Әсер ету механизмі
Акситиниб VEGFR-1, VEGFR-2 және VEGFR-3 тамырлар эндотелийдің өсу факторлары (ТЭӨФ) рецепторларына жататын тирозинкиназаның күшті және селективті тежегіші болып табылады. Бұл рецепторлар патологиялық ангиогенезге, ісіктің өсуіне және обырдың метастазданып үдеуіне қатысады. Акситиниб ТЭӨФ арқылы эндотелий жасушаларының көбеюі мен тірі қалуын жоғары белсенді түрде тежейтіні көрсетілген. Акситиниб нысананы білдіретін ісік ксенотрансплантаттарының тамырларында VEGFR-2 фосфорлануын тежеді және ісік өсуінің тежелуін, метастаздардың регрессиясын және тежелуін туындатты.
QTc аралығына әсері
Акситинибтің (5 мг) бір пероральді дозасын 7 күн ішінде 400 мг кетоконазолмен және онсыз қабылдаған кезде 5 мг дозаны қабылдағаннан кейін күтілетін емдік деңгейлерден екі есе дейінгі плазмадағы акситиниб концентрациясы QT аралығының клиникалық маңызды ұзаруын туындатпады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Акситинибтің қауіпсіздігі мен тиімділігі 3-фазалы рандомизацияланған, ашық, көпорталықты зерттеуде бағаланды. Сунитиниб, бевацизумаб, темсиролимус немесе цитокин негізіндегі схемаларды қоса алғанда, жүйелі емнің бір курсын алған кезде немесе одан кейін аурудың үдеуімен байқалатын кең таралған БЖО бар пациенттерді (N = 723) акситиниб (n = 361) немесе сорафениб (n = 362) қабылдайтын топтарға рандомизациялады (1 : 1). Бастапқы соңғы нүкте — ауру үдеуінсіз тірі қалу (АҮТҚ) жасырын тәуелсіз орталықтандырылған талдау арқылы бағаланды. Екінші соңғы нүктелерге объективті жауаптың жиілігі (ОЖЖ) және жалпы тірі қалу (ЖТҚ) кірді.
Осы зерттеуге енгізілген пациенттердің ішінде 389 пациент (53,8 %) сунитиниб негізіндегі емнің алдыңғы желісін алды, 251 пациент (34,7 %) цитокин негізіндегі емнің алдыңғы желісін алды (интерлейкин-2 немесе интерферон-альфа), 59 пациент (8,2 %) бевацизумаб негізіндегі емнің алдыңғы желісін алды және 24 пациент (3,3 %) темсиролимус негізіндегі емнің алдыңғы желісін алды. Шығыс біріккен онкологиялық топқа (ECOG) сәйкес жас, жыныс, нәсіл, функциялық статус, географиялық аймақ және алдыңғы емдеу сияқты демографиялық сипаттамалары мен бастапқы деңгейдегі ауру сипаттамалары акситиниб пен сорафениб қабылдау топтары арасында салыстырылмалы болды.
Пациенттердің жалпы популяциясында және екі негізгі кіші топта (сунитинибпен алдыңғы емдеу және цитокинмен алдыңғы емдеу) ҮТҚ бастапқы соңғы нүктесі үшін сорафенибке қарағанда акситинибтің статистикалық маңызды артықшылығы тіркелді (төмендегі кестені және 1, 2 және 3-суреттерді қараңыз). ҮТҚ медианасына әсер ету көлемі алдыңғы емге байланысты кіші топтарда ерекшеленді. Екі кіші топ сенімді нәтиже беру үшін тым аз болды (темсиролимуспен емдеу немесе бевацизумабпен емдеу). Жалпы популяциядағы ЖТҚ көрсеткіші бойынша топтар арасында немесе алдыңғы емнің кіші топтары арасында статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.
Тиімділікті бағалау нәтижелері
Соңғы нүкте/зерттелетін популяция — Акситиниб — Сорафениб — ҚҚ (95% СА) — Р-мәні
ITT жалпы популяциясы — N = 361 — N = 362
ҮТҚ медианасы, а,б айларда (95% СА) — 6,8 (6,4, 8,3) — 4,7 (4,6, 6,3) — 0,67 (0,56, 0,81) — < 0,0001в
ЖТҚ медианасыг айларда (95% СА) — 20,1 (16,7, 23,4) — 19,2 (17,5, 22,3) — 0,97 (0,80, 1,17) — МЕ
ОЖЖб, д, % (95% СА) — 19,4 (15,4, 23,9) — 9,4 (6,6, 12,9) — 2,06е (1,41, 3,00) — 0,0001ж
Сунитинибпен алдыңғы емдеу — N = 194 — N = 195
ҮТҚ медианасы, а,б айларда (95% СА) — 4,8 (4,5, 6,5) — 3,4 (2,8, 4,7) — 0,74 (0,58, 0,94) — 0,0063з
ЖТҚ медианасыг айларда (95% СА) — 15,2 (12,8, 18,3) — 16,5 (13,7, 19,2) — 1,00 (0,78, 1,27) — МЕ
ОЖЖб, д, % (95% СА) — 11,3 (7,2, 16,7) — 7,7 (4,4, 12,4) — 1,48е (0,79, 2,75) — МЕ
Цитокинмен алдыңғы емдеу — N = 126 — N = 125
ҮТҚ медианасы, а,б айларда (95% СА) — 12,0 (10,1, 13,9) — 6,6 (6,4, 8,3) — 0,52 (0,38, 0,72) — < 0,0001з
ЖТҚ медианасыг айларда (95% СА) — 29,4 (24,5, БЖ) — 27,8 (23,1, 34,5) — 0,81 (0,56, 1,19) — МЕ
ОЖЖб, д, % (95% СА) — 32,5 (24,5, 41,5) — 13,6 (8,1, 20,9) — 2,39е (1,43–3,99) — 0,0002и
СА — сенімді аралық; ҚҚ — қауіптер қатынасы (акситиниб/сорафениб); ITT — ем тағайындалған пациенттердің популяциясы; БЖ — бағаланған жоқ; МЕ — статистикалық маңызды емес; ОЖЖ — объективті жауап жиілігі; ЖТҚ— жалпы тірі қалу; ҮТҚ — аурудың үдеуінсіз тірі қалу.
aРандомизациядан кез келген себеппен үдеуге немесе өлімге дейінгі уақыт, бұрын не болатынына байланысты. Деректер жинаудың аяқталу күні: 03 маусым 2011 ж.
бЕмге қатты ісіктердің жауабын бағалау критерийлеріне сәйкес тәуелсіз рентгендік талдау (RECIST).
вECOG функциялық статусы және алдыңғы ем бойынша стратификацияланған логрангтық критерий бойынша емдеуді бағалау үшін біржақты р-мәні.
гДеректер базасының жабылу күні: 01 қараша 2011 ж.
дДеректер жинаудың аяқталу күні: 31 тамыз 2010ж.
еОЖЖ үшін қауіптер қатынасы. Қауіптер қатынасы > 1 акситиниб тобындағы жауаптың жоғары ықтималдығын көрсетеді; < 1 қауіптер қатынасы сорафениб тобындағы жауаптың жоғары ықтималдығын көрсетеді.
жECOG функциялық статусы және алдыңғы ем бойынша стратификацияланған Кохран—Мантель — Гензель критерийі бойынша емдеуді бағалау үшін біржақты р-мәні.
зECOG функциялық статусы бойынша стратификацияланған логрангтық критерий бойынша емдеуді бағалаудың біржақты р-мәні.
иECOG функциялық статусы бойынша стратификацияланған Кохран—Мантель — Гензель критерийі бойынша емдеуді бағалау үшін біржақты р-мәні.
1-сурет. Жалпы популяциядағы тәуелсіз бағалауға сәйкес аурудың үдеуінсіз Каплан — Мейер тірі қалу қисығы
Акситиниб (N = 361) Медианасы 6,8 айСорафениб (N = 362) Медианасы 4,7 айҚауіптер қатынасы = 0,6795% СА (0,56, 0,81)Р-мәні < 0,0001Акситиниб (N = 361) Медианасы 6,8 айСорафениб (N = 362) Медианасы 4,7 айҚауіптер қатынасы = 0,6795% СА (0,56, 0,81)Р-мәні < 0,00010246810121416182022242628Уақыт (айлар)0246810121416182022242628Уақыт (айлар)1,00,90,80,70,60,50,40,30,20,10,01,00,90,80,70,60,50,40,30,20,10,0Үдеусіз үлесҮдеусіз үлес
2-сурет. Сунитинибпен алдыңғы емдеудің кіші тобындағы тәуелсіз бағалауға сәйкес аурудың үдеуінсіз Каплан — Мейер тірі қалу қисығы
Акситиниб (N = 194) Медианасы 4,8 айСорафениб (N = 195)Медианасы 3,4 айҚауіптер қатынасы = 0,7495% СА (0,58, 0,94)Р-мәні < 0,0063Акситиниб (N = 194) Медианасы 4,8 айСорафениб (N = 195)Медианасы 3,4 айҚауіптер қатынасы = 0,7495% СА (0,58, 0,94)Р-мәні < 0,0063Үдеусіз үлесҮдеусіз үлес1,00,90,80,70,60,50,40,30,20,10,01,00,90,80,70,60,50,40,30,20,10,00246810121416182022242628Уақыт (айлар)0246810121416182022242628Уақыт (айлар)
3-сурет. Цитокинмен алдыңғы емдеудің кіші тобындағы тәуелсіз бағалауға сәйкес аурудың үдеуінсіз Каплан — Мейер тірі қалу қисығы
Акситиниб (N = 126) Медианасы 12,0 айСорафениб (N = 125) Медианасы 6,6 айҚауіптер қатынасы = 0,5295% СА (0,38, 0,72)Р-мәні < 0,0001Акситиниб (N = 126) Медианасы 12,0 айСорафениб (N = 125) Медианасы 6,6 айҚауіптер қатынасы = 0,5295% СА (0,38, 0,72)Р-мәні < 0,00010246810121416182022242628Уақыт (айлар)0246810121416182022242628Уақыт (айлар)Үдеусіз үлесҮдеусіз үлес1,00,90,80,70,60,50,40,30,20,10,01,00,90,80,70,60,50,40,30,20,10,0
Бала жасындағы пациенттер
Дәрілік заттар жөніндегі еуропалық агенттік бүйрек карциномасы мен бүйрек түбекшесін емдеу үшін (нефробластомадан, нефробластоматоздан, ашықжасушалы саркомадан, мезобластты нефромадан, бүйректің милы қабатының жасушаларынан тұратын карциномадан және бүйректің рабдоидты ісігінен басқа) бала жасындағы пациенттердің барлық кіші топтарында акситинибті қолдануды зерттеу нәтижелерін беру міндеттемесінен бас тартуды мақұлдады.