Өте жиі
- диарея
- көру қабілетінің бұзылуы
Жиі
- анорексия
- бас ауыруы
- құсу, іштің ауыруы, жүрек айнуы
- қандағы лимфоциттер мөлшерінің төмендеуі, қандағы эозинофилдер мөлшерінің артуы, қандағы бикарбонат мөлшерінің төмендеуі, базофилдердің көбеюі, моноциттердің көбеюі, нейтрофилдердің көбеюі
Жиі емес
- кандидоз, ауыз қуысының кандидозы, қынап инфекциялары, пневмония, зеңдік инфекция, бактериялық инфекция, фарингит, гастроэнтерит, респираторлық бұзылулар, ринит
- лейкопения, нейтропения, эозинофелия
- Квинке ісінуі, аса жоғары сезімталдық
- күйгелектік, ұйқысыздық
- бас айналу, ұйқышылдық, парестезия, дисгевзия
- есту қабілетінің бұзылуы, құлақтың шыңылдауы
- жүрек соғуының жиілеуі
- ысынулар
- ентігу, мұрыннан қан кету
- гастрит, іш қату, дисфагия, іштің кебуі, ауыздың құрғауы, кекіру, ауыз қуысының ойық жаралары, сілекейдің гиперсекрециясы
- қышыну және бөртпе, есекжем, дерматит, терінің құрғауы, гипергидроз
- остеоартрит, миалгия, арқаның ауруы, мойын ауруы
- дизурия, бүйрек ауруы
- метроррагия, аденома
- кеуде қуысының ауыруы, ісінулер, дімкәстану, астения, шаршау, беттің ісінуі, қызба, ауыру, шеткері ісіну
- қандағы аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің қалыптан ауытқуы, қандағы сілтілі фосфатазаның жоғарылауы, хлорид деңгейінің жоғарылауы, глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттердің ұлғаюы жоғарылауы, қан гематокритінің төмендеуі, бикарбонат деңгейінің жоғарылауы, натрийдің аномалиялық деңгейі.
Сирек
- ажитация
- бауыр функциясының бұзылуы, холестаздық сарғаю
- жедел жайылған экзантемалық пустулез (ЖЖЭП), эозинофилиямен және жүйелік көріністермен (DRESS) дәрілік бөртпе, фотосезімталдық реакциялары
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- жалған жарғақшалы колит
- тромбоцитопения, гемолиздік анемия
- анафилаксиялық реакция
- озбырлық, үрейлену, делирий, елестеулер
- естен тану, конвульсиялар, гипестезия, психомоторлық гиперактивтілік, аносмия, агевзия, паросмия, гравис миастениясы
- кереңдік және/немесе құлақтағы шуылды қоса, есту қабілетінің бұзылуы
- пируэтті тахикардия, қарыншалық тахикардияны қоса аритмия, электрокардиограмма QT аралығының ұзаруы
- артериялық гипотензия
- панкреатит, тіл түсінің өзгеруі
- сирек жағдайларда өлімге соқтыратын бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, шұғыл дамитын гепатит, бауыр некрозы
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, мультиформалы эритема
- артралгия
- бүйрек жеткіліксіздігі, жедел интерстициальді нефрит
Mycobacterium Avium Complex профилактикасы мен емдеуімен байланысты болуы мүмкін немесе ықтималн жағымсыз реакциялар клиникалық зерттеу тәжірибесіне және маркетингтен кейінгі бақылауға негізделген. Бұл жағымсыз реакциялар сипатта да, жиілікте де дереу босап шығатын немесе босап шығуы ұзарған препараттарды қолдану кезінде хабарланғандардан ерекшеленеді:
Өте жиі
- диарея, іштің ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм, іштегі жайсыздық, сұйық нәжіс
Жиі
- анорексия
- бас айналу, бас ауруы, парестезия, дисгевзия
- көру қабілетінің бұзылуы
- кереңдік
- бөртпе, қышыну
- артралгия
- шаршау
Жиі емес
- Гипестезия
- есту қабілетінің бұзылуы
- құлақтағы шуыл
- жүрек соғысы
- Гепатит
- СДС, фотосенсибилизация реакциясы
- астения, дімкәстік
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz