Капивасертиб көбінесе CYP3A4 және UGT2B7 изоферменттерімен метаболизденеді. In vivo жағдайларында капивасертибтің уақытқа тәуелді әлсіз CYP3A тежегіші екені көріністелді.
Қан плазмасында капивасертиб концентрациясын арттыруы мүмкін дәрілік препараттар
CYP3A4 қуатты тежегіштері
Акдайна® препаратын CYP3A4 қуатты тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда капивасертиб концентрациясы жоғарылайды, бұл Акдайна® препараты уыттылығының даму қаупінің артуына алып келуі мүмкін. CYP3A4 қуатты тежегіштерімен (мысалы, боцепревир, церитиниб, кларитромицин, кобицистат, кониваптан, энзитрелвир, иделалисиб, индинавир, итраконазол, джозамицин, кетоконазол, лонафарниб, мибефрадил, мифепристон, нефазодон, нелфинавир, позаконазол, рибоциклиб, ритонавир, саквинавир, телапревир, телитромицин, тролеандомицин, тукатиниб, вориконазол, грейпфрут немесе грейпфрут шырыны) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Егер бір мезгілде қолданбау мүмкін болмаса, Акдайна® препаратының дозасын төмендету керек. Итраконазолды (CYP3A4 қуаттытежегіші) 200 мг көп реттік дозада бір мезгілде қолдану кезінде, тек капивасертибті қолданумен салыстырғанда,капивасертиб жалпы экспозициясы (AUCinf) мен ең жоғары концентрациясы (Cmax), тиісінше, 95% және 70% жоғарылады.
CYP3A4 орташа тежегіштері
Акдайна® препаратын CYP3A4 орташа тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда капивасертиб концентрациясы жоғарылайды, бұл Акдайна® препараты уыттылығының даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін. CYP3A4 орташа тежегіштерімен (мысалы, апрепитант, ципрофлоксацин, циклоспорин, дилтиазем, эритромицин, флуконазол, флувоксамин, тофизопам, верапамил) бір мезгілде қолданғанда Акдайна® препаратының дозасын төмендету керек.
Қан плазмасында капивасертиб концентрациясын төмендетуі мүмкін дәрілік препараттар
CYP3A4 қуатты индукторлары
Акдайна® препаратын CYP3A4 қуатты индукторларымен (мысалы, карбамазепин, фенитоин, рифампицин, шілтер жапырақты шайқурай препараттары) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Капивасертибті энзалутамидпен (CYP3A4 қуаттыиндукторы) бір мезгілде қолданғанда капивасертиб AUC шамамен 40%-50% төмендеді.
CYP3A4 орташа индукторлары
CYP3A4 орташа индукторымен капивасертибті бір мезгілде қолдану капивасертиб концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл Акдайна® препараты тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. CYP3A4 орташа индукторларымен (мысалы, бозентан, ценобамат, дабрафениб, элаголикс, этравирин, лерсивирин, лезинурад, лопинавир, лорлатиниб, метамизол, митапиват, модафинил, нафциллин, пексидартиниб, фенобарбитал, рифабутин, семагацестат, соторасиб, талвиралин, телотристат этилі, тиоидазин) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Капивасертиб әсер етуімен қан плазмасындағы концентрациясы өзгеруі мүмкін дәрілік препараттар
CYP3A субстраттары
Көбінесе CYP3A қатысуымен метаболизм үдерісінде шығарылатын препараттардың концентрациясы Акдайна® препаратымен бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін, бұл олардың емдік ауқымынатәуелді уыттылығының артуына алып келуі мүмкін. Капивасертиб мидазоламның AUC мәнін 15%-77% арттырды, ал демек CYP3A әлсіз тежегіші болып табылады. Көбінесе CYP3A қатысуымен метаболизм үдерісінде шығарылатын және емдік ауқымытар препараттардың (мысалы, карбамазепин, циклоспорин, фентанил, пимозид, симвастатин, такролимус) дозасын түзету қажет болуы мүмкін. CYP3A4 әлсіз тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға қатысты ұсынымдар алу үшін тиісті препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Емдікиндексі тар CYP2D6 субстраттары
In vitro жағдайларында капивасертиб CYP2D6 ферменттерінің белсенділігін тежеуге қабілетті екенін көріністеді. Капивасертибті емдік индексі тар CYP2D6 ферменттерінің сезімтал субстраттарымен біріктірілімде сақтықпен қолдану керек, өйткені капивасертиб осы субстраттардың жүйелі экспозициясын ұлғайтуы мүмкін.
Емдік индексі тар CYP2B6 субстраттары
In vitro жағдайларында капивасертиб CYP2B6 ферменттерінің белсенділігін индукциялауға қабілетті екенін көріністеді. Капивасертибті емдік индексі тар (мысалы, бупропион) CYP2B6 ферменттерінің сезімтал субстраттарымен біріктірілімде сақтықпен қолдану керек, өйткені капивасертиб бұл субстраттардың жүйелі экспозициясын төмендетуі мүмкін.
Емдік индексі тар UGT1A1 субстраттары
In vitro жағдайларында капивасертиб UGT1A1ферменттерінің белсенділігін тежеуге қабілетті екенін көріністеді. Капивасертибті емдік индексі тар (мысалы, иринотекан) UGT1A1 ферменттерінің сезімтал субстраттарымен біріктірілімде сақтықпен қолдану керек, өйткені капивасертиб осы субстраттардың жүйелі экспозициясын ұлғайтуы мүмкін.
Бауыр тасымалдаушыларымен (BCRP, OATP1B1, OATP1B3) өзара әрекеттесуі
BCRP, OATP1B1 және/немесе OATP1B3 тежелісіне сезімтал препараттардың экспозициясы, егер олар CYP3A4 арқылы метаболизденсе, Акдайна® препаратымен бір мезгілде қолдану кезіндеұлғаюы мүмкін. Бұл уыттылығының артуына алып келуі мүмкін. Олардың емдік ауқымына қарай, егер олар CYP3A4 (мысалы, симвастатин) арқылы метаболизденсе, BCRP, OATP1B1 және/немесе OATP1B3 тежелісіне сезімтал препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. CYP3A4, BCRP, OATP1B1 және OATP1B3 тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға қатысты ұсынымдар алу үшін тиісті препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Бүйрек тасымалдаушыларымен (MATE1, MATE2K, OCT2) өзара әрекеттесуі
MАТЕ1, MATE2K және/немесе OCT2 тежелісіне сезімтал препараттардың экспозициясы Акдайна® препаратымен бір мезгілде қолданғанда ұлғаюы мүмкін. Бұл уыттылығының артуына алып келуі мүмкін. Олардың емдік ауқымынақарай MATE1, MATE2K және OCT2 (мысалы, дофетилид, прокаинамид) тежелісіне сезімтал препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. MATE1, MATE2K және/немесе OCT2 тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға қатысты ұсынымдар алу үшін тиісті препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз. Акдайна® препаратымен емдеу кезінде қан сарысуындағы креатинин концентрациясының капивасертибтің ОСТ2, MATE1 және MATE2K тежеуіне байланысты өтпелі жоғарылауы болуы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттар
CYP3A4 қуатты немесе орташа тежегіштерін Акдайна® препаратымен бір мезгілде қолдану капивасертиб экспозициясының ұлғаюына және демек уыттылығының даму қаупінің артуына алып келуі мүмкін. CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану кезіндегі Акдайна®препаратының дозасын өзгерту туралы «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін қараңыз.
Керісінше, CYP3A4 қуатты және орташа индукторларын бір мезгілде қолдану капивасертиб экспозициясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. CYP3A4 мезгілде және орташа индукторларын Акдайна® препаратымен бір мезгілде қолданбаған дұрыс.
Натрий мөлшері
Аталған дәрілік препарат құрамында дозасына 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.