассүйекішілік қан кетуді [0,5%]) қамтыды.
Азацитидинмен емдеген кезде өте жиі кездесетін жағымсыз реакциялар, тромбоцитопенияны, нейтропенияны және лейкопенияны (әдетте ауырлығы 3-4 дәрежедегі) қоса, гематологиялық ракциялар (71,4%); жүректің айнуын және құсуды (әдетте ауырлығы 1-2 дәрежедегі) қоса, асқазан-ішектік асқынулар (60,6%), немесе енгізген жердегі реакциялар (77,1%, әдетте ауырлығы 1-2 дәрежедегі).
• ЖМЛ және сүйек кемігінде > 30% бласт бар, 65 жастағы және одан үлкен пациенттер
Азацитидин қабылдаған пациенттер тобында клиникалық AZA-AML-001 зерттеулер аясында тіркелген өте жиі (≥10%) күрделі ЖДР-ге фебрильді нейтропения (25 %), пневмония (20,3 %) және пирексия (10,6 %) жатқызылды. Осы пациенттерде мыналар аз жиілікпен кездесті: сепсис (5,1%), анемия (4,2%), нейтропениялық сепсис (3,0%), несеп шығару жолдарының инфекциялары (3,0%), тромбоцитопения (2,5%), нейтропения (2,1%), теріасты шелінің қабынуы (2,1%), бас айналу (2,1%) және ентігу (2,1%).
Пациенттердің осы тобында ≥ 30% жиілікпен кездескен күрделі ЖДР ішінде (ауырлығы әдетте 1-2 дәрежедегі), іш қатуды (41,9 %), жүректің айнуын (39,8 %) және диареяны (36,9 %) қоса, АІЖ тарапынан бұзылулар; жалпы бұзылулар және пирексияны қоса, (37,7%, (әдетте ауырлығы 1-2 дәрежедегі) енгізген жердегі реакциялар, және фебрильді нейтропенияны (32,2%), және нейтропенияны (30,1%) қоса, (әдетте ауырлығы 3-4 дәрежедегі) гематологиялық бұзылулар байқалды.
Жағымсыз реакциялардың жиілігі былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес);
Өте жиі
- пневмония* (бактериялық, вирустық және зеңдік қоса алғанда), назофарингит.
- фебрильді нейтропения*, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, анемия.
- анорексия, тәбеттің төмендеуі, гипокалиемия.
- ұйқысыздық.
- бас айналу, бас ауыру.
- ентігу, мұрыннан қан кету.
- диарея, құсу, іш қату, жүрек айну, іштің ауыруы (эпигастрий аумағында және іштегі жайсыздық сезімін қоса).
- петехиялар, қышыну (жайылған қышынуды қоса), бөртпе, экхимоздар.
- артралгия, сүйек-бұлшықет ауыруы (арқаның, сүйектің және аяқ-қолдың ауыруды қоса).
- пирексия*, қатты қажу, астения, кеуденің ауыруы, енгізу орнындағы қызару, енгізу орнындағы ауырсыну (нақтыланбаған).
- дене салмағының азаюы.
Жиі
- сепсис* (бактериялық, вирустық және зеңдік қоса), нейтропения аясындағы сепсис*, тыныс алу жолдарының инфекциясы (жоғарғы бөлімдер мен бронхит), несеп шығару жолдарының инфекциясы, тері асты шелінің қабынуы, дивертикулит, ауыз қуысының шырышты қабығының зеңдік зақымдануы, синусит, фарингит, ринит, қарапайым герпес, тері инфекциялары.
- панцитопения*, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі.
- дегидратация.
- сананың шатасуы, үрейлену.
- бассүйекішілік қан кету*, естен тану, ұйқышылдық, летаргия.
- көзішілік қан кету, конъюнктиваға қан құйылу.
- перикард қуысына жалқық.
- артериялық қысымның төмендеуі*, артериялық қысымның жоғарылауы, ортостаздық гипотензия, гематомалар.
- плевралық жалқық, дене жүктемесі кезінде ентігу, көмей мен жұтқыншақтың ауыруы.
- асқазан-ішектен қан кету* (ауыз қуысындағы қан кетуді қоса), геморроидальді қан кету, стоматит, қызыл иектің қанталауы, диспепсия.
- пурпура, алопеция, есекжем, эритема, дақты бөртпе.
- бұлшықеттің түйілуі, миалгия.
- бүйрек жеткіліксіздігі*, гематурия, креатинин деңгейінің жоғарылауы.
- қан құйылу, гематома, тығыздану, бөртпе, қышыну, қабыну, тері жабыны түсінің өзгеруі, түйіндердің пайда болуы және қанталау (инъекция орнында), дімкәстану, қалтырау, катетер орнатылған жерде қан кету.
- дене салмағының азаюы.
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық реакциялары.
- перикардит.
- бауыр жеткіліксіздігі*, үдемелі бауыр комасы.
- жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз, гангренозды пиодермия.
- бүйрек өзекшелік ацидоз.
Сирек
- ісік лизисі синдромы.
- өкпенің интерстициялық ауруы.
- инъекция орнындағы некроз.
Жиілігі анықталмаған
- некрозданатын фасциит*
- дифференциация синдромы*а.
* сирек өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарланды.
а – Арнайы сақтандырулар бөлімін қараңыз.
Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Гематологиялық жағымсыз реакциялар
Азацитидинді қолданумен байланысты жиі байқалған (≥10 %) жағымсыз гематологиялық реакциялар анемия, тромбоцитопения, нейтропения, фебрильді нейтропения және лейкопения болып табылды және әдетте 3 немесе 4 ауырлық дәрежесінде болды. Бұл реакциялардың ең үлкен даму қаупі емнің алғашқы екі циклі кезінде байқалады, содан кейін олар қалпына келтірілген гематологиялық көрсеткіштері бар пациенттерде аз жиілікте пайда болады. Гематологиялық реакциялардың басым бөлігі қанның толық талдауын тұрақты мониторингтеу, емдеудің кезекті циклын кейінге қалдыру, нейтропения кезінде антибиотиктерді және/немесе қажет болған жағдайда анемия немесе тромбоцитопения кезінде гемотрансфузиялар кезінде гранулоцитарлық колония стимуляциялайтын факторды (ГКСФ) профилактикалық тағайындау кезінде рұқсат етіледі.
Инфекциялар
Миелосупрессия нейтропенияға және инфекция қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Пациенттерде азацитидинмен емдеу аясында сепсис, оның ішінде нейтропения аясында және пневмония сияқты елеулі жағымсыз реакциялар, кейбір жағдайларда – өліммен аяқталған жағдаймен байқалған. Инфекция дамыған жағдайда нейтропения кезінде бактерияға қарсы ем мен гранулоцитарлық колония стимуляциялайтын факторды (ГКСФ) тағайындау талап етіледі.
Қан кету
Азацитидинмен ем қабылдайтын пациенттерде қан кетулер, оның ішінде асқазан-ішек және бассүйекішілік қан кетулер сияқты елеулі жағымсыз реакциялар санатына жататын қан кетулер дамуы мүмкін. Қан кетуді диагностикалауға мүмкіндік беретін белгілер мен симптомдарды, әсіресе негізгі емдеу аясында бастапқы немесе дамыған тромбоцитопениямен пациенттерді бақылау қажет.
Аса жоғары сезімталдық
Азацитидинмен ем қабылдаған пациенттерде ауыр санатқа жататын аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған. Анафилаксиялық реакциялар дамыған жағдайда азацитидинмен емдеуді дереу тоқтатып, симптоматикалық ем тағайындау керек.
Тері және тері асты тіндері тарапынан
Тері мен тері асты шелмайының жағымсыз реакцияларының көпшілігі инъекция орнында байқалды. Бұл реакциялар ешқашан клиникалық зерттеулер барысында азацитидин дозасын жоюға немесе азайтуға әкелмеді. Реакциялардың көпшілігі емдеудің алғашқы екі циклі кезінде пайда болды, бұл ретте емдеуді жалғастыру кезінде олардың азаю үрдісі байқалды. Бөртпе, қабыну, қышыну, эритема және терінің зақымдануы сияқты жергілікті жағымсыз реакциялар антигистаминді препараттармен, кортикостероидтармен және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) қатар емдеуді тағайындауды талап етуі мүмкін.
Бұл тері реакцияларын кейде инъекция орнында дамитын жұмсақ тіндердің инфекцияларымен саралау керек. Сирек жағдайларда өлімге әкелетін флегмонаны және некрозданатын фасциитті қоса, жұмсақ тіндердің инфекциялары тіркеуден кейінгі кезеңде азацитидинді қолдану аясында байқалды. Инфекциялық асқынуларды емдеу бойынша ұсынымдар жоғарыда «Инфекциялар» бөлімінде келтірілген.
Асқазан-ішек жолы тарапынан
Азацитидинмен емдеу аясында іш қату, диарея, жүрек айну және құсу жиі байқалды. Бұл ЖДР симптоматикалық агенттердің көмегімен тоқтатылды: құсуға қарсы– жүрек айнуы мен құсу кезінде, диареяға қарсы – диареяда және іш жүргізетін - іш қатуда.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Азацитидинмен ем қабылдаған пациенттерде креатинин мен гематурия концентрациясының жоғарылауынан бүйрек өзекшелік ацидозына және бүйрек жеткіліксіздігіне, оның ішінде өліммен аяқталғандарға дейін әртүрлі жай-күйлерді қамтитын бүйрек функциясының бұзылуы байқалды.
Бауыр функциясының бұзылуы
Азацитидинмен емдеу аясында бауырдың кең таралған метастаздық зақымдануы бар пациенттерде бауыр жеткіліксіздігінің және өліммен аяқталатын үдемелі бауыр комасының даму жағдайлары байқалды.
Жүрек-қантамыр ЖДР
Анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары немесе өкпе аурулары бар пациенттерде клиникалық зерттеулер барысында алынған деректер азацитидинмен ем қабылдаған, алғаш рет диагноз қойылған ЖМЛ бар пациенттерде жағымсыз жүрек-қантамыр құбылыстарының жиілігі едәуір жоғары екенін көрсетті.
Егде жастағы пациенттер
≥ 85 жастағы егде жастағы пациенттер үшін азацитидинді қолдану қауіпсіздігі туралы деректер шектеулі (AZA-AML-001 зерттеуіне ≥ 85 жастағы 14 пациент қатысты [5,9%]).
Педиатриялық популяция
AZA-JMML-001 зерттеуінде 28 педиатриялық пациент (1 айдан 18 жасқа дейін) МДС (n = 10) немесе ювенильді миеломоноцитарлы лейкемия (JMML) (n = 18) үшін азацитидин қабылдады .
Барлық 28 пациентте кем дегенде 1 жағымсыз құбылыс болды, ал 17-де (60,7 %) емдеуге байланысты кем дегенде 1 жағымсыз құбылыс болды. Жалпы педиатриялық популяциядағы ең жиі жағымсыз құбылыстар гипертермия, анемияны, тромбоцитопенияны және фебрильді нейтропенияны қоса алғанда гематологиялық бұзылулар және іш қату мен құсуды қоса, асқазан-ішек бұзылулары болды. Үш (3) субъектіде емнің басталуына байланысты жағымсыз құбылыс пайда болды, ол препаратты қабылдауды тоқтатуға алып келді (гипертермия, аурудың өршуі және іштің ауыруы).
AZA-AML-004 зерттеуінде 7 педиатриялық пациент (2 жастан 12 жасқа дейін) алғашқы толық ремиссиядан кейін молекулалық рецидив кезінде ЖМЛ емдеу үшін азацитидин қабылдады [CR1].
Барлық 7 пациентте еммен байланысты кем дегенде 1 жағымсыз құбылыс байқалды. Ең жиі жағымсыз құбылыстар нейтропения, жүрек айну, лейкопения, тромбоцитопения, диарея және аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы болды. Екі пациентте емделумен байланысты оқиға болды, бұл курстың үзілуіне әкелді (фебрильді нейтропения, нейтропения).
Клиникалық зерттеу барысында азацитидин қабылдаған (педиатриялық пациенттердің шектеулі санынан) қауіпсіздік бойынша жаңа сигналдар табылған жоқ. Қауіпсіздіктің жалпы бейіні ересек халықтың бейініне сәйкес келді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz