Ацеклофенак олардың ағымы өршуі мүмкін екендіктен төменде тізбеленген аурулары бар пациенттерге сақтықпен және мұқият медициналық қадағалаумен тағайындалу керек:
- асқазан-ішек жолының жоғарғы және төменгі бөлімдерін қоса, асқазан-ішек ауруларын көрсететін симптомдар
- анамнездегі ойық жара, қан кету немесе асқазан немесе ішек ойық жарасының тесілуі
- ойық жаралы колит
- Крон ауруы
- гематологиялық аурулар, жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ), порфирия және қан түзілуінің бұзылуы.
Арнайы ескертулер
Бір мезгілде Актинак 100 препаратын және циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қамтитын басқа ҚҚСП қолданбау керек.
Асқазан-ішек жолына әсері
АІЖ-дағы өліммен аяқталатын қан кету, ойық жара немесе тесілу емделудің кез келген кезеңінде басқа ҚҚСП қабылданғанда қауіпті симптомдар болған кезде де, оларсыз да, анамнезінде АІЖ күрделі патологиялық жағдайлары болғанда да, олар болмағанда да байқалды. Ойық жара байқалған пациенттерде, әсіресе, егер ол егде жастағы пациенттерде қан құйылумен немесе тесілумен қатар жүрсе, ҚҚСП дозасын арттырумен асқазан-ішектен қан кету, асқазанның немесе ішекте ойық жараның түзілу және оның тесілу қаупі арта түседі. Бұл пациенттерге препараттың ең төмен тиімді дозасын қабылдау керек. Оларға протектор-препараттар (мысалы, мизопростол немесе протонды помпа тежегіштері) қолданылатын біріктірілген ем қажет, сонымен қатар осындай ем аспирин немесе асқазан-ішек жолының жағдайына теріс әсер ететін басқа препараттардың аздаған дозаларын қабылдайтын пациенттерге қажет.
АІЖ аурулары бар пациенттер, соның ішінде егде жастағы пациенттер АІЖ-мен байланысты кез келген әдеттен тыс симптомдар туралы (әсіресе, қан кету), соның ішінде препаратты алғаш қабылдау тұсында хабарлауы тиіс. Жүйелі кортикостероидтар, антикоагулянттар (варфарин сияқты), серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер немесе антиагреганттар (ацетилсалицил қышқылы сияқты) тәрізді қан кетудің немесе ойық жараның пайда болу қаупін арттыратын препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге айрықша сақтану шараларын қадағалау керек.
Актинак 100 қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кетуі немесе ойық жара туындағанда емдеуді тоқтату керек.
Жүрек-қантамыр және орталық жүйке жүйесіне ықпал етуі
Артериялық гипертензиясы және/немесе жеңіл немесе орташа дәрежедегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тиісті мониторинг және айрықша нұсқаулар қажет, өйткені ҚҚСП қабылдаумен астасқан организмдегі сұйықтық іркілуі мен ісінулер хабарланған.
Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша I функционалдық класс), жүрек-қантамыр жүйесі үшін қауіп факторлары (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және шылым шегу) бар пациенттерге ацеклофенакты қолданғанда аса сақтық таныту керек. Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын жағымсыз құбылыстар қаупі дозаны ұлғайтумен және препаратты қолдану ұзақтығымен өсуі мүмкін болғандықтан, симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа мерзім ішінде ең төменгі тиімді тәуліктік дозаны пайдалану керек. Пациенттің симптоматикалық емдеуді қажет етуін мезгіл-мезгіл бақылау және емге жауапты бағалап отыру керек.
Сонымен қатар, анамнезде цереброваскулярлық қан кетуі бар пациенттерге ацеклофенак тағайындалғанда сақтық шарасын қадағалап, мұқият медициналық бақылауға алу керек.
Бауырға және бүйрекке әсері
ҚҚСП қабылдау простагландин түзілуінің дозаға тәуелді редукциясын және бүйрек жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Жүрек, бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, диуретиктер алатын тұлғаларда немесе ауқымды хирургиялық араласудан кейінгі пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде препаратты қабылдағанда бүйректік қан ағымын қамтамасыз етуде простагландиннің маңызды екенін ескеру керек. Жеңіл немесе орташа дәрежедегі бауыр және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, сондай-ақ организмде сұйықтықтың іркілуіне бейімдендіретін басқа жай-күйлері бар пациенттерде препаратты қабылдағанда сақ болу керек. Осы пациенттерде ҚҚСП пайдалану бүйрек функциясының нашарлауына және сұйықтық іркілісіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, Актинак 100 препаратын диуретиктер қабылдайтын пациенттерде немесе гиповолемия қаупі жоғары тұлғаларда қабылданғанда сақтық шарасын қадағалау керек. Ең төмен тиімді доза және бүйрек функциясына жүйелі дәрігерлік бақылау қажет. Бүйрек тарапынан болатын құбылыстар, әдетте, ацеклофенак қабылдауды тоқтатқаннан кейін басылады. Егер бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгерістері сақталса немесе нашарласа, бауыр ауруларының клиникалық белгілері немесе симптомдары дамыса немесе басқа көріністері (эозинофилия, бөртпе) білінсе, ацеклофенак қабылдауды тоқтату керек. Гепатит продромальді симптомдарсыз дамуы мүмкін.
Бауыр порфириясы бар пациенттерде ҚҚСП қолдану порфирия ұстамасына түрткі болуы мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық және тері реакциялары
Препарат, басқа да ҚҚСП сияқты, тіпті емдеу курсының ерте кезеңдерінде, анафилаксиялық/анафилактоидты реакцияларды қоса, аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін.
ҚҚСП қабылдаудан кейін эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролизді қоса, ауыр тері реакциялары (олардың кейбірі өліммен аяқталуы мүмкін) өте сирек байқалған. Осы реакциялар туындауының ең жоғары қаупі пациенттерде препарат қабылдаудың басында байқалады, көбінесе препарат қабылдаудың алғашқы айында байқалады.
Тері бөртпесі, ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілері пайда болғанда ацеклофенак қабылдауды дереу тоқтату керек.
Айрықша жағдайларда, желшешекте: терінің және жұмсақ тіндердің күрделі инфекциялары сияқты асқынулар пайда болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта осы инфекциялар ағымын нашарлатуда атқаратын ҚҚСП рөлін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан желшешекте Актинак 100 препаратын қабылдаудан аулақ болу керек.
Гематологиялық бұзылулар
Ацеклофенак тромбоциттер агрегациясының қайтымды тежелісін туындатуы мүмкін.
Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар
Қазіргі уақытта немесе анамнезінде бронх демікпесі бар пациенттерде препарат қабылдағанда сақ болу керек, өйткені ҚҚСП қабылдау ондай пациенттерде кенеттен бронх түйілуінің дамуына түрткі болуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Препаратты егде жастағы пациенттерде қабылдағанда сақ болу керек, өйткені оларда ҚҚСП қабылдау кезінде жағымсыз құбылыстар (әсіресе, асқазан-ішек жолынан қан кету және тесілу) жиірек пайда болады. Асқынулар өліммен аяқталуы мүмкін. Оның үстіне, егде жастағы пациенттер бүйрек, бауыр немесе жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан жиірек зардап шегеді.
Ұзақ уақыт қолдану
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен ұзақ уақыт ем алатын барлық пациенттер, алдын алу шарасы ретінде мұқият бақылауда (мысалы, жалпы қан талдауы, функционалдық бауыр және бүйрек тестілері) болуы тиіс.
Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
• ҚҚСП қабылдау кезінде әлсіздік, бас айналу, вертиго, жүрек айну немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа симптомдар сияқты құбылыстары байқалған пациенттер автокөлікті немесе басқа қауіпті механизмдерді басқармауы тиіс.