Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
125 мг
Саудалық атауы
Амиксин
Әсер етуші зат
Тилорон
Мақсаты
Тұмауды және басқа ЖРВИ емдеу, герпестік инфекцияларды емдеу
Өндіруші
Фармстандарт-Лексредства
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 125 мг тилорон,
қосымша заттар:
ядро: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон (повидон К30), кальций стеараты, кроскармеллоза (натрий кроскармеллозасы).
қабық: гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), титанның қостотығы, макрогол (полиэтиленгликоль-4000), полисорбат-80 (твин-80), сары хинолинді бояғыш (Е 104), күн батар түстес сары бояғыш (Е 110).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі жағы дөңес, қызғылт сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимада ядро қызғылт сары түсті, сәл күңгірт немесе ашықтау түсті болмашы теңбілдер болуына жол беріледі.
Ересектерде кешенді ем құрамында:
- тұмауды және басқа ЖРВИ емдеу
- герпестік инфекцияларды емдеу
Ересектердегі тұмау және басқа да ЖРВИ профилактикасында.
Интерферонның төменгі молекулалық синтетикалық индукторы, организмде (альфа, бета, гамма және ламбда) тинтерферондардың барлық типтерінің түзілуін көтермелейді. Тилорон енгізуге жауап ретінде интерферонның негізгі продуценттері ішек эпителийі жасушалары, гепатоциттер, Т-лимфоциттер және нейтрофилдер және гранулоциттер болып табылады. Ішке қабылдағаннан кейін интерферонның ең жоғары өнімі шегіне 4-24 сағаттан соң ішек-бауыр-қан болып келетін реттілікпен білінеді. Амиксин иммуномодуляциялаушы және вирусқа қарсы әсер етеді.
Амиксин препаратын адамға арналған ең жоғарғы тәуліктік дозаға баламалы дозада бір рет пероральді енгізгеннен кейін тәжірибелік зерттеу деректері бойынша интерферон лямбданың өкпе тініндегі ең жоғарғы концентрациясы 24 сағаттан соң, интерферон альфа – 48 сағаттан соң анықталады. Өкпе тініндегі интерферон лямбданың индукциясы тұмау және басқа респираторлық вирустық инфекцияларда респираторлық жолдың вирусқа қарсы қорғанысының жоғарылауына ықпал етеді.
Адам лейкоциттерінде интерферонның синтезін индукциялайды. Сүйек кемігінің дің жасушаларын көтермелейді, дозаға байланысты антидененің түзілуін күшейтеді, иммунодепрессия дәрежесін азайтып, Т-супрессорлар мен Т-хелперлер арақатынасын қалпына келтіреді. Әр түрлі вирустық инфекцияларға, оның ішінде тұмау вирустарына, басқа да жедел респираторлы вирустық инфекцияларға, гепатит вирустары мен герпес вирустарына қарсы тиімді. Вирусқа қарсы әсер ету механизмі инфекцияланған жасушаларда вирус-спецификалық ақуыздардың тасымалдануын тежеуге байланысты, осының нәтижесінде вирустар репродукциясы төмендейді.
Дозалау режимі
Тұмау және басқа ЖРВИ емдеу үшін - тәулігіне 125 мг-ден емдеудің алғашқы 2 күнінде, содан соң 48 сағаттан соң 125 мг-ден. Курсына - 750 мг (6 таблетка).
Тұмау және басқа ЖРВИ профилактикасы үшін- 125 мг-ден аптасына 1 рет 6 апта бойы. Курсына - 750 мг (6 таблетка).
Герпес инфекциясын емдеу үшін- алғашқы екі апта бойы 125 мг-ден, содан соң 48 сағаттан соң 125 мг-ден. Курс дозасы - 1,25-2,5 г (10-20 таблетка).
Тұмау және басқа да ЖРВИ емдегенде ауру жағдайына симптомдары 4 күннен аса сақталған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Амиксин тамақтан кейін ішке қабылданады.
- тилоронға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• жүктілік және лактация кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жиілігі белгісіз:
- Квинке ісінуі, есекжем, қысқа мерзімді қалтырау
- тері қышынуы, бөртпе
- диспепсиялық құбылыстар (іштің ауыруы, қыжыл, жүрек айнуы, құсу)
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез-келгені нашарласа немесе нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, осы туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Препараттың кезекті дозасын қабылдауды өткізіп алғанда, алғашқы мүмкін болған сәтінде уақыт аралығын ескерместен және дозаны екі еселемей-ақ, препаратты қабылдау курсын бастаған сызба бойынша жалғастыру керек.
Амиксин 125 мг препаратының бір таблеткасының құрамында «натрийден бос» болып табылатын 0,26 мг натрий бар.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат зейіннің жоғары шоғырлануын және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін көлік құралдарын басқару және басқа да қауіпті қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне теріс әсер етпейді.
Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату керек.
Вирустық және бактериялық ауруларды дәстүрлі емдеудің антибиотиктерімен және дәрілік заттарымен үйлесімді. Амиксиннің вирустық және бактериялық ауруларды дәстүрлі емдеудің антибиотиктерімен және дәрілік заттарымен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі айқындалмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.