Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
5 мг
Саудалық атауы
Аллервэй
Әсер етуші зат
Левоцетиризин
Мақсаты
Аллергиялық ринитті (персистирленетін аллергиялық ринитті қоса) және есекжемді симптоматикалық емдеуде
Өндіруші
Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 5 мг левоцетиризин дигидрохлориді,
қосымша заттар: лактоза моногидраты (Flowlac 100), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 102), коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
Қабықтыңқұрамы- Opadry ақOY-58900 (гипромеллоза 5 сР, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/PEG NW400)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Бір жағында «R 5» өрнектелген, ақ түсті сопақша пішінді, екі беті дөңес қабықпен қапталған таблеткалар.
Әсер ету механизмі
Препараттың белсенді заты – левоцетиризин, цетиризиннің R-энантиомері, гистаминнің бәсекелес антагонистері тобына жатады, Н1-гистаминдік рецепторларды бөгейді. Н1-рецепторларға ұқсастығы левоцетиризинде цетиризинге қарағанда 2 есе жоғары.
Левоцетиризин аллергиялық реакциялардың гистаминге тәуелді сатысына ықпалын тигізеді, сондай-ақ эозинофилдердің жылжуын азайтады, қантамырлық өткізгіштігін азайтады, қабыну медиаторларының босап шығуын шектейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Левоцетиризин аллергиялық реакциялардың дамуына жол бермейді және ағымын жеңілдетеді, экссудатқа қарсы, қышынуға қарсы әсері бар, іс жүзінде антихолинергиялық және антисеротониндік әсер бермейді. Емдік дозаларда тыныштандыратын әсері жоқ.
Препараттың әсері бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін науқастардың 50%-да 12 минуттан соң, 95%-да 1 сағаттан соң басталады және 24 сағат бойы сақталады.
Дозалау режимін түзету қажет
Несеп іркілуіне бейім ететін факторлары (мысалы, жұлын хордасының зақымдануы, қуықасты безінің гиперплазиясы) бар пациенттер сақтықпен қабылдауы тиіс, өйткені левоцетиризин несептің іркілуінің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.
Лактоза болуына байланысты, сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Левоцетиризинмен өзара әрекеттесудің зерттеу деректері (соның ішінде CYP3A4 индукторларымен зерттеулер) жоқ; цетиризиннің рацематпен (антипиринмен, псевдоэфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен) қосылысына зерттеулер қандай да бір клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз өзара әрекеттесулер көрсеткен жоқ.
Цетиризин клиренсінің аздап төмендеуі теофиллиннің біршама дозаларымен (күніне бір рет 400 мг) жүргізілген зерттеулерде байқалды, сол кезде теофиллиннің орналасуы цетиризинді бір мезгілде қолданған кезде де өзгермейді.
Ритонавирді (күніне екі рет 600 мг) және цетиризинді (тәулігіне 10 мг) бір мезгілде қолданғанда, цетиризиннің әсер ету дәрежесі шамамен артты, бұл әрі қарай цетиризиннің сіңуімен қатарласты.
Ас қабылдау кезінде левоцетиризиннің сіңу жылдамдығы төмендесе де, сіңу дәрежесі азаймайды.
Сезімтал пациенттерде цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкоголь немесе ОЖЖ басқа да депрессанттарын бір мезгілде қабылдау, цетиризин рацематы алкогольдің әсерін күшейтпесе де, орталық жүйке жүйесіне әсерін тигізуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Препаратты жүкті әйелдерге қолдануға болмайды
Лактация кезеңі
Левоцетиризин дигидрохлориді емшек сүтіне шығарылады.
Сондықтан левоцетиризиннің емшек сүтімен бөліну ықтималдығы да бар.
Емшек еметін балаларда левоцетиризинге жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін. Сондықтан, бала емізу кезеңінде әйелдерге левоцетиризин тағайындағанда сақ болу керек.
Фертильділік
Деректер жоқ
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылған 5мг дозаны тағайындаған кезде автомобильді жүргізу және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне объективті түрде баға бергенде қандай да бір жағымсыз құбылыстар байқалған жоқ. Сонда да, жоғары зейінділікті және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұрған жөн.
Дозалау режимі
Ішке аспен бірге немесе ашқарынға шайнамай, аздаған сумен ішу арқылы қабылданады.
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар
Ұсынылатын күндік доза 5 мг құрайды (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка).
12 жастан асқан жасөспірімдер және ересектер
Ұсынылатын күндік доза 5 мг құрайды (үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка).
Егде жастағы пациенттер
Бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерде препарат дозасын түзету ұсынылады
Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер
Дозалау аралықтары бүйрек функциясына байланысты әркімге жеке белгіленуі тиіс. Келесі кестеге қараңыз және дозаны төменде көрсетілгендей түзетіңіз. Осы дозалау кестесін пайдалану үшін пациенттің креатинин клиренсін (КК) мл/мин бойынша бағалау талап етіледі. КК (мл/мин) келесі формуламен анықталған сарысу креатинині (мг/дл) бойынша бағалануы мүмкін:
КК = [140 - жасы (жыл)] х масса (кг) (х 0.85 әйелдер үшін)
72 х сарысу креатинині (мг/дл)
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозалауды түзету:
Тобы — Креатинин клиренсі (мл/мин) — Дозалануы және жиілігі
Қалыпты — ≥80 — 5 мг күніне бір рет
Елеусіз — 50 – 79 — 5 мг күніне бір рет
Орташа — 30 – 49 — 5 мг 2 күнде бір рет
Ауыр — < 30 — 5 мг 3 күнде бір рет
Бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы – диализдегі пациенттер — < 10 — Қарсы көрсетілімі бар
Бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін балалар
Доза пациенттің бүйректік клиренсі мен оның дене салмағының есебімен әркімге жеке негізде түзетілуі тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі ғана бар пациенттер дозаны түзетуді қажет етпейді. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозан реттеу ұсынылады.
Пайдалану ұзақтығы
Мерзімдік аллергиялық ринит (симптомдары аптасына < 4 күн/ 4 аптадан аз) ауруға және оның тарихына қарай қарастырылуы тиіс, қабылдауды симптомдары жойылғаннан кейін ғана тоқтатуға болады, және симптомдар пайда болғанда қайта жаңғыртылуы мүмкін. Тұрақты аллергиялық ринит жағдайында (симптомдары аптасына > 4 күн/ 4 аптадан астам) үздіксіз ем пациентке аллергендермен жанасу кезеңінде ұсынылуы мүмкін. 5 мг левоцетиризинді үлбірлі қабықпен қапталған таблетка түрінде қолданудың клиникалық тәжірибесі 6 ай емдеу кезеңін қамтиды. Созылмалы есекжем және созылмалы аллергиялық ринит үшін рацемат пайдаланудың бір жылға дейінгі клиникалық тәжірибесі бар.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке аспен бірге немесе ашқарынға шайнамай, аздаған сумен ішу арқылы қабылданады.
• препарат компоненттерінің кез келгеніне немесе пиперазин туындыларына
жоғары сезімталдық
• бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің ауыр түрі (КК минутына 10 мл-ден аз)
• 6 жасқа дейінгі балалар
• жүктілік және лактация кезеңі
6-12 жастағы балаларда:
Өте жиі
• бас ауыруы, ұйқышылдық
12 жастан асқан жасөспірімдерде және ересектерде:
Өте жиі
• бас ауыру, ұйқышылдық, ауыздың кеберсуі, шаршау
• Белгісіз
• аса жоғары сезімталдық, оның ішінде анафилаксия, ангионевроздық ісіну, бөртпе, тұрақты дәрілік эритема, қышыну, есекжем
• тәбеттің артуы, жүректің айнуы, құсу, диарея
- озбырлық, қозу, елестеулер, депрессия, ұйқысыздық, суицидтік ойлар, құрысулар, түнде қорқыныш түстер көру, парестезиялар, бас айналуы, естен тану, тремор, вертиго, дисгевзия, көру қабілетінің бұзылуы, бұлыңғыр көру, көз алмасының қозғалысы
• жүректің қағуы, тахикардия
• ентігу
• гепатит
• дизурия, несептің іркілуі
• бұлшықеттің ауыруы, артралгия
• ісіну
• салмақ ұлғаюы, бауыр функциясының бұзылуы
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Левоцетиризинді тоқтатқаннан кейін қышынудың пайда болуы туралы хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ұйқышылдық түрінде болатын уыттану белгілері, балаларда -
мазасыздық және қатты ашушаңдық.
Емі: артық дозалану симптомдары (әсіресе балаларда) пайда болған кезде препарат қабылдауды тоқтатқан жөн, асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем жүргізу қажет. Спецификалық антидот жоқ. Гемодиализ тиімді емес.
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттер және бүйректің орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттер:
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.