Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Глазные капли
Дозасы
0,05%
Саудалық атауы
Аллергокет®
Әсер етуші зат
Кетотифен
Мақсаты
Маусымдық аллергиялық конъюнктивитті емдеуде
Өндіруші
ЛеКос
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - кетотифен 0.5 мг (кетотифен фумараты түрінде),
қосымша заттар: поливинил спирті, натрий хлориді, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді рН 6.5-7.5 дейін, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз немесе сарғыш түсті мөлдір сұйықтық. Ерітіндінің әлсіз бозаңдануына жол беріледі.
Маусымдық аллергиялық конъюнктивитті емдеуде.
Әсер ету механизмі
Аллергияға қарсы және антигистаминді белсенділігі айқын. Н1-рецепторларының күшті бөгегіші. Әсер ету механизмі жуан жасушалардан гистамин мен басқа медиаторлардың (лейкотриендер, простагландиндер, сондай-ақ анафилаксияның баяу қабылдайтын субстанциялары) босап шығуын тежеу қабілетіне негізделген. Кетотифен сондай-ақ хемотаксисті, эозинофильді гранулоциттердің белсенділігі мен дегрануляциясын азайтады, фосфодиэстеразаны тежейді, соның салдарынан циклоаденозинмонофосфат деңгейін арттырады және жуан жасушалардың жарғақшаларын тұрақтандырады.
Препаратты тамызғаннан кейін гистаминге қарсы әсері жылдам басталады және 812 сағат ішінде байқалады. Аллергиялық конъюнктивит симптомдарын, қышынуды, гиперемияны азайтады.
Дозалану режимі
Ересектерге және 8 жастан асқан балаларға
Екі көздің конъюнктивалық қалтасына 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет.
Емнің ұзақтығы 6 аптадан аспауы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
8 жасқа дейінгі балалар
8 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер (> 65 жас) үшін дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Көзге тамызатын дәрі мен тамызатын дәрінің дозаторы түпнұсқалық қаптама ашылғанша стерильді болып қалады. Ластануды болдырмау үшін тамшылатқыштың ұштығын қандай да бір беткейге тигізіп алмау керек. Тамшылатқыштың ұштығы көзге тиіп кетпеуі керек, себебі бұл мөлдір қабықтың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Аллергокет® басқа жергілікті офтальмологиялық препараттармен бір мезгілде қолданған жағдайда, жеке тамызу арасындағы уақыт аралығы 5 минуттан кем болмауы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге жүгіну керек.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- 8 жасқа дейінгі балалар.
Жиі
- көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, нүктелік кератит, мөлдір қабықтың эпителийінің нүктелік эрозиясы, ириттер болуы мүмкін
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық
- бас ауыру
- бұлыңғыр көру (тамызу кезінде), көздің құрғауы, қабақ зақымдануы, конъюнктивит, көздің қарығуы, конъюнктиваға қан құйылу
- ауыздың құрғауы
- бөртпе, экзема, есекжем
- ұйқышылдық
Постмаркетингтік тәжірибе кезеңінде тіркелген жағымсыз реакциялар
(жиілігі белгісіз)
Маркетингтен кейінгі келесі құбылыстар да байқалды: жергілікті аллергиялық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары (көбіне жанаспалы дерматит, көздің ісінуі, қышыну және қабақтың ісінуі), беттің ісінуін қоса, жүйелік аллергиялық реакциялар (кейбір жағдайларда жанаспалы дерматитпен байланысты) әрі бронх демікпесі және экзема сияқты бұрыннан бар аллергиялық жай-күйлердің өршуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.
Арнайы сақтандырулар
Бұл препарат құрамында бензалконий хлориді бар.
Жұмсақ жанаспалы линзаларға тигізіп алмау керек. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзалар арқылы сіңуі және жанаспалы линзаларды түссіздендіреді. Қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастаңыз және препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күте тұру керек.
Бензалконий хлориді ириттер тудыруы мүмкін, әсіресе көздің құрғауы немесе мүйізді қабықтың бұзылуы кезінде.
Жүктілік
Жүкті әйелдерге кетотифен көз тамшыларының әсері туралы деректер жоқ. Ұрғашы үшін уытты пероральді дозаларымен жануарларға жүргізілген зерттеулер босану алдында және босанғаннан кейінгі өлім-жітімнің жоғарылауын көрсетті, бірақ тератогенді әсерлері болмады. Тамшыларды жергілікті қолданғаннан кейін кетотифеннің жүйелік құрамы ішке қабылдағаннан кейін қарағанда айтарлықтай төмен. Дегенмен, бұл препаратты жүкті әйелдерге бергенде сақ болу керек.
Лактация
Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың ішке қабылдағаннан кейін емшек сүтіне бөлінетінін көрсеткенімен, препаратты адамдарға жергілікті қолдану емшек сүтінде препараттың анықталатын мөлшеріне әкеліп соғуы екіталай. Аллергокет® бала емізу кезінде қолданылуы мүмкін.
Фертильділік
Кетотифеннің адам фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аллергокет® препаратымен емдеу кезеңінде көлік құралдарын басқару және зейінді арттыру және психомоторлы реакциялар жылдамдығын арттыру қажеттілігімен байланысты басқа да ықтимал қауіпті қызмет түрлерін жүргізу кезінде сақ болу керек.
Бұлыңғыр көру немесе ұйқышылдық белгілері бар пациенттерге көлікті немесе түрлі механизмдерді басқарудан аулақ болу керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Кетотифеннің пероральді дәрілік түрлерін пайдалану орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсер беретін дәрілік заттардың, гистаминге қарсы препараттардың және алкогольдің әсерін күшейтуі мүмкін. Кетотифеннің көзге тамызатын дәрілерін қолданған кезде мұндай реакциялар байқалмаса да, мұндай реакциялардың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Қажет болған жағдайда препаратты басқа көзге тамызатын дәрілерімен біріктірілімде тағайындауға болады. Бұл ретте тамызу аралығы кем дегенде 5 минут болуы тиіс.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі - 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.