Жиі
• көрудің бұлыңғырлығы, көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, көзде бөгде затты сезіну, көз гиперемиясы
• дисгевзия
Жиі емес
• назофарингит, фарингит, синусит
• эритроциттер санының төмендеуі, хлоридтер деңгейінің жоғарылауы
• депрессия, апатия, көңіл-күйдің төмендеуі, либидоның төмендеуі, қорқынышты түстер, күйгелектік
• қозғалыс дисфункциясы, амнезия, бас айналуы, парестезия, бас ауыруы
• мөлдір қабық эрозиясы, кератит, нүктелік кератит, кератопатия, көздің бөліністері, мөлдір қабықтың боялуы, мөлдір қабық эпителийінің ақауы, мөлдір қабық эпителийінің бұзылуы, блефарит, көздің қышуы, конъюнктивит, көздің ісінуі, мейбомианит, ақ дақтар, көздің қарығуы, аллергиялық конъюнктивит, птеригиум, ақ қабықтың пигментациясы, астенопия, көздегі жайсыздық, көздің қалыптан тыс сезімі, құрғақ кератоконьюнктивит, субконьюнктивальды киста, конъюнктива гиперемиясы, қабақтың қышуы, көзден ағатын бөліністер, қабақтың шеттерінде қабыршақтың пайда болуы, жас ағудың көбеюі
• кардиореспираторлық дистресс, брадикардия, жүрек соғысы
• ентігу, мұрыннан қан кету, ауыз жұтқыншақтың ауыруы,
жұтқыншақтың ауыруы, тамақтың тітіркенуі, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы жөтел синдромы, ринорея, түшкіру
• эзофагит, диарея, жүрек айну, құсу, диспепсия, іштің жоғарғы жағының ауыруы, іштегі жайсыздық, асқазандағы жайсыздық, метеоризм, нәжістің жиілеуі, асқазан-ішек бұзылыстары, ауыз қуысының гипестезиясы, ауыз қуысының парестезиясы, ауыздың құрғауы
• бөртпе, дақты-папулезді бөртпе, терінің тартылуы
• арқаның ауыруы, бұлшықеттің түйілуі, бұлшықеттің ауыруы
• бүйрек проекциясындағы ауырсыну
• эректильді дисфункция
• ауырсыну, кеудедегі жайсыздық, шаршау, өзін нашар сезіну
• көздегі бөгде зат
Сирек
• ұйқысыздық
• есте сақтау қабілетінің бұзылуы, ұйқышылдық
• мөлдір қабықтың ісінуі, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, фотопсия, көз гипестезиясы, периорбитальды ісіну, көзішілік қысымның жоғарылауы, көру жүйкесі/диск тостағаншасының арақатынасының ұлғаюы
• тиннитус
• стенокардия, тамыр соғысының тұрақсыздығы
• бронхтардың аса жоғары реакциясы, жоғарғы тыныс алу жолдарының бітелуі, мұрын қуысының бітелуі, мұрынның бітелуі, жөтел, мұрын ішінің құрғауы
• есекжем, алопеция, жаппай қышыну
• кеуденің ауыруы, күйгелектік сезімі, астения, ашушаңдық
Белгісіз (қолдағы мәліметтердің негізінде бағалау мүмкін емес)
• ринит
• жоғары сезімталдық
• тәбеттің төмендеуі
• тремор, гипестезия, агевзия
• мөлдір қабықтың ауруы, көру қабілетінің бұзылуы, көздің аллергиясы, мадароз, қабақтың ауруы, қабақтың эритемасы
• вертиго
• бронх демікпесі
• аритмия, тахикардия, гипертензия, артериялық қысымның жоғарылауы, артериялық қысымның төмендеуі, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы
• бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуы
• Стивенс-Джонсон синдромы (СДС)/ уытты эпидермалық некролиз (УЭН), дерматит, эритема
• артралгия, аяқ-қолдардың ауыруы
• жиі несеп шығару
• шеткері ісінулер, дімкәстік
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz