Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарына, жыныс мүшелерінің терісіне немесе аяқтардың трофикалық ойық жараларының беткейіне жағу тек медициналық қызметкер арқылы немесе оның қадағалауымен жүзеге асуы тиіс.
Дозалау режимі
Ересектер мен жасөспірімдер
Көрсетілімдер немесе дозаларының және аппликациялау уақытының көрсетілуімен қолдану шаралары туралы толық ақпарат 1 және 2 кестелерде берілген. Осындай емшаралар кезінде препаратты талапқа сай
..қолдану жөніндегі қосымша нұсқауларды препаратты жағу жөніндегі ұсынымдар бөлімінен қараңыз.
1 кесте. Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер.
Көрсетілім/емшара — Дозалар және аппликация ұзақтығы
Тері
Шағын емшаралар, мысалы, ине енгізу және шоғырланған зақымдарды хирургиялық емдеу. — 2 г (шамамен 5 г түбектің жартысы) немесе шамамен 1,5 г/10 см2 1-5 сағат бойы1).
Жаңа қырған терінің ауқымды алаңдарына жасалған араласулар, мысалы, лазерлік эпиляция (пациенттің өз бетінше жағуы) — Ең жоғары ұсынылатын доза: 60 г. Ең ауқымды ұсынылатын аппликация ауданы: 600 см2 кемінде 1 сағат бойы, ең ұзақ дегенде 5 сағат1).
Стационар жағдайларында ауқымды алаңдарға жасалған хирургиялық араласулар, мысалы, ыдыраған бөлік әдісімен теріні алу — Шамамен 1,5-2 г/10 см2 2-5 сағат бойы1).
Еркек жыныс мүшелерінің терісі Жергілікті анестетиктер инъекциясы алдында Әйел жыныс мүшелерінің терісі Жергілікті анестетиктер инъекциясы алдында2) — 1 г/10 см2 15 минутқа 1-2 г/10 см2 60 минутқа
Жыныс мүшелерінің шырышты қабығы
Шоғырланған ошақтарды хирургиялық емдеу, мысалы, сүйір кондиломаларды (condylomata acuminata) алып тастау және жергілікті анестетиктер инъекциялары алдында — Шамамен 5-10 г крем 5-10 минут бойы1) 3) 4).
Цервикальді өзекшені кюретаждау алдында — 10 г кремді қынаптың латеральді күмбездеріне 10 минут жағу керек.
Аяқтың трофикалық ойық жаралары
Тек ересектер Ойық жараларды механикалық тазалау/хирургиялық өңдеу — Шамамен 1-2 г/10 см2 жалпы жиынтығы 10 г дейін3) 5). Аппликация ұзақтығы: 30-60 минут.
1 Ұзағырақ аппликациядан кейін анестезия уақыты азаяды.
2 Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын ғана әйел жыныс мүшесінің терісіне 60 немесе 90 минут ұзақтықпен жағу сүйір кондиломаларды термокаутеризациялауға немесе диатермияға арналған жеткілікті анестезияны қамтамасыз етпейді.
3 Препаратты 10 г-ден көп дозада қабылдаған пациенттерде қан плазмасындағы концентрациясы анықталмады.
4 Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын дене салмағы 20 кг-ден аз жасөспірімдерде жыныс мүшелерінің шырышты қабығына жаққанда ең жоғары доза пропорционал төмендетілуі тиіс.
5 Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем аяқтың трофикалық ойық жараарын емдеу үшін тиімділігін жоғалтпай немесе жағымсыз құбылыстар санының немесе ауырлық дәрежесінің артуынсыз 1- 2 ай бойы 15 есеге дейін қолданылды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
2 кесте. 0-11 жастағы балалар.
Жасы — Емшара — Дозалары және аппликациялау ұзақтығы
Шағын емшаралар, мысалы, ине енгізу және шоғырланған зақымдарды хирургиялық емдеу. — Шамамен 1 г/10 см2 1 сағат бойы (толық ақпаратты төменнен қараңыз)
Жаңа туған нәрестелер және 0-2 айлық жастағы сәбилер1)2)3) — 1 г және 10 см2 дейін бір сағат ішінде4)
3-11 айлық жастағы балалар1) 2) — 2 г және 20 см2 дейін бір сағат ішінде5)
1-5 жастағы балалар — 10 г және 100 см2 дейін 1-5 сағат ішінде6)
6-11 жастағы балалар — 20 г және 200 см2 дейін 1-5 сағат ішінде6)
Атопиялық дерматит бар балалар — Контагиозды моллюскіні алып тастау алдында — Аппликация ұзақтығы: 30 минут
1 Жаңа туған нәрестелерде және 3 айға толмаған балаларда 24 сағат ішінде тек бір реттік бір дозаны қолдану керек. 3 айлық жастағы және одан үлкен балаларда 24 сағат ішінде кемінде 12 сағат аралықпен 2 дозадан асырмай қолдану керек (жағымсыз реакциялардың кестелік тізбесі және арнайы сақтандырулар бөлімдерін қараңыз).
2 Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын қауіпсіздік тұрғысынан қан пигментінің мөлшеріне ықпал
ететін препараттарды қабылдап жүрген 12 айға дейінгі жастағы балаларда қолдануға болмайды (жағымсыз реакциялардың кестелік тізбесі және арнайы сақтандырулар бөлімдерін қараңыз).
3 Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын қауіпсіздік мәселелеріне байланысты 37 аптадан аз жүктілік мерзімінде шала туған нәрестелерде қолдануға болмайды (арнайы сақтандырулар бөлімін қараңыз).
4 Кремді 1 сағаттан артық мерзімге жағу жөнінде деректер жоқ.
5 Метгемоглобин деңгейінің 16 см2 беткейге 4 сағатқа дейінгі мерзімге жағудан кейінгі клиникалық мәнді жоғарылауы тіркелмеген.
6 Ұзағырақ аппликациядан кейін анестезия уақыты азаяды.
Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын 12 жасқа толмаған балаларда теріге және жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарына жағу қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмады.
Қолда бар деректерге сай, препарат сүндеттеу шарасы орындалғанда ауырсынуды жеткілікті басуды қамтамасыз етпейді.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны төмендету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде бір реттік дозасын төмендету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасын төмендету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа, теріге.
Препаратты жағу жөніндегі ұсынымдар
Сықпаның қорғағыш жарғақшасын қалпақша көмегімен теседі.
Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратының 30 г сықпадан алынған ұзындығы шамамен 3,5 см жолағы 1 г дозаға сәйкес келеді. Егер артық дозаланудың алдын алу үшін дәлірек дозалауға қол жеткізу қажет болса (мысалы, жаңа туған нәрестелерде қолдану кезінде ең жоғары дозаларға жуықтағанда немесе 24 сағат ішінде екі рет жағу қажет болса), 1 г мөлшеріне тең болатын 1 мл шприцті пайдалануға болады.
Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын, жыныс мүшелерінің терісін қоса, терідегі окклюзиялық таңғыш астынан қалың қабаттап жағады. Ауқымды бөліктерге аппликациялау, мысалы, ыдыраған бөлік әдісімен теріні алу кезінде окклюзиялық таңғыш үстінен кремнің біркелкі жағылуын қамтамасыз ету және аумақты қорғау үшін созылғыш таңғыш байлау керек. Атопиялық дерматит болса, аппликациялау уақытын азайту керек.
Жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарымен байланысты емшаралар үшін окклюзиялық таңғыш қажет емес. Емшараны кремді кетіруден кейін бірден бастау керек.
Аяқтың трофикалық ойық жараларымен байланысты емшаралар үшін Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем препаратын окклюзиялық таңғыш астынан қалың қабаттап жағу керек. Ойық жараларды өңдеуді кремді кетіруден кейін бірден бастау керек.
Сықпадағы Акриол Про, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған крем аяқтың ойық жаралы зақымдануларына бір рет пайдалануға арналған: кез келген мөлшердегі сықпаны қолданудан кейін ішіндегі қалғанын жою керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Препараттың ұсынылған дозалау режимін қадағалағанда жүйелі уыттану белгілерінің даму ықтималдығы аз.
Симптомдары: Уыттану басқа жергілікті анестетиктерді қолдану кезіндегі сияқты болуы ықтимал, мысалы, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қозуы, ал ауыр жағдайларда ОЖЖ мен жүрек қызметінің бәсеңдеуі.
Сирек жағдайларда клиникалық мәнді метгемоглобинемия дамуы білінді. Прилокаин жоғары дозаларда метгемоглобин мөлшерінің артуын туындатуы мүмкін.
125 мг прилокаинді 5 сағат бойы беткейге жағу 3 айлық сәбиде орташа метгемоглобинемия дамуын туындатты. Лидокаинді 8,6-17,2 мг/кг дозада беткейлік жағу жаңа туған нәрестелерде күрделі уыттану тудырды.
Емдеу: Ауыр неврологиялық симптомдар (құрысулар, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі) симптоматикалық емдеуді, оның ішінде құрысуға қарсы препараттарды тағайындауды және қажет болса, өкпені жасанды желдетуді талап етеді. Метгемоглобинемия дамыған жағдайда метилтионин хлориді (метиленді көк) антидот болып табылады.
Препараттың баяу жүйелі сіңірілуіне орай, уыттануды емдеу басталған соң бірнеше сағат бойы пациенттерді қадағалауды қамтамасыз ету керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Сұрақтар болса, дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге хабарласыңыз.