Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 25 мг хлоропирамин гидрохлориді,
қосымша заттар: 0,0166 г лактоза моногидраты, бидай крахмалы; микрокристалды целлюлоза; натрий кармеллозасы, тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
қабықтың құрамы: негізгі бутилметакрилат сополимері; полисорбат 80, желатин; бүркумен кептірілген гуммиарабик; тальк, титанның қостотығы (Е171), сахароза, макрогол 6000, глицерол.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, беткейі жылтыр, пішіні дұрыс, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Симптоматикалық емдеу
- маусымдық аллергиялық ринитте, конъюнктивитте
- есекжемде, қышытатын дерматозда, жанаспалы дерматитте, жәндіктер шаққанда, дермографизмде
- дәрілік және тағамдық аллергияда
Пероральді түрде қолданғанда хлоропирамин айқын тыныштандыратын әсер беретіндігін ескеру қажет.
ATХ коды R06AC03
Әсер ету механизмі
Хлоропирамин – этилендиамин туындысы, Н1-гистаминдік рецепторлардың классикалық („ескі” немесе алғашқы буын) блокаторы. Н 1 - гистаминді рецепторлардың компетитивті қайтымды антагонисті ретінде ол гистаминнің әсерін бөгейді.
Фармакодинамикалық әсерлер
Хлоропирамин гистаминнің әсерінен болған вазодилатацияны, қантамырлардың жоғары өткізгіштігін және тіндердің ісінуін жояды.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Антигистаминдік әсерімен қатар, хлоропираминнің антихолинергиялық қасиеттері бар және оны жүйелі қолданғанда ауыздың шырышты қабығының құрғауы, іштің қатуы, көрудің бұзылуы және көзішілік қысымның жоғарылауы, несептің іркілуі сияқты жағымсыз мускариндік әсерлерді тудыруы мүмкін. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және орталық жүйке жүйесінде Н1-рецепторлармен байланысады. Осының нәтижесінде тыныштандыратын әсерлері, басқа Н1-рецепторларының антагонистерін қолданған кездегі секілді ұйқышылдық, әлсіздік сезімі және шаршау, бас айналу болуы мүмкін. Құсуға қарсы әлсіз әсер береді.
Парентеральді түрде қолданғанда хлоропираминнің әсері тез басталады.
Пероральді түрде қолданғаннан кейін әсері 15-30 минут өткен соң басталады, ең жоғары емдік әсерге 1 сағаттан соң жетеді, әсер ету ұзақтығы 3-6 сағатты құрайды.
Дозалау режимі
Дозалау
Ересектер мен 14 жастан асқан жасөспірімдерге: 1 таблеткадан (25 мг) күніне 3-4 рет.
Ең жоғары тәуліктік дозасы дене салмағының әр кг шаққанда 2 мг құрайды. Анафилаксиялық шокта немесе жедел және ауыр аллергиялық реакцияларда хлоропираминнің парентеральді түрлерін қолдану ұсынылады, емдеу инъекцияны вена ішіне баяу енгізуден басталуы тиіс, содан кейін бұлшықет ішіне енгізуге, оның артынан алғашқы мүмкін болған жағдайда пероральді қолдануға көшуге болады.
Егде жастағы пациенттерде (65 жастан асқан) және жүдеу науқастарда дәрілік препаратты қолданғанда, жағымсыз әсерлеріне қатысты антигистаминдік препараттарға жоғары сезімталдықтың білінуіне байланысты, аса сақ болу қажет етіледі.
Бауыр функциясы бұзылғанда, препараттың белсенді компонентінің метаболизмі бауыр ауруында төмендейтініне байланысты, дозаны төмендету қажет етіледі.
Бүйрек функциясы бұзылғанда препаратты қабылдау режимін өзгерту және белсенді компоненті бүйрек арқылы шығарылатындықтан, дозаны төмендету қажет етілуі мүмкін.
Қолдану тәсілі
Пероральді қолдану үшін.
Таблеткаларды тамақтану кезінде тұтастай сумен ішіп қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы симптомдардың типіне және айқындылығына байланысты
Алғашқы 2-3 күнде Аллергозан® тиімсіз болған жағдайда басқа топтарға жататын препараттарды қолдану жөніндегі мәселені қарастыру қажет.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Жекелеген дозаларды өткізіп алған жағдайда препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерден кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
• белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне, этилендиаминнің, хлоропираминнің басқа туындыларына аса жоғары сезімталдық
• демікпе ұстамасы
• жүктілік және лактация кезеңі
• пилородуоденальді стеноз
• қант диабеті
• тұқым қуалайтын лактоза, фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза жеткіліксіздігі
• асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруының асқыну сатысы
• жабық бұрышты глаукома
• 14 жасқа дейінгі балалар
• қуық асты безінің гипертрофиясы
Сирек: ұйқышылдық, әлсіздік, енжарлық, шаршау, бас айналу, атаксия, тремор, құрысулар, бас ауыру, эйфория, энцефалопатия, әдеттен тыс реакциялар (қатты қозғыштық, күйгелектік, ашушаңдық, ұйқысыздық), балаларда және егде жастағы науқастарда өте жиі және көбірек білінеді; көрудің бұлдырауы, көзішілік қысымның жоғарылауы және глаукома ұстамасы; аритмия, тахикардия, гипотензия; несептің бөлініп шығуының қиындауы, несептің іркілуі; лейкопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, қанның басқа дискразиялары.
Өте сирек: эпигастрий аймағындағы жайсыздық, ауыздың құрғауы, жүректің айнуы, құсу, іштің қатуы, диарея, анорексия немесе тәбеттің күшеюі, асқазанның ауыруы; фотосенсибилизация.
Белгісіз жиіліктегі жағымсыз әсерлер (қол жетімді мәліметтерден бағалау мүмкін емес): аллергиялық реакциялар; миопатия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Хлоропираминді жүйелі қолдану кезіндегі артық дозалану симптомдары
Балаларда: мидриаз, гиперемия, гипертермия, үйлесімнің бұзылуы, мазасыздық, қозу, елестеулер, құрысулар, тахикардия, кома.
Ересектерде: бас айналу, ұйқышылдық, рефлекстердің және зейіннің белсенділігінің басылуы, кома байқалады; психомоторлы қозу, құрысулар, сирек гипертермия және тері гиперемиясы болуы мүмкін.
Емі
Спецификалық антидоты жоқ. Симптоматикалық ем жүргізіледі - асқазанды шаю, хлоропираминді пероральді түрде қолданғанда белсендірілген көмір, су-тұз ерітінділерін қолдану, тыныс алу және жүрек-қантамырлық реанимация жүргізу керек.
Арнайы ескертулер
Атропинге ұқсас әсерінің болуына байланысты, хлоропираминді гипертиреозы, жүрек-қантамыр аурулары, бауыр аурулары, бронх демікпесі, қуықасты безі аденомасы бар пациенттерге абайлап қолданған жөн.
Хлоропираминмен пероральді түрде емдегенде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының симптомдары күшеюі мүмкін.
Хлоропираминді пероральді түрде қолданғанда отоуытты дәрілік препараттардың уыттық симптомдары бүркемеленуі мүмкін.
Хлоропираминнің орталық жүйке жүйесін төмендететін әсерлері алкогольмен күшеюі мүмкін, сондықтан оны дәрілік препаратпен емдеу кезінде қолданбаған жөн.
Антигистаминдік препараттармен емдеген кезде, сирек болса да, гематологиялық бұзылуларды (лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолиздік анемия) байқауға болады. Дене температурасының түсініксіз жоғарылауы, ларингит, тамақтың қызаруы, сарғаю, бозару, теріастылық қан тебулер, күтпеген қан кетулер, қан көрінісінің өзгерулері пайда болғанда хлоропираминмен емдеуді дереу тоқтатқан жөн.
• Дәрілік препараттың құрамында бидай крахмалы бар. Бидай крахмалында глютеннің қалдық іздері ғана болуы мүмкін және целиакиясы бар адамдар үшін қауіпсіз деп саналады.
Егде жастағыларға қолданылуы
Хлоропираминмен 65 жастан асқан пациенттерге пероральді немесе инъекциялық ем жүргізгенде бас айналу, седация және гипотензия пайда болуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Хлоропираминмен жасөспірімдерді емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс, өйткені оларда хлоропираминнің атропинге ұқсас қозу әсерлері өте айқын білінеді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аллергозанды жүйелік қолданғанда көлікті басқару және қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне орташа дәрежеде ықпалын тигізеді.
Аллергозанды пероральді немесе инъекциялық түрде қолданғанда ұйқышылдық, үйлесімнің бұзылуы және реакциялардың баяулауы пайда болуы мүмкін. Егер көлік жүргізушілерді және машина операторларын Аллергозан препаратымен емдеу қажет болса, олар зейін қоюды және реакция шапшаңдығын қажет ететін қызмет түрлерін тоқтата тұруы керек.
Жүктілік кезінде хлоропираминмен ем жүргізуге болмайды.
Бала емізу кезінде хлоропираминмен ем жүргізуге болмайды. Бала емізіп жүрген әйелдерді хлоропираминмен емдеу қажет болған жағдайда, емшек емізуді тоқтатқан жөн.
Хлоропираминді жүйелік қолданғанда клиникалық маңызы бар бірқатар дәрілік өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.
Хлоропирамин орталық жүйке жүйесін тежейтін басқа да дәрілік заттардың (тыныштандыратын, ұйықтататын дәрілер, наркозға арналған дәрілер, транквилизаторлар, симпатолитиктер, анксиолитиктер, есірткілік анальгетиктер) әсерін потенциялауы мүмкін.
Оны басқа антигистаминдік дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану олардың жағымсыз әсерлерінің өзара потенциялануына әкелуі мүмкін.
Трициклді антидепрессанттар хлоропираминнің тыныштандыратын әсерін және атропинге ұқсас жағымсыз әсерлерін потенциялауы мүмкін.
Атропинді, атропинге ұқсас әсер ететін дәрілік препараттарды және хлоропираминді бір мезгілде қолданғанда несептің іркілуі, іш қату, ауыз ішінің құрғауы сияқты жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі артады.
Кофеинді немесе фенаминді хлоропираминмен бір мезгілде қолдану оның ОЖЖ-ге әсерінің азаюына немесе жойылуына әкеледі.
Хлоропираминді МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолдану жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін. Осындай қауіпті болдырмау үшін, моноаминоксидаза тежегіштерін қолдануды тоқтатқаннан кейін екі апталық аралық жасау қажет.
Алкоголь хлоропираминнің орталық жүйке жүйесіне депрессиялық әсерін күшейтеді.
Отоуытты дәрілік препараттардың уытты әсерлері хлоропираминмен бүркемеленуі мүмкін.
Антигистаминдік препараттарды қолданған кезде аллергендерді анықтау үшін тері сынамасын жүргізгенде реакциялар тежелуі мүмкін, сондықтан оларды дәрілік препараттармен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы жүргізбеген жөн.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.