Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
1000 мг (875мг/125мг)
Саудалық атауы
Азмак
Әсер етуші зат
Амоксициллин и ингибитор бета-лактамазы
Мақсаты
Жедел бактериялық синусит (диагноз расталғанда), жедел ортаңғы отит
Өндіруші
Дева Холдинг А.Ш.
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
амоксициллин (амоксициллин тригидраты түрінде) 875 мг
клавулан қышқылы (калий клавуланаты түрінде) 125 мг.
қосымша заттар:
А типті натрий крахмалы гликоляты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза (Vivapur 112), гидратталған коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
қабығының құрамы: Opadry O4-F-28791 White® (гипромеллоза, титанның қостотығы, полиэтиленгликоль (макрогол)).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «DEVA» деген жазуы және екінші жағында сындыру сызығы бар, үлбірлі қабықпен қапталған иіссіз ақ таблеткалар.
• жедел бактериялық синусит (диагноз расталғанда)
• жедел ортаңғы отит
• созылмалы бронхиттің өршуі (диагноз расталғанда)
• ауруханадан тыс пневмония
• цистит
• пиелонефрит
• тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы (атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы - целлюлит, жануарлардың шағуы, жедел абсцесс және жақ-бет аумағының флегмоналары)
• сүйектер мен буындардың инфекциясы (атап айтқанда, остеомиелит)
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Амоксициллин-көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты кең спектрлі бактерияға қарсы белсенділігі бар жартылай синтетикалық антибиотик. Алайда Амоксициллин бета-лактамазалардың деградациясына ұшырайды, сондықтан тек амоксициллиннің белсенділік спектріне осы ферменттерді шығаратын организмдер кірмейді.
Клавулан қышқылы-бұл пенициллиндермен құрылымдық байланысқан бета-лактам, ол пенициллиндер мен цефалоспориндерге төзімді микроорганизмдерде жиі кездесетін бета-лактамаза ферменттерінің кең спектрін белсенді ете алмайды. Атап айтқанда, ол клиникалық маңызды плазмидке негізделген бета-лактамазаларға қатысты жақсы белсенділікке ие, көбінесе дәрілік төзімділікке жауап береді. Әдетте, мұның хромосомаға байланысты 1-типті бета-лактамазаларға қарсы тиімділігі аздау. Азмак препараттарында клавулан қышқылының болуы амоксициллинді бета-лактамазаның ферменттерімен деградациядан қорғайды және әдетте амоксициллинге және басқа пенициллиндер мен цефалоспориндерге төзімді көптеген бактерияларды қоса, амоксициллиннің бактерияға қарсы спектрін тиімді кеңейтеді. Осылайша, Азмак кең спектрлі антибиотиктің және бета-лактамазалар тежегіштерінің ерекше қасиеттеріне ие. Азмак организмдердің кең спектріне бактерицидтік әсер етеді.
Көптеген антибиотиктерге төзімділік бактериялық ферменттерден туындайды, ол патогенге әсер етпестен бұрын олар антибиотикті бұзады. Азмактағы клавуланат бета-лактамаза ферменттерін тежей отырып, осы қорғаныс механизмін болжайды, осылайша амоксициллиннің организмде оңай қолжетімді концентрациядағы тез бактерицидтік әсеріне сезімтал етеді.
Клавуланаттың өзі аз бактерияға қарсы белсенділікке ие, алайда Амоксициллинмен бірге, Азмак жағдайындағыдай, ол стационарлық және жалпы тәжірибеде кең қолданылатын кең спектрлі антибиотик өндіреді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Организмдер амоксициллин/ клавуланатқа in vitro сезімталдығына сәйкес төмендегіше жіктеледі.
Амоксициллин-клавуланаттың клиникалық тиімділігі клиникалық зерттеулерде көрсетілген жағдайларда, бұл жұлдызшамен (*) белгіленеді.
Бета-лактамаза өндірмейтін организмдер (†) көмегімен анықталады. Егер изолят амоксициллинге сезімтал болса, оны амоксициллинге/клавуланатқа да сезімтал деп санауға болады.
Дозалау режимі
Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза амоксициллин мен клавулан қышқылының құрамына қатысты біріктірілімде көрсетіледі.
Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Азмак препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет:
• Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы
• Ауырлығы мен жұқтыру орны
• Төменде көрсетілгендей пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы.
Азмак препараты шығарылуының альтернативті түрлерін (мысалы, амоксициллиннің неғұрлым жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндерді) қажетіне қарай қарастыру керек.
Салмағы>40 кг ересектер мен балалар үшін Азмак препаратының осы құрамы мен дәрілік түрі күніне екі рет қабылдаған кезде 1750 мг амоксициллин/250 мг клавулан қышқылының және төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындаған кезде 2625 мг амоксициллин/375 мг клавулан қышқылының жалпы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Салмағы 40 кг-нан аз балалар үшін Азмак препаратының осы құрамы мен дәрілік түрі төмендегі ұсынымдарға сәйкес тағайындалғанда 1000-2800 мг амоксициллин/143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің неғұрлым жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының артық жоғары тәуліктік дозаларын енгізбеу үшін басқа Азмак препаратын таңдау ұсынылады.
Ересектер мен балалар > 40 кг, ұсынылатын дозалар:
стандартты доза (барлық көрсеткіштер кезінде) — 1 таблетка 1000мг (875мг/125мг) тәулігіне 2 рет
Жоғары доза (отит, синусит, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы, несеп-жыныс жолдарының инфекциясы сияқты ауыр инфекцияларда) — 1 таблетка 1000мг (875мг/125мг) тәулігіне 3 рет
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар ˂40 кг:
12 жастағы және одан кіші немесе дене салмағы 40 кг-нан кем балаларды 500 мг/125 мг дозада таблетка түрінде, суспензиялар немесе педиатриялық сашелер түріндегі дәрілік түрлерімен емдеген жөн.
Таблеткаларды бөлуге болмайтындықтан, дене салмағы 40 кг-нан аз балаларға 1000мг (875мг/125мг) дозада таблеткаларды тағайындауға болмайды.
Азмак препаратының 7:1 құрамы үшін жасы 2 айлықтан кіші пациенттерге арналған ешқандай деректер жоқ. Сондықтан пациенттердің осы тобында дозалау бойынша ұсынымдар жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Дозалау режимін түзету талап етілмейді, ересек пациенттердегідей дозалау режимі қолданылады. Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттер үшін тиісті дозалар тағайындалады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин астам пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.
Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерде амоксициллиннің клавулан қышқылына қатынасы 7:1 болатын Азмак препаратының дәрілік түрін қолдану ұсынылмайды, өйткені дозаны түзету бойынша ешқандай ұсынымдар жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Азмак препараты пероральді қолдануға арналған.
Азмак препаратын асқазан-ішекке потенциалды жақпаушылығын азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек. Таблеткаларды бүтіндей жұтып, сумен ішіп, шайнауға, ұнтақтауға немесе таблетканы бөліктерге бөлуге болмайды. Тұншығу қаупін азайту үшін балаларға қабылдауда бір таблеткадан артық ішуге болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырусыз 14 тәуліктен артық жалғаспауы тиіс.
Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілген емге реакциясымен анықталуы тиіс. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) ұзақтау курсты қажет етуі мүмкін.
- пенициллиндерге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық
- басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамдарға) белгілі аса жоғары сезімталдық
- амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Симптомдары: асқазан-ішек бұзылыстары және су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы мүмкін.
Азмак препаратын бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындаған кезде немесе жоғары дозаларды пайдаланған кезде құрысулар дамуы мүмкін.
Қуық катетерлерінде, әсіресе жоғары дозаларында вена ішіне енгізу жолымен тағайындағаннан кейін амоксициллиннің шөгуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем жүргізу, су-электролиттік теңгерімін түзету. Азмак препараты қаннан гемодиализ көмегімен шығарылады.
Дәрілік препартты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтке жүгініңіз
Дәрілік препараттың стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялары сипаттамасы және осы жағдайда қабылданатын шаралар
Клиникалық зерттеулерде және постмаркетингтік кезеңде байқалған жағымсыз әсерлер төменде берілген және анатомиялық-физиологиялық жіктеу мен кездесу жиілігіне байланысты тізбеленген: өте жиі 10-нан ≥ 1, жиі 100-ден ≥ 1 және 10-нан < 1, жиі емес 1000-нан ≥ 1 және 100-ден < 1, сирек 10000-нан ≥ 1 және 1000-нан < 1, өте сирек 10000-нан < 1, жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі :
• тері және шырышты жабынның кандидозы
• диарея, жүрек айнуы, құсу,
Жүрек айнуы көбінесе препараттың жоғары дозаларын қолданумен байланысты болды. Егер препаратты қабылдау басталғаннан кейін асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар байқалса, оларды Азмак препаратын тамақтанудың басында қабылдаумен жоюға болады.
Жиі емес:
• бас айналу, бас ауруы;
• диспепсия, асқорытудың бұзылуы;
• АЛТ/АСТ бауыр ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы; Бұл реакция бета-лактамды антибиотиктермен ем алатын пациенттерде байқалады, алайда оның клиникалық маңызы белгісіз.
• тері бөртпесі, қышыну, есекжем;
Сирек:
• қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения;
• мультиформалы эритема;
Өте сирек:
• антибиотикпен астасқан колит (жалғанжарғақшалы және геморрагиялықты қоса);
• қара түкті тіл (тілдің жіп тәріздес бүртіктерінің созылмалы гиперплазиясы);
• балалардағы тіс эмалінің қайтымды беткейлік боялуы (тіс щеткасымен тазалағанда оңай кетеді);
Жиілігі белгісіз:
• асептикалық менингит;
• сезімтал емес микроорганизмдердің тез өсуі;
• қайтымды агранулоцитоз және гемолиздік анемия;
• қан кету уақытының және протромбин уақыты индексінің артуы;
• ангионевроздық ісіну, анафилаксия; сарысу құю ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит;
• қайтымды жоғары белсенділік, құрысулар (құрысулар бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, сондай-ақ препараттың жоғары дозаларын алатын адамдарда байқалуы мүмкін);
• гепатит, холестаздық сарғаю, бұл реакциялар пенициллин қатарындағы антибиотиктермен және цефалоспориндермен ем алатын пациенттерде, билирубин мен сілтілі фосфатаза концентрациясының жоғарылауы байқалады;
• IgA тәуелді сызықтық дерматоз;
• асептикалық менингит;
• Коунис синдромы (аллергиялық коронарлық синдром);
• дәрілік препаратпен индукцияланған энтероколит синдромы, жедел панкреатит;
• кристаллурия (бүйректің жедел зақымдануын қоса).
Бауыр тарапынан жағымсыз реакциялар негізінен ерлер мен егде жастағы пациенттерде байқалды және ұзақ еммен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағымсыз реакциялар балаларда өте сирек кездеседі. Аталған белгілер мен симптомдар әдетте емдеу процесінде немесе аяқталғаннан кейін бірден пайда болады, алайда жекелеген жағдайларда терапия аяқталғаннан кейін бірнеше апта ішінде байқалмауы мүмкін. Жағымсыз реакциялар, әдетте, қайтымды. Бауыр тарапынан жағымсыз реакциялар ауыр болуы мүмкін, өте сирек жағдайларда өліммен аяқталғаны туралы хабарламалар тіркелген. Барлық дерлік жағдайларда бұл қатар жүретін ауыр патологиясы бар пациенттер немесе бір мезгілде гепатоуытты препараттарды қабылдайтын пациенттер болды.
• Стивенс-Джонсон синдромы;
• уытты эпидермалық некролиз;
• буллезді эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулез; Осы симптомдар дамыған кезде препарат тоқтатылуы тиіс.
• интерстициальды нефрит, кристаллурия гематурия;
• эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен бірге дәрілік реакция (Drug reaction with eosinophilia and systemic symptoms – DRESS-синдром).
Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық және медициналық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Амоксициллин / клавулан қышқылымен емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды агенттерге аса жоғары сезімталдықтың алдыңғы реакцияларына қатысты жан-жақты анамнез жинау қажет.
Дәрілік препараттың құрамында препараттың бір реттік дозасында 29,00 мг А типті натрий крахмал гликолаты бар, тұзсыз диетадағы адамдарға сақтықпен тағайындау керек.
Аллергиялық реакциялар кезінде назар аудару керек жағдайлар:
- тері бөртпесі
- қан тамырларының қабынуы (васкулит), ол теріде қызыл немесе күлгін дөңес дақтар түрінде көрінуі мүмкін, бірақ дененің басқа бөліктерін де зақымдауы мүмкін
- қызба, буын ауруы, мойын, қолтық немесе шап бездерінің ісінуі
- тыныс алуды қиындататын ісіну, кейде бет немесе тамақ ісінуі (ангионевроздық ісіну)
- коллапс
-аллергиялық реакциялар аясындағы кеудедегі ауырсыну, бұл аллергиядан туындаған миокард инфарктісінің симптомы болуы мүмкін (Коунис синдромы)
Егер сізде осы белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз. [Азмак] <қабылдауды><пайдалануды тоқтатыңыз.
Жуан ішектің қабынуы
- Сулы диареяны тудыратын жуан ішектің қабынуы, әдетте қан мен шырыш аралас, іштің ауыруы және / немесе қызба.
- Ұйқы безінің жедел қабынуы (жедел панкреатит)
Егер сізде асқазан аумағында қатты және тұрақты ауырсыну болса, бұл жедел панкреатиттің белгісі болуы мүмкін. Дәрімен индукцияланған энтероколит синдромы (DIES):
DIES жағдайлары негізінен амоксициллин/клавуланат қабылдаған балаларда байқалды. Бұл қайталанатын құсудың жетекші симптомымен аллергиялық реакцияның бір түрі (препаратты <қабылдаудан> <енгізуден> <қолданудан> кейін 1-4 сағаттан кейін). Басқа белгілерге іштің ауыруы, сылбырлық, диарея және төмен қан қысымы кіруі мүмкін.
— Егер сізде осы белгілер пайда болса, мүмкіндігінше тезірек дәрігерден кеңес сұраңыз.
Жиілігі белгісіз (жиілікті қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес) Несептегі кристалдар жедел бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі
Ортасында қабығы бар шеңберлене орналасқан немесе інжу тізбегі түріндегі сулы бөртпе ( IgA сызықтық ауруы)
Ми мен жұлын айналасындағы қабықтардың қабынуы (асептикалық менингит)
Арнайы ескертулер
Аса жоғары сезімталдықтың ауыр және кейде өлімге әкелетін реакциялары (оның ішінде анафилактоидты және терінің елеулі жағымсыз реакциялары) пенициллинмен емдегі пациенттерде тіркелген. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдық тарихы бар адамдарда және атопиялық индивидуумдарда болуы ықтимал. Егер аллергиялық реакция пайда болса, амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді тоқтатып, тиісті балама ем тағайындау керек. Күрделі анафилаксиялық реакциялар кезінде пациентке дереу эпинефрин енгізу керек. Сондай-ақ, оксигенотерапия, глюкокортикостероидтарды вена ішіне енгізу және интубацияны қамтитын тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.
Тері аллергиялық реакциялары пайда болған жағдайда Азмак препаратымен емдеуді тоқтату қажет.
Инфекциялық мононуклеозға күмән туындаған кезде амоксициллин/клавулан қышқылынан аулақ болу керек, өйткені амоксициллинді пайдаланғаннан кейін қызылша тәрізді бөртпелер пайда болды.
Азмак препаратының бұл дәрілік түрі болжамды патогендер бета-лактамды агенттерге төзімді, яғни клавулан қышқылымен тежелуге сезімтал бета-лактамазалардың қатысы болмай, қауіптің жоғары кезінде пайдалануға жарамсыз. Препараттың бұл түрі пенициллинге төзімді S. pneumoniae емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.
Ұзақ мерзімді пайдалану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.
Азмак препаратын қабылдау аясында дәрежесі елеусіз түрден өмірге қауіп төндіретіндей күйге дейінгі антибиотикпен астасқан колиттің даму жағдайлары хабарланды. Осыған байланысты антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе одан кейін дамыған диареясы бар пациенттерде колиттің даму мүмкіндігін қарастыру қажет. Колит диагнозы расталған кезде Азмак препаратын дереу тоқтату керек; пациент қажетті ем жүргізу үшін дәрігермен кеңесуі тиіс. Бұл жағдайда антиперистальтикалық препараттарды қолдануға болмайды.
Емдеудің басында пустуламен байланысты қызбалы жайылған эритеманың пайда болуы жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) симптомы болуы мүмкін. Бұл реакция Азмак препаратын енгізуді тоқтатуды талап етеді және амоксициллиннің кез келген кейінгі енгізілуіне қарсылықты көрсетеді.
Соңынан Aspergillus инфекциясы табылмаған амоксициллин/ клавулан қышқылын қабылдайтын пациенттерде Platelia Aspergillus EIA Bio-Rad Laboratories тестін қолдана отырып, сынақтың оң нәтижелері туралы хабарланған. Aspergillus емес полисахаридтермен және Plateia Aspergillus EIA био-Rad Laboratories тестімен полифураноздармен айқаспалы реакциялар туралы хабарламалар болды. Демек, амоксициллин/ клавулан қышқылын қабылдайтын пациенттерде тесттің оң нәтижелерін абайлап интерпретациялау және басқа диагностикалық әдістермен растау керек.
Қан айналымының бұзылуы
Бүйрек, бауыр және қан түзу функцияларын қоса, ағзалар жүйесінің функцияларын мерзімді бағалау ұзақ ем кезінде ұсынылады.
Протромбин уақытын ұзарту амоксициллин / клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде сирек хабарланды. Антикоагулянттар бір уақытта тағайындалған кезде тиісті мониторинг қажет. Пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету антикоагуляцияның қажетті деңгейін ұстап тұру үшін қажет болуы мүмкін.
Азмак препаратында клавулан қышқылының болуы IgG мен альбуминді эритроциттердің жарғақшаларымен спецификалық емес байланыстыруды тудыруы мүмкін, бұл жалған оң Кумбс тестін беруі мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны сақтықпен тағайындау, сондай-ақ бауыр функциясын тұрақты бақылау керек. Амоксициллин / клавулан қышқылын бауыр жеткіліксіздігі белгілері бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Бауыр зақымдануының белгілері мен симптомдары әдетте емдеу басталған кезде немесе одан кейін бірден пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда ем тоқтағаннан кейін бірнеше апта ішінде байқалмауы мүмкін. Әдетте, олар қайтымды. Бауырдың бұзылуы өте ауыр болуы мүмкін және өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы туралы хабарланды. Олар әрдайым дерлік күрделі негізгі ауруы бар пациенттерде немесе бауырға әсер етуі мүмкін екендігі белгілі препараттарды бір уақытта қабылдаған адамдарда тіркелді.
Бауыр оқиғалары негізінен ерлер мен егде пациенттерде тіркелген және ұзақ емделумен байланысты болуы мүмкін. Бұл оқиғалар балаларда өте сирек кездескен.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза бұзылу дәрежесіне сәйкес түзетілуі тиіс.
Несеп бөлінуі төмендеген пациенттерде кристаллурия өте сирек, негізінен парентеральді еммен байқалды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізген кезде амоксициллин кристаллуриясының мүмкіндігін азайту мақсатында сұйықтықты талапқа сай қабылдауды және несеп шығаруды демеген жөн. Қуығында катетер бар пациенттерде өткізгіштігін үнемі тексеріп отыру керек.
Амоксициллинмен емдеу кезінде несептегі глюкозаның бар-жоғын тексеру үшін ферментативті глюкоза оксидазасын қолдану керек, өйткені ферментативті емес әдістермен жалған оң нәтиже алынуы мүмкін.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдағанда құрысулар пайда болуы ықтимал.
Басқа жай-күйлер
Ауыз қуысына күтім жасау препаратты қабылдаумен байланысты тіс түсінің өзгеруін болдырмауға көмектеседі, өйткені бұл үшін тісті тазалау жеткілікті.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат бас айналуды тудыруы мүмкін болғандықтан, пациенттерге көлік құралын басқару немесе қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары туралы ескерту қажет.
Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктіліктің, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпеген. Адамдарда жүктілік кезінде амоксициллин/клавулан қышқылының біріктірілімін пайдалану туралы шектеулі деректер туа біткен даму кемістіктерінің жоғары қаупін көрсетпейді. Ұрық жарғақшаларының мерзімінен бұрын жарылуы бар әйелдерде жүргізілген бір зерттеуде амоксициллин/клавулан қышқылымен профилактикалық ем жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколиттің даму қаупі жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екендігі анықталды. Препаратты дәрігер тағайындаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Екі әсер етуші зат та емшек сүтіне шығарылады. Азмак препараты әсер етуші заттары іздік мөлшерінің емшек сүтіне енуімен байланысты сенсибилизацияның, диареяның немесе ауыз қуысы шырышты қабығы кандидозының даму мүмкіндігін қоспағанда, емшек еметін балаларда басқа жағымсыз әсерлер байқалған жоқ. Емшек сүтімен қоректенетін балаларда жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда емшек емізуді тоқтату қажет. Азмак препаратын, егер ана үшін болжамды пайдасы балаға төнетін ықтимал қауіптен асып кетсе, емшек емізу кезінде қолдануға болады.
Пробенецид
Пробенецидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректік өзекшелік секрециясын азайтады. Азмак препаратымен бірге қолдану клавулан қышқылының емес, қандағы амоксициллин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Алопуринол
Амоксициллинмен емдеу кезінде Аллопуринолды бір мезгілде қолдану терінің аллергиялық реакциялары даму ықтималдығын арттыруы мүмкін. Аллопуринол мен Азмакты бір мезгілде қолдану туралы деректер жоқ.
Оральді контрацептивтер
Басқа антибиотиктер сияқты, Азмак ішек микрофлорасына әсер етуі ықтимал, бұл эстроген реабсорбциясының төмендеуіне және біріктірілген оральді контрацептивтер тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Пероральді антикоагулянттар
Пероральді антикоагулянттар мен пенициллинді антибиотиктер өзара әрекеттесу туралы хабарламаларсыз тәжірибеде кеңінен қолданылады. Алайда, әдебиетте аценокумарол немесе варфарин қабылдаған және амоксициллин курсын тағайындаған пациенттерде халықаралық қалыпқа келтірілген қатынастардың жоғарылау жағдайлары бар. Бірге қолдану қажет болған жағдайда протромбин уақытын немесе амоксициллинді қосумен немесе тоқтатумен халықаралық қалыптасқан арақатынасты мұқият бақылау керек. Сонымен қатар, пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Метотрексат
Пенициллин тобының препараттары метотрексаттың шығарылуын азайтуы мүмкін, бұл уыттылықтың ықтимал артуына әкеледі.
Микофенолат мофетилі
Микофенолат мофетилін қабылдайтын пациенттерде Азмак препаратымен бірге қолдану кезінде бастапқы дозаны тағайындағанда микофенол қышқылы белсенді метаболитінің концентрациясы шамамен 50%-ға төмендейді. Бастапқы доза концентрациясы деңгейінің өзгеруі микофенол қышқылы жиынтық концентрациясының өзгеруіне сәйкес келмеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 °С – ден аспайтын бөлме температурасында сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.