Әсер ету механизмі
Энисамийдің вирусқа қарсы әсері РНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимеразаның тұмау вирусымен және SARS-CoV-2-мен тікелей тежелуімен байланысты.
Фармакодинамикасы
Энисамий А тұмауы вирусының әртүрлі штамдарына (H1N1, H3N2, H5N1, H7N9), В тұмауы вирусының, респираторлық синцитиальді вирустың, сондай-ақ NL-63 альфа-коронавирусының және in vitro SARS-CoV-2 бета-коронавирусының штаммдарына қарсы вирусқа қарсы әсерге ие.
Энисамий йодиді адамның дифференциалданған қалыпты бронх-эпителий жасушаларының (NHBE), адамның гепатоцеллюлярлы карцинома жасушаларының (HepG2), адамның рабдомиосаркома жасушаларының (RD), адамның колоректальді аденокарцинома жасушаларының (Caco-2) көмегімен in vitro зерттеулерінде А және В типті тұмау вирусының штаммдарына қатысты тиімділігін көрсетті.
Тұмауды зерттеуге арналған жануарлардың өкілі ретінде алынған сасықкүзендерде энисамий йодиді плацебо бақылау тобымен салыстырғанда тұмау вирусының сасықкүзеннің мұрын жағындысы арқылы шығарылуын азайтты.
Клиникалық тиімділігі
Жедел респираторлық вирустық инфекциялары, оның ішінде тұмауға шалдыққан пациенттерде жүргізілген зерттеуде 1500 мг (күніне 3 рет 500 мг) тәуліктік дозада энисамий йодиді таблеткаларымен емдеу аурудың оң динамикасын қамтамасыз етті, бұл плацебоға қарағанда вирустық инфекция симптомдарының анағұрлым айқын төмендеуімен көрінді (2-кесте).
Мұрын жағындысындағы вирустық антигендердің ерте және статистикалық маңызды төмендеуі энисамий йодидін қабылдаған пациенттерде плацебо тобының пациенттерімен салыстырғанда анықталды (3-кесте).
Энисамий йодидімен емдеу плацебо тобымен салыстырғанда сарысу интерферон деңгейінің жоғарылауына әкелді.
2-кесте. Энисамий йодидімен емдегеннен кейін вирустық инфекция симптомдарын жеңілдету (пациенттер саны/%)
Тәулік — Жөтел — Ринит — Әлсіздік — Бас ауыруы
энисамий йодиді — плацебо — энисамий йодиді — плацебо — энисамий йодиді — плацебо — энисамий йодиді — плацебо
0 — 59 98,3 % — 40 100 % — 56 93,3 % — 37 92,5 % — 59 98,3 % — 40 100 % — 56 93,3 % — 34 85 %
3 — 58 96,7 % — 40 100 % — 50 83,3 % — 35 87,5 % — 42 70 % ** — 39 97,5 % — 31 51,7 % — 25 62,5 %
7 — 39 65 % — 38 95 % — 13 21,7 % — 29 72,5 % — 17 28,3 % — 22 55 % — 6 10 % * — 13 32,5 %
14 — 4 6,7 % — 22 55 % — 0 — 2 5 % — 1 1,7 % — 7 17,5 % — 0 — 3 7,5 %
3-кесте. Вирустық антигенді анықтау динамикасы (пациенттер саны/%)
Тәулік — Вирустық антигендер — Тұмау вирусының антигендері
энисамий йодиді — плацебо — энисамий йодиді — плацебо
0 — 60 (100%) — 40 (100%) — 33 (66%) — 22 (55%)
3 — 17 (28,3%) — 29 (72,5%) — 8 (13%) — 16 (40%)
7 — 1 (1,7%) — 6 (15%) — 1 (1,7%) — 1 (2,5%)
Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің нәтижелері энисамий йодидінің мынадай түрінде көрсетілген жақсы төзімді және клиникалық тиімді екенін көрсетті:
• жоғары температура кезеңі ұзақтығының 1,1 күнге қысқаруы;
• катаральді және конституционалдық симптомдар ұзақтығының қысқаруы;
• қақырық түсіретін және тамыр тарылтатын дәрілердің қолданылуын азаюы;
• еңбекке жарамсыздық күндері санының азаюы;
• плацебо қабылдаған пациенттер тобымен салыстырғанда вирустардың бөліну кезеңінің азаюы және вирустық антигендер анықталған пациенттер санының едәуір азаюы.
Энисамийдің үлкен тиімділігі емдеу ертерек басталған кезде байқалды.
Амизон Макс дәрілік затының тиімділігі мен қауіпсіздігін көп орталықты, салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған, плацебо бақыланатын зерттеуге негізгі еммен біріктірілімде не Амизон Макс не плацебо алған ауырлық деңгейі орташа COVID-19 шалдыққан 592 пациент қосылған болатын. Зерттеу тиімділігінің бастапқы соңғы нүктесі ДДҰ-ның модификацияланған шкаласы (4-кесте) бойынша пациенттің жай-күйін бастапқы бағалаудың 2 балға ұлғаюымен өлшенетін пациенттің жай-күйі жақсарғанға дейінгі уақыт болды.
Плацебо тобына енгізілген пациенттер тәулігіне 4 рет әрбір 6 сағат сайын 1 плацебо капсуласын пероральді қабылдады. Амизон Макс қабылдаған пациенттер тәулігіне 4 рет әрбір 6 сағат сайын Амизон Макс дәрілік затының 1 капсуласын қабылдады. Емдеу толық 7 күнге созылды (168 сағат).
4-кесте. Пациенттер жағдайының ауырлық ДДҰ модификацияланған шкаласы
Балл — Науқастың жағдайы
1 — Өлім
2 — Ауруханаға жатқызылды, өкпені жасанды желдетуді (ӨЖЖ) немесе экстракорпоральді жарғақшалық оксигенацияны талап етеді
3 — Ауруханаға жатқызылды, инвазиялық емес желдету немесе жоғары ағынды оксигенотерапия қажет
4 — Ауруханаға жатқызылды, оттегімен қосымша емді қажет етеді
5 — Ауруханаға жатқызылды, оттегімен қосымша емді қажет етпейді, бірақ үнемі медициналық көмекке мұқтаж (COVID-19 немесе басқасына байланысты)
6 — Ауруханаға жатқызылды, оттегімен қосымша емді қажет етпейді және енді тұрақты медициналық көмекке мұқтаж емес
7 — Ауруханаға жатқызылмаған, бірақ белсенділікті шектеу бар және / немесе үйде оттегімен демеуші емді қажет етеді
8 — Ауруханаға жатқызылмаған, жұмыс істеуге шектеу жоқ
Зерттеу нәтижелері Амизон Макс дәрілік затын пайдалана отырып жүргізілетін ем плацебо қабылдаған пациенттер тобымен салыстырғанда ДДҰ-ның жоғарыда келтірілген модификацияланған шкаласы бойынша COVID-19 науқас жағдайының жақсаруының басталуын 2 баллға жеделдететінін көрсетті (р = 0,00945). COVID-19 бар пациенттерді емдеу кезінде Амизон Макс дәрілік затты қолданумен біріктірілген емнің басым тиімділігін, сондай-ақ тиімділіктің қайталама соңғы нүктелеріне қатысты нәтижелер растайды, атап айтқанда:
• зерттеудің 15 – ші күнінде плацебо тобында пациенттердің 85,7% - ы, ал Амизон Макс тобында пациенттердің 94,4% - ы шығарылды. Пайыздық айырмашылық 8,6% болды және бұл айырмашылықтар статистикалық маңызды болды (р = 0,018), бұл плацебоға қарағанда Амизон Макс препаратының басым тиімділігін көрсетеді;
• емдеудің 3-ші, 4-ші және 5-ші күндеріндегі плацебо тобымен салыстырғанда Амизон Макс дәрілік затты қолдану тобында жөтел білінуінің анағұрлым жылдам анық төмендеуі байқалды (р = 0,009; 0,018 және тиісінше 0,007);
• Амизон Макс дәрілік затын COVID-19 кешенді емінде қолдану науқастың жай-күйінің нашарлауын және емдеу процесінде тыныс алу жеткіліксіздігінің ұлғаюын сенімді түрде (р = 0,016) болдырмауға мүмкіндік береді. ДДҰ модификацияланған шкаласы бойынша 1 баллға жағдайдың нашарлауы орын алған пациенттердің үлесі плацебо тобында 8,4%, ал Амизон Макс дәрілік затты қолдану тобында – 2,1% құрады, топтар арасындағы айырмашылықтар дұрыс болды (р = 0,016). Каплан – Мейер әдісімен және топтарды салыстыру үшін логрангтік критерийін қолдана отырып, пациент жағдайының нашарлау сәтіне дейінгі уақытты 1 баллға талдау плацебомен (р = 0,009) салыстырғанда пациенттің жай-күйінің нашарлауын, жеткіліксіздіктің анағұрлым ауыр тыныс алуын және асқынулардың дамуын болдырмауда Амизон Макс дәрілік затының жоғары тиімділігін көрсетті;
• Амизон Макс кешенді ем бөлігі ретінде қабылданған науқастар тобында бірде-бір өліммен аяқталған жағдай болған жоқ және барлық пациенттер 21 күн ішінде қалпына келді, ал плацебо тобында өліммен аяқталған үш (3) жағдай болды және бір пациент зерттеу кезеңінде бастапқы соңғы нүктеге жете алмады, бұл Амизон Макс препаратын COVID 19 кешенді емінде қолдану пайдасына салмақты дәлел болып табылады.