Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Экстракт жидкий для инъекций
Саудалық атауы
Алоэ сұйық экстрактісі
Әсер етуші зат
Препараты для лечения заболеваний пищеварительного тракта и нарушения обмена веществ прочие
Мақсаты
Алыстан нашар көрудің өршуінде, миопиялық хориоретинитте, блефаритте, конъюнктивитте, кератитте, иритте
Өндіруші
Лубныфарм
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат – алоэ құрғақ экстрактісі, құрғақ заттағы органикалық қышқылдардың кальций және магний тұздарының құрамы 100%-ға шаққанда 2,25 мг
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар, ашық-сарыдан сары-қоңыр түске дейінгі сұйықтық.
Препаратта сақтау кезінде тұнбаға түсетін, ампуланы сілку кезінде біркелкі суспензия түзетін суспензияның болуына жол беріледі.
- алыстан нашар көрудің өршуінде
- миопиялық хориоретинитте
- блефаритте
- конъюнктивитте
- кератитте
- иритте
- шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы (кешенді ем құрамында).
Биогенді стимулятор. Бейімдегіш және жалпы сергітетін әсер береді. Жасушалық метаболизмді, трофиканы және тіндердің регенерациясын жақсартады, организмнің жалпы спецификалық емес төзімділігін және шырышты қабықтардың зақымдайтын агенттердің әсеріне төзімділігін арттырады, регенерация процестерін жеделдетеді. Гранулоциттердің қорғағыш функциясын стимуляциялайды, тәбетті ашады. Сперматозоидтардағы қуаттық қорды жоғарылатады және олардың қозғалысын күшейтеді.
Дозалау режимі
Шөгінді болғанда ампуланы ашар алдында біртекті суспензия түзілгенше сілку керек.
Алоэ экстрактісін тері астына күн сайын енгізеді: ересектерге – 1 мл-ден (ең жоғары тәуліктік доза – 3-4 мл), 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға – 0,2-0,3 мл-ден, 5 жастан үлкенге – 0,5 мл-ден.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты тері астына енгізеді
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Алоэ экстрактісін тері астына күн сайын енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы – 30-50 инъекция. Қайталау курсын 2 немесе 3 ай үзілістен кейін жүргізеді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
- препаратқа жоғары сезімталдық
- жүрек-қан тамырларының ауыр аурулары
- артериялық гипертензия
-жедел асқазан-ішек бұзылыстары (оның ішінде диарея)
- ішек өткізгіштігінің бұзылуы
- Крон ауруы
- ойық жаралы колит
- аппендицит
- шығу тегі анықталмаған іштің ауыруы
- геморрой
- бауыр/бүйрек функциясының бұзылуы
- нефроз-нефриттің асқынған түрлері
- диффузиялық гломерулонефрит
- цистит
- метроррагия
- қан аралас қақыру
- холелитиаз
- 3 жасқа дейінгі балалық жас.
Ас қорыту жолы тарапынан: тамақтың жыбырлауы, диспепсия, іштің ауыруы.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық қысымның жоғарылауы.
Иммун жүйесі тарапынан: аллергиялық реакциялар, гиперемияны қоса, қышыну, бөртпе, есекжем.
Басқалары: бас айналу, кіші жамбас ағзаларында қан кернеу сезімдері, етеккірлік қан кетудің күшеюі, күйдіруді сезіну, гипертермия, енгізген жердегі өзгерістер.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратпен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ. Жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін.
Ауырғыштығын болдырмау үшін алдын ала инъекцияның болжамды орнына 0,5 мл 2% новокаин енгізуге болады. Новокаинді қолданар алдында аллергиялық сынама жасау керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балаларға 3 жастан бастап қолданылады.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттелмеген.
Препарат жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданылмайды, өйткені оның әсер ету механизмі (биогендік стимулятор ретінде) жеткілікті зерттелмеген.
Гемопоэзді стимуляциялайтын дәрілердің және темір препараттарының әсерін күшейтеді. Алоэ экстрактісі мен тиазидті диуретиктерді, ілмекті диуретиктерді, қызыл мия препараттарын, кортикостероидтарды бір мезгілде қолданғанда калий тапшылығының даму қаупі артады.
Препаратты басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.