Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный
Дозасы
4%
Саудалық атауы
Аллергостоп®
Әсер етуші зат
Кромоглиций қышқылы
Мақсаты
Аллергиялық этиологиядағы маусымдық немесе жыл бойғы риниттің, поллиноздың («пішен қызбасының») профилактикасы және емдеу
Өндіруші
ЛеКос
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - натрий кромогликаты 40.00 мг,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір немесе сәл бозаңданатын, түссізден сарғыш түске дейінгі ерітінді.
- аллергиялық этиологиядағы маусымдық немесе жыл бойғы риниттің, поллиноздың («пішен қызбасының») профилактикасы және емдеу
- ластанған қоршаған ортаға және тұрмыстық химиялық заттарға, кәсіби зиянды заттарға, оның ішінде түтін, тозаңдану, еріткіштердің және басқа химиялық заттардың буларына, өсімдіктерге және үй жануарларына аллергиялық реакциялармен байланысты мұрын қуысы шырышының тітіркенуін жеңілдету және басу үшін
Әсер ету механизмі
Жасушалық жарғақшаны тұрақтандыру жолымен жуан жасушалардың дегрануляциялануын бәсеңдете отырып, натрий кромогликаты аллергия медиаторлары - гистаминнің, брадикининнің, простагландиндердің, лейкотриендердің, соның ішінде «баяу белгі беретін субстанциялардың» және басқа биологиялық белсенді заттардың бөлініп шығуын болдырмайды. Фосфодиэстеразаның белсенділігін бәсеңдетеді және жасуша ішіндегі цАМФ концентрациясын арттырып, кальций иондарының цитозольдарға енуін бөгейді. Бұл әсер ету механизмі барлық шырышты қабықтар үшін жарамды болып табылады.
Ең жоғары емдік әсеріне спрейді профилактикалық түрде қолданған кезде қол жеткізіледі. Сондықтан оны аллергия нышандары білінуінен біраз бұрын (бұл маусымдық аллергия жағдайларына қатысты) қолдана бастаған дұрыс.
Клиникалық әсері бірнеше күн өткенде, ал ең жоғары әсері – қабылдағаннан кейін 15 күн өткен соң байқала бастайды.
Аллергостоп аллергия симптомдарының көп бөлігін тиімді жеңілдетеді немесе толықтай басады, маусымдық немесе жыл бойғы ринитте басым белсенділік танытады.
Аллергостоп шырышты қабық тамырларының жоғары өткізгіштігін де азайтып, аллергеннің және спецификалық емес стимулдардың жуан жасушаларға жетуін шектеуі мүмкін.
Дозалау режимі
Ересектерге және 5 жастан асқан балаларға әдетте тәулігіне 4 рет әр мұрын жолына спрейдің 1 дозасын тағайындайды.
Қажет болғанда, тәуліктік дозаны арттыруға болады, бірақ препаратты енгізу жиілігі әр мұрын жолына спрейдің 1 дозасынан тәулігіне 6 реттен аспауға тиіс.
Енгізулер арасындағы аралықтарды емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін симптомдар жоғалғанша арттыруға болады.
Аллергостоп® ұзақ уақыт емдеуге арналған. Жеделге жуық және созылмалы үдерістерді профилактикалық емдеуді аллергенмен жанасуға дейін бастау керек. Емдеуді науқас аллергендердің әсеріне (тозаңдар, үйдегі шаң-тозаң, зең споралары, тағамдық аллергендер) ұшыраған кезең бойына жалғастыру қажет. Созылмалы ауруларда қолдану ұзақтығы аурудың клиникалық барысына қарай белгіленеді. Емдік әсерін ұдайы бағалаған жөн, және қажет болған жағдайда дозасын азайту ұсынылады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
5 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Мұрын ішіне енгізуге арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге жүгіну керек.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- мұрын қуысындағы полиптер
- бүйрек және/немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- 5 жасқа дейінгі балалар
Жиі
- мұрынның шырышты қабығының тітіркенуі немесе күйдіріп-ашытуы, түшкіру, жөтелу, ринорея
Сирек
- мұрыннан қан кету, дауыстың қарлығуы
Өте сирек
- бас ауыруы, аса жоғары сезімталдық реакциялары (бөртпе, есекжем, терінің қышынуы, экзантема, ентігу, бронх түйілуі, беттің, еріннің, тілдің, қабақтың ангионевроздық ісінуі, анафилаксиялық реакциялар)
- дәм сезудің уақытша бұрмалануы, шырышты қабықтың зақымдануы, тілдің ісінуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратты жергілікті қолданған кезде артық дозалану жағдайларының ықтималдығы аз және сипатталмаған.
Құтының бүтіндігіне нұқсан келсе, сондай-ақ ерітінді бұлыңғырланса, препаратты пайдалануға болмайды.
Жедел қабынуда және созылмалы үдерістің өршу кезеңінде препаратты қысқа уақыт ішінде гистаминге қарсы дәрілермен немесе кортикостероидтармен қосып қолдану керек. Пациент препаратты ұдайы қолдану қажет екені жөнінде ескертілуге тиіс. Емдеуді аллергенмен жанасуға дейін бастайды және аллерген әсер етуінің бүкіл кезеңінде жалғастырады.
Аллергостоп® препаратын қолдануға дейін 2-3 күн бойы әсерді жеделдету үшін мұрынға арналған ісінуге қарсы дәрілерді қолдануға болады.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
5 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін және ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың пайда болуы мүмкін екенін ескеріп, көлік құралын басқаруды немесе басқа қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуді уақытша қоя тұру керек.
Натрий кромогликаты емшек сүтімен болымсыз мөлшерде бөлініп шығады, сондықтан препаратты емшек емізу кезеңінде қолданғанда сәби жастағы балаларға зиянды әсер ету қаупі тым аз немесе мүлде жоқ дерлік.
Препаратты жүктілік кезінде немесе лактация кезеңінде қолдану емнен күтілетін пайда шаранаға немесе сәбиге күтілетін зор қауіптен астам болған жағдайларда ғана ұсынылады.
Натрий кромогликатын басқа препараттармен бір мезгілде қолданған кездегі теріс дәрілік өзара әрекеттесуі жөнінде деректер жоқ.
Аллергостоп® гистаминге қарсы препараттардың, β-адреномиметиктердің, глюкокортикостероидтар мен теофиллиннің әсерін күшейтуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақталу мерзімі - 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15 оС-ден 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.