Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем
Саудалық атауы
Актицил
Әсер етуші зат
Сульфадиазин серебра в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Күйік инфекцияларын емдеу және профилактикасы
Өндіруші
Акрити Фармасьютикалз Пвт. Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
30 г препарат құрамында
белсенді заттар: 0,300 г күміс сульфадиазині
хлоргексидин глюконат ерітіндісі,
0,150 г хлоргексидин глюконатына баламалы
қосымша заттар: цетостеарил спирті, цетомакрогол 1000, ашық сұйық парафин, бутилденген гидрокситолуол, натрий гидрофосфаты, метилпарагидроксибензоат (метилпарабен), пропилпарагидроксибензоат (пропилпарабен), динатрий эдетаты, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қатты бөлшектерден бос ақ түсті біркелкі крем.
- күйік инфекцияларын емдеу және профилактикасы
- ойылу, сирақтың ойық жаралары, соғылу, жарақаттық ұсақ жаралар, кесілу, басқа таза жаралар кезіндегі және терінің бос трансплантаттарын алып тастаған жердегі инфекцияларды емдеу және профилактикасы
Әсер ету механизмі
Сыртқа қолдану үшін біріктірілген микробқа қарсы препарат. Препараттың әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиеттерімен жүзеге асады.
Актицил препараты күйік инфекцияларының профилактикасы мен оны емдеуге арналған жергілікті химиялық ем дәрісі болып табылады.
Күйік беткейіне жаққанда күміс сульфадиазині ыдырап, осы орайда күміс иондары мен сульфаниламидтерді баяу және үздіксіз босатып шығарады. Бұл иондар дезоксирибонуклеин қышқылымен байланысады, бұл бактериялық жасушалардың өсуі мен көбеюін тежей отырып, тері тіндері мен тері асты шелінің жасушаларына әсер етпейді. Актицил кремінің тері беткейіндегі күйіктік және басқа жаралардың инфекция жұқтыруын тудыратын микробтардың нақты барлық түрлерін қамтитын бактерияға қарсы белсенділік ауқымы кең.
Сезімтал микроорганизмдерге күміс сульфадиазинінің (in vitro) ең төмен бәсеңдету концентрациясының (ЕБК) кестесі:
Микроорганизмде — ЕБК (мкг/мл)
Pseudomonas aeruginosa — 50 немесе аз
Pseudomonas maltophilia — 50 немесе аз
Enterobacter — 100 немесе аз
E. cloacae — 50 немесе аз
Klebsiella — 100 немесе аз
E. coli — 50 немесе аз
Serratia — 100 немесе аз
Proteus — 50 немесе аз
Morganella morganii — 50 немесе аз
Providencia — 50 немесе аз
Citrobacter — 50 немесе аз
Acinetobacter — 100 немесе аз
Corynebacterium diphteriae — 50 немесе аз
Staphylococcus — 100 немесе аз
Streptococcus pyogenes — 50 немесе аз
Enterococcus spp — 100 немесе аз
Clostridium perfrigens — 100 немесе аз
Candida albicans — 100 немесе аз
Herpes — 10
Dermatophytes — 100
Herella — 6,25
Aspergillus fumigatus — 100
Aspergilus flavus — 100
Mucor pussilus — 50
Rhizopus nigricans — 10
Күміс сульфадиазині некрозданған тіндерге және экссудатқа енеді. Бұл әсері ерекше маңызды, өйткені жүйелі антибиотиктер тамырсыз күйік некрозының бактериялық флорасына қарсы тиімсіз.
Актицил препаратының екінші белсенді ингредиенті - хлоргексидин әсер ету ауқымы кең антисептик болып табылады, бактерицидтік әсері бар. Грам-теріс және грам-оң микроорганизмдердің вегетативтік түрлеріне, сондай-ақ ашытқылар, дерматофиттер және липофилді вирустарға қатысты белсенді.
Дозалау режимі
Емдеу күйік тереңдігі анықталған соң бірден басталады.
Кремді тәулігіне бір рет 2-4 мм жұқа қабатпен жағу керек, ауыр күйік жаралары болған жағдайда кремді тәулігіне бірнеше рет жағуға болады, алайда кез келген жағдайда кремді, кем дегенде, әр 24 сағат сайын қайталап жағу керек.
Балалар
Бұл кремді балалар жасында қолдану, сульфаниламидпен емдеуден кейін ядролық сарғаюдың пайда болу мүмкіндігіне орай, шала туған нәрестелер мен 2 айлығына дейінгі жаңа туған нәрестелерге қарсы көрсетілімді. Екі айлығынан асқан сәбилерді емдеу үшін ұсынылған крем дозасы ересек пациенттерге арналған дозадан ерекшеленбейді. Препаратты балаларда қолдану ересек пациенттердегімен бірдей.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде Актицил препаратын қолданғанда ауқымды күйіктерді ұзақ уақыт емдегенде сульфадиазиннің аса қарқынды сіңуіне байланысты сақ болу керек. Сульфадиазин құрамына (концентрациясына) бақылау жүргізу қажет болуы мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолдануға арналған. Күйік беткейін алдымен тазартады және өлі тіндер алып тасталады, одан кейін күйік шалған аумақты Актицил препаратының кремін қалың қабатымен (2-4 миллиметр) майлайды. Кремді стерильді дәкеге жағу және күйікке қою ұсынылады. Кремді күйік шалған беткейге стерильді шпательмен немесе қолғаппен де жағуға болады.
Крем жаққанда әр жолы ескі крем қабатын және препаратты қолданудан кейін жарадан көп аққан бөліністерді сумен немесе антисептикпен тазарту қажет.
Кремнің үстіне таңғыш салуға болады, бірақ абсолютті қажеттілігі жоқ. Крем сол бір ғана пациенттің көп рет пайдалануына арналған. Кремді қолдану ауырсындырмайды. Киім мен төсек жаймасында дақ қалдырмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Сізде аталған дәрілік препаратты қолдану жөнінде қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізге хабарласыңыз.
- сульфаниламидтерге, хлоргексидинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 2 айлығына дейінгі балалар, оның ішінде шала туған нәрестелер
Жиі:
- лейкопения *
- терінің тітіркенуі, қышыну, ашыту сезімі, кремді жаққан кездегі ауыру, бөртпе, тері пигментациясының бұзылуы (аргирия)
Өте сирек
- Стивенс-Джонсон синдромы (SJS) және уытты эпидермалық некролиз (TEN)
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- гиперпигментация.
* Өтпелі лейкопения, әдетте, емдеуді тоқтатуды талап етпейді.
Арнайы шаралар.
Препаратты үлкен аумақтарға (көп дозалар) жаққанда, әсіресе, ауыр күйіктен кейін пациенттің қанын мониторингтеу ұсынылады.
Сульфадиазинді ішке қабылдау кезіндегі жағымсыз әсерлер: анемия, тромбоцитопения, эозинофилия, қызба, бауыр некрозы, интерстициялық нефрит және кристаллурия. Барлық осы жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі белгісіз, өйткені олар туралы жекелеген жағдайларда хабарланған. Пероральді қолдану кезінде препаратты жергілікті қолданғанда туындамайтын келесі жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін: жүрек айну, құсу, диарея, пурпура, фотодерматоз, түйінді эритема, Стивенс-Джонсон синдромы және Лайелл синдромы, эксфолиативтік дерматит, бас ауыру, буындар ауыруы, холестаздық гепатоз және фолий қышқылының тапшылығы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Дененің ауқымды аумақтарында ұзақ уақыт қолданғанда қан сарысуында сульфаниламид концентрациясы жүйелі қолдану кезінде қол жеткізілген деңгейіне жуықтауы мүмкін, бұл сульфаниламидтерге тән жағымсыз реакциялар дамуына алып келуі мүмкін.
Емдеу
Қан сарысуындағы сульфадиазин концентрациясын анықтау ұсынылады. Қажет болса, бүйрек функциясын және пішінді қан элементтерінің санын бақылап отыру керек.
Емдеу симптоматикалық, көп сұйық ішу тағайындалады (тәуліктік диурезді 1200 - 1500 мл және одан артық деңгейде сақтау ұсынылады). Кері сіңірілген сульфадиазин гемо - және перитонеальді диализ көмегімен оңай диализденеді.
Актицил препаратын ерекше сақтықпен тағайындау керек:
- сульфаниламидтерге жоғары сезімталдығы бар пациенттерде (болжамды аллергиялық реакцияларға орай)
- туа біткен глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар тұлғаларда (өйткені, бұл терінің үлкен аумағына кремді жағудан кейін гемолиз пайда болуын туындатуы мүмкін)
- бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде препараттың жиналып қалуы мүмкін екендіктен, қан сарысуында сульфонамид деңгейін бақылап отыру керек
- порфирия бар пациенттерде.
Кез келген жергілікті әсер ететін микробтарға қарсы дәрімен де, сульфадиазин күмісімен ем кезінде де асқын инфекция туындауы мүмкін.
Актицил препаратын терінің үлкен бөлігінде ұзақ уақыт қолданғанда лейкопения, тромбоцитопения немесе эозинофилияға қан талдауын жасау қажет. Ауқымды күйіктерді емдеу кезінде қан плазмасындағы өзгерістерді байқауға болады.
Жүйелі жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін, сондықтан қан сарысуындағы сульфадиазин мөлшерін тексерген дұрыс.
Бүйрек функциясын бақылап отыру және несеп талдауын жасау қажет, өйткені кристаллурия туындауы мүмкін.
Стивенс-Джонсон синдромы (SJS) және уытты эпидермалық некролиз (TEN) сияқты өмірге қауіпті тері реакциялары туралы хабарланды.
Пациенттер белгілер мен симптомдар туралы ескертілуі және хабарлануы, әрі тері реакцияларының туындауын мұқият қадағалауы тиіс.
SJS немесе TEN ең көп даму қаупі емдеудің алғашқы апталарында туындайды. Егер SJS немесе TEN белгілері немесе симптомдары пайда болса (мысалы, көбінесе күлбіреуіктермен немесе шырышты қабық зақымдануымен терінің үдемелі бөртпесі), Актицил кремімен емдеуді тоқтату керек. SJS және TEN емдеуінің ең үздік нәтижелеріне ерте диагностикалау және емдеуді дереу тоқтатумен қол жеткізілді. Бұл жағдайда емдеуді ертерек тоқтату, егер пациентте креммен емдеу салдарынан SJS немесе TEN туындаса, үздік болжам жасау мүмкіндігін береді. Осындай реакциялар туындаған жағдайда препаратты пациентке ешқашан қайта тағайындауға болмайды.
Препаратты қолдану кезінде оның көзге түсіп кетпеуі үшін сақ болу қажет.
Қосымша заттар
Препараттың қосымша заттарының құрамында терінің жергілікті реакцияларын (жанаспалы дерматиттер) тудыруы мүмкін цетостеарил спирті бар.
Препарат құрамында бутилденген гидрокситолуол бар, осыған байланысты, терінің жергілікті реакциялары (жанаспалы дерматиттер), көздің және шырышты қабықтардың тітіркенуі болуы мүмкін.
Препарат құрамында баяу типті аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін метилпарагидроксибензоат (метилпарабен), пропилпарагидроксибензоат (пропилпарабен) бар.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттің көлік құралдарын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік кезінде және, әсіресе, жүктіліктің бірінші триместрінде организм сульфадиазиннің аз мөлшерін сіңіреді. Актицил препаратын жүктілік кезінде қолдану қарсы көрсетілімді, өйткені сульфонамидтер билирубин мен альбумин арасында байланыс ыдырауын тудыруы мүмкін, бұл ұрықта ядролық сарғаюдың даму нәтижесінде болуы мүмкін.
Емшек сүтіне бөлінетін сульфадиазин мөлшерінің баланың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіру-төндірмеуі екіталай. Дегенмен де, сульфонамидтер балалардағы ядролық сарғаюдың даму қаупін арттыратыны белгілі болғандықтан, екі айға толмаған балаларды емізу кезінде сульфадиазинді қолдану қарсы көрсетілімді. Жасы үлкендеу балаларда емшек сүтімен қоректендіруді жалғастыру немесе тоқтата тұру немесе сульфадиазинмен емдеуді жалғастыру немесе тоқтата тұру шешімі, сәби үшін емшек емудің пайдасын және ана үшін Актицил препаратын қолданудың пайдасын ескере отырып, қабылдануы тиіс.
Препарат жараны тазалау үшін оларды бір мезгілде қолданғанда ферменттік препараттардың әсерін белсенділігінен айыруы мүмкін.
Циметидинді бір мезгілде қолданғанда лейкопенияның даму қаупі артады.
Айрықша сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
2 айлығына дейінгі балаларда, оның ішінде шала туған нәрестелерде қолдану қарсы көрсетілімді.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.