Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, диспергируемые в полости рта
Дозасы
5 мг
Саудалық атауы
Аллервэй® Экспресс
Әсер етуші зат
Левоцетиризин
Мақсаты
Аллергиялық ринитті (персистерлейтін аллергиялық ринитті қоса) және есекжемді симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Атена Драг Деливери Солишэнс Пвт.Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – левоцетиризин дигидрохлориді 5 мг,
қосымша заттар: бетадекс, маннитол, коллоидты кремнийдің қостотығы, жүгері крахмалы, сусыз лимон қышқылы, микрокристалды целлюлоза (Avicel pH 102), кросповидон, аспартам, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, ойығы бар таблеткалар.
• аллергиялық ринитті (персистерлейтін аллергиялық ринитті қоса) және есекжемді симптоматикалық емдеу
Әсер ету механизмі
Препараттың белсенді заты – левоцетиризин, цетиризиннің R-энантиомері, гистаминнің бәсекелес антагонистерінің тобына жатады, Н1-гистаминді рецепторларды бөгейді. Левоцетиризинде Н1-рецепторларға ұқсастығы цетиризинге қарағанда 2 есе жоғары.
Фармакодинамикалық әсерлері
Левоцетиризин аллергиялық реакциялардың гистаминге тәуелді сатысына әсер етеді, сондай-ақ эозинофилдердің миграциясын азайтады, тамыр өткізгіштігін азайтады, қабыну медиаторларының босап шығуын шектейді.
Левоцетиризин аллергиялық реакциялар дамуының алдын алады және ағымын жеңілдетеді, экссудацияға қарсы, қышынуға қарсы әсерге ие, іс жүзінде антихолинергиялық және антисеротонинді әсер етпейді. Терапевтік дозаларда іс жүзінде тыныштандыратын әсер етпейді.
Препараттың әсері 50% науқастарда бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін 12 минуттан соң, 95%-ында 1 сағаттан кейін басталады және 24 сағат бойы сақталады.
Дозалау режимін түзету қажет
Несептің іркілуіне бейім факторлары бар пациенттер (мысалы, жұлын хордасының зақымдануы, қуықасты безінің гиперплазиясы) ерекше сақтықпен қабылдау керек, өйткені левоцетиризин несеп іркілуінің даму қаупін арттыруы мүмкін.
Құрысуға бейім немесе эпилепсиямен ауыратын адамдар препаратты өте мұқият қабылдауы керек, өйткені левоцетиризин құрысудың даму қаупін арттырады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Левоцетиризинмен өзара әрекеттесуін зерттеу деректері (оның ішінде CYP3A4 индукторларымен зерттеулер) жоқ; цетиризиннің рацематпен қосылыстарын зерттеу қандай да бір клиникалық маңызы бар қолайсыз әсерлерді (антипиринмен, псевдоэфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен) көрсетпеді.
Цетиризин клиренсінің аздаған төмендеуі (16%) теофиллиннің бірнеше дозасымен (күніне бір рет 400 мг) зерттеуде байқалды, ал теофиллиннің қалпы цетиризинді бір мезгілде қолданған кезде өзгермейді.
Ритонавирді (күніне екі рет 600 мг) және цетиризинді (тәулігіне 10 мг) бір мезгілде қолданғанда, цетиризиннің әсер ету дәрежесі шамамен 40%-ға ұлғайған, ал ритонавир қалпы сәл өзгертілген (-11%), бұл бұдан әрі цетиризиннің сіңуімен қатар жүрді.
Левоцетиризиннің сіңірілу дәрежесі тамақ ішумен азаймайды, бірақ сіңу жылдамдығы төмендейді.
Сезімтал пациенттерде цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкогольді немесе ОЖЖ басқа депрессанттарын бір мезгілде қолдану орталық жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін, бірақ цетиризиннің рацематы алкогольдің әсерін күшейтпейді.
Арнайы ескертулер
Антигистаминдік препараттар тері аллергологиялық сынамаларына реакцияны басады және оларды жүргізер алдында «жуу кезеңі» (ұзақтығы 3 күн) көрсетілген.
Левоцетиризин қабылдауды тоқтатқаннан кейін, емдеу басталғанға дейін мұндай симптомдар болмаса да, қышыну пайда болуы мүмкін. Симптомдар өздігінен басылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда емді қайта бастауды талап ететін айқын симптомдар дамуы мүмкін. Емді қайта бастағаннан кейін симптомдар басылуы тиіс.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға болмайды. Левоцетиризин дигидрохлориді емшек сүтіне шығарылады. Сондықтан левоцетиризиннің емшек сүтімен бөліну ықтималдығы да бар. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Левоцитеризин қатты ұйқышылдық тудыруы мүмкін. Сондықтан Аллервэй® Экспресс көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді.
Дозалау режимі
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар
Ұсынылған күндізгі доза 5 мг құрайды (ауыз қуысында ұсақталатын 1 таблетка).
12 жастан асқан және одан үлкен жасөспірімдер мен ересектер
Ұсынылған күндізгі доза 5 мг құрайды (ауыз қуысында ұсақталатын 1 таблетка).
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерге ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер
Дозалау аралықтары бүйрек функциясына байланысты жеке-дара болуы тиіс. Келесі кестеге қараңыз және дозаны төменде көрсетілгендей түзетіңіз. Бұл дозалау кестесін пайдалану үшін пациенттің креатинин клиренсін (КК) мл/мин бойынша бағалау талап етіледі. КК (мл/мин) келесі формуламен анықталған сарысу креатинині бойынша (мг/дл) бағалауға болады:
КК = [140 - жасы (жас)] х салмағы (кг) (х 0.85 әйелдер үшін)
72 x сарысу креатинині (мг/дл)
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін дозалауды түзету:
Тобы — Креатинин клиренсі (мл/мин) — Дозалау және жиілік
Қалыпты — ≥80 — 5 мг күніне бір рет
Елеусіз — 50 – 79 — 5 мг күніне бір рет
Орташа — 30 – 49 — 5 мг 2 күнде бір рет
Ауыр — < 30 — 5 мг 3 күнде бір рет
Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы – диализдегі пациенттер — < 10 — Қарсы көрсетілімдер бар
Бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын балалар
Доза пациенттің бүйрек клиренсін және оның дене салмағын ескере отырып, жекелей негізде түзетілуі тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Тек бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету ұсынылады («Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер» бөлімін жоғарыдан қараңыз).
Емдеу ұзақтығы
Мерзімді аллергиялық ринит (симптомдар <4 күн/апта немесе жылына 4 аптадан кем) ауру мен оның тарихына байланысты қарастырылуы тиіс, симптомдар жоғалғаннан кейін ғана қабылдауды тоқтатуға болады және симптомдар пайда болған кезде қайтадан жаңғыртылуы мүмкін. Тұрақты аллергиялық ринит жағдайында (симптомдар> 4 күн/апта және жылына 4 аптадан артық) пациентке үздіксіз терапия аллергендермен байланыс кезеңінде ұсынылуы мүмкін. Үлбірлі қабықты таблеткалар түріндегі 5 мг левоцетиризинді 6 айлық емдеу кезеңі бойы қолданудың клиникалық тәжірибесі бар. Созылмалы есекжем мен созылмалы аллергиялық ринит үшін цетиризин рацематты бір жылға дейін пайдаланудың клиникалық тәжірибесі бар.
Енгізу әдісі мен жолы
Аллервэй® Экспресс, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткаларын шайнауға немесе тілге салып соруға болады. Препарат сумен немесе сусыз (тамақтануға байланыссыз) қабылдануы мүмкін
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну қажет.
• левоцетиризинге, пиперазин туындыларына немесе препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық
• созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (КК 10 мл/мин кем)
• фенилкетонуриясы бар пациенттер
• жүктілік және лактация кезеңі
• 6 жасқа дейінгі балалар
Клиникалық зерттеулер барысында
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер
Жиі
• бас ауыруы
• ұйқышылдық
• қажу
• ауыздың құрғауы
Жиі емес
• астения
• іштің ауыруы
Бала жасындағы пациенттер (6-11 ай және 1 жастан 6 жасқа дейін)
Жиі
• диарея, құсу, іш қату
• ұйқышылдық
• ұйқының бұзылуы
Бала жасындағы пациенттер (6-дан 12 жасқа дейін)
Жиі
• бас ауыруы
• ұйқышылдық
Тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі
Белгісіз
• анафилаксияны қоса, аса жоғары сезімталдық
• тәбеттің жоғарылауы
• озбырлық, қозу, елестеулер, депрессия, ұйқысыздық, суицидтік ойлар, қорқынышты түс көру
• құрысулар, парестезия, бас айналуы, синкопе, тремор, дисгевзия
• вертиго
• көрудің бұзылуы, бұлыңғыр көру, көз алмаларының қозғалысы
• пальпитация, тахикардия
• ентігу
• жүрек айнуы, құсу, диарея
• гепатит
• дизурия, несептің іркілуі
• ангионевроздық ісіну, тұрақты дәрілік эритема, қышыну, бөртпе, есекжем
• миалгия, арталгия
• ісіну
• салмақтың артуы, бауыр функциясының бұзылуы
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Левоцетиризин қабылдауды тоқтатқаннан кейін қышынудың пайда болуы туралы хабарланды.
Симптомдары: ұйқышылдық түріндегі уыттану белгілері, балаларда - мазасыздық және қатты ашушаңдық.
Емі: артық дозалану симптомдары пайда болған кезде (әсіресе балаларда) препарат қабылдауды тоқтату керек, асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қабылдау, симптоматикалық терапия қажет. Спецификалық антидоты жоқ. Гемодиализ тиімді емес.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер және бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттер:
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.