Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем для наружного применения
Дозасы
0,05%
Саудалық атауы
Акридерм Santo
Әсер етуші зат
Бетаметазон
Мақсаты
Дәрілік препарат ересектерде, жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде, балаларда, 0-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде жергілікті қолдану кезінде пайдалануға арналған және экзема…
Өндіруші
Акционерное общество "Химико-фармацевтический комбинат "АКРИХИН" (АО "АКРИХИН")
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г кремнің құрамында
белсенді зат - бетаметазон дипропионаты (микрондалған бетаметазон дипропионаты) 100 % затқа шаққанда 0.064 г, бұл 0.05 г бетаметазонға баламалы.
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (нипагин), қатты парафин, вазелин, пропиленгликоль, сұйық парафин (вазелин майы), эмульсиялық балауыз, динатрий эдетаты (трилон Б), сусыз натрий сульфиті, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті крем.
Дәрілік препарат ересектерде, жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде, балаларда, 0-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде жергілікті қолдану кезінде пайдалануға арналған және экзема мен дерматиттердің барлық түрлеріне, атопиялық экземаны қоса тез және тұрақты әсерді қамтамасыз етеді.
1. Кортикостероидтармен сыртқы емдеуді жүргізу емдеудің ең қолайлы әдісі болып табылатын артықшылықты қолдану көрсетілімдері:
• жанаспалы дерматит
• атопиялық дерматит
• лихенизация
2. Сыртқы қолдануға арналған кортикостероидтармен емдеу стандартты емдеу әдістерінің бірі болып табылатын қолдану көрсетілімдері:
• варикозды дерматит
• эритродермия
• фотодерматит
• претибиальді миксодема
• псориаз (жайылған түйіндақты псориазды қоспағанда, бастың түкті бөлігінің псориазы және қол ұшы мен табанның созылмалы түйіндақты псориазы)
• теміреткілер (қызыл жалпақ теміреткілер, қарапайым теміреткілер)
• паразиттік аурулармен байланысты емес қышыну
• дисгидроз
• вульваның склероатрофиялық лихені
• сақина тәрізді гранулема
• түйінді қышыма
• дискоидті қызыл жегі
• липоидты некробиоз
• себореялық дерматит, бет терісіндегі бөртулерден басқа
• зең микозы кезіндегі қышынудың симптоматикалық емі
3. Препараттың қысқа мерзімді қолданылу көрсетілімдері:
• этиотропты ем аяқталғаннан кейін жәндіктердің шағуы және паразиттік аурулардан туындаған қышыну.
Крем түріндегі препарат аурудың жедел кезеңінде суланатын бөртулерді емдеуге арналған.
Ескерту: әр дерматозды емдеу үшін тиісті белсенділік дәрежесіндегі кортикостероидты қолдану керек және барлық бөртпелерді немесе олардың бір бөлігін ғана өңдец отырып, емдеу нәтижелеріне байланысты оны белсенділігі жоғары немесе төмен дәрежедегі препаратпен алмастыру керек.
Дерматологияда қолдануға арналған кортикостероидтар теріге жүргізілген вазоконстрикция сынақтарының нәтижелеріне байланысты белсенділіктің 4 дәрежесіне бөлінеді: өте жоғары белсенділік, жоғары белсенділік, орташа белсенділік, әлсіз белсенділік.
Акридерм Santo 0,05% кремі жоғары белсенді препараттар тобына жатады.
Препарат кейбір қабыну процестерінде (мысалы, жанаспалы дерматитте) және онымен байланысты қышынуда тиімді. Вазоконстриктор болып табылады. Жасушаның бөлінуін басады.
Дозалау режимі
Ересектер мен балаларға
Препаратты теріге тәулігіне 1-2 рет жағу керек. Кейбір пациенттерде сирек жаққан кезде талапқа сай демеуші емге қол жеткізуге болады. Акридерм Santo кремі әсіресе дымқыл немесе сулы беткейлерге сай келеді.
Препаратты тәулігіне жағу санының артуы кезінде жағымсыз құбылыстардың жиілігі артуы мүмкін, бұл ретте емдік әсері артпайды.
Препаратты терінің кең ауқымды беткейіне жаққан кезде пайдаланылған сықпалардың санын ескеру қажет.
Балаларда қолдану
12 жастан кіші балаларда препаратты дәрігердің бақылауымен қолданыңыз.
Емдеу ұзақтығы
Препараттың аз мөлшерін терінің зақымданған бөлігіне, оны толық сіңгенге дейін жеңіл массаж қимылдарымен тарата отырып жағу ұсынылады.
Кейбір дерматоздар (псориаз, атопиялық дерматит және т.б.) кезінде препаратты біртіндеп тоқтату керек. Мұны жағу жиілігін азайту және/немесе белсенділік дәрежесі төменірек немесе құрамында әсер етуші заттың аз дозасы бар препаратты пайдалану арқылы жасауға болады.
- бактериялық, вирустық, зеңдік немесе паразиттік бастапқы инфекциялар, туберкулезді қоса;
- периоральді дерматит;
- акне;
- розацеа;
- перианальді және генитальді қышыну.
Акридерм Santo кремін қатар жүретін тиісті инфекцияға қарсы емдеусіз тері бөртулері, терінің зең немесе бактериялық инфекциялары үшін қолдануға болмайды.
Әдетте, жағымсыз реакциялар әлсіз айқын сипатты иеленген. Бетаметазон дипропионатының жүйелі сіңуі дененің кең аумақтарында немесе тері қатпарларында ұзақ уақыт қолданған кезде немесе стероидтардың артық дозаларын қолданған кезде артуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, әсіресе сәбилер мен балаларда тиісті сақтық шараларын қолдану керек.
Глюкокортикостероидтарды сыртқа қолданған кезде байқалуы мүмкін:
- салдарлы инфекция
- аллергиялық жанаспалы дерматит
• глюкокортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлері (гипергликемия, глюкозурия, бүйрекүсті безі қыртысы функциясының қайтымды бәсеңдеуі, Иценко-Кушинг синдромының білінуі) пайда болуы мүмкін
- бұлыңғыр көру
• терінің қышынуы, күйдіру, тітіркену, терінің құрғауы
• фолликулит, гипертрихоз, стриялар
• акне тәрізді бөртпелер («стероидты» безеулер), гипопигментация
• периоральді дерматит
Үздіксіз қолдану терінің жергілікті атрофиясына, стрияларға және беткейлік тамырлардың, әсіресе бетте кеңеюіне әкелуі мүмкін.
Ұзақ уақыт қолданған, сондай-ақ окклюзиялық таңғыштарды пайдаланған кезде:
• тері мацерациясы, салдарлы инфекция, тері атрофиясы, жергілікті гирсутизм, телеангиэктазия, тербөртпе, пурпура
• бастапқы зақымдану аймағынан тыс жерлерге таралуы мүмкін терінің қызаруын, күйдіру немесе шаншу, қышыну, терінің қабыршақтануы, сулы пустулалар қамтылатын тоқтату синдромы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс немесе ұзақ уақыт қолдану гипофиз-бүйрек үсті безінің функциясының басылуына әкелуі мүмкін және бүйрек үсті безінің қыртысының қайталамалы жеткіліксіздігінің дамуына және Кушинг синдромын қоса, гиперкортицизм симптомдарына әкелуі мүмкін.
Емі
Тиісті симптоматикалық ем көрсетілген. Гиперкортицизмнің жедел симптомдары әдетте қайтымды. Қажет болған кезде, электролитті бұзылуларды түзету керек. Созылмалы уытты әсер кезінде кортикостероидтарды біртіндеп алып тастау ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Жергілікті және жүйелі уыттылық, әсіресе зақымданған терінің кең аумақтарында, бүгілу аймақтарында немесе полиэтиленді окклюзиялық таңғышпен ұзақ уақыт үздіксіз қолданған кезде жиі кездеседі.
Бет терісіне препаратты ұзақ уақыт сыртқа қолдану ұсынылмайды, өйткені розацеа, периоральді дерматит және акне дамуы мүмкін. Бет терісі зақымданған балалар мен науқастарда емдеу курсы 5 күннен аспауы тиіс. Жасына қарамастан, барлық пациенттерде ұзақ мерзімді үздіксіз емді болдырмау керек.
Жергілікті кортикостероидтарды қолдану псориаз кезінде бірқатар себептерге байланысты қауіпті болуы мүмкін, оның ішінде төзімділік дамығаннан кейінгі қайталанулар, жайылған пустулезді псориаз қаупі және терінің бөгеттік функциясының бұзылуына байланысты жергілікті жүйелі уыттылық. Пациентті мұқият бақылау маңызды.
Жалпы мәліметтер
Жергілікті кортикостероидтардың жүйелі сіңуі емдеуді тоқтатқаннан кейін глюкокортикостероидтық жеткіліксіздіктің даму потенциалы бар HPA (гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті жүйесі) жүйесінің қайтымды басылуын тудыруы мүмкін. Кейбір пациенттерде емдеу кезінде жергілікті кортикостероидтардың жүйелі сіңуі Кушинг синдромының көріністерін тудыруы мүмкін.
Үлкен беткейге күшті әсер ететін жергілікті стероидтың жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерді HPA жүйесінің басылуына мезгіл-мезгіл тексеріп тұру қажет. НРА жүйесінің басылуы анықталған жағдайда препаратты тоқтатуға, қолдану жиілігін азайтуға немесе оны белсенділігі төменірек кортикостероидпен алмастыруға әрекет жасау керек.
HPA жүйесінің функциясын қалпына келтіру, әдетте, препаратты тоқтатқаннан кейін тез және толығымен жүреді. Сирек жағдайларда жүйелі кортикостероидтарды қосымша тағайындауды талап ететін стероидтарды тоқтату белгілері мен симптомдары туындауы мүмкін.
Кортикостероидтарды жүйелі қолдану кезінде сипатталған кез келген жағымсыз әсерлер, оның ішінде бүйрекүсті безі функциясының басылуы, әсіресе сәбилер мен балаларда жергілікті кортикостероидтарды қолдану кезінде де байқалуы мүмкін.
Акридерм офтальмологиялық қолдануға арналмаған.
Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті (оның ішінде интраназальді, ингаляциялық және көзішілік) қолдану кезінде көрудің бұзылуы байқалуы мүмкін. Егер пациентте көрудің бұлыңғырлануы сияқты немесе басқа көрудің бұзылу симптомдары байқалса, көрудің бұзылуының ықтимал себептерін бағалау үшін пациентті офтальмологқа жіберу мүмкіндігін қарастыру керек, оларға катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ОСХ) сияқты кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғаннан кейін хабарланған сирек кездесетін аурулар жатуы мүмкін.
Жергілікті стероидтарды ұзақ уақыт қолдану емді тоқтатқаннан кейін қайталанудың дамуына әкелуі мүмкін (жергілікті стероидты тоқтату синдромы). Бастапқы емдеу аумағынан тыс таралуы мүмкін қарқынды қызарумен, күйдірумен және шаншумен дерматит пішінін қабылдайтын қайталанудың ауыр түрі дамуы мүмкін. Бұл бет пен бүгілген жер сияқты сезімтал тері аймақтарын өңдеу кезінде дамуы ықтимал. Егер ауру сәтті емделгеннен кейін бірнеше күн немесе апта ішінде қайта туындаса, тоқтату реакциясына күмәндану керек. Қайтадан қолдану сақтықпен жүргізілуі керек және мұндай жағдайларда маманмен кеңесу ұсынылады немесе емдеудің басқа нұсқаларын қарастыру керек.
Балаларда қолдану
Балалар жергілікті кортикостероидтар туындатқан HPA жүйесінің басылуына, сондай-ақ экзогенді кортикостероидтар туындатқан HPA жүйесінің басылуына және ересектерге қарағанда кортикостероидтардың экзогенді әсеріне көбірек сезімтал болуы мүмкін, бұл тері беткейінің дене салмағына арақатынасының жоғарылауымен байланысты. Жергілікті кортикостероидтар алған балаларда HPA жүйесінің басылуы, Кушинг синдромы және бассүйекішілік гипертензия байқалды. Балаларда бүйрекүсті безінің функциясының басылу көріністеріне бой өсудің тежелуі, салмақ қосудың тежелуі, плазмадағы кортизолдың төмен деңгейі және АКТГ стимуляциясына реакцияның болмауы жатады. Бассүйекішілік гипертензияның көріністеріне еңбектің дүмпиуі, бас ауыруы және көру жүйкесі дискілерінің екі жақты ісінуі жатады.
Препаратпен жанасқан мата (киім, төсек-орын жабдығы, таңғыш материалдар және т.б.) тез тұтанады және жанудың үлкен қауіпін төндіреді. Киім мен төсек-орын жабдықтарын жуу препараттың жиналуын азайтуы мүмкін, бірақ оны толығымен жоя алмайды.
Қосымша заттар
Акридерм Santo препаратының құрамында метилпарагидроксибензоат бар және аллергиялық реакцияларды (оның ішінде кешіктірілген) тудыруы мүмкін.
Акридерм Santo препаратының құрамында пропиленгликоль бар және теріні тітіркендіруі мүмкін.
Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану
Жүкті әйелдерде глюкокортикостероидтарды сыртқа қолдану қауіпсіздігі анықталмаған; жүктілік кезеңінде осы топтың дәрілік препараттарын тағайындау егер анасы үшін потенциалды пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда ғана ақталған. Жүктілік кезінде осы топтың препараттарын жоғары дозаларда немесе ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
Кортикостероидтарды жергілікті қолдану емшек сүтінде анықталатын мөлшерді қалыптастыру үшін жеткілікті жүйелі сіңіруге әкелетін-әкелмейтіні белгісіз. Жүйелі түрде енгізілетін кортикостероидтар емшек сүтімен бірге ерте жастағы балаға зиянды әсер көрсетуі екіталай мөлшерде секрецияланады. Дегенмен, препараттың ана үшін маңыздылығын ескере отырып, препаратты қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдау керек. Жергілікті кортикостероидтарды бала емізу алдында емшек терісіне жағуға болмайды.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Осы препараттың сыртқа қолданылуын ескере отырып: бетаметазонды ұсынылған дозаларда қолданған кезде басқа дәрілік препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулердің даму ықтималдығы аз.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
15 оС-ден 25 оС-ге дейінгі температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.