Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
30 мг
Саудалық атауы
Амбробене®-Тева
Әсер етуші зат
Амброксол
Мақсаты
Секрецияның бұзылуымен және қақырық шығуы қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретоликалық емдеу
Өндіруші
Меркле ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 таблетканың құрамында
белсенді зат: 30,00 мг амброксол гидрохлориді,
қосымша заттар - лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стераты, сусыз коллоидты кремний.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ақ түсті таблеткалар.
- секрецияның бұзылуымен және қақырық шығуы қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретоликалық емдеу
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: ½ таблеткадан күніне 2-3 рет қабылдайды (күніне 30-45 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Ересектер және 12 жастан асқан балалар: алғашқы 2-3 күнде 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), бұдан кейін 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Қажет болған жағдайда, емдік әсерді күшейту үшін тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан тағайындауға болады (күніне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Қолдану тәсілі
Таблетканы тамақ ішуге қарамастан, ішке, сұйықтықтың (мысалы, судың, шайдың немесе жидек шырынының) жеткілікті мөлшерін ішіп, қабылдау керек.
Қабылдау ұзақтығы шектелмеген, бірақ препаратты дәрігердің кеңесінсіз 4-5 күннен артық қабылдауға болмайды.
Егер жедел респираторлық ауруларды емдеу кезінде жағдай жақсармаған жағдайда, медициналық көмекке жүгінген жөн.
• амброксолға және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
• бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
• бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
• жүктіліктің І триместрі
• лактация кезеңі
• сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза, галактоза мальабсорбциясы синдромы
• 6 жасқа дейінгі балалар
Жағымсыз құбылыстар төменде жүйелік-ағзалық кластар және келесі жіктеу бойынша жиілік бойынша төменде келтірілген:
өте жиі — ≥ 1/10
жиі — ≥ 1/100 дейін <1/10
жиі емес — ≥1/1000 дейін <1/100
сирек — ≥1/10,000 дейін <1/1000
өте сирек — <1/10,000
белгісіз: — жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар, өйткені қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Сирек:
• аса жоғары сезімталдық реакциялары
белгісіз:
• анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну және қышыну
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Сирек:
• бөртпе, есекжем
белгісіз:
• терінің ауыр реакциялары (көп формалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын/ уытты эпидермальді некролизді және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса)
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі:
• жүрек айну
Жиі емес:
• құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы
Өте сирек:
• сілекейдің қатты бөлінуі
Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірек орта мүшелер тарапынан бұзылулар:
белгісіз:
• ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциясының симптомы ретінде)
Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізу орнындағы реакциялар:
Жиі емес:
• қызба, жергілікті шырышты қабық реакциялары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
(жағымсыз реакциялар бойынша ақпараттық деректер базасын көрсету)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препаратты жөтелді басатын заттармен бір мезгілде қолдану жөтел рефлексінің төмендеуі аясында қақырық шығуының қиындауына әкеледі. Сондықтан мұндай біріктірілімді қолдану пациент үшін күтілетін пайда мен ықтимал қауіпті мұқият бағалағаннан кейін ғана мүмкін болады.
Басқа препараттармен клиникалық мәнді жағымсыз өзара әрекеттесулері туралы хабарланбаған.
Амброксол мен антибиотиктерді (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин) қабылдау бронх-өкпе секретте және қақырықта соңғысының енуі мен концентрациясының жоғарылауына әкеледі.
Арнайы алдын алу шаралары
Амброксол гидрохлоридін қолданғанда, көп формалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы/ уытты эпидермальді некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулез сияқты терінің ауыр зақымдануының өте сирек жағдайлары тіркелген. Тері зақымданулары пайда болған жағдайда, дәрігерге қаралу, амброксол гидрохлоридін қабылдауды тоқтату керек. Бастапқы цилиарлы дискинезияның сирек синдромы бар пациенттерге Амбробене®-Тева таблеткаларын секреттің жинақталу қаупіне байланысты сақтықпен қолдану керек.
Амбробене®-Теваны секреттің іркілуі мүмкін болғандықтан сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек функциясы бұзылған және бауырдың ауыр аурулары бар пациенттерге Амбробене®-Тева препаратын тек дәрігердің бақылауымен қолдануға болады. Амброксол гидрохлоридін бауырда метаболизденетін, содан кейін бүйрекпен шығарылатын кез келген әсер етуші зат сияқты қолданғанда, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бауырда түзілетін метаболиттердің жинақталуы жүреді.
Сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер Амбробене® -Тева қабылдамауы тиіс.
Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік. Амброксол гидрохлориді плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктілікке, шарананың дамуына, босану мен постнатальді дамуға тікелей немесе жанама жағымсыз әсер етуін көрсетпеген. Жүктіліктің 28-ші аптасынан кейін препаратты қолданудың кең таралған клиникалық тәжірибесі ұрыққа жағымсыз әсер ету белгілерін көрсеткен жоқ. Дегенмен, Амбробене®-Тева препаратын жүктіліктің I триместрі кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Лактация. Амброксол гидрохлориді емшек сүтімен бөлінеді, сондықтан емшек емізу кезеңінде препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Фертильділік. Клиникаға дейінгі зерттеулер фертильділікке тікелей немесе жанама теріс әсерін көрсеткен жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктер
Зерттеулер жүргізілген жоқ. Пост-маркетингтік кезеңде автомобильді немесе механизмдерді басқару қабілетіне препараттың әсер ету жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.