Дозалау режимі
Қолданар алдында дұрыс дозаны есептеу үшін пациенттің дене салмағын өлшеу керек.
Препараттың қандағы концентрациясын бақылау
Бүйрек функциясын қан сарысуындағы креатинин концентрациясын өлшеу немесе эндогендік креатинин клиренсін есептеу арқылы бағалау керек. Қандағы мочевина азотын қолданудың сенімділігі әлдеқайда төмен. Емдеу кезінде бүйрек функциясын үнемі бақылау керек.
Дұрыс, бірақ шамадан тыс емес деңгейді қамтамасыз ету үшін қан сарысуындағы амикацин концентрациясын мүмкіндігінше тезірек өлшеу керек. Емдеу кезінде сарысудағы ең жоғары шектік те, ең төменгі концентрацияларды да мезгіл-мезгіл өлшеген жөн.
35 мкг/мл-ден жоғары ең жоғары концентрациялардан (инъекциядан кейін 30-90 минуттан соң) және 10 мкг/мл-ден жоғары ең төменгі концентрациялардан (келесі дозаның дәл алдында) аулақ болу керек.
Дозаны көрсеткіштерге сәйкес түзету керек. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге тәуліктік дозаны бір рет енгізуге болады; бұл жағдайларда ең жоғары концентрация 35 мкг/мл-ден асуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан плазмасындағы концентрацияны бақылау қатаң ұсынылады.
Бүйрек функциясы қалыпты пациенттер (креатинин клиренсі ≥ 50 мл/мин)
Ересектер, жасөспірімдер және 12 жастан асқан балалар (дене салмағы 33 кг астам)
Бүйрек функциясы қалыпты пациенттер үшін ұсынылатын бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізілетін доза (креатинин клиренсі ≥ 50 мл/мин) тәулігіне 15 мг/кг құрайды, ол бір тәуліктік доза түрінде енгізіледі немесе 2 тең дозаға бөлінеді, яғни әр 12 сағат сайын 7,5 мг/кг.
Жалпы тәуліктік доза 1,5 г аспауы тиіс.
Эндокардит кезінде және қызбасы мен нейтропениясы бар пациенттерде дозаны күніне екі рет енгізу керек, өйткені күнделікті бір рет қабылдаудың дұрыстығын растайтын мәліметтер жеткіліксіз.
Нәрестелер, сәбилер және балалар (4 аптадан 12 жасқа дейін)
Бүйрек функциясы қалыпты балаларда ұсынылатын венаішілік доза (баяу венаішілік инфузия) тәулігіне дене салмағына қарай 15-20 мг/кг құрайды. Оны тәулігіне бір рет дене салмағына қарай 15-тен 20 мг/кг-ға дейінгі дозада немесе әр 12 сағат сайын дене салмағына қарай 7,5 мг/кг дозасында енгізуге болады.
Жаңа туған нәрестелер
Бастапқы жүктеме дозасы дене салмағына қарай 10 мг/кг, содан кейін әр 12 сағат сайын дене салмағына қарай 7,5 мг/кг енгізіледі .
Шала туған балалар
Шала туылған нәрестелер үшін ұсынылатын доза әр 12 сағат сайын дене салмағына қарай 7,5 мг/кг құрайды .
Дәрілік зат бірден қолдана беруге дайын түрде болмайды.
Концентратты қолданар алдында міндетті түрде сұйылту керек және сұйылтудан кейін тек бір рет қолдануға арналған.
Инфузиялық сорғыны қолдану Амикациннің дозалау дәлдігін жақсартады.
Артық дозалануды, әсіресе балаларда болдырмау үшін, ең қолайлы қол жетімді концентрацияны таңдау керек.
Ең жоғары тәуліктік доза
Жалпы тәуліктік доза кез келген енгізу жолымен тәулігіне дене салмағына қарай 15-20 мг/кг аспауы тиіс.
Дозаны түзету қажеттілігіне байланысты иммунитеті әлсіреген, бүйрек жеткіліксіздігі бар, муковисцидоз, асцит немесе ауқымды күйік алған (терісінің 20%-дан астамы) бар пациенттерге, егде жастағы пациенттерге және жүкті әйелдерге тәулігіне амикацинді бір рет енгізу ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер (креатинин клиренсі < 50 мл/мин)
Назар аударыңыз: бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі < 50 мл/мин) пациенттерге тәулігіне бір рет амикацинді енгізу ұсынылмайды, өйткені бұл пациенттер ұзақ уақыт бойы ең жоғары аз концентрацияның әсеріне ұшырайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзетуді төменнен қараңыз.
Әдетте күніне 2 немесе 3 доза қабылдайтын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан сарысуындағы амикацин концентрациясын тиісті талдау әдістерімен бақылау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаларды әдеттегі дозалар арасындағы аралықтарды ұлғайту немесе амикациннің жинақталуын болдырмау үшін белгіленген аралықтарда енгізілген дозаларды азайту арқылы түзету керек.
Екі әдіс те пациенттің креатинин клиренсіне немесе қан сарысуындағы креатинин мәндеріне негізделген, өйткені бұл мәндер бүйрек функциеясы төмендеген пациенттерде аминогликозидтердің жартылай шығарылу кезеңімен байланысты екені анықталды. Бұл дозалау режимдерін пациентті мұқият клиникалық және зертханалық тексерумен бірге қолдану керек және қажет болған жағдайда, әсіресе пациент диализде болған кезде өзгерту керек.
Екі қалыпты доза арасындағы аралықты ұлғайту
Егер креатинин клиренсінің жылдамдығы белгісіз болса және пациенттің жағдайы тұрақты болса, әдеттегі бір реттік доза үшін сағаттық дозалау аралығы (яғни, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге күніне екі рет, 7,5 мг/кг сызбасы бойынша тағайындалатын) сарысудағы креатининнің 9 еселік деңгейі ретінде есептеледі.
Аралық (сағат) = қан сарысуындағы креатинин концентрациясы х 9.
Мысалы, егер сарысудағы креатинин концентрациясы 2 мг/100 мл болса, онда ұсынылатын бір реттік дозаны (дене салмағына қарай 7.5 мг / кг) әр 18 сағат сайын енгізу керек.
Аралықтың ұлғаюымен бір реттік дозаны өзгертпейді.
Белгіленген аралықта енгізілетін дозаны төмендету
Егер сарысуды талдау нәтижелері болмаса және пациенттің жағдайы тұрақты болса, сарысулық креатинин мен креатинин клиренсінің мәндері бүйрек функциясының бұзылу дәрежесінің ең қолжетімді көрсеткіштері болып табылады, оларды дозаны анықтау үшін нұсқаулық ретінде пайдалануға болады.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі және белгілі креатинин клиренсі бар пациенттер үшін амикациннің жүктеме дозасы дене салмағына қарай 7,5 мг / кг құрайды. 12 сағат аралықпен тағайындалған демеуші дозаны пациенттегі креатинин клиренсінің жылдамдығының төмендеуіне пропорционалды түрде төмендету керек және келесі формула бойынша есептеледі:
Науқаста анықталған креатинин клиренсі,
(мл/мин)
амикациннің азайтылған дозасы, = ---------------------------------------------- х амикациннің есептік жүктеме
дозасы (мг) Қалыпты креатинин клиренсі (мл/мин)
Төмендегі кестеде келтірілген мәндер бағдар ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Креатинин клиренсі [мл/мин] — Амикациннің тәуліктік дозасы [мг / кг дене салмағы / тәулік] — Дене салмағы 70 кг (мг)пациент үшін амикациннің 12 сағаттық дозасы
70 - 80 — 7,6 - 8 — 266 - 280
60 - 69 — 6,4 – 7,6 — 224 - 266
50 - 59 — 5,4 - 6,4 — 186 - 224
40 - 49 — 4,2 - 5,4 — 147 - 186
30 - 39 — 3,2 - 4,2 — 112 - 147
20 - 29 — 2,1 - 3,1 — 77 - 112
15 - 19 — 1,6 - 2,0 — 56 - 77
Бұл дозалау режимдері қатаң нұсқаулар емес, бірақ қан сарысуындағы амикацин деңгейі белгісіз болған кезде дозалау нұсқаулығы болып табылады.
Дозаны он екі сағаттық аралықпен төмендетуді анықтаудың балама әдісі (сарысулық креатининнің белгілі тұрақты мәндері бар пациенттер үшін) жалпы қабылданған ұсынылған дозаны пациенттің сарысулық креатининіне бөлу болып табылады.
Гемодиализдегі немесе перитонеалды диализдегі пациенттер
Гемодиализ қанды амикациннен жеңіл тазартады; дозаның 90% - дан астамы 4 сағат ішінде шығарылады. Ануриясы бар пациенттерге стандартты бастапқы дозаны (7,5 мг/кг) енгізу керек. Гемодиализден кейін енгізілетін келесі дозалар 2,5-тен 3,75 мг / кг - ға дейін болуы тиіс. Қан сарысуындағы деңгей бақылануы керек.
Перитонеалды диализдегі пациенттер
Перитонеалды диализдің тиімділігі едәуір төмен, өйткені 12 сағат ішінде енгізілген дозаның тек 30% - ы шығарылуы мүмкін.
Күнделікті бір реттік енгізу
Клиникалық жағдайларда таралу көлемі ұлғайғанда бірінші доза, жүктеме дозасы 20-дан 30 мг/кг-ға дейін болуы тиіс, содан кейін Cmax сәйкес түзетілуі керек.
Егде жастағы пациенттер
Плазмадағы емдік концентрацияға қол жеткізу үшін егде жастағы пациенттерге жас адамдарға қарағанда төменірек демеуші дозалар қажет болуы мүмкін.
Артық салмағы бар пациенттер
Амикацин май тіндерінде нашар таралады. Сондықтан мг/кг дозаны есептеу үшін пациенттің артық салмағының 40% - ы есептелген мінсіз салмаққа қосылады. Күніне 1,5 г ең жоғары дозадан асырмау керек.
Семіздігі бар пациенттерге дозаны құрғақ массаға сүйене отырып есептеу ұсынылады.
Семіздікке шалдыққан пациенттер (P1) үшін дозаны анықтауға арналған дене салмағын есептеу формуласы:
P1 = PI + (PA - PI) x 0,4
PI = мінсіз дене салмағы
PA = ағымдағы дене салмағы
Асциті бар пациенттер
Қан сарысуында талапқа сай концентрацияға қол жеткізу үшін жасушадан тыс сұйықтықта салыстырмалы түрде көбірек таралуына байланысты жоғары дозаларды тағайындау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізуге арналған
Ересектердегі бір инфузия үшін қолайлы уақыт кезеңі 30 минутты құрайды, бірақ 60 минутқа жетуі мүмкін.
Бала жасындағы пациенттер үшін ерітіндіні әдетте 30-60 минут ішінде енгізу керек. Нәрестелер инфузияны 1-2 сағат ішінде қабылдауы тиіс.
Енгізуге арналған ерітіндіні дайындау
Тек бір рет қолдану керек.
Пайдаланылмаған ерітіндіні тастау керек.
Енгізер алдында пайдалануға дайын ерітіндіні құрамында қатты бөлшектердің бар-жоғын және түсінің өзгеруін көзбен көріп тексеру қажет.
Бөлшектері жоқ, тек мөлдір, түссіз немесе бозғылт сары ерітінділерді ғана қолдану керек.
Ерітіндінің бозғылт сары түсі тиімділіктің төмендеуінің көрсеткіші емес.
Инфузияға арналған ерітінді стерильді жабдықтың көмегімен асептикалық техниканы пайдалана отырып енгізілуі тиіс, жүйеге ауаның енуін болдырмау керек.
Венаішілік инфузия үшін Амикацин инфузияға арналған 100 мл стерильді ерітінді есебінен енгізіледі.
Қолдануға дайын инфузия үшін ерітіндіні дайындауға арналған қолайлы еріткіштер келесілер болып табылады:
- Натрий хлориді 9 мг/мл (0,9%) инфузияға арналған ерітінді
- Глюкоза 50 мг/мл (5%) инфузияға арналған ерітінді
- Левулоза 100 мг/мл (10%) инфузияға арналған ерітінді
- Глюкозасы бар немесе онсыз лактатты Рингер ерітіндісі 50 мг/мл (5%)
- Глюкоза 50 мг/мл (5%) инфузияға арналған ерітіндісі натрий хлориді 2 мг/мл (0,2%) бар инфузияға арналған ерітіндісімен.
Инфузияға арналған ерітіндіге қосу тек дәл енгізу алдында жүзеге асырылуы тиіс.
Бұлшықет ішіне енгізу үшін ішінде 500 мг Амикацин бар құтыға инъекцияға арналған 2-3 мл су қосып дайындалған ерітіндіні пайдаланады.
Аминогликозидтерді басқа антибиотиктермен араластыруға болмайды.
Амикацинді басқа препараттармен алдын ала араластырмау керек, ал ұсынылған дозаға сәйкес және енгізу жолымен бөлек енгізу керек.
Аминогликозидтерді бета-лактамды антибиотиктермен (мысалы, пенициллиндермен, цефалоспориндермен) инфузиялық ерітіндіде ешқашанда араластырмау керек, өйткені бұл қосылған препараттың химиялық-физикалық белсенділігі жойылуына әкелуі мүмкін.
Амфотерицинмен, хлоротиазидтермен, эритромицинмен, гепаринмен, нитрофурантоинмен, новобиоцинмен, фенитоинмен, сульфадиазинмен, тиопентонмен, хлортетрациклинмен, В дәруменімен және С дәруменімен химиялық үйлесімсіздігі белгілі. Амикацинді бұл препараттармен алдын ала араластыруға болмайды.
Аминогликозидтерді және бета-лактамды антибиотиктерді араластырған кезде белсенділігі жойылуы тіпті сарысудағы антибиотиктер деңгейінде сынамалар алған кезде де сақталуы мүмкін, сондықтан нәтиженің қатты төмендеуі және ізінше дозаның дұрыс таңдалмауы мен уыттылық қаупі болуы мүмкін. Үлгілермен жылдам жұмыс істеу және оларды мұзға қою немесе бета-лактамазаны қосу керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің жалпы ұзақтығы инфекцияның ауырлығына байланысты 7-10 күнмен шектелуі тиіс. Амикацинмен емдеу 10 күннен асатын ауыр және асқынған инфекция жағдайында, амикацинмен емдеудің орындылығын қайта бағалау қажет, өйткені емдеуді жалғастыру қан сарысуындағы амикацин деңгейін бақылауды, сондай-ақ бүйрек, есту жай-күйін және вестибулярлық аппаратты бақылауды қажет етеді.
Сезімтал микроорганизмдер тудыратын инфекциялары болатын пациенттер егер ұсынылған дозалау сақталса, емдеуге 24-48 сағат ішінде жауап беруі тиіс. 3-5 күннен кейін клиникалық жауап болмаған жағдайда емдеуді тоқтатып, антибиотиктерге сезімталдығын қайта тексеру қажет. Емдеуге жауаптың болмауы организмнің резистенттілігіне немесе хирургиялық дренажды қажет ететін септикалық қуыстардың болуына байланысты болуы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну жөнінде нұсқаулар
Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз