Өте жиі
• диарея
Жиі
• бас ауыруы
• құсу, іштің ауыруы, жүрек айнуы
• лимфоциттер санының азаюы, эозинофилдер санының көбеюі, қан бикарбонатының төмендеуі, базофилдер санының көбеюі, моноциттер санының көбеюі, нейтрофилдер санының көбеюі
• шаршау
Жиі емес
• кандидоз, қынаптық инфекциялар, пневмония, зеңдік инфекциялар, бактериялық инфекциялар, фарингит, гастроэнтерит, тыныс алу бұзылыстары, ринит, ауыз қуысының кандидозы
• ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық реакциясы
• күйгелектік, ұйқысыздық
• лейкопения, нейтропения, эозинофилия
• көру қабілетінің бұзылуы
• құлақ ауруы, бас айналуы
• жүректің жиі қағуы
• ысынулар
• ентігу, мұрыннан қан кету
• гастрит, іш қату, метеоризм, диспепсия, гастрит, дисфагия, іштің кебуі, ауыздың құрғауы, кекіру, ауыз қуысының ойық жаралары, сілекейдің гиперсекрециясы
• бөртпе, қышыну, есекжем, дерматит, құрғақ тері, гипергидроз
• остеоартрит, миалгия, арқаның ауыруы, мойынның ауыруы
• дизурия, бүйрек ауыруы
• метроррагия, аталық бездің бұзылуы
• ісіну, астения, дімкәстік, шаршау, беттің ісінуі, кеудедегі ауыру, пирексия, ауырсыну, шеткері ісіну
• АСТ және АЛТ жоғарылауы, қандағы билирубиннің жоғарылауы, қандағы мочевинаның жоғарылауы, қан креатининінің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, хлорид деңгейінің жоғарылауы, глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы, гематокриттің төмендеуі, бикарбонаттың жоғарылауы, қандағы натрий деңгейінің жоғарылауы
• анорексия
• бас айналуы (вертиго)
• ұйқышылдық
• дисгеузия (дәмнің бұзылуы), парестезия
Сирек
• қозу
• жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)
• фотосезімталдық реакциясы
• бауыр функциясының бұзылуы, холестаздық сарғаю
Белгісіз
• жалған жарғақшалы колит
• тромбоцитопения, гемолитикалық анемия
• ауыр анафилаксиялық реакциялар (анафилаксиялық шок)
• озбырлық, мазасыздық, сандырақ, елестеулер
• естен танулар, құрысулар, гипоэстезиялар, психомоторлы қозу, аносмия (иіс сезудің жоғалуы), агевзия (дәмнің жоғалуы), паросмия (иісті сезудің бұзылуы), миастения гравис
• көрудің бұлыңғырлануы
• кереңдік және/немесе құлақтағы шуылды қоса, есту қабілетінің бұзылуы
• қарыншалық тахикардияны қоса, «пируэт» типті қарыншалық аритмия, электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы
• гипотензия
• панкреатит, тіл түсінің бұзылуы
• бауыр функциясының жеткіліксіздігі (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын), фульминантты гепатит, некроздық гепатит
• бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит
• Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некроз, мультиформалы эритема
• артралгия
• эозинофилдермен реакция және жүйелік симптомдар (DRESS)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.