Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем для наружного применения
Дозасы
0,05 % + 0,1 % + 1 %
Саудалық атауы
Акридерм ГК
Әсер етуші зат
Бетаметазон в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Кортикостероидтарғасезімталдерматоздардыемдеу,бактериялық және/немесе зеңдік инфекция болғанда немесе күдіктенгенде
Өндіруші
АКРИХИН
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
• кортикостероидтарғасезімталдерматоздардыемдеу,бактериялық және/немесе зеңдік инфекция болғанда немесе күдіктенгенде
• экссудативтік кезеңде бұзылыстарды емдеу.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Жасөспірімдер мен ересектер:
Акридерм ГК кремін тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) терінің зақымданған аумағына жұқа қабатпен жағады және аздап ысқылайды, бұл ретте бүкіл зақымданған аумақты, сондай-ақ оған іргелес жатқан сау теріні қамтуы керек.
Емдеу ұзақтығы клиникалық әсердің нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық және микробиологиялық деректерге байланысты
Табан дерматофитиясында ұзағырақ (2-4 апта) емдеу курсы қажет болуы мүмкін.
2-ден 12 жасқа дейінгі балалар:
Акридерм ГК препаратын зақымданған беткейге ғана жұқа қабатпен жағады және аздап ысқылайды. Кремді жеткілікті мөлшерде аппликациялар арасы 6-12 сағат ең төменгі аралықпен тәулігіне 2 реттен асырмай жағу керек. Кремді дәрігердің қадағалауымен бетке, мойынға, бас терісіне, гениталий аумағына, ректальді аумаққа және тері қатпарларына жағу керек. Емдеу ұзақтығы 5-7 күнмен шектеледі.
«Айрықша ескертулер» және «Педиатрияда қолданылуы» бөлімдерін қараңыз.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар Симптомдары. Жергілікті кортикостероидтарды ұзақ немесе шамадан тыс қолданғандасалдарлыадреналдықжеткіліксіздіктіңдамуыменжәне бүйрекүсті безі қабығының аса жоғары белсенділік симптомдарының, оныңішіндеКушингсиндромыныңпайдаболуыменгипофиздік- адреналдық функцияның бәсеңдеуі ықтимал.
Гентамициннің бір реттік шамадан тыс дозасы мұндай симптомдардың дамуын индукциялауы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Гентамицинді шамадан тыс немесе ұзақ қолдану зеңдердің немесе тері зақымданған жердегі антибиотикке сезімтал емес микроорганизмдердің артық өсуіне әкелуі мүмкін.
Емі. Тиісті симптоматикалық ем тағайындайды. Бүйрекүсті безі қыртысының жедел аса жоғары белсенділік симптомдары әдетте қайтымды. Егер керек болса, электролиттік дисбалансқа түзету жүргізеді. Созылмалы уытты әсер жағдайында кортикостероид қолдануды біртіндеп тоқтату ұсынылады. Сезімтал емес микроорганизмдердің артық өсуі кезінде Акридерм ГК кремімен емдеуді тоқтату және тиісті зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы ем тағайындау ұсынылады.
• препараттың белсенді заттарына немесе кез келген қосымша затына жоғары сезімталдық (гентамицинмен айқаспалы аллергия) және/немесе (клотримазолмен айқаспалы аллергия)
• тері инфекциялары (вирустық, бактериялық [туберкулезді қоса], сондай- ақ зеңдік этиологиядағы)
• вакциналарға реакция
• тері ойық жаралары және акне
• розацеа, периоральді дерматит
• окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды
• шырышты қабыққа, көзге және көздің айналасындағы теріге жағуға болмайды
• жүктілік, лактация кезеңі
• 2 жасқа дейінгі балалар
Тері тарапынан бұзылулар
Сирек
• тітіркену, күйдіру сезімі, қышыну, терінің құрғауы;
• препараттыңқандайдабірингредиенттерінежоғарысезімталдық реакциялары;
• тері түсінің өзгеруі.
Терінің ауқымды аумақтарына, окклюзиялық таңғышпен және/немесе ұзақ қолданғанда
Терінің ауқымды аумақтарына, окклюзиялық таңғышпен және/немесе ұзақ қолданғанда терінің жергілікті өзгерістері болуы мүмкін. Терінің ауқымды аумақтарына жаққанда жүйелі әсер ету (бүйрекүсті бездері қыртысының функциясының бәсеңдеуі) ықтималдығы бар.
Инфекцияларға жергілікті қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне байланысты салдарлы инфекциялардың жоғарғы туындау қаупі бар екенін есте сақтау керек.
Тері тарапынан бұзылулар:
• атрофия сияқты (әсіресе бетте) терінің жергілікті өзгеруі, телеангиэктазия, стриялар, созылу, тері геморрагиясы, пурпура, стероидты акне, розацеаға ұқсас/периоральді дерматит, гипертрихоз, тері түсінің өзгеруі. Тері түсінің өзгеруі қайтымды сипатта ма, жоқ па белгісіз.
Жиі емес
• гентамицинге жанаспалы сезімталдық
• фотосенсибилизация (алайда бұл әсер УК сәулеленудің артынша әсерімен гентамицинді қайта жаққанда қайта жаңғырмайды)
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар
• эндогендік кортикостероидтар синтезінің бәсеңдеуі
• бүйрекүсті бездерінің ісінуімен аса жоғары белсенділік
Метаболизм тарапынан бұзылулар
• латентті қант диабетінің көріністері
Есту мүшесі, ішкі құлақ/бүйрек тарапынан бұзылулар
Егер Акридерм ГК препаратын терінің ауқымды аумақтарына немесе зақымданған тері аумақтарына қолданылса, аминогликозидтік антибиотиктерді бір уақытта жүйелі қолдану кезінде кумулятивтік отоуыттылықты/нефроуыттылықты күту керек.
Қаңқа-бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар
• остеопороз
• өсудің кідіруі (балаларда).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жәнефармацевтикалықбақылаукомитеті«Дәрілікзаттармен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы ескертулер
Акридерм ГК кремін қолдануға байланысты тітіркену немесе сенсибилизация пайда болған кезде емдеуді тоқтату және тиісті емді бастау керек.
Егер Акридерм ГК кремін үлкен аумаққа, атап айтқанда ұзақ қолданса немесе зақымданған теріге жақса, жергілікті қолдануға арналған белсенді заттардың жүйелі қан ағысына сіңуі күшеюі мүмкін. Бұл жағдайларда белсенді заттарды жүйелі қолдануға тән жағымсыз әсерлердің туындауы мүмкін. Балаларға қолданғанда мұндай жағдайларда аса сақтық таныту ұсынылады. Жүйелі әсер ететін аминогликозидтік антибиотиктерді бір уақытта қолданғанда жоғарғы дәрежеде тері арқылы сіңу жағдайында кумулятивтік уытты әсердің (отоуыттылық, нефроуыттылық) туындау ықтималдығы туралы ескеру керек.
Атап айтқанда, басқа аминогликозидтік антибиотиктерге айқаспалы реакция ықтималдығын ескеру керек.
Препарат құрамына кіретін қосымша заттарды қолданумен байланысты келесі жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін:
• цетостеарил спирті: жергілікті тері реакциялары (жанаспалы дерматиттер);
• пропиленгликоль: терінің тітіркенуі.
Құрамында антибиотиктер бар препараттармен ұзақ емдегенде сезімтал емес микроорганизмдер пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда немесе суперинфекция туындағанда тиісті емді бастау керек.
Күшті әсер ететін немесе өте күшті әсер ететін кортикостероидты жоғарғы дозаларда қолдану, терінің ауқымды аумақтарына немесе окклюзиялық
таңғыш астына жағу, әсіресе эндогендік кортикостероидтардың шығарылуын бәсеңдетуді және ықтимал метаболизмдік әсерді ескере отырып дәрігердің тұрақты қадағалауымен ғана жүзеге асуы тиіс.
Ашық жараларға және терінің зақымданған аумақтарына қолданудан аулақ болыңыз.
2-3 аптаны құрайтын үздіксіз қолдану мерзімін, мүмкіндігінше, асырмау керек.
Өте күшті, күшті және орташа әсер ететін кортикостероидтарды бетке және гениталий аумағына аса сақтықпен және 1 аптадан асырмай қолдану керек.
Көз айналасына төмен дозалы кортикостероидтар ғана қолданылады (глаукома).
Кортикостероидтар препараттың қандай да бір ингредиентіне аллергиялық реакция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Пациентке бұл препаратты, оның ағымдағы тері ауруын емдеуге ғана қолдану керектігін және препаратты басқа адамдарға бермеу керектігін түсіндіру керек.
Педиатрияда қолданылуы
Аталған препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды. Бала пациенттерде гипоталамустық-гипофиздік-бүйрекүсті безі осінің бәсеңдеуіне және экзогендік кортикостероидтардың белсенділігіне (жергілікті қолданылатын кортикостероидтар туындататын) ересектерге қарағанда үлкен сезімталдықтың пайда болуы ықтимал, өйткені тері беткейі ауданының дене салмағына қатынасының үлкендігінен сіңу қарқындырақ болып табылады.
Гипоталамустық- гипофиздік - бүйрекүсті безі осінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы, сызықтық өсудің баяулауы, дене салмағы ұлғаюының баяулауы және бассүйекішілік қысымның жоғарылауы туралы жергілікті қолданылатын кортикостероидтарды балаларда қолданғанда хабарланды. Балалардағы бүйрекүсті безі функциясының бәсеңдеу симптомдарына: қан плазмасындағы кортизолдың төмен деңгейі және АКТГ стимуляциясына реакцияның жоқтығы кіреді. Бассүйекішілік қысымның жоғарылауы симптомдарына еңбектің дүрдүюі, бас ауыруы, көру жүйкесі дискісінің екі жақты ісуі кіреді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы зерттелмеді.
Жүктілік
Препаратты жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер жоқ. Аминогликозидтарды жүкті әйел қолданған кезде плаценталық бөгет арқылы өтеді және шаранаға теріс ықпал көрсетуі мүмкін. Жүктілік кезеңінде анасы аминогликозид, оның ішінде гентамицин қабылдаған балаларда толық, қайтымсыз, екі жақты кереңдік туралы хабарламалар келіп түсті. Гентамицинді жүктілік кезінде жергілікті қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ.
Клотримазолды жүктілік кезінде қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Акридерм ГК кремін терінің ауқымды аумақтарына, үлкен мөлшерлерде немесе ұзақ қолдану керек емес.
Лактация
Гентамициннің, клотримазолдың және жергілікті қолданылатын кортикостероидтардың емшек сүтіне бөлінуі туралы деректер жоқ. Алайда жүйелі әсер ететін кортикостероидтар емшек сүтіне өтеді.
Акридерм ГК препаратын, егер оны сүт бездерінің терісіне жағу қажет болса бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.
Акридерм ГК препаратын генитальді немесе анальді аумақтарға қолданғанда вазелин және сұйық парафин сияқты қосымша заттар бір уақытта пайдаланылатын латексті мүшеқап беріктігінің төмендеуіне, демек оның сенімділігінің азаюына әкелуі мүмкін.
Жергілікті қолданғанда клотримазол амфотерицинге және басқа полиенді антибиотиктерге қатысты антагонистік әсер көрсетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 150C-ден 250C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.