Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки вагинальные (пессарии)
Дозасы
200 мг
Саудалық атауы
Аквидин
Әсер етуші зат
Повидон-Йод
Мақсаты
Жедел және созылмалы қынаптық инфекцияларда, аралас инфекцияларда: спецификалық емес инфекцияларда (бактериялық вагинозда, Gardnerella vaginalis), антибиотиктермен және стероидты…
Өндіруші
Акрити Фармасьютикалз Пвт. Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың (пессарийдің) құрамында
белсенді зат – повидон-йод 200 мг (20 мг йодқа баламалы),
қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, лимон қышқылы, натрий бикарбонаты, тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Пішіні бадам тәрізді, ақшыл-қоңыр түсті, екі беті дөңес, қабықпен қапталмаған таблеткалар (пессарий).
Жедел және созылмалы қынаптық инфекцияларда, аралас инфекцияларда:
- спецификалық емес инфекцияларда (бактериялық вагинозда, Gardnerella vaginalis), антибиотиктермен және стероидты препараттармен ем салдарынан болған кандидозды қоса алғанда, зеңдік инфекцияларда (Candida albicans)
- генитальді герпесте
- трихомониазда (қажет болған жағдайда жүйелік біріктірілген ем жүргізу керек).
- қынапқа жасалатын хирургиялық операцияларға дейін және кейінгі операция алдындағы және операциядан кейінгі өңдеуде (профилактика мақсатында), сондай-ақ акушерлік және диагностикалық емшараларда.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалану режимі
Ересектер мен егде жастағы адамдар
Алдын ала гигиеналық өңдеуден кейін таблетканы алдымен сумен ылғалдап алып, қынапқа тереңдете 1 таблеткадан енгізеді.
Жедел вагинитте тәулігіне 1-2 рет 7 күн бойы, созылмалы және жеделге жуық вагинитте - тәулігіне 1 рет ұйықтар алдында 14 күн бойы (одан ұзақ болуы да мүмкін).
Емдеу курсы бойы гигиеналық төсеуіш пайдалану ұсынылады. Таблетка (пессарий) қолдануды етеккір кезінде тоқтатпаған жөн.
БалаларПрепубертат жастағы балаларда қолдануға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Интравагинальді енгізу үшін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсыныстар
Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.
- йодқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- қалқанша без функциясының бұзылуы (түйінді коллоидты зоб, эндемиялық зоб және Хашимото тиреоидиті, гипертиреоз)
- қалқанша без аденомасы, герпес пішінді Дюринг дерматиті
- радиоактивті йодты бір мезгілде қолдану
- жыныстық жетілуге дейінгі балалар жасы
- жүктілік кезінде немесе емізу кезінде дәрігерден алдын ала кеңес алмай қолдануға болмайды
Жиі емес
- препаратқа аса жоғары сезімталдық реакциялары
- гиперемия
- қышыну
Сирек
- псориаз сияқты қызыл майда буллезді элементтер түзілумен жүретін жанаспалы дерматит түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары
- қынаптық суппозиторийлерді ұзақ қолданғандағы бейім тұлғалардағы йодпен индукцияланған гипертиреоз
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жедел йодты уыттануға төмендегі клиникалық белгілер тән.
Симптомдар: ауыздың темір татуы, сілекейдің бөлінуінің ұлғаюы, ауызда немесе жұтқыншақта күйдіру немесе ауыру сезімдері; көздің тітіркенуі және ісінуі; тері реакциялары; асқазан-ішек бұзылыстары және іш өту; бүйрек функциясының бұзылуы және анурия; қан айналымының жеткіліксіздігі; салдарлы асфиксиямен көмей ісінуі, өкпе ісінуі, метаболикалық ацидоз, гипернатриемия.
Емі: препаратты тоқтату, электролиттік теңгерімге, бүйрек және қалқанша без функциясына ерекше бақылауымен симптоматикалық және демеуші ем. Қан сарысуындағы йодтың уытты концентрациясын перитонеальді диализбен немесе гемодиализбен тиімді төмендетуге болады. Одан басқа, қалқанша без функциясын мұқият клиникалық бақылау йодтан туындаған гипертиреозды жоққа шығаруға және ерте анықтау үшін жүргізілуі тиіс.
Ішке қабылдағаннан кейінгі уыттану: құрамында крахмал немесе ақуыз бар тамақ өнімін дереу енгізу (мысалы, крахмалдың судағы немесе сүттегі ерітіндісі). Асқазанды қажетіне қарай үш сағаттық аралықпен натрий тиосульфатының 5% ерітіндісімен шаю (немесе 10 мл натрий тиосульфатының 10% ерітіндісін вена ішіне енгізу).
- бүйрек жеткіліксіздігі
Арнайы сақтандырулар
Повидон-йодтың тотықтырғыш қасиеттеріне байланысты оның әсері нәжістегі жасырын қанды, сондай-ақ несептегі қанды немесе глюкозаны анықтайтын зерттеулердің кейбір типтерінде жалған-оң нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Повидон-йодты қолданған уақытта қалқанша безге йодтың сіңуі төмендеуі мүмкін, бұл кейбір диагностикалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін (қалқанша бездің сцинтиграфиясы, йодтың ақуызбен байланысуын анықтау, радиоактивті йод қолданумен жүргізілетін зерттеулер), сондай-ақ қалқанша без ауруларын емдеуге қолданылатын йод препараттарымен де өзара әрекеттесе алады. Повидон-йодпен ұзақ емдеуден кейін қалқанша без сцинтиграфиясының бұрмаланбаған нәтижелерін алу үшін жеткілікті ұзақ уақыт кезеңінде осы препаратты қолданбау ұсынылады.
Егер емдеу курсы кезінде гипертиреоз симптомдары туындаса, қалқанша без функциясын тексеру қажет.
Препаратты бұрын бүйрек жеткіліксіздігі болжанған пациенттерде ұдайы қолданғанда абайлау керек. Литий препараттарын қабылдайтын науқастарға Аквидин қынаптық таблеткаларын (пессарийлер) ұдайы қолданбаған жөн.
Терідегі және матадаға бояу сумен жеңіл жуылады. Препаратпен жанасудан кейін оны көзге тигізбеуге тырысу керек.
Таблеткалар спермицидтік әсері бар, осыған байланысты жүктілікті жоспарлаған адамдарға оны қолдану ұсынылмайды.
Таблеткаларды қолданған кезде гигиеналық төсеуіштерді пайдалануға болады.
Қосымша заттар
Препараттың құрамында маннитол бар, ол орташа әлсірететін әсер береді.
Препараттың құрамында бір реттік дозада 26.0 мг натрий бикарбонаты бар, тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындау кезінде сақ болыңыз.
Педиатрияда қолданылу.
Препубертат жастағы балаларда қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлікті жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Йод плацентарлық бөгет арқылы енеді және емшек сүтіне бөлінеді. Препаратты жүктілік кезінде қолдану шаранада және жаңа туған нәрестеде транзиторлы гипотериоз дамуын туындатуы мүмкін.
Екі айдан жоғары жүктілік мерзімінде, сондай-ақ бала емізу кезеңінде препаратты тек қатаң көрсетілімдермен ғана қолдануға болады және ана мен баланың қалқанша без функциясын мұқият бақылауды талап етеді.
Бұл жағдайларда препаратты қысқа уақытқа ғана қолдануға болады.
Препаратты жүктіліктің екінші триместрінен бастап қолдану ұсынылмайды.
Басқа дезинфекциялайтын және антисептикалық, әсіресе құрамында сілтілер, ферменттер мен сынап бар дәрілермен үйлесімсіз.
Повидон йод пен сутегі асқын тотығын, сондай-ақ жараны өңдеуге арналған құрамында күміс және таулоридин бар ферментті препараттарды, сондай-ақ антисептикалық препараттарды бірге қолдану өзара тиімділігінің төмендеуіне алып келеді.
Қанның болуы бактерицидтік әсерін төмендетуі мүмкін, алайда ерітінді концентрациясын ұлғайтқанда бактерицидтік белсенділігі артуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.