Саяхатшылар диареясымен ауыратын пациенттерді емдеудің клиникалық зерттеулерінде тәулігіне 1800 мг-ға дейінгі дозаны қолдану ауыр клиникалық көріністердің дамуынсыз өтті. Тіпті қалыпты бактериялық ішек флорасы бар пациенттерде де рифаксиминді 7 күн бойы тәулігіне 2400 мг-ға дейінгі дозада қабылдау жоғары дозаларды қабылдауға байланысты маңызды клиникалық белгілерді тудырмады.
Кездейсоқ артық дозалану жағдайында симптоматикалық емдеу және демеуші ем ұсынылады. Таблеткаларды қабылдағаннан кейін бірден асқазанды босату пайдалы болуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жағымсыз әсерлердің көпшілігі, әсіресе асқазан-ішек жолдарынан болатын жағымсыз әсерлер, негізгі аурудың симптомдары болуы мүмкін.
Рифаксиминді қолданудың маркетингтен кейінгі кезеңінде жиілігін қолда бар мәліметтер негізінде анықтау мүмкін болмайтын қосымша жағымсыз әсерлер анықталды.
Жағымсыз әсерлер жиілік пен мүшелер жүйесіне сәйкес келесідей жіктеледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000 - нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).
Жиі
- бас айналу, бас ауруы
- іш қату, абдоминальді ауыру, құрсақ қуысының созылу сезімі, диарея, метеоризм, жүрек айну, тік ішек тенезмасы, үлкен дәретке кенеттен қысылу, құсу белгілері
- температураның жоғарылауы
Сирек
- кандидоз, қарапайым герпес (herpes simplex), назофарингит, фарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары
- лимфоцитоз, моноцитоз, нейтропения
- тәбеттің төмендеуі, дегидратация
- ұйқысыздық, ұйқының бұзылуы, басыңқы көңіл-күй, күйгелектік
- бас сақинасы, гипестезия, парестезия, синустық бас ауру, ұйқышылдық
- диплопия
- вертиго, құлақтың ауыруы
- жүрек соғысының жиілеуі
- қан қысымының жоғарылауы, қан кернеу
- ентігу, мұрынның бітелуі, тамақтың құрғауы, орофарингеальді ауырсыну, жөтел, ринорея
- асцит, диспепсия, асқазан-ішек моторикасының бұзылуы, құрсақ қуысының жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну, қан немесе шырыш аралас дәрет шығару, қатты дәрет, еріннің құрғауы, дәм сезудің бұзылуы
- аспартат-аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы
- бөртпе, тері бөртпелері және экзантема, күнге күю1
- белдің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілуі, мойынның ауыруы, миалгия
- несептегі қан, гликозурия, полакиурия, полиурия, протеинурия
- полименорея
- астениялық жағдай, қалтырау, суық тер, ауырсыну және жайсыздық, шеткері ісіну, тұмауға ұқсас синдром, гипергидроз
Жиілігі белгісіз
- клостридиальді инфекция
- тромбоцитопения
- анафилактикалық реакциялар, аса жоғары сезімталдық
- естен тану алдындағы жағдай
- бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштеріндегі ауытқулар
- ангионевротикалық ісіну, дерматит, эксфолиативті дерматит, экзема, эритема, пурпура, прурит, есекжем
Басқалары
Жиілігі белгісіз: халықаралық қалыптасқан қатынас мәндеріндегі ауытқу.
1 зерттеуші «күнге күю» туралы хабарлағандықтан, бұл жарықсезімталдық реакциялары емес, шын мәнінде күнге күю болып саналады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.