Жағымсыз реакцияларды симптомдарды бақылауға қажетті ең қысқа емдеу кезеңі ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы барынша азайтуға болады.
Емдік әсері жеткіліксіз болған жағдайда ұсынылған ең жоғары тәуліктік дозасын арттыруға болмайды, сондай-ақ қосымша ем ретінде ҚҚСП пайдаланылмау керек, өйткені бұл біріктірілімнің емдік артықшылықтары дәлелденбесе, уыттылығының артуына алып келуі мүмкін. Мелоксикам мен басқа ҚҚСП, оның ішінде циклооксигеназа-2 таңдамалы тежегіштерін бірге қолданбаған дұрыс.
Мелоксикам жедел ауырсыну симптомдарын басу қажет болатын пациенттерді емдеуге сай келмейді.
Егер бірнеше күн ішінде жақсару байқалмаса, емдеудің клиникалық пайдасын қайта бағалау керек.
Мелоксикаммен емдеу басталғанша пациенттің толық сауығуына көз жеткізу үшін анамнездегі эзофагит, гастрит және/немесе пептидті ойық жараның кез келген жағдайларын мұқият зерттеу керек. Анамнезінде осындай аурулары бар, мелоксикам қабылдап жүрген пациенттің жай-күйін, қайталануы мүмкін екендіктен, жүйелі бақылап отыру керек.
Асқазан-ішек жолына әсері
Басқа ҚҚСП қолдану кезіндегі сияқты, емдеу барысында кез келген уақытта сақтандыру симптомдарының немесе анамнездегі күрделі асқазан-ішек бұзылуларының болуымен немесе болмауымен өлім қаупі зор асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралану немесе тесілу туындауы мүмкін.
Анамнезінде ойық жаралы ауру бар пациенттерде, әсіресе, оның қан кетумен немесе тесілумен асқынуында және егде жастағы пациенттерде асқазан-ішек қан кетуі, ойық жаралануы немесе тесілуінің қаупі ҚҚСП дозаларына тікелей пропорционал артады. Осындай пациенттер емделуді мүмкін болатын ең аз дозадан бастауы тиіс. Аталған пациенттерге, сондай-ақ төмен дозаларда аспирин немесе асқазан-ішек жолы тарапынан құбылыстардың туындау қаупін арттыратын басқа препараттарды қабылдау қажет болатын пациенттерге қорғаныс әсері бар препараттармен (мысалы, мизопростол немесе протонды помпа тежегіштері) біріктірілген ем тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек.
Анамнезінде АІЖ тарапынан уытты құбылыстары бар пациенттер, бірінші кезекте, егде жастағы тұлғалар, әсіресе, емдеудің бастапқы сатыларында кез келген әдеттен тыс абдоминальді симптомдар туралы (бәрінен бұрын, асқазан-ішектен қан кету белгілері туралы) мәлімдеуі тиіс.
Ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыруға қабілетті қатарлас препараттарды, мысалы, емдік дәрі ретінде гепарин қабылдап жүрген пациенттерге немесе жалпы тағайындаулар қатарында егде жастағы пациенттерге қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды немесе ацетилсалицил қышқылын бір реттік ≥ 500 мг дозаларда немесе жалпы тәуліктік ≥ 3 г дозада мелоксикаммен біріктіру ұсынылмайды.
Амелотекс препаратын пептидті ойық жара өршуінде немесе асқазан-ішектен қан кету кезінде тоқтатылу керек.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге, аталған аурулардың өршуі мүмкін екендіктен, ҚҚСП сақтықпен қолданылу қажет.
Жүрек-тамыр жүйесі мен цереброваскулярлық құбылыстарға әсері
Анамнезінде ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі гипертензия және/немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге, ҚҚСП емі кезінде сұйықтық іркілуі мен ісінулер білінгендіктен, талапқа сай мониторинг және медициналық кеңестер өткізу қажет.
Қауіп тобында болатын пациенттерге бастапқы деңгейінде және әсіресе мелоксикаммен емдеудің бастапқы сатысында артериялық қысымды клиникалық бақылау ұсынылады.
Клиникалық зерттеулер барысында алынған ақпарат және эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП, оның ішінде мелоксикам (мысалы, ұзақ мерзімді емдеу кезінде жоғары дозаларда) қолданудың артериялық тромбоз құбылыстарын (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) туындататын қауіптің аздап артуымен астасуын болжауға мүмкіндік береді. Мелоксикам үшін осындай қауіпті жоққа шығаруға мүмкіндік беретін деректер жеткіліксіз.
Бақыланбайтын гипертензия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, диагностикаланған ишемиялық жүрек ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге мелоксикаммен емдеуді тек оның мақсатқа сай болуын мұқият бағалаудан кейін ғана жүргізуге болады. Дәл осындай бағалау жүрек-қантамыр ауруын дамытатын қауіп факторлары (оның ішінде гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) бар пациенттерге ұзақ мерзімді емдеу басталғанша жүргізілу керек.
Тері реакциялары
Мелоксикам қабылдағанда өмірге қатер төндіретін тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), сондай-ақ уытты эпидермалық некролиз (УЭН) аталды. Пациенттер белгілер мен симптомдарды мәлімдеуі, сондай-ақ тері реакцияларының пайда болуын мұқият қадағалау қажет. СДС немесе УЭН ең көп жоғары туындау қаупі емдеудің алғашқы апталары ішінде орын алады. Амелотекс® препаратын қабылдауды, СДС немесе УЭН симптомдары немесе белгілері (мысалы, күлбіреуіктермен немесе шырышты қабықтар зақымдануымен жиі болатын үдемелі тері бөртпесі) болса, тоқтату керек. СДС және УЭН емінде ең үздік нәтижелерге ерте диагностикалаумен және кез келген күмәнді препарат қабылдауды дереу тоқтатумен қол жеткізуге болады. Емді ерте тоқтату үздік болжам жасаумен астасады. Егер пациентте мелоксикам қабылдау нәтижесінде СДС немесе УЭН дамыса, пациенттердің осы санатында мелоксикам қабылдауды жаңғыртуға болмайды.
Мелоксикамды қолданған кезде тұрақтанған бөртпе жағдайлары тіркелген.
Пациенттердің анамнезінде мелоксикаммен байланысты тұрақтанған дәрілік бөртпе жағдайлары болған кезде, мелоксикамды қайта тағайындауға болмайды. Басқа оксикамдармен айқаспалы реакция болуы мүмкін.
Бауыр және бүйрек функциясының көрсеткіштері
Басқа ҚҚСП қолдану кезіндегі сияқты, қан сарысуында трансаминазалар деңгейінің мезгіл-мезгіл жоғарылауы, сарысуда билирубиннің немесе бауыр функциясының басқа параметрлерінің артуы, сондай-ақ сарысуда креатинин және қанда мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы әрі зертханалық көрсеткіштердің басқа ауытқулары аталды. Көптеген жағдайда бұл әсерлер параметрлердің қалыпты мәндерінен сәл жоғарылауы болды. Егер осындай ауытқу елеулі немесе тұрақты болса, Амелотекс препаратын қабылдауды тоқтату және пациентті қажетті тексеруден өткізу керек.
Бүйректің функционалдық жеткіліксіздігі
ҚҚСП, бүйрек простагландиндерінің тамырды кеңейтетін әсерін тежеумен, шумақтық сүзілу жылдамдығын төмендете отырып, бүйректің функционалдық жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыс дозаға тәуелді болады. Емдеудің басында немесе дозаны арттырудан кейін келесі қауіп факторлары бар пациенттерде бүйрек функциясын, оның ішінде диурез көлемін мұқият тексеру ұсынылады:
- егде жастағы пациенттер;
- мысалы, АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II антагонистерімен, сартандармен, диуретиктермен қатарлас емдеу;
- гиповолемия (себебіне байланыссыз);
- іркілісті жүрек жеткіліксіздігі;
- бүйрек жеткіліксіздігі;
- нефроздық синдром;
- жегілік нефропатия;
- бауыр функциясының ауыр бұзылуы (сарысулық альбумин < 25 г/л немесе Чайлд-Пью шкаласы бойынша бағасы ≥10)
Сирек жағдайларда ҚҚСП интерстициалық нефрит, гломерулонефрит, бүйректің медуллярлы некрозын немесе нефроздық синдромды тудыруы мүмкін.
Гемодиализде жүрген бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттерде Амелотекс препаратының дозасы 7,5 мг-ден аспауы тиіс. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерге (яғни, креатинин клиренсі 25 мл/минуттан асатын пациенттерде) дозаны төмендету қажет емес.
Натрий, калий және су іркілісі
ҚҚСП натрий, калий және су іркілуін тудыруы және диуретиктердің натрийурездік әсерін бөгеуі мүмкін. Ол өз алдына, гипертензияға қарсы препараттардың гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі орын алуы мүмкін. Нәтижесінде осы әсерлерге ұшыраған пациенттерде ісіну, жүрек жеткіліксіздігі немесе гипертензия дамуы немесе өршуі мүмкін. Қауіп тобының пациенттері үшін клиникалық мониторинг ұсынылады. Гиперкалиемия
Гиперкалиемия дамуына қант диабеті немесе қанда калий мөлшерін арттыратын қатарлас емдеу ықпал етуі мүмкін. Осы жағдайларда калий деңгейін жүйелі қадағалап отыру қажет.
Пеметрекседпен бірге қолдану
Ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге мелоксикам қабылдауды пеметрексед енгізуден кемінде 5 күн бұрын тоқтатып, мелоксикамды пеметрексед енгізілген күні және енгізуден кейін кемінде 2 күн бойы қабылдамау қажет.
Басқа да сақтандырулар және сақтық шаралары
Жағымсыз реакцияларды егде жастағы пациенттер, денсаулығы нашар тұлғалар немесе әлсіз пациенттер көбіне нашар көтереді, бұл жағдайда оларды мұқият бақылау қажет. Басқа ҚҚСП қолдану кезіндегі сияқты, бүйрек, бауыр немесе жүрек функциясының бұзылуы жиі байқалатын егде жастағы пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту керек. Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП жағымсыз реакцияларының өте жоғары туындау жиілігі, әсіресе, өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін асқазан-ішек қан кетуі және тесілуі байқалады.
Мелоксикам, кез келген басқа ҚҚСП сияқты, негізгі инфекциялық ауру симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Б/і енгізілген басқа ҚҚСП қабылдау кезіндегідей, инъекция салған жерде абсцестер түзілуі және некроз дамуы мүмкін.
Мелоксикам қабылдау әйел жынысты пациенттердің ұрпақ өрбіту функциясына теріс әсерін көрсетуі мүмкін және жүкті болуды жоспарлап жүрген әйелдерге ұсынылмайды. Бала көтеру қабілетінің кінәраттары бар немесе бедеулік себебімен тексеруден өтіп жүрген әйелдер мелоксикамды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Арнайы сақтандырулар
Амелотекс® препаратының өз ампуласының ішінде 1 ммольден аз натрий (23 мг) болады, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Педиатрияда қолдану
Препарат балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету зерттеулері жүргізілмеді. Алайда, фармакодинамикалық бейіні мен білінген жағымсыз дәрілік реакциялар негізінде мелоксикам, бәрінен бұрын, осы қабілеттілікке әсер етпейді немесе мардымсыз әсер етеді деген қорытынды жасауға болады. Дегенмен де, көру бұзылулары, оның ішінде анық көрмеу, бас айналу, ұйқышылдық немесе орталық жүйке жүйесінің басқа бұзылулары туындаған жағдайда көлік құралдарын басқарудан және аса қауіпті механизмдермен жұмыс істеуден бас тартқан дұрыс.