Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Сироп
Дозасы
30мг/5мл
Саудалық атауы
Амбро®
Әсер етуші зат
Амброксол
Мақсаты
Секреция бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде
Өндіруші
Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
5 мл препараттың құрамында
белсенді зат - амброксол гидрохлориді 15.000 мг және 30.000 мг
қосымша заттар: кристалды емес сұйық сорбитол,
метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат,
лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, тағамдық «Өрік-95» хош
иістендіргіші, 0.1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән хош иісі бар мөлдір, сәл сарғыш, шәрбат тәрізді сұйықтық
Секреция бұзылуымен және қақырық шығуының қиындауымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларының секретолитикалық емінде.
Клиникаға дейінгі сынақтар препараттың белсенді ингредиенті амброксол гидрохлориді бронх секреттерінің серозды компонентінің секрециясын стимуляциялайтынын көрсетті. Ол сонымен қатар альвеолалардағы және бронхиолалардағы Клар жасушаларында орналасқан II типті пневмоциттерге тікелей әсер ету нәтижесінде беткейлік-белсенді заттардың секрециясын жоғарылатады, сондай-ақ жыпылықтағыш эпителийдің белсенділігін стимуляциялайды. Сипатталған әсерлер қақырық тұтқырлығының төмендеуіне және мукоцилиарлық клиренстің жақсаруына әкеледі. Мукоцилиарлық клиренстің жақсаруы клиникалық фармакологиялық зерттеулерде көрсетілді.
Қақырықтың серозды компонентінің секрециясының жоғарылауы және мукоцилиарлы клиренстің жоғарылауы қақырықтың кетуіне ықпал етеді және жөтелді жеңілдетеді.
Әсер етуі ұзаққа созылатын амброксол гидрохлориді препаратын 6 ай бойы қабылдаған СОӨА бар пациенттерде емдеудің 2-ші айының соңына қарай плацебомен салыстырғанда өршудің анық төмендеуі тіркелді. Амброксол гидрохлориді тобындағы пациенттерде ауыру күндері санының нақты азаюы және бактерияға қарсы препараттарды қабылдау күндері санының азаюы байқалды. Сондай-ақ амброксол гидрохлориді тобында плацебомен салыстырғанда қақырық шығуының қиындауы, жөтел, ентігу және аускультативтік симптомдар сияқты бағаланған симптомдардың статистикалық маңызды жақсаруы байқалды.
Амброксол гидрохлоридінің жергілікті ауыруды бәсеңдететін әсері үй қояны көзінің моделіне жүргізілген зерттеулерде байқалды және бұл препараттың натрий өзекшелерін бөгеуімен байланысты болуы мүмкін. Тесттер / және vitro препараттың нейрондық натрий өзекшелерін қайтымды және дозаға тәуелді бөгейтінін көрсетті.
In vitro амброксол гидрохлоридінің қабынуға қарсы әсері бар екендігі анықталды. In vitro тесттерінде ол цитокиндердің айналымдағы және тіндік мононуклеарлы және полиморфонуклеарлы жасушалардан босатылуын едәуір төмендетеді.
Тамағы ауыратын пациенттерде жүргізілген клиникалық зерттеулер соруға арналған таблетка түріндегі амброксол гидрохлориді жұтқыншақтың ауыруы мен қызаруын едәуір төмендететінін көрсетті.
Бұл фармакологиялық қасиеттер амброксолды ингаляциялау жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын емдеуде қолданған кезде ауырсынуды тез арада жеңілдететінін тиімділігінің клиникалық зерттеулерінде алынған қосымша бақылауды растайды.
Амброксол гидрохлоридін қолдану амоксициллин, цефуроксим, эритромицин және доксициклин сияқты антибиотиктердің қақырық және бронх секрецияларындағы концентрациясын арттырады. Бүгінгі күнге дейін бұл әсердің клиникалық маңыздылығы дәлелденген жоқ.
Дозалау режимі
Амбро® 15 мг/ 5 мл
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар:
Емдеудің алғашқы 2-3 күндері тәулігіне 3 рет 10 мл-ден (тәулігіне 90 мг амброксолға баламалы), келесі күндері тәулігіне 2 рет 10 мл (тәулігіне 60 мг амброксолға баламалы).
Қажет болған жағдайда ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін емдік әсері дозаны тәулігіне 2 рет 20 мл-ге дейін ұлғайтумен күшейтілуі мүмкін (бұл тәулігіне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Жекелеген жас санаттары үшін келесі дозалары пайдаланылады:
2 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 2 рет 2,5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 15 мг амброксолға баламалы).
2-5 жастағы балалар тәулігіне 3 рет 2,5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 22,5 мг амброксолға баламалы).
5-12 жастағы балалар тәулігіне 2-3 рет 5 мл-ден қабылдайды (тәулігіне 30-45 мг амброксолға баламалы).
Амбро® 30 мг/ 5 мл
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар:
Емдеудің алғашқы 2-3 күні 5 мл-ден тәулігіне 3 рет, келесі күндері 5 мл-ден тәулігіне 2 рет қабылданады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
12 жасқа дейінгі балаларға дозалау режимі аурудың клиникалық көрінісінің ауырлығына байланысты белгіленеді:
1-ден 2 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2 рет 1,25 мл.
2-ден 6 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 3 рет 1,25 мл.
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2-ден 3 ретке дейін 2,5 мл.
Енгізу әдісі және жолы
Ішуге қабылдауға арналған
Препаратты 2 жасқа толмаған балаларда дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолданады.
Қабылдау жиілігі және қабылдау уақыты
Препаратты ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігердің тағайындауынсыз препаратты 4-5 күннен артық қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
- әсер етуші зат амброксол гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Сирек: аса жоғары сезімталдық реакциясы
Белгісіз: анафилаксиялық реакциялар (анафилаксиялық шокты қоса), ангионевроздық ісіну, қышыну
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Сирек: бөртпе, есекжем
Белгісіз: терінің ауыр зақымдануы (мультиформалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын /уытты эпидермальді некролиз және жедел жайылған экзематозды пустулезді қоса)
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі: дәм сезу бұрмалануы
Асқазан-ішек бұзылулары
Жиі: жүрек айнуы, ауыздың ұюы
Жиі емес: құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, ауыз құрғауы
Сирек: жұтқыншақтың құрғауы
Өте сирек: сілекей ағуы
Тыныс алу жолдары, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Жиі: жұтқыншақтың ұюы
Өте сирек: ентігу, бронх түйілуі (негізінен тыныс алу жолдарының сезімталдығы жоғары пациенттерде)
Белгісіз: ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциясының симптомы ретінде)
Басқалары
Жиі емес: қызба, шырышты қабық тарапынан жергілікті реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Адамда артық дозалану жағдайлары туралы ақпарат жоқ. Кездейсоқ артық дозаланғанда симптомдары ұсынылған дозаларда қолданғандағы жағымсыз әсерлерге ұқсас болуы мүмкін. Бұл жағдайда симптоматикалық ем жүргізіледі.
Амброксол гидрохлоридін қолданғанда мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз және жедел жайылған экзантемалық пустулез сияқты терінің ауыр зақымдану жағдайлары тіркелген. Үдемелі тері бөртпесінің симптомдары немесе белгілері пайда болған жағдайда (кейде күлдіреуік немесе шырышты қабықтың зақымдануы түрінде) дәрігерге барып, амброксол гидрохлоридін қабылдауды дереу тоқтату қажет.
Бронх моторикасы бұзылған жағдайда және қақырықтың көп жиналуы кезінде амброксол гидрохлоридін аса сақтықпен қолдану қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары кезінде Амбро® шәрбатын дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек. Бауырда метаболизденетін және бүйрекпен бөлінетін басқа препараттар сияқты, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде бауырда пайда болған амброксол гидрохлориді метаболиттерінің организмде жинақталуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
5 мл Амбро® шәрбатының құрамында 2,1 г сорбитол бар, ең жоғарғы тәуліктік дозасында (20 мл) 8,4 г дейін сорбитол болады. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Сорбитолдың іш жібітетін орташа әсері бар; сорбитол калориясы - 2,6 ккал/г.
Препарат құрамында метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар, бұл баяу типті аллергиялық реакцияларды тудыруға түрткі болуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автомобиль мен механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ. Тиісті зерттеулер жүргізілген жоқ.
Амброксол гидрохлориді плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Амброксол гидрохлоридін жүктіліктің 28-ші аптасынан кейін қолданумен жүргізілген (респираторлық дистресс-синдромның алдын алу үшін амброксол гидрохлоридін пренатальді енгізуді қоса) шаранаға кері ықпалының қандай-да бір дәлелдерін көрсетпеді. Алайда, жүктілік кезінде, әсіресе бірінші триместрде дәрілерді қабылдаудың жалпы принциптерін орындау керек.
Амброксол гидрохлориді емшек сүтімен бөлініп шығады, сондықтан препаратты бала емізу кезеңінде қабылдауға ұсынылмайды.
Амбро® жөтелді бәсеңдететін заттармен бірге қолданғанда, жөтелдің басылуы аясында секреттің қауіпті іркілуіне әкеледі. Демек, бір мезгілде қолдануды қаупі мен пайдасын мұқият бағалағаннан кейін ғана жүргізген жөн.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Қаптамасын алғаш ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.