Ларонидазаны дұрыс енгізбеу (артық дозалану және/немесе инфузия жылдамдығы ұсынылғаннан жоғары) жағымсыз реакциялардың дамуына әкелуі мүмкін. Ларонидазаны тым тез енгізу жүрек айнуын, іш ауыруын, бас ауыруын, бас айналуын және ентігуді тудыруы мүмкін.
Мұндай жағдайларда және пациенттің клиникалық жағдайына байланысты инфузияны дереу тоқтату немесе инфузия жылдамдығын төмендету керек. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда тиісті емдеу басталуы тиіс.
Стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Өте жиі
• бас ауыруы
• қан кернеуі
• жүрек айнуы, құрсақ қуысындағы ауыру
• бөртпе
• артропатия, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы
• пирексия, препаратты енгізу орнындағы реакция*
Жиі
• анафилаксиялық реакциялар
• мазасыз жағдай
• парестезия, бас айналуы
• тахикардия
• артериялық қысымның төмендеуі, тері жабындарының бозаруы,
аяқ-қолдың «тоңу» сезімі
• респираторлық дистресс-синдромы, ентігу, жөтел
• құсу, диарея
• ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, есекжем, қышыну, суық тер, таздану, гипергидроз
• сүйек-бұлшықет ауыруы
• қалтырау, ысынуды және тоңуды сезіну, шаршау, тұмауға ұқсас жай күй, инъекция орнындағы ауырсыну
• дене температурасының жоғарылауы, қанның оттегімен қанығуының төмендеуі.
Жиілігі белгісіз
• аса жоғары сезімталдық
• брадикардия
• гипертензия
• цианоз, гипоксия, тахипноэ, бронх түйілуі, тыныс алудың тоқтауы, көмейдің ісінуі, тыныс алу жеткіліксіздігі, жұтқыншақтың ісінуі, стридор, тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруы
• еріннің ісінуі, тілдің ісінуі
• эритема, беттің ісінуі
• экстравазация, шеткері ісіну
• препаратқа спецификалық антиденелердің пайда болуы, бейтараптандыратын антиденелер, артериялық қысымның жоғарылауы
* инъекция орнындағы реакцияларға мыналар кірді: ісіну, эритема, жайсыздық, есекжем, бозару, дақтар және жылу сезімі.
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жағымсыз реакциялардың көпшілігі инфузияға байланысты реакцияларға (ИБР) қатысты. Олардың кейбіреулері ауыр болды.
Ең жиі жағымсыз реакциялар мыналар болған: бас ауыруы, жүрек айнуы, іш ауыруы, бөртпе, артралгия, арқа ауыруы, аяқ-қол ауыруы, қан кернеуі, пирексия, препаратты енгізу орнындағы реакциялар, артериялық қысымның жоғарылауы, қанның оттегімен қанығуының төмендеуі, тахикардия және қалтырау.
ИБР туралы постмаркетингтік деректерді жинау цианоз, гипоксия, тыныс алудың тоқтауы, пирексия, құсу, қалтырау және эритема сияқты жағымсыз реакциялардың болуын көрсетті, олардың кейбіреулері ауыр болды.
Балаларда барлық жағымсыз реакциялар жеңіл және орташа болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz