Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные и назальные
Дозасы
0,03 %
Саудалық атауы
Алергозол-DF
Әсер етуші зат
Нафазолин в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Маусымдық аллергиялық конъюнктивиттің асқынуында, жыл бойғы аллергиялық конъюнктивиттің асқынуында
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
10 мл препараттың құрамында 0,03 % 0,06 %
белсенді заттар: нафазолин нитраты - 3,0 мг 6,0 мг,
дифенгидрамин гидрохлориді - 5,0 мг 10,0 мг
қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш түсті сұйықтық.
Дәрілік препарат құрамында нафазолин және димедрол болғандықтан аллергияға қарсы және тамырларды тарылтқыш әсер етеді. Препараттың құрамына кіретін димедрол (дифенгидрамин) - гистаминді H1-рецепторлардың бөгегіші. Н1-бөгегіш белсенділігі бар, гистамин туындататын тегіс бұлшықеттердің түйілуін, капилляр өткізгіштігінің жоғарылауын, тіндердің ісінуін, қышуын, гиперемияны азайтады немесе оның алдын алады.
Нафазолин шырышты қабықтардың тамырларына жылдам, ұзақ уақыт бойы тамыр тарылтқыш әсер етеді (ісінуді, гиперемияны, экссудацияны азайтады). Нафазолин мұрын ішіне қолданғанда ринит кезіндегі мұрынмен тыныстаудың жеңілдеуіне ықпал етеді. Мұрынның қосалқы қойнауларының шығару арналарының ашылуына және кеңеюіне әрі Евстахиев түтіктерінің босауына ықпал етеді. Бұл секреттің ағып шығуына ықпал етіп, бактериялардың мұрын шырышында жинақталуына жол бермейді.
Дозалау режимі
Ринит кезінде ересектерге 0,06% әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан күніне 3 рет;
Балаларға арналған 0,03% тамшылар:
- 2-ден 6 жасқа дейінгілерге – күніне 1-2 рет әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан
- 6-дан 18 жасқа дейінгілерге – күніне 3 рет әрбір мұрын қуысына 2 тамшыдан.
Емдеу курсы 5-6 күн.
Конъюнктивиттерде:
Ересектерге 0,06 % тамшылар: жедел құбылыстарда – көздің ісінуін және тітіркенуін азайту үшін коньюнктивальді қапшыққа 1 тамшыдан әр 3 сағат сайын, содан соң клиникалық белгілер жойылғанға дейін 1 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет. 2 жастан асқан балаларға 0,03 % тәулігіне 1-2 тамшыдан тағайындайды. 5 күннен артық қолдануға болмайды. Конъюнктива тітіркенуінің белгілері 72 сағаттан артық сақталғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті қолдану үшін
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы препаратты қолдануға болмайды.
— белсенді заттарға немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық;
— конъюнктива ксерозы (құрғақ кератоконьюнктивит, Съегрен синдромы);
— жабықбұрышты глаукома;
— артериялық гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз;
— қант диабеті;
— қуық асты безінің гипертрофиясы;
— гипертиреоз;
— моноаминоксидаза тежегіштерін бір мезгілде қолдану және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күндік мерзім;
— 2 жасқа дейінгі балалар (0,03%);
— 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (0,06%).
Жиі
— көздің ашуы, қышуы, ауыруы, көру бұзылыстары, гиперемия, конъюнктиваның тітіркенуі.
Сирек
— ұйқышылдық, жүрек қағуы, гипертензия, бас ауыруы және бас айналуы, жүрек айнуы, көзішілік қысымның жоғарылауы.
Жүйелі реакциялардың пайда болуы немесе сақталатын жергілікті тітіркену препаратты тоқтатуға көрсетілім болып табылады.
Ұзақ қолдану гипоксиясымен (нашарлатушы болжам) байланысты эпителийдің жергілікті өзгерістеріне әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша ақпарат
Симптомдары: тері жабындарының бозаруы, тахикардия, жүрек тұсының ауыруы, артериялық қысымның көтерілуі, тер бөлінудің күшеюі, дірілдеу, бас ауыруы, қозу, жүрек айнуы, ұйқышылдық, бас айналуы, ұзақ мидриаз.
Емі: препаратты қолдануды тоқтату, аурудың белгілеріне қарай ем жүргізу.
Тамызу кезінде тамшылатқыш-құты ұшының басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспауын қадағалау керек.
Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшасымен тығыздап жабу керек!
Арнайы сақтандырулар
Препаратты қолданған кезде жұмсақ жанаспалы линзаларды тағуға болмайды.
Көз тамшы дәрісін тамызудың алдында қатты жанаспалы линзаларды шешу керек, оларды қайтадан препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 15-20 минут өткеннен кейін ғана тағуға болады.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді
басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде анаға деген пайда бала және ұрыққа болуы мүмкін қауіптен асатын болса ғана қолдануға болады.
Трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолданғанда нафазолиннің тамыр тарылтқыш әсері күшеюі мүмкін. Нафазолинді моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде және оны тоқтатқаннан кейін 14 күн бойы қолдану гипертониялық кризді туғызуы мүмкін.
Препарат жергілікті жансыздандыратын заттардың сіңуін баяулатады (беткейлік анезтезия жүргізген кезде олардың әсерін ұзартады).
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құты ашылғаннан кейінгі препараттың қолданылу кезеңі – 15 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.