Өте жиі
- бас айналуы, ұйқышылдық, бас ауыруы
Жиі
- назофарингит
- тәбеттің артуы
- эйфория, сананың шатасуы, ашушаңдық, бағдарсыздық, ұйқысыздық, астения
- атаксия, зейін қоюдың бұзылуы, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, тепе-теңдіктің бұзылуы, жадының нашарлауы, амнезия, тремор, дизартрия, парестезиялар, гипостезия, седация, енжарлық
- анық көрмеу («көз алдының кіреукеленуі»), диплопия (көзге қос көрінуі)
- вертиго (бас айналуы)
- ауыздың құрғауы, құсу, жүрек айнуы, метеоризм, диарея, іш қатуы, іштің кебуі
- бұлшықет түйілулері, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы, мойынның түйілулері
- либидо төмендеуі, эректильді дисфункция
- қажығыштық, шеткері ісінулер, жүріс-тұрыстың өзгеруі, құлап қалулар, «масаю» сезімі
- дене салмағының жоғарылауы
Жиі емес
- нейтропения
- аса жоғары сезімталдық
- тәбеттің болмауы, гипогликемия
- елестеулер, үрейлі шабуылдар, мазасыздық, қозу, депрессия, жабыққан көңіл-күй, көтеріңкі көңіл-күй, озбырлық, көңіл-күйдің құбылулары, деперсонализация, сөз тауып айтуға қиналу, әдеттен тыс түстер көру, либидо күшеюі, аноргазмия, апатия
- естен танулар, мелшию, миоклонус, сананы жоғалту , психомоторлық аса жоғары белсенділік, дискинезия, постуральді бас айналуы, интенциялық тремор, нистагм, когнитивтік бұзылулар, психикалық бұзылыстар, сөйлеудің бұзылуы, гипорефлексия, гиперестезия, ашыту сезімі, агевзия, дімкәстану
- шеткері көру қабілетін жоғалту, көрудің бұзылулары, көздің ісінуі, көру аясының ақауы, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің ауыруы, астенопия, фотопсия, көздің құрғауы, көзден жас парлаудың күшеюі, көздің тітіркенуі
- есту сезімталдығының жоғарылауы
- тахикардия, бірінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі
- гипотензия, гипертензия, қан кернеулері, ыстық құйылулар, аяқ-қолдың мұздауы
- ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрынның бітелуі, ринит, қорылдау, мұрынның құрғауы
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, сілекей гиперсекрециясы, оральді гипестезия
- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы*
- папулалық бөртпе, есекжем, тершеңдіктің күшеюі, қышыну
- буындардың ісінуі, миалгия, бұлшықеттердің тартылулары, мойынның ауыруы, бұлшықеттердің сіресуі
- несепті ұстай алмау, дизурия
- сексуалдық дисфункция, эякуляция іркілуі, дисменорея, сүт бездерінің ауыруы
- қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер санының азаюы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің төмендеуі, салмақ төмендеуі
- жайылған ісінулер, беттің ісінуі, кеуденің қысылу сезімі, ауыру, дене температурасының жоғарылауы, шөлдеу, қалтырау, астения
Сирек
- ангионевроздық ісіну, аллергиялық реакциялар
- мәңгіру
- құрысулар, паросмия, гипокинезия, дисграфия, паркинсонизм
- көрмей қалу, кератит, осциллопсия, көру тереңдігінің өзгеруі, мидриаз, қыликөзділік, анық көру
- QT аралығының ұзаруы, синустық тахикардия, синустық аритмия
- өкпенің ісінуі, тамақтың қысылу сезімі
- асцит, панкреатит, тілдің ісінуі, дисфагия
- сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы, суық тер, уытты эпидермалық некролиз
- қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы
- бүйрек жеткіліксіздігі, олигурия, несептің іркілуі
- аменорея, емшек ұшынан бөліністер, сүт бездерінің үлкеюі, гинекомастия
- лейкоциттер санының азаюы
Өте сирек
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатит
Белгісіз
- есірткіге тәуелділік
- тыныстың тарылуы
*Аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділігі жоғарылауы.
Прегабалинмен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді емдеуді тоқтатқаннан кейін кейбір пациенттерде тоқтату симптомдары анықталды. Келесі реакциялар сипатталды: ұйқысыздық, бас ауыруы, жүрек айнуы, үрейлену, диарея, тұмау тәрізді синдром, құрысулар, күйгелектік, депрессия, ауыру, қатты тершеңдік және бас айналуы, бұл физикалық тәуелділігін көрсетеді. Бұл симптомдар есірткіге тәуелділікті көрсетуі мүмкін. Пациентті бұл туралы емдеудің басында хабардар ету керек. Прегабалинмен ұзақ мерзімді емдеуді тоқтатуға келетін болсақ, деректер тоқтату симптомдарының жиілігі мен ауырлығы дозаға байланысты болуы мүмкіндігін айғақтайды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz