Липид-модификациялайтын препараттар. Липид-модификациялайтын препараттар, қарапайымдар. HMG CoA-редуктаза тежегіштері. Аторвастатин.
АТХ коды: С10АА05.
Аторвастатин 3-гидрокси-3-метилглютарил-кофермент А редуктазаның (ГМГ-КоА-редуктаза), 3-гидрокси-3-метиглютарил-коэнзим A-ның мевалонатқа, стеролдардың, оның ішінде холестериннің ізашарына айналуына қатысатын ферменттің селективті бәсекелес тежегіші болып табылады. Бауырдағы триглицеридтер мен холестерин тығыздығы өте төмен липопротеиндердің (ТӨТЛП) құрамына кіреді және шеткері тіндерге тасымалдану үшін қан плазмасына босап шығады. Тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) ТӨТЛП-ден түзіледі, олардың катаболизмі негізінен ТТЛП-ге тектестігі жоғары рецептормен (ТТЛП-рецептор) байланысу арқылы жүреді.
Аторвастатин ГМГ-КоА-редуктазаны және бауырдағы холестерин биосинтезін тежеу, сондай-ақ гепатоциттер беткейіндегі ТТЛП-рецепторлар санының артуы арқылы қан плазмасындағы липопротеиндер холестеринінің деңгейлерін төмендетеді, соның нәтижесінде ТТЛП қармалуы мен катаболизмінің жылдамдығы артады.
Аторвастатин ТТЛП түзілуін және ТТЛП бөлшектерінің санын азайтады. Аторвастатинді пайдаланған кезде қан айналымындағы ТТЛП бөлшектерінің сапа жағынан оң өзгерістерімен бірге ТТЛП-рецепторлар белсенділігінің елеулі әрі тұрақты жоғарылауы байқалады. Аторвастатин гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде (әдетте, гиполипидемиялық дәрілермен емге жауап бермейтін пациенттер тобы) қандағы тығыздығы төмен липопротеиндер холестеринінің (ХС-ТТЛП) деңгейін елеулі дәрежеде төмендетеді.
Аторвастатин әсерінің дозаға тәуелділігін зерттеуде жалпы холестерин (жалпы ХС) (30%-46%), ХС-ТТЛП (41%-61%), аполипопротеин B (ApoB) (34%-50%) және қандағы триглицеридтер (ТГ) (14%-33%) концентрацияларының төмендеуі байқалды, бұл ретте тығыздығы жоғары липопротеиндер холестеринінің (ХС-ТЖЛП) және аполипопротеин А1 (ApoА1) концентрациялары айқындығы әртүрлі дәрежеде жоғарылағаны тіркелді. Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы, гиперхолестеринемияның тұқым қуаламайтын түрлері және аралас гиперлипидемиясы бар пациенттерде, инсулинге тәуелді емес қант диабеті бар пациенттерді қоса, емнің нәтижелері өзара ұқсас.
Қандағы жалпы ХС, ХС-ТТЛП және ApoB деңгейлерінің төмендеуі жүрек-қантамырлық асқынулардың туындау қаупінің және жүрек-қантамырлық аурулардан өлім жағдайларының азаюына түрткі болатыны анықталды.
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия
Көп орталықты 8 апталық ашық қайырымдылық зерттеуіне (жалғастырылған емдеу фазасының ұзақтығы өзгеруі мүмкін болды) 335 пациент қатысты, 89 пациентте гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия диагнозы болды. Осы 89 пациентте ХС-ТТЛП төмендеу пайызы орта есеппен 20% құрады, аторвастатиннің тәуліктік дозасы 80 мг дейін болды.
Атеросклероз
REVERSAL зерттеуінде (Коронарлық атеросклероздың қарқынды гиполипидемиялық ем аясында кері дамуын зерттеу) жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде 80 мг дозадағы аторвастатинмен қарқынды гиполипидемиялық емнің әсері коронарлық ангиография кезінде тамырішілік ультрадыбыстық зерттеуді (ТІУДЗ) пайдалана отырып 40 мг дозадағы правастатинмен коронарлық тамырлардың атеросклерозын стандартты гиполипидемиялық емдеудің әсерімен салыстырылды. Осы рандомизацияланған салыстырмалы жасырын бақыланатын көп орталықты зерттеуде ТІУДЗ 502 пациентте емдеу басталғанға дейін және 18 айдан соң жүргізілді. Аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында (253 пациент) атеросклероздың үдеуі байқалған жоқ.
Атеросклероздық түйіндақтардың жалпы көлемінің пайыздық өзгерісі бастапқы мәндермен салыстырғанда (бастапқы ақырғы нүкте) аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында орта есеппен - 0,4% (p = 0,98) құрады, және правастатинді қабылдаған пациенттер тобында (249 пациент) +2,7% (p = 0,001) құрады. Аторвастатин мен правастатин әсерлерінің арасындағы айырмашылық статистикалық тұрғыда маңызды болды (p = 0,02). Бұл зерттеуде қарқынды гиполипидемиялық емнің жүрек-қантамырлық ақырғы нүктелерге әсеріне (мысалы, реваскуляризация емшарасын жүргізу қажеттілігі, өлімге әкеліп соқпаған миокард инфарктісі, жүректің ишемиялық аурымен байланысты өлім оқиғасы) баға берілген жоқ.
Аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында қандағы ХС-ТТЛП деңгейі 150 ± 28 мг/дл-ден (3,89 ± 0,7 ммоль/л) (бастапқы мәні) орта есеппен 78,9 ± 30 мг/дл (2,04 ± 0,8 ммоль/л) дейін төмендеді, ал правастатинді қабылдаған пациенттер тобында қандағы ХС-ТТЛП деңгейі 150 ± 26 мг/дл-ден (3,89 ± 0,7 ммоль/л) 110 ± 26 мг/дл (2,85 ± 0,7 ммоль/л) дейін төмендеді (р < 0,0001). Аторвастатинді пайдаланған кезде сонымен қатар қандағы жалпы ХС деңгейінің орта есеппен 34,1% (правастатинді қабылдаған пациенттер тобында -18,4%; p < 0,0001), қандағы ТГ деңгейінің орта есеппен 20% (правастатинді қабылдаған пациенттер тобында -6,8%; p < 0,0009) және ApoB деңгейінің орта есеппен 39,1% (правастатинді қабылдаған пациенттер тобында -22,0%; p < 0,0001) елеулі төмендеуі тіркелді. Аторвастатинді пайдаланған кезде ХС-ТЖЛП деңгейінің орташа мәні 2,9%-ға жоғарылады (правастатинді қабылдаған пациенттер тобында +5,6%; айырмашылықтардың статистикалық мәні жоқ). Қандағы С-реактивті ақуыздың деңгейі аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында орта есеппен 36,4%-ға, және правастатинді қабылдаған пациенттер тобында 5,2%-ға төмендеді (p < 0,0001).
Жоғарыда көрсетілген зерттеу нәтижелері аторвастатинді 80 мг дозада қолданған кезде тіркелген, сондықтан оларды дәрілік заттың төменірек дозаларына экстраполяциялауға болмайды.
Бұл зерттеуде қарқынды гиполипидемиялық емнің жүрек-қантамырлық ақырғы нүктелерге әсеріне баға берілген жоқ. Осыған байланысты визуализациялық зерттеулердің алынған нәтижелерінің жүрек-қантамырлық асқынулардың бастапқы және салдарлы профилактикасына қатысты клиникалық маңыздылығы белгісіз.
Пациенттердің екі тобындағы дәрілік заттардың қауіпсіздік және жағымдылық бейіндері өзара салыстырымды болды.
Жедел коронарлық синдром
MIRACL зерттеуіне (Қарқынды гиполипидемиялық емнің аясында миокард ишемиясы айқындығының азаюын зерттеу) жедел коронарлық синдромы бар (Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі немесе тұрақсыз стенокардия), 80 мг дозада аторвастатинмен (1538 пациент) немесе плацебомен (1548 пациент) ем алған 3086 пациент қамтылды. Емдеу ауруханаға жатқызудан кейін жедел фазада басталды және 16 апта бойы жалғасты. Тәулігіне 80 мг дозада аторвастатинді пайдаланған кезде біріккен бастапқы ақырғы нүктенің (себебіне байланыссыз өліммен аяқталу, өлімге әкеліп соқпаған миокард инфарктісі, реанимациялық шараларды жүргізу кезінде жүректің тоқтап қалуы немесе миокард ишемиясының белгілерімен стенокардия және ауруханаға жатқызу қажеттілігі) дамуына дейінгі уақыт көрсеткіші ұлғайды, бұл қауіптің 16%-ға (p = 0,048) төмендеуіне сәйкес келді; көбінесе бұл миокард ишемиясының белгілерімен стенокардия салдарынан қайтадан ауруханаға жатқызу санының азаюымен байланысты болды (-26%; p = 0,018). Екіншілік ақырғы нүктелер арасындағы айырмашылықтардың статистикалық маңыздылығы болған жоқ (плацебо және аторвастатин сәйкесінше 22,2% және 22,4%).
MIRACL зерттеуіндегі аторвастатиннің қауіпсіздік бейіні 4.8 бөлімінде сипатталған бейінге сәйкес келді.
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы
Рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын ASCOT-LLA зерттеуінде (жүрек аурулары нәтижелерінің англо-скандинавиялық зерттеуі) өлімге әкелетін және өлімге әкелмейтін жүректің ишемиялық ауруына әсері бағаланды. Зерттеуге артериялық гипертензиясы бар (40-79 жастағы) және миокард инфарктісінсіз қандағы жалпы ХС концентрациясы 251 мг/дл және одан аз (6,5 ммоль/л және аз) болатын, стенокардияға қатысты ем қабылдамаған пациенттер қамтылды. Барлық пациенттерде жүрек-қантамыр аурулары дамуының кем дегенде 3 анықталған қауіп факторы болды (ер жынысты, жасы 55 жаста және одан асқан, шылым шегу, қант диабеті, туыстықтың бірінші дәрежесіндегі туыстарында жүректің ишемиялық ауруы, қандағы жалпы ХС деңгейі/қандағы ХС-ТЖЛП деңгейі арақатынасының мәні 6-дан астам, шеткері тамырлардың ауруы, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, анамнездегі цереброваскулярлық асқынулар, электрокардиограммадағы спецификалық өзгерістер, протеинурия/альбуминурия). Алғашқы жүрек-қантамыр асқынуының жоғары қаупі бар екенін зерттеуге қатысқан пациенттердің барлығында болжау мүмкін бола берген жоқ.
Пациенттер гипотензивті дәрілермен (амлодипин немесе атенолол), сондай-ақ тәулігіне 10 мг дозадағы аторвастатинмен (5168 пациент) немесе плацебомен (5137 пациент) ем қабылдады.
Аторвастатинді қолданған кезде жүрек-қантамырлық асқынулар қаупінің абсолюттік және салыстырмалы төмендеуі тіркелді:
Жүрек-қантамырлық асқыну — Салыстырмалы қауіптің төмендеуі — Асқынулар саны (аторвастатин/плацебо) — Абсолюттік қауіптің төмендеуі * — p мәні
Өліммен аяқталған жүректің ишемиялық ауруы және өлімге әкеліп соқпаған миокард инфарктісі — 36% — 100/154 — 1,1% — 0,0005
Барлық жүрек-қантамыр асқынулары және реваскуляризация емшарасын жүргізу қажеттілігі — 20% — 389/483 — 1,9% — 0,0008
Барлық коронарлық асқынулар — 29% — 178/247 — 1,4% — 0,0006
* Асқынулардың туындау жиілігі бойынша бастапқы деректердегі айырмашылықтар негізінде есептеу (бақылау кезеңінің медианасы 3,3 жыл).
Жалпы өлім және жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім көрсеткіштері айтарлықтай төмендеген жоқ (сәйкесінше 212 оқиғаға қарсы 185 оқиға, р=0,17 және 74 оқиға мен 82 оқиға, р=0,51). Пациенттердің қосалқы топтарын гендерлік талдауда (81% ер адам, 19% әйел) аторвастатиннің оң әсері ерлерде байқалды, бірақ әйелдерде емес, бұл, алайда, әйелдердегі қосалқы топта оқиғалар санының аздығымен байланысты болуы мүмкін. Жалпы өлім және жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім көрсеткіштері әйелдерде жоғарырақ болды (сәйкесінше 38 оқиға мен 30 оқиға және 17 оқиға мен 12 оқиға), алайда айырмашылықтардың статистикалық маңызы болған жоқ. Базалық гипотензивтік емге байланысты тіркелген маңызды әсерлер: бастапқы ақырғы нүктенің көрсеткіші (өліммен аяқталған жүректің ишемиялық ауруы және өлімге әкеліп соқпаған миокард инфарктісі) амлодипин қабылдаған пациенттерде аторвастатинді пайдаланған кезде айтарлықтай төмендеді (қауіптер арақатынасының көрсеткіші 0,47 (0,32-0,69) құрады, p= 0,00008), бірақ атенолол қабылдаған пациенттерде емес (қауіптер арақатынасының көрсеткіші 0,83 (0,59-1,17) құрады, p = 0,287).
Аторвастатиннің өліммен аяқталған немесе аяқталмаған жүрек-қантамыр ауруларының ағымына әсеріне рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын көп орталықты CARDS зерттеуінде (қант диабеті кезінде аторвастатинді бірге зерттеу) баға берілді. Зерттеуге қатысқан пациенттерде (40-75 жас; анамнезде жүрек-қантамыр аурулары жоқ), 2-ші типтегі қант диабеті бар, қандағы ХС-ТТЛП деңгейі 160 мг/дл және одан аз (4,14 ммоль/л және азырақ) және қандағы ТГ деңгейі 600 мг/дл және одан аз (6,78 ммоль/л және азырақ) болды. Барлық пациенттерде келесі қауіп факторларының кем дегенде 1-уі болды: артериялық гипертензия, шылым шегу, ретинопатия, микроальбуминурия немесе макроальбуминурия. Пациенттер тәулігіне 10 мг дозада аторвастатинді (1428 пациент) немесе плацебоны (1410 пациент) алды; бақылау кезеңінің медианасы 3,9 жылды құрады.
Аторвастатинді қолданған кезде жүрек-қантамырлық асқынулар қаупінің абсолюттік және салыстырмалы төмендеуі тіркелді:
Жүрек-қантамырлық асқыну — Салыстырмалы қауіптің төмендеуі — Асқынулар саны (аторвастатин/плацебо) — Абсолюттік қауіптің төмендеуі * — p мәні
Ауыр жүрек-қантамырлық асқынулар (өліммен аяқталған немесе аяқталмаған жедел миокард инфарктісі, ауырусыз миокард ишемиясы, өліммен аяқталған жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия, коронарлық шунттау, тері арқылы транслюминальді коронарлық ангиопластика, реваскуляризация емшарасын жүргізу қажеттілігі, инсульт) — 37% — 83/127 — 3,2% — 0,0010
Миокард инфарктісі (өліммен аяқталған немесе аяқталмаған жедел миокард инфарктісі, ауырусыз миокард ишемиясы) — 42% — 38/64 — 1,9% — 0,0070
Өліммен аяқталған немесе аяқталмаған инсульт — 48% — 21/39 — 1,3% — 0,0163
* Асқынулардың туындау жиілігі бойынша бастапқы деректердегі айырмашылықтар негізінде есептеу (бақылау кезеңінің медианасы 3,9 жыл).
Емнің тиімділігі жынысына, жасына және қандағы ХС-ТТЛП бастапқы деңгейіне байланысты болған жоқ. Өлім деңгейінің төмендеуінің оң үрдісі байқалды (плацебо қабылдаған пациенттер тобында 82 өлім, және аторвастатин қабылдаған пациенттер тобында 61 өлім, p = 0,0592).
Қайталанған инсульт
SPARCL зерттеуіне (қандағы холестерин деңгейін қарқынды төмендету аясындағы инсульттің профилактикасы) 4731 пациент қатысты. Қатысушылар тәулігіне 80 мг дозадағы аторвастатинді немесе плацебоны қабылдады. Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы жоқ барлық пациенттер зерттеудің алдындағы 6 айдың ішінде инсультті немесе транзиторлық ишемиялық шабуылды бастан өткерді. Ер адамдар барлық пациенттердің жалпы санының 60%-ын құрады, пациенттердің жасы 21-92 жаста (орташа жасы 63 жас), қандағы ХС-ТТЛП орташа бастапқы деңгейі 133 мг/дл (3,4 ммоль/л) болды. Қандағы ХС-ТТЛП орташа деңгейі аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында 73 мг/дл (1,9 ммоль/л), ал плацебо қабылдаған пациенттер тобында - 129 мг/дл (3,3 ммоль/л) құрады. Кейінгі бақылау кезеңінің орташа ұзақтығы 4,9 жыл болды.
Аторвастатинді 80 мг дозада қолданған кезде өліммен аяқталған немесе аяқталмаған инсульттің даму қаупі плацебомен салыстырғанда 15%-ға төмендеді (қауіптер арақатынасының көрсеткіші 0,85 құрады, 95% сенімді аралық: 0,72-1,00, p = 0,05 немесе 0,84, 95% сенімді аралық: 0,71-0,99, p = 0,03 бастапқы факторларды ескеріп түзетілгеннен кейін). Жалпы өлім көрсеткіші аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында 9,1% (216/2365), және плацебо қабылдаған пациенттер тобында 8,9% (211/2366) болды.
Деректерді ретроспективтік талдау аторвастатинді 80 мг дозада қолданған кезде ишемиялық инсульттың даму жиілігі плацебоны пайдаланумен салыстырғанда төмендегенін көрсетті (сәйкесінше 9,2% (218/2365) және 11,6% (274/2366), p = 0,01), бұл ретте геморрагиялық инсульттің туындау жиілігі жоғарылады (сәйкесінше 2,3% (55/2365) және 1,4% (33/2366), p = 0,02).
• Геморрагиялық инсульттің туындау қаупінің жоғарылауы зерттеуге қосылған сәтте геморрагиялық инсультті бастан өткеріп қойған пациенттерге тән болды (аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында 7/45, және плацебо қабылдаған пациенттер тобында 2/48; қауіптер арақатынасының көрсеткіші 4,06 құрады, 95% сенімді аралық: 0,84-19,57). Ишемиялық инсульттің даму қаупі екі топтада іс жүзінде ұқсас болды (аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында 3/45, және плацебоны қабылдаған пациенттер тобында 2/48; қауіптер арақатынасының көрсеткіші 1,64 құрады, 95% сенімді аралық: 0,27-9,82).
• Геморрагиялық инсульттің туындау қаупінің жоғарылауы зерттеуге қосылған сәтте лакунарлық инфарктіні бастан өткерген пациенттерге тән болды (аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында 20/708, және плацебоны қабылдаған пациенттер тобында 4/701; қауіптер арақатынасының көрсеткіші 4,99 құрады, 95% сенімді аралық: 1,71-14,61), бұл ретте мұндай пациенттерде ишемиялық инсульттің даму қаупі төмендеді (аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында 79/708, және плацебо қабылдаған пациенттер тобында 102/701; қауіптер арақатынасының көрсеткіші 0,76 құрады, 95% сенімді аралық: 0,57-1,02). Инсульттің даму қаупінің жоғарылауы бұрын лакунарлық инфарктіні бастан өткерген, аторвастатинді тәулігіне 80 мг дозада алған пациенттерге тән деп болжанады.
Жалпы өлім көрсеткіші аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында 15,6% (7/45), және анамнезінде геморрагиялық инсульті бар пациенттердің қосалқы тобында 10,4% (5/48) құрады. Анамнезінде лакунарлық инфаркті бар пациенттердің қосалқы тобында жалпы өлім көрсеткіші аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында 10,9% (77/708), және плацебоны қабылдаған пациенттер тобында 9,1% (64/701) құрады.
Балалар мен жасөспірімдер
6-17 жастағы пациенттердегі гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия
Фармакокинетикалық және фармакодинамикалық параметрлеріне, сондай-ақ аторвастатиннің қауіпсіздігі мен жағымдылығына генетикалық расталған гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия диагнозы бар және қандағы ХС-ТТЛП бастапқы деңгейі 4 ммоль/л және көбірек (152 мг/дл және көбірек) болатын балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен 8 апталық ашық зерттеуде баға берілді. Зерттеуге 6-17 жастағы 39 балалар мен жасөспірімдер қатысты. Бір топқа (А тобы) 6-12 жастағы 15 бала кірді (Таннер бойынша 1 саты), екінші топқа (В тобы) 10-17 жастағы 24 бала кірді (Таннер бойынша ≥ 2 саты).
А тобында аторвастатиннің (шайнайтын таблеткалар) бастапқы тәуліктік дозасы 5 мг, ал В тобында - 10 мг (үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар) құрады. Зерттеу шарттарына сәйкес жағымдылығы жақсы болған жағдайда, егер 4 аптадан кейін қандағы ХС-ТТЛП деңгейінің мақсаты көрсеткішіне (3,35 ммоль/л аз) жете алмаса, аторвастатиннің дозасын 2 есе арттыруға мүмкіндік болды.
Емнің екінші аптасынан бастап, зерттеуге қатысушылардың барлығында қандағы ХС-ТТЛП, жалпы ХС және ApoB деңгейлерінің орташа көрсеткіштерінің төмендегені байқалды. Дәрілік заттың екі есе дозасын қабылдаған пациенттерде қосымша төмендеу дозаны арттырғаннан кейін 2 аптадан кейін-ақ байқалды. Қандағы липидтер деңгейі төмендеуінің орташа пайыздық көрсеткіштері пациенттер аторвастатиннің бастапқы дозаны алуды жалғастырғанына немесе екі есе дозасын алғанынан қарамастан, екі топта да ұқсас болды. Емнің 8-ші аптасында қандағы ХС-ТТЛП және жалпы ХС деңгейлері көрсеткіштерінің өзгеруі бастапқы мәндермен салыстырғанда сәйкесінше дозаға байланыссыз 40% және 30% құрады.
Екінші ашық зерттеуге гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 6-15 жастағы 271 бала қатысты, аторвастатинмен емдеу ұзақтығы үш жылды құрады. Зерттеуге қосылу критерийлері мыналар болды: гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияның расталған диагнозы және ХС-ТТЛП бастапқы деңгейі 4 ммоль/л және көбірек (шамамен 152 мг/дл). Зерттеуге Таннер бойынша 1 сатыдағы 139 бала (әдетте, 6-10 жастағы) қосылды. Аторвастатиннің бастапқы дозасы 10 жасқа дейінгі балалар үшін тәулігіне 1 рет 5 мг (шайнайтын таблеткалар) құрады. 10 жастағы және одан асқан балаларда дәрілік заттың бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг құрады. Барлық пациенттердің қандағы ХС-ТТЛП мақсатты мәндеріне (3,35 ммоль/л астам (130 мг/дл астам)) жету үшін аторвастатинді неғұрлым жоғарырақ дозаларда алуына мүмкіндігі болды. 6-9 жастағы балаларда аторвастатиннің орташа өлшенген дозасы 19,6 мг құрады, ал 10 жастағы және одан үлкен балаларда аторвастатиннің орташа өлшенген дозасы 23,9 мг құрады.
Қандағы ХС-ТТЛП орташа бастапқы деңгейі 6,12 ммоль/л құрады (стандартты ауытқуы 1,26 ммоль/л), бұл 233 мг/дл жуыққа сәйкес келеді (стандартты ауытқуы 48 мг/дл). Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар ер және әйел жынысты жасөспірімдерде аторвастатиннің липидтік бейінге әсері (деректер орташа мән және стандартты ауытқу түрінде ммоль/л арқылы көрсетілген (АроВ қоспағанда)):
Уақыт — Пациенттер саны — Жалпы ХС — ХС-ТТЛП — ХС-ТЖЛП — ТГ — ApoB, г/л
Бастапқы көрсеткіш — 271 — 7,86 (1,30) — 6,12 (1,26) — 1,314 (0,2663) — 0,93 (0,47) — 1,42 (0,28)#
Емнің 30-шы айы — 206 — 4,95 (0,77)^ — 3,25 (0,67) — 1,327 (0,2796) — 0,79 (0,38)* — 0,90 (0,17)^
Емнің 36-шы айы / емдеудің соңы* — 240 — 5,12 (0,86) — 3,45 (0,81) — 1,308 (0,2739) — 0,78 (0,41) — 0,93 (0,20)&
* Нәтижелер зерттеудің жоспарланған аяқталу мерзіміне дейін (толық емес 36 ай) оған қатысуды тоқтатқан пациенттерің деректерін де, сондай-ақ зерттеуге қатысуын аяқтаған (толық 36 ай) пациенттердің деректерін де қамтиды.
^ Осы параметрді есептеген кезде деректері ескерілген пациенттердің саны 207 болды.
# Осы параметрді есептеген кезде деректері ескерілген пациенттердің саны 270 болды.
& Осы параметрді есептеген кезде деректері ескерілген пациенттердің саны 243 болды.
Осы үш жылдық зерттеуден алынған деректер гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар балалар мен жасөспірімдерде аторвастатиннің өсу мен даму көрсеткіштеріне (бой, дене салмағы, ДСИ, Таннер бойынша сатысы, жалпы жетілу мен дамуға қатысты дәрігер-аудитордың бағалауы) ықпал етпейтінін айғақтайды. Зерттеу барысында дәрігер-аудитор дәрілік заттың бойға, дене салмағына, ДСИ-ге жасқа немесе жынысқа байланысты әсер ету жағдайларын байқаған жоқ.
10-17 жастағы пациенттердегі гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия
Ашық салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуге 10-17 жастағы (орташа жасы 14,1 жасты құрады), гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы немесе ауыр гиперхолестеринемиясы бар 187 бала қатысты (зерттеуге қосылған барлық қыз балаларда алғашқы етеккірлері келіп қойған). Пациенттер рандомды түрде аторвастатинмен (140 пациент) немесе плацебомен (47 пациент) 26 апта бойы ем қабылдады, содан кейін келесі 26 аптаның ішінде барлық пациенттер аторвастатин қабылдады. Дәрілік заттың дозасы алғашқы 4 аптаның ішінде тәулігіне 1 рет 10 мг құрады; қандағы ХС-ТТЛП деңгейі 3,36 ммоль/л-ден асқан жағдайларда оны тәулігіне 20 мг дейін арттырды. Зерттеудің 26 апталық салыстырмалы жасырын фазасында аторвастатинді қолданған кезде қан плазмасында жалпы ХС, ХС-ТТЛП, ТГ және ApoB деңгейлерінің елеулі төмендеуі байқалды. 26 апталық салыстырмалы жасырын фаза барысында қандағы ХС-ТТЛП орташа деңгейі аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында 3,38 ммоль/л құрады (диапазоны: 1,81-6,26 ммоль/л), және плацебо қабылдаған пациенттер тобында 5,91 ммоль/л құрады (диапазоны: 3,93-9,96 ммоль/л).
Гиперхолестеринемиясы бар 10-18 жастағы балалар қатысқан қосымша зерттеуде аторвастатинмен және колестиполмен емдеуге салыстырмалы баға беру жүргізілді. 26 аптадан кейін аторвастатинді қабылдаған пациенттер тобында (25 пациент) осындай колестипол қабылдаған пациенттер тобымен (31 пациент) салыстырғанда ХС-ТТЛП (р < 0,05) деңгейінің елеулі төмендегені байқалды.
Ауыр гиперхолестеринемиясы (гомозиготалы гиперхолестеринемияны қоса) бар, тәулігіне 80 мг дейінгі дозада аторвастатинмен (дозаны түзету емге жауабына сәйкес жүргізілді) 3 жыл бойы ем қабылдаған 46 баланың қатысуымен қайырымдылық зерттеуінде қандағы ХС-ТТЛП деңгейінің 36%-ға төмендегені байқалды. Аторвастатинмен балалық шақта жүргізілген емнің ересек жастағы аурушаңдық пен өлімнің төмендеуіне қатысты ұзақ мерзімдік тиімділігі анықталған жоқ.
Дәрілік заттар жөніндегі Еуропалық агенттік 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларда аторвастатинді гетерозиготалы гиперхолестеринемияның емі ретінде және 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларда гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияның, аралас (біріктірілген) гиперхолестеринемияның, бастапқы гиперхолестеринемияның емі ретінде және жүрек-қантамырлық асқынулардың профилактикасында қолдануды зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен бас тартты (4.2 бөлімін қараңыз).