Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем
Дозасы
1%
Саудалық атауы
Аллергозан®
Әсер етуші зат
Хлоропирамин
Мақсаты
Жәндіктер шаққанда
Өндіруші
АО СОФАРМА
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г кремнің құрамында
белсенді зат - 1.0 г хлоропирамин гидрохлориді,
қосымша заттар: макрогол 300, макрогол 4 000.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Крем тәрізді, иіссіз ақ түсті масса.
Ересектер мен балаларға (7 жастан бастап) арналған Аллергозан® кремі:
- жәндіктер шаққанда
- жанаспалы дерматитте және қышынумен жүретін басқа дерматоздарда
- жүйелі көріністерсіз түрлі аллергиялық жағдайлар кезіндегі бөртпе және қышынуда.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
Хлоропирамин - этилендиамин туындысы, классикалық („ескі” немесе бірінші буынды) Н1-антагонист. Гистаминдік Н1-рецепторлардың компетитивтік қайтымды антагонисі ретінде ол гистаминнің әсерін бөгейді. Хлоропирамин гистамин туғызған вазодилатацияны, тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауы мен тіндердің ісінуін қайтарады. Антигистаминдік әсерімен қатар, хлоропираминнің антихолинергиялық қасиеттері бар және оны жүйелі түрде қолданғанда ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы, констипация, көру бұзылулары және көзішілік қысымының жоғарылауы, несептің іркілуі сияқты жағымсыз мускариндік әсерлер туғызуы мүмкін. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және орталық жүйке жүйесінде Н1-рецепторлармен байланысады. Осы әрекеттің нәтижесінде, Н 1- рецепторларының антагонистері сияқты, ұйқышылдықты, әлсіздік пен шаршауды, бас айналуды тудыруы мүмкін. Құсуға қарсы әлсіз әсер беруі мүмкін. Теріге жергілікті қолданғанда, хлоропираминнің қызару мен қышынуды бәсеңдету дәрежесі жоғары, тамырлардың өткізгіштігін азайтады, секрецияны бәсеңдетеді, тіндердің ісінуін азайтады, тері бөртпелерінің пайда болуын бәсеңдетеді.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Тұтастығы бұзылмаған теріге дұрыс қолданған кезде дәрілік препараттың клиникалық елеулі резорбциялануы жөнінде мәліметтер жоқ.
Дозалау режимі
Дозалау
Ересектер және 7 -ден 18 жасқа дейінгі балалар
Кремнің жұқа қабаты зақымданған жерге тәулігіне 2-3 рет, теріге сақтықпен ысқылай отырып жағылады.
Қолдану тәсілі
Аллергозан® кремі тек теріге жергілікті қолдануға арналған. Оны жедел дерматоздарда қолдану ұсынылады. Тері арқылы жақсы өтуі және емдік әсеріне жылдам жетуі үшін окклюзиялық таңғыштың астынан немесе физиотерапиялық емшаралар арқылы қолдануға болады.
Ашық жараларға, көзге, мұрын мен ауыз қуысының шырышты қабықтарына жақпау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Аллергозан® кремі тәулігіне 2-3 рет қолданылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны тұрақты дозаға қосымша ретінде қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы және эксудациямен қатар жүретін тері реакциялары
- күйіктер
- 7 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі.
Хлоропираминді жергілікті қолданғанда жүйелі әсерлер байқалмайды.
Өте сирек
- жаққан орынын қышыту немесе тітіркендіргіш әсері.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жергілікті қолданғанда хлоропираминнің артық дозалануы іс жүзінде мүмкін емес. Тұтастығы бұзылмаған теріге дұрыс қолданған кезде дәрілік препараттың клиникалық елеулі резорбциялануы жөнінде мәліметтер жоқ.
- айқын гиперкератозбен жүретін созылмалы дерматоздар кезінде басқа дәрілік түрін - Аллергозан® жақпамайын қолдану ұсынылады
- терінің ауқымды бөліктеріне, ашық жараларға және күйікке жағуға болмайды
- ішке қабылдауға болмайды
- шырышты қабықтар мен көзге жағуға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аллергозан ® кремі белсенді зейін аударуға әсер етпейді және оны машина жүргізушілері мен операторлары пайдалана алады.
• Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүкті болуыңыз мүмкін деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, осы дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгініңіз.
• Дәрігер Аллергозан кремін қолдану Сіз үшін қолайлы немесе қолайлы еместігін қарастырады.
Препаратты жергілікті қолданғандағы дәрілік және басқа да өзара әрекеттесулері туралы мәліметтер жоқ. Жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік препараттарды Аллергозан® крем препаратымен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Сықпа ашылғаннан кейін қолдану мерзімі - 6 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.