Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
2 %
Саудалық атауы
Аллергопресс
Әсер етуші зат
Хлоропирамин
Мақсаты
Аллергиялық ауруларда, соның ішінде есекжемде, маусымдық
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - хлоропирамин гидрохлориді, 20.0 мг
қосымша зат - инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау сұйықтық
- аллергиялық ауруларда, соның ішінде есекжемде, маусымдық
аллергиялық ринитте, аллергиялық конъюнктивитте, тағамдық және
дәрілік аллергияда, қышынуда
- жәндіктер шағуына аллергиялық реакцияларда
- жанаспалы дерматитте, дерматографизмде
- жүйелік анафилаксиялық реакцияны және ангионевроздық ісінуді
адъювантты емдеуде
ATХ коды R06AC03
Әсер ету механизмі, фармакодинамикалық әсерлері
Хлоропирамин - трипеленаминнің (пирибензаминнің) хлорланған аналогы, этилендиаминді антигистаминді препараттар тобына жататын бірінші буын антигистаминді препараты.
Аллергиялық реакциялар ағымының дамуының алдын алады және жеңілдетеді.
Хлоропирамин әсері H1-рецепторлар тежелуіне негізделген. Препарат, сондай-ақ тегіс бұлшықетке, капиллярлар өткізгіштігіне және орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Шеткері антихолинергиялық белсенділікке, орташа спазмолитикалық қасиеттерге ие.
Дозалану режимі
Ересектер:
ұсынылатын тәуліктік доза – 20-40мг (1-2мл) бұлшықет ішіне.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар:
Жасы — Ұсынылатын бастапқы дозасы
1 - 12 айлық: — 5 мг (0,25мл ерітінді - ¼ ампула) бұлшықет ішіне
1 - 6 жас: — 10 мг (0,5мл ерітінді - ½ ампула) бұлшықет ішіне
6 - 14 жас: — 10-20 мг (0,5-1мл ерітінді - ½-1 ампула) бұлшықет ішіне
Одан әрі емдеу және/немесе елеулі дәрежеде дозаны ұлғайту пациенттің реакциясымен және бақыланатын жағымсыз әсерлермен анықталады.
Ең жоғарғы тәуліктік доза дене салмағының кг-на 2 мг-ден аспауы тиіс.
Анафилаксиялық шок кезінде немесе жедел ауыр аллергиялық реакцияда емді абайлап баяу вена ішіне инъекция жасаудан бастау ұсынылады, содан кейін бұлшықетішілік инъекцияларды немесе препартты ішке қабылдауды жалғастыру керек.
Егде жастағы пациенттерде және әлсіреген науқастар:
Аллергопрессті қолдану ерекше сақтықты қажет етеді, себебі бұл пациенттерде антигистаминді препараттар жиі жағымсыз әсерлерді (бас айналу, ұйқышылдық, артериялық қысымның төмендеуі) туғызады.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Бауыр ауруларында препараттың белсенді компоненті метаболизмінің төмендеуіне байланысты дозаны төмендету қажет болуы мүмкін..
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер:
Белсенді компонент негізінен бүйрек арқылы бөлініп шығарылуына байланысты препаратты қабылдау режимін өзгерту және дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған. Ерекше жағдайларда, көрсетілімдері бойынша - вена ішіне енгізу үшін абайлап қолдануға болады!
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы дәрілік препарат қолдану туралы сізде кейбір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса
жоғары сезімталдық
- бронх демікпесінің жедел ұстамасы
- жаңа туған кезең және шала туу
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Өте сирек:
• лейкопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия, қан дискразиясы
• аса жоғары сезімталдық (аллергиялық реакция)
• тыныштандыратын әсер, әлсіздік, бас айналуы, атаксия, күйгелектік, тремор, құрысулар, бас ауыруы, эйфория, энцефалопатия, ұйқышылдық
• көз ішінің қысымы артуы, глаукома ұстамалары
• тахикардия, аритмиялар
• артериялық гипотензия
• бронх түйілуі
• іштегі жайсыздық, ауыру, ауыз құрғауы, жүрек айнуы, құсу, диарея немесе іш қатуы, анорексия,тәбеттің артуы
• күн сәулесіне жоғары сезімталдық (фотосенсибилизация)
• миопатия
• дизурия, несептің іркілуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: елестеулер, мазасыздық, атаксия, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, атетоз, құрысулар. Ерте жастағы балаларда қозу басымырақ кездеседі. Кейде ауыздың құрғауы, қарашықтың тұрақтанған кеңеюі, бет терісінің гиперемиясы, синустық тахикардия, несептің іркілуі, қызба туындайды. Антигистаминді препараттардың, соның ішінде Аллергопресстің артық дозалануы, әсіресе жаңа туған нәрестелерде өлімге әкелуі мүмкін. Ересектерде қызба мен бет терісі гиперемиясы үнемі байқалмайды, қозу кезеңінен соң құрысулар және содан кейін команың және 2-18 сағат ішінде пациенттің өліміне әкелетін кардио-респираторлық жеткіліксіздіктің даму ықтималдығымен құрысу депрессиясы болады.
Емі: тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесі көрсетілімдерін мониторингілеу, симптоматикалық ем, көрсетілімдер бойынша реанимациялық іс-шаралар ұсынылады. Спецификалық антидоты белгісіз.
Сақтықпен
Антихолинергиялық және тыныштандыратын әсерлер болуына байланысты Аллергопрессті егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ, бауыр функциясы, жүрек-қантамыр жүйесі бұзылғанда және несептің іркілуінде, жабықбұрышты глаукомада, простата гипертрофиясында сақтықпен тағайындау керек.
Егер препарат кешке қабылданса, ол гастроэзофагеальді рефлюкс симптомдарын күшейтуі мүмкін.
Отоуытты препараттармен біріктіргенде Аллергопресс отоуыттылықтың ертеректегі белгілерін жасыруы мүмкін.
Аллергопресті ұзақ уақыт қолдану сирек жағдайларда (лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолиздік анемия) қан түзу жүйесі тарапынан бұзылулар туғызуы мүмкін
Препаратты ұзақ енгізген кезде шығу тегі белгісіз қызбаның, ларингиттің дамуымен, ауыздың шырышты қабығының ойық жаралануымен, бозарумен, сарғаюмен, қан құйылумен, әдеттен тыс немесе тоқтатылуы қиын қан кетулерде пішінді элементтердің санын анықтау керек, ал қан түзу жүйесі тарапынан бұзылулар анықталғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Алкоголь антигистаминдік препараттардың орталық жүйке жүйесіне седативті әсерін күшейтеді, сондықтан Аллергопресс препаратымен емдеу кезінде алкогольдік сусындарды қолдануға тыйым салынады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат, әсіресе емнің бастапқы кезеңінде ұйқышылдық және психомоторлық функциялардың бұзылуын туғызуы мүмкін. Аллергопрессті бастапқы, жекелей анықталған қолдану кезеңінде көлік құралын басқаруға және психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат етілмейді. Әрі қарайғы емдеу үдерісінде шектеулер дәрежесі препараттың жағымдылығына байланысты жекелей анықталады.
Жүктілік кезінде препаратты қолдану бойынша бақыланатын клиникалық зерттеулер деректері жоқ. Алайда жаңа туғандарда, жүктіліктің соңғы айында антигистаминдік препараттарды қабылдаған аналарда ретролентальді фиброплазияның даму жағдайының болғаны сипатталған. Осыған байланысты препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Препаратқа жеткілікті деректер болмағандықтан бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Моноаминооксидаза (МАО) тежегіштері, мысалы, моклобемид немесе селегилин Аллергопресстің антихолинергиялық әсерін күшейтеді және ұзартады.
Аллергопрессті барбитураттармен, ұйықататын дәрілермен, анксиолитикалық седативті дәрілермен, транквилизаторлармен, аналгетиктермен, трициклді антидепрессанттармен, атропинмен және басқа да мускаринергиялық парасимпатолитиктермен (Аллергопресс және бұл препараттардың кез келгені бір-бірінің әсерін күшейтуі мүмкін) бір уақытта қолданғанда аса сақ болу керек.
Отоуытты препараттармен біріктіргенде Аллергопресс басындағы отоуытты белгілерді бүркемелуі мүмкін.
Антигистаминдік препараттар аллергиялық тері сынамасына жауап ретінде тері реакцияларын бәсеңдетеді, осылайша мұндай тері сынамасын жасардан бірнеше күн бұрын осы препаратты қолдануды тоқтату керек.
Емдеу барысында алкогольдік ішімдіктерді қолдануға болмайды (алкоголь Аллергопресстің орталық жүйке жүйесіне бәсеңдеткіш әсерін күшейтеді).
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 15°С -тен 25 °С-ге дейінгі температурада
сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.